Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Июня 2013 в 10:38, статья
Батыс Қазақстан облыстық әділет департаменті адвокаттардың қатысуымен «Адвокаттармен тегін заң көмегін көрсетуге республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттың игерілуі туралы» семинар өткізді.
Семинарды әділет департаментінің бастығы Әсия Мұхитова кіріспе сөзбен ашып, күн тәртібіндегі мәселеге жан-жақты тоқталды.
Еліміздегі саяси және экономикалық жүйені демократияландыруға байланысты азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғау саласын жетілдіру бүгінгі күннің басты талабы болып табылады.
Адвокат басқа жерге жол жүріп
заң көмегiн көрсеткен жағдайда
Қылмыстық немесе азаматтық іс бойынша апелляциялық немесе қадағалау шағымын не әкімшілік құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым жасағаны үшін ақы төлеуге жататын уақытты iстің күрделілігін ескере отырып адвокат белгілейдi және ол уақыт екi сағаттан кем болмайды.
Адвокаттың сотта іс бойынша іс жүргiзуге қатысқан бiр сағат ішіндегі көрсеткен заң көмегiне, соның ішінде, егер ол осы іс бойынша алдын ала тергеуге не анықтауға қатыспаса, сотқа дейінгі дайындық барысында қылмыстық ic немесе әкімшiлік құқық бұзушылық туралы іс не азаматтық іс материалдарымен, сот отырысының хаттамасымен танысқаны, қылмыстық не азаматтық iс бойынша апелляциялық немесе қадағалау шағымын немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы iс бойынша шағым, сондай-ақ сот отырысының хаттамасына ескертулер жасағаны үшін ақы төлеу мөлшерi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жалақының ең төменгi мөлшерінiң 1/21 есебiнен белгіленеді.
Адвокаттың қамауда ұсталатын сотталушымен не сотталған адаммен не әкімшілік ұстауға тартылған адаммен кездесуге жұмсаған уақыты осы тармақтың бiрiншi абзацында белгiленген ақының 75 пайызы мөлшерiнде төленедi.
К.Аралбекова
Батыс Қазақстан облыстық
әділет департаменті бастығының орынбасары