Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Октября 2013 в 20:40, курсовая работа
«Интеллектуалдық меншік» түсінігі кейбір құқықтық институттарға қатысты, соның ішінде аса маңызды коммерциялық құпия, патенттік құқық, авторлық құқық және тауарлық белгілер сияқты құқықтық институттарға қатысты жалпы сипатқа ие. Коммерциялық құпия және патенттік құқық туралы заңнамалар жаңа зертеу мен идеяларға жол ашады. Авторлық құқық жаңадан әдеби, көркем және музыкалық шығармалар, сонымен қатар компьютерлерді программалық қамсыздандыруға жағдай жасайды.
КІРІСПЕ 3
1. ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ МЕНШІКТІҢ НЕГІЗГІ ИНСТИТУТТАРЫ 4
2. ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ МЕНШІК ПЕН ЕРЕКШЕ ҚҰҚЫҚ ҰҒЫМДАРЫНЫҢ АРАҚАТЫНАСЫ 5
3. КОММЕРЦИЯЛЫҚ ҚҰПИЯ 8
4. ПАТЕНТ 9
5. АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ 10
ҚОРЫТЫНДЫ 12
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ. 13
Интеллектуалдық меншік Азаматтық Құқықтың объектісі ретінде
«Интеллектуалдық меншік» түсінігі кейбір құқықтық институттарға қатысты, соның ішінде аса маңызды коммерциялық құпия, патенттік құқық, авторлық құқық және тауарлық белгілер сияқты құқықтық институттарға қатысты жалпы сипатқа ие. Коммерциялық құпия және патенттік құқық туралы заңнамалар жаңа зертеу мен идеяларға жол ашады. Авторлық құқық жаңадан әдеби, көркем және музыкалық шығармалар, сонымен қатар компьютерлерді программалық қамсыздандыруға жағдай жасайды. Товарлық белгілер туралы заңнамалар өнім мен өндірушінің байланысын құрайды.
Коммерциялық құпия өндірістік құпия нысанында ежелгі дәуірден бастап қалыптасты. Ежелгі шеберлер тастан қару жасаудың тәсілдерін құпия етіп ұстады. Бұл шеберлер құқықтық қорғауға дейінгі уақытта бұл құпияны білуден елеулі тиімділік алатынын білген.
Патенттік құқық жуырдан бастап қана дами бастады. Патенттік құқық нарықтық экономика жүйесінің жетілдірілмегендігін көрсетеді деп айтуға болады, себебі өндіріс пен тауарларды үлестіретін нарықтық экономика жаңадан және сапалы тауарларды шығаруға жарамсыз деп айтуға