Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2014 в 13:58, реферат
1.Мемлекеттік және мемлекеттік емес кәсіпорындар мен мекемелер
2.Шаруашылық серіктестіктер мен қоғамдар, өндірістік және тұтыну кооперативтері
3.Қоғамдық бірлестіктер
4.Діни бірлестіктер
Кәсіпорындар мен мекемелердің, ұйымдардың әкімшілік-құқықтық мәртебесі
1.Мемлекеттік және
2.Шаруашылық серіктестіктер мен қоғамдар, өндірістік және тұтыну кооперативтері
3.Қоғамдық бірлестіктер
4.Діни бірлестіктер
1.Мемлекеттік басқару
аясында өзінің мақсат –
Ұйым- деп өзінің басқару органы басшылық ететін және меншігінде, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болатын әр түрлі саны бар қызметкерлер ұжымы түсініледі. Ұйымның басқару органы оның әкімшілігі болып табылады. Бұл жеке дара басшы және оның орынбасарлары, не бір мезгілде жеке дара және ұжымдық немесе басқа тағайындалатын орган, не қызметкерлер ұжымының ұйымды басқару жөнінде уәкілеттік берген органы болуы мүмкін. Әкімшілік басқару функцияларын өзіне берілген өкілеттіктер шегінде өз ұйымының ішінде жүзеге асырады. Бұлар еңбек ұжымының жұмысын ұйымдастыру, еңбек және мемлекеттік тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі өкілеттіктер. Өз қызметкерлері ұжымына қатысты әкімшіліктің тәртіптік билігі бар. Сыртқы басқаруды алатын болсақ, ол атқарушы билік органдары сияқты оны жүзеге асырмайды, өйткені оның тиісті мемлекеттік биліктік өкілеттіктері болмайды. Ұйымның әкімшілігі атқарушы билік органдарымен сыртқы әкімшілік-құқықтық қатынастарға ұйымның функцияларын жүзеге асыруға байланысты басқарудың объектісі ретінде қатысады. Әкімшілік оларға тиісті өтініштер беруге, олардың іс-әрекеттеріне әкімшілік жолмен де, сондай-ақ сот тәртібімен де шағымдануға құқылы.
Ұйымдардың қызметінің, өкілеттіктерінің
мәселелері әр түрлі тұрғыдан
Қазақстан құқығының бірнеше
салаларының зерттейтін пәні
болып табылады: әкімшілік, азаматтық,
қаржылық, еңбек, т.б. Ұйымдардың әкімшілік
құқықтық мәртебесін
Қызметінің түрі бойынша
Кәсіпорындар мынандай
ұйымдық-құқықтық нысандарда құрылуы
мүмкін, мысалы : шаруашылық серіктестік,
акционерлік қоғам, өндірістік кооператив,
мемлекеттік кәсіпорын. Кәсіпорындардың
салалар бойынша әр түрлі
Кәсіпорын - бұл қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандырыу және пайда табу мақсатында өнім өндіру, жұмыс атқару және қызмет көрсету үшін құрылған шаруашылықпен айналысатын субъект. Бұл қызметтің негізіне оның мүлкі жатады. Кәсіпорын өзінің қызметін дербес жүзеге асырады, шығарған өніміне, тапқан пайданың, салықтар мен өзге де міндетті төлемдерді төлегеннен кейін, қалғанына билік етеді. Мемлекеттік және мемлекеттік емес кәсіпорындардың әкімшілік құқық субъектілігі әр түрлі. Мемлекеттік кәсіпорындар мемлекеттің меншігі болып табылады . Сондықтан мемлекеттік органдардың қарауына. Мемлекеттік кәсіпорындарды құру; олардың қызметінің мақсат-міндеттерін , сондай-ақ оларды орналастыратын орнын айқындау; жарғысын бекіту; кәсіпорындарды басқару; мемлекеттік кәсіпорындарды қайта құру және тарату жатады.
Мемлекеттік кәсіпорындар
қызметінің негізгі міндет-
Кәсіпорынның шаруашылық
Мемлекеттік кәсіпорындардың бір түрі жедел басқару құқығына негізделген және мемлекеттік мүлікке иелік ететін кәсіпорындар болып табылады. Жедел басқару құқығы қазыналық кәсіпорынның меншік иесінен алған және өз қызметінің мақсатына, меншік иесінің тапсырмалары мен мүліктің мақсатына сәйкес кәсіпорвн туралы заңмен өзге де заң актілерінде белгіленген шекте сол мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын жүзеге асыратын заттық құқықы болып табылады. Қазыналық кәсіпорындар мынандай мақсаттарда: төтенше және авариялық жағдайларда арнаулы жұмыстар орындау, табиғи зілзаладан қорғау; қылмыстық атқару жүйесі саласындағы өндірістік қызметті; мемлекеттік монополияға жатқызылған салалардағы қызметті жүзеге асыру және т.б. үшін құрылуы мүмкін.Қазыналық кәсіпорынның шаруашылық қызметі оның жарғыда көрсетілген мақсат-міндеттерімен , сондай-ақ мемлекеттің тапсырыстарымен анықталады. Өзге шаруашылық қызметті жүзеге асыруға жол берілмейді.
