Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Октября 2013 в 20:40, курсовая работа
«Интеллектуалдық меншік» түсінігі кейбір құқықтық институттарға қатысты, соның ішінде аса маңызды коммерциялық құпия, патенттік құқық, авторлық құқық және тауарлық белгілер сияқты құқықтық институттарға қатысты жалпы сипатқа ие. Коммерциялық құпия және патенттік құқық туралы заңнамалар жаңа зертеу мен идеяларға жол ашады. Авторлық құқық жаңадан әдеби, көркем және музыкалық шығармалар, сонымен қатар компьютерлерді программалық қамсыздандыруға жағдай жасайды.
КІРІСПЕ 3
1. ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ МЕНШІКТІҢ НЕГІЗГІ ИНСТИТУТТАРЫ 4
2. ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ МЕНШІК ПЕН ЕРЕКШЕ ҚҰҚЫҚ ҰҒЫМДАРЫНЫҢ АРАҚАТЫНАСЫ 5
3. КОММЕРЦИЯЛЫҚ ҚҰПИЯ 8
4. ПАТЕНТ 9
5. АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ 10
ҚОРЫТЫНДЫ 12
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ. 13
Екіншіден, заңның негізінде коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратқа ешкімнің де қолы жетпеуі керек. Егер тиісті ақпаратқа заңның негізінде мүдделі адамның қолы жетсе, мысалы, ашық мәліметтерді зерттеу жолымен, шығарылатын өнімнің үлгісін анализдеу, баспалармен танысу және т.б. мұндай ақпарат коммерциялық құпия болып танылмайды.
Үшіншіден, ақпарат коммерциялық құпия болып саналуы үшін оның иесі құпияны қорғауға тиісті шараларын жүргізуі керек. Бұл техникалық шаралар, ұйымдық және заңдық сипатқа ие үшінші тұлғадан ақпаратты қорғайтын әр түрлі шаралар болуы мүмкін.
«Коммерциялық құпия» терминімен қатар заңдарда және тәжірибеде «өндірістің құпиялары», «ноу-хау», «сауда құпиялары», «конфиденциальды ақпарат» сияқты терминдер кең таралған. Аталған терминдерінің әрбіреуінің өзіне тән ерекшеліктеріне және белгілі бір жағдайда қолданатынына қарамастан, олардың барлығы бір атауға ие болып Азаматтық Кодексте «қызметтік және коммерциялық құпия» деп бекітілген. Коммерциялық құпияның арнайы бір белгісі ретінде оның қорғалуының мерзімі көрсетілмеген. Коммерциялық құпия иесінің ақпаратқа монополиенің сақталғанша қорғалады. Қорғаудың мұндай түрі кәсіпкерлік қызметпен айналысатын адамдарға патенттік қорғау қамтамасыз етпеген кезде өте қолайлы.
ҚР Азаматтық Кодексі ақпаратты заңсыз жолмен алудың қандай екенін нақты көрсетпейтіндіктен, аса қауіптілік туындамайды. Дүние жүзі бойынша мұндай тәсілдер болып шпионаж, коммерциялық құпияны білетін қызметкерден пара беріп сатып алу, ғимаратқа заңсыз кіру, байланыс құралдарын заңсыз тыңдау табылады. Жоғары аталған тәсілдерді қолданудың арқасында әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік туындайды.
Патенттеу – шығарылған өнімне құқығын қамтамасыз ету тәсілі. Соның негізінде басқа біреудің оны қолдануға болмайды. Коммерциялық құпияны қорғауға мүмкіндік болмайтын жағдайда патенттік қорғау келеді. Нарықта жаңадан өнім пайда болған кезде бәсекелестер дәл сондай өнімді шығаруға тырысады, нәтижесінде өнімнен алған табысын өнімге кеткен қаражатқа теңестіреді. Патенттеу өнімге кеткен қаражатын өтеу қызметін жүзеге асырады.
