Кәсіпорындар мен мекемелердің, ұйымдардың әкімшілік-құқықтық мәртебесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2014 в 13:58, реферат

Краткое описание

1.Мемлекеттік және мемлекеттік емес кәсіпорындар мен мекемелер
2.Шаруашылық серіктестіктер мен қоғамдар, өндірістік және тұтыну кооперативтері
3.Қоғамдық бірлестіктер
4.Діни бірлестіктер

Прикрепленные файлы: 1 файл

Әкімшілік құқық 5 срс.docx

— 26.98 Кб (Скачать документ)

• басқарудың атқарушы органы – ұйымның қызметін күнделікті басқаруды жүзеге асырады, жоғарғы басқару органына есеп береді;

• ұйымның басқару органдары сайлайтын немесе тағайындайтын тексеру органы;

• ұйымның құрылтай құжаттарына сәйкес басқа да органдар.

   3.ҚР-да партиялар, кәсіптік одақтар  және азаматтардың ортақ мақсаттарға жету  үшін ерікті негізде  құрылған, заңдарға қайшы келмейтін  басқа да бірлестіктері қоғамдық бірлестіктер деп танылады. Олар коммерциялық емес ұйымдар болып табылады.Қоғамдық бірлестіктің аса маңызды  белгісі азаматтардың оны өз еріктерімен құратындығы. Бұл орайда атқарушы билік органдарының алдын-ала   рұқсатын алу қажет емес. Қазақстан аумағында  халықаралық және шетелдік  коммерциялық емес, үкіметтік емес  бірлестіктердің құрылымдық бөлімшелері  құрылулары мүмкін. Қоғамдық бірлестік Қазақстан азаматтарының жарғы қабылданып, басшы органдар құрылатын Құрылтай съезін  шақыратын,  кемінде он адамнан тұратын тобының бастамасы бойынша құрылады. Қоғамдық бірлестіктердің заңды тұлға ретіндегі құқық қабілеттігі ол заң актілерінде  белгіленген тіртіп бойынша тіркелген кезінен бастап пайда болады. Бұл жағдайда оларға мемлекеттік тіркеуді жасаған тиісті әділет органы  тіркелгендігі  туралы куәлік береді. Қоғамдық бірлестіктерді тіркеу мемлекеттік бақылаудың нысаны болып табылады.

       Қоғамдық  бірлестіктердің табиғи қасиетіне  байланысты ммлекеттік билік өкілеттіктері болмағанмен,  мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл етуі, келісімдер жасауы, шарттар бойынша олар үшін заңдарда көзделген белгілі бір жұмыстар орындауы мүмкін.

       Қоғамдық  бірлестіктер жарғылық мақсаттарға қол жеткізгендей кәсіпкерлік қызметті заңдарға сәйкес  жүзеге асыра алады.

         Қоғамдық бірлестіктердің заңдарды сақтауына қадағалау жүргізуді прокуратура органдары іске асырады.  Қоғамдық бірлестіктерді  тіркейтін әділет органдары олардың қызметінің жарғылық  мақсаттарына сәйкес  келуіне бақылау жүргізеді. Бірлестіктердің заңнамалары  бұзғандығын немесе олардың жарғылық мақсаттарына қайшы келетін іс-әрекеттерін  тапқан жағдайда әділет органы бірлестіктің басшылық ететін  органдарына жазбаша  ескерту жасауы мүмкін.

       Азаматтардың, әр түрлі әлеуметтік топтардың мемлекеттік биліктің өкілді және атқарушы,  жергілікті өзін-өзі  басқару органдарында  білдіру және оларды  қалыптастыру ісіне қатысу мақсатында олардың саяси еркіндігін білдіретін ҚР-сы азаматтарының  ерікті бірлестігі саяси партия деп танылады. Саяси партия саны бір мың адамнан кем емес, саяси партияның құрылтай съезін  шақыратын және облыстардың, республикалық  маңызы бар қаланың  және астананың  үштен екісінің атынан өкілдік  ететін ҚР-сы азаматтары тобының  бастамасы бойынша құрылады.