Қазыналық кәсіпорынның
Мемлекеттік
меншіктің түрлеріне қарай
Республикалық
және коммуналдық мемлекеттік
кәсіпорындардың атаулы
Республикалық
мемлекеттік кәсіпорындарға
Коммуналдық
меншік құқығы субъектісінің
коммуналдық мемлекеттік
Мемлекеттік
емес кәсіпорындаға мемлекеттің
ықпалы шектеулі. Мемлекет оларды
басқармайды. Басқаруды мемлекетік
– биліктік өкілеттіктері жоқ
меншік иелері немесе олардың
уәкілеттік берген органдары
жүзеге асырады. Мемлекет мемлекеттік
емес кәсіпорынның әкімшілігін
құруға қатыспайды. Мемлекеттің
бұл кәсіпорындар жөніндегі
Басқарушылық, әлеуметтік
- мәдени немесе өзге де
коммерциялық емес сипаттағы
қызметтерді жүзеге асыру үшін
құрылтайшы құрған және
2. Шаруашылық серіктестігі болып жарғылық қоры құрылтайшылардың салымдарына бөлінген, өз қызметінің негізгі мақсаты пайда түсіру деп есептелетін және заңды тұлға болып табылатын коммерциялық ұйым танылады. Шаруашылық серіктестіктері толық серікткстік, сенім серіктестігі, жауапкешілігі шектеулі серіктестік , қосымша жауапкершілігі бар серіктестік және акционерлік қоғам нысанында құрылуы мүмкін. Шаруашылық серіктестігінде қатысушылар мыналар болып табылады. Толық серіктестікке қатысушылар және сенім серіктестігінде толық серіктестік тек азаматтар ғана бола алады. Азаматтар және өкілді , атқарушы және сот билігі органдарынан басқа , заңды тұлғалар жауапкершілігі шектеулі серіктестікке, қосымша жауапкершілігі бар серіктестікке, акционерлік қоғамға қатысушылар және сенім серіктестігіне салымшылар бола алады .Шет мемлекеттер, халықаралық ұйымдар, шетелдік заңды тұлғалар мен азаматтар, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар, егер заң актілерінде өзгеше белгіленбеген болса, аталған 1995 ж. 2- мамырдағы заңға сәйкес құрылатын серіктестіктерге жалпы негізде қатысады. Шаруашылық серіктестігінің құрылтай құжаттары мен жарғысы, ал бір тұлға құрған серіктестіктің құрылтай құжаты – оның жарғысы болып табылады. Серіктестікті басқарудың жоғарғы органы оған қатысушылардың жалпы жиналысы болып табылады. Серіктестіктің қызметіне күнднлікті басшылық жасайтын және оған қатысушылардың жалпы жиналысына есеп беретін атқарушы немесе жеке – дара орган құрылады. Атқарушы орган ретінде :
1) басқарма
2) байқаушы кеңес
3) шаруашылық серіктестігіне
қатысушылардың жалпы жиналысының
шешімі бойынша басқа да органдар
құрылуы мүмкін. Атқарушы органның
қызметін бақылау үшін
Жеке кәсіпкерлік
- жеке кәсіпкерлік
Коммерциялық емес ұйым деп кіріс түсіндіру негізгі мақсаты болып табылмайтын және алынған таза кірісті қатысушылар арасында бөлмейтін заңды тұлға танылады. Коммерциялық емес ұйымдардың ұйымдық- құқықтық нысандарының бірі мекеме. Жекеменшік мекеме деп басқарушылық, әлеуметтік-мәдени немесе коммерциялық емес сипаииағы өзге де қызметтерді жүзеге асыру үшін жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалар құрған, мемлекеттік құрылымның бөлігі болып табылмайтын ұйым танылады.
Коммерциялық емес ұйымдардың, мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, басқару органдары мыналар болып табылады:
• жоғарғы басқару органы- ұйым қызметінің кез келген мәселелері бойынша шешімдер қабылдауға құқылы;
Информация о работе Кәсіпорындар мен мекемелердің, ұйымдардың әкімшілік-құқықтық мәртебесі