Патент – бұл қоғам үшін аса қымбас құқықтық қорғау институты. Патентиесі өнімді шығарған кезде оған кеткен қаражатты өтеуге және үстінен табысты алуға сәйкес бағасын бекітеді. Өндірістің көлемі мұндай монополиеде бәсеке кезінде шығарылғанмен салыстырғанда төмен, бұл жағдайда бағаның төмендеуіне себеп болды. Сондықтан да патент – бұл қоғам үшін қымбат монополие, және де оның шектеулі көлемде таратылып, керекті өндіріс техника саласына салынуы керек.
Қазақстандық интеллектуалдық меншік доктринасы қазақстандық кәсіптік меншік заңнамасына сүйене отырып, патентқұқығын шығарманы қорғау құқығымен шектемейді, сонымен қатар оны өндірістік үлгілер мен тиімді модельдерге таратады.
Патент заңына сәйкес өндірістің объектісі болып құрылғы, тәсіл, микроорганизмнің штаммы, зат, өсімдік пен жануар жасушасы, және олардың жаңадан мақсаты үшін қолданылуы.
Құрылғыларға өндірістің объектісі ретінде әр түрлі конструкциялар – машина, құрал, тетік, транспорттық құрал, құрылыс, жабдық, аспап және т.б.
Тәсілдерге шығарманың объектісі ретінде материалдық объектілерді шығару барысында қолданылатын процесстер жатады. Объект ретінде тәсіл технологиялық құралмен ерекшеленеді - әрекет немесе әрекет жиынтығы, әрекеттерді орындау тәртібі, әрекет орындау жағдайы, қолдану режимі және т.б.
Шығармалардың объектілерімен қатар ҚР Патент Заңында патенттеуге келмейтін объектілер тізімі көрсетілген. Олар:
Қазақстан Республикасының Авторлық құқығы контингенттік еуропалық құқықтан бастау алады және Кеңес дәуірі кезінде де соның негізінде дамыды. Негізінен отандық авторлық құқықтың қорғалу деңгейі және даму деңгейі еуропалық авторлық құқыққа қарағанда төмен екеніне қарамастан, қазақстандық авторлық құқықтың ішінде негізгі орынды субхективтік авторлық құқықтар алады; бұл құқықтар құрамында мүліктік емес жеке құқықтар ерекшеленеді; авторлық құқық иеліктен шығарылмайтын деп саналады.
10 шілде 1996 жылы «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы шыққаннан көптеген өзгерістер енгізілді. Қазақстанның авторлық заңдарын зерттей келе, келесіні айтуға болады. Бұл заңды қабылдағаннан кейін қазақстандық авторлық құқық тарихта бірінші рет авторлық құқықты қорғау деңгейімен жақындады. Бұған ең алғашқы қадам Азаматтық Кодексі негізінде жасалды. Егер заңшығарушы авторлық құқық қатынастарын реттеудің қағидалы жақтарын көрсетсе, «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» заң «Әдеби және көркем шығармаларын қорғау туралы» Берн Конвенциясындағы көрсетілген кепілдіктерін қамтамасыз етеді деп айтуға болады. Сабақтас құқықтарға тоқталатын болсақ, олардың анықтамалары және құқықтық реттелуі қазақстандық заңнамасында алғаш рет жарияланды.
Авторлық құқықтың объектісі болып тек қана шығарма табылмайды, сонымен қатар шығармашылық нәтиже болып табылатын өздігінен қолданыла алатын оның бір бөлігі де болы алады.
Авторлық құқықтың ғылыми көзқарастарына сәйкес авторлық құқық шығарманың мазмұнын емес, тек нысанын ғана қорғайды.
Авторлық құқық мақсатына, мазмұны мен маңызына, сондай-ақ берiлу әдiсi мен нысанына қарамастан, шығармашылық еңбектiң нәтижесi болып табылатын ғылым, әдебиет және өнер туындыларына қолданылады.
Интеллектуалдық меншік құқығы азаматтық құқықтың халықаралық деңгейіндегі ең жоғары дамып отырған салаларының бірі. Теориялық жағынан интеллектуалдық меншікті қоғау қатынастары бойынша халықаралық келісім-шартқа отыру – ерікті іс, шартқа отырмаған елдер Бүкіләлемдік сауда ұйымының мүшесі бола алмайды, оларға ұлы сауда державалар мәжбүрлеп енгізу әрекеттерін жүргізе отырып қысым жасай алмайды.