        Саяси партия : өзінің жоғарғы органның шешімі бойынша; аймақтардың кемінде  жартысының  өкілі болып табылатын мүшелерінің кемінде елу бір процентінің  ұсынысы бойынша; соттың шешімі бойынша таратылады.

       Саяси партия: ҚР-сы Конституциясы мен заңдарының талаптарын  сақтауға ; салық органдарына  заңдарда белгіленген мерзімдер мен көлемде өзінің қаржылық қызметі туралы  есе,п табыс етуге және т.б. орындауға міндетті.

       Әкімшілік  құқықтық қабілеттіктің үлкен  көлемі  кәсіподақтарға жатады. Кәсіптік одақтар -  дербес тіркелген жеке мүшелігі бар қоғамдық бірлестіктер, оларды азаматтар өздерінің кәсіптік мүдделерінің  ортақтығы негізінде  өз мүшелерінің  еңбек ету, сондай-ақ басқа да әлеуметтік-экономикалық  құқықтары мен мүдделерін  білдіріп, қорғау, еңбек  жағдайларын  қорғау мен жақсарту үшін  ерікті түрде құрылады.

4.ҚР-ның Конституциясында, сондай-ақ адам құқықтары туралы халықаралық актілер мен келісімдерде  баянды етілген  азаматтардың діни сенім бостандығы жөніндегі құқықтарын іске асыруға қажетті кепілдіктері және  діни ұйымдардың құқықтық жағдайы «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» 1992ж. 15-қаңтардағы заңмен  оған өзгерістер  мен толықтырулар  енгізу туралы заңдармен және ҚР-ның  өзге де нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген.

        ҚР-ның, басқа мемлекеттердің  азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар жеке өзі, сондай-ақ басқалармен бірге кез келген дінді еркін ұстануға немесе ешқайсысын ұстанбауға құқылы.

   Заңда діни бірлестіктердің мемлекеттен бөлінгендігі және барлық  діндер мен діни бірлестіктердің  заң алдында бірдейлігі бекітілген. Сондықтан мемлекет діни бірлестіктердің  заңды қызметіне араласпайды. Олар да өз кезегінде қандай да болсын мемлекеттік қызметтер атқармайды,  мемлекеттік өкімет пен басқару  органдарының сайлауына қатыспайды, саяси партиялар қызметіне қатысуына  немесе оларға қаржы жағынан қолдау жасауына жол берілмейді. Заңда діни бірлестіктерге, еріеті құрамаларға  айқын заңдық анықтама берілген. Ол бойынша жергілікті діни бірлестіктер,  діни басқармалар, сондай-ақ  діни оқу орындары  мен  ғибадатханалар ҚР-дағы  діни бірлестіктер деп танылады.

      Жергілікті діни бірлестіктер  діни мүдделер мен қажеттерді бірлесіп  қанағаттандыру  мақсатында құрылған азаматтардың  ерікті құрамалары болып табылады. Діни бірлестіктер құдайға  құлшылық етуге немесе діни жиналыстар  өткізуге жұрт  емін-еркін келе алатын орындар, сондай-ақ қайсыбір  дінді ұстанушылар құрметтейтін орындар ашып, оларды ұстауға құқылы.

 

 

 

 

 

 

 

 

Негізгі әдебиеттер:

1.Карипова, А.И.   Институт освобождения от административной ответственности и административного взыскания :Учеб. пособие.-Алматы:HAS,2005.-

2.Жетписбаев, Б.А.  Административные правонарушения: опыт теории и практики .-Алматы, 2005

3.Административное право РК. Часть общая. – А., 1996

4.Административное право РК. Часть особеннная / Ред. Таранов А. – А., 1998

5.Кодекс об административных правонарушениях. – А., 2000

6.Ибрагимов Х. Административное право РК. – А., 2000

7.Жетписбаев Б. Административная ответственность. – А., 1999


Информация о работе Кәсіпорындар мен мекемелердің, ұйымдардың әкімшілік-құқықтық мәртебесі