Интеллектуалдық меншіктің халықаралық құқықтық аспектісінің басқа да ерекшеліктері бар. Халықаралық қауымдастықта бірқатар мемлекеттер интеллектуалдық меншіктің экспортері болса, басқалары импортерлер болып табылады. Интеллектуалдық меншіктің елеулі мөлшері ірі көпұлттық корпорациялармен өндіріледі. Олар бүкіл әлемде өз құқықтарын қорғауда мүдделі. Мысалы, жақсы фильм Европада, Азияда және Солтүстік Америкада да бірдей үлкен табыспен сатылуы мүмкін. Кіші елдегі, мысалы Финляндияның жаңа ұялы телефонның өндірушісі өзінің құқықтарын АҚШ немесе Жапонияда тіркеуге мүдделі, себебі тауарды бұл елдерде сату үлкен табысты әкеледі.
Қазақстанда ғылым, әдебиет, өнермен байланысты интеллектуалдық меншік аз дамыған. Сондықтан да Қазақстанның интеллектуалдық меншіктің импортері деп айтудың уақыты әлі келген жоқ. Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа енуі және қатысушылармен тең жағдайда әрекет етуі тек интеллектуалдық меншіктің іс жүзінде қорғалуы негізінде жүзеге асырылуы мүмкін. Бірақ өкінішке орай бұл мәселені шешу үшін елімізде қажетті алғышарттар қалыптасқан жоқ. Саяси және экономикалық тұрақсыздық, заңсыздық, қылмыстың қоғам өмірінің барлық салаларына кірудің салдарынан, құқықтық мәдениет деңгейі мен азаматтардың салғырттығы және т.б. көптеген факторлар интеллектуалдық меншіктің дамуына қолайлы жағдай жасайды деп айтуға болмайды. Қорыта келгенде елімізде қарапайым тәртіп орнамайынша интеллектуалдық меншікті қорғау жайлы сөз қозғаудың ешқандай негізі жоқ.
Интеллектуалдық меншік құқықтарын қорғау жүйесі қазіргі кезде Ұлттық инфрақұрылымның құрамдас бөлігіне айналды. ХХІ ғасыр Интеллектуалдық экономиканың ғасыры деп жорамалдауға негіз бар, соның негізін шығармашылық әрекеттері және оның құқықтық қорғаудың тіректі жүйесі құрайды. Қазақстан Республикасы халықаралық мәдениет пен ғылыми-техникалық айналымға еніп, Дүниежүзілік Интеллектуалдық меншік ұйымына кіре отырып (ДИМҰ), әлемдік деңгейге сай қазақстандықтар мен шетелдік интеллектуалдық меншік иегерлерінің құқықтарының қорғалуын қамтамасыз етуі қажет.
НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР ТІЗІМІ:
1. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі (ҚР-ның 2004 жылғы 11 мамырдағы №552-ІІ Заңымен енгізілген өзгертулер мен толықтырулар) – Алматы: ЮРИСТ, 2004. – 309б.
2. «Тауар таңбалары,
қызмет көрсету таңбалары және
тауар шығарылған жерлердің
3. «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10.06.1996, №6-І
4. Қазақстан Республикасының Патент заңы
5. Интеллектуалдық меншік құқықтарын қорғау концепциясын жариялау туралы ҚР Үкіметінің Қаулысы. 26.09.2001. №1249
6. «Селекциялық жетістіктерге патент беруге өтінім беру және қарау жөніндегі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Санаткерлік меншік құқығы жөніндегі комитеті Төрайымының 2004 жылғы 14 қазандағы N 72-п бұйрығы.
7. «Авторлық құқықпен және сабақтас құқықтармен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы нұсқаулықты бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы әділет министрінің 2002 жылғы 27 қыркүйектегі N 146 бұйрығы.
5. Гражданское право. Учебник. Часть III / Под ред. А.П.Сергеева, Ю.К.Толстого. - М.: Проспект, 1998.
6. Гражданское право: Учебник. в 2т./ под ред. Е.А. Суханова, 1993.
7. Бабенко В. Воровство как политика, Книжное обозрение, №7, 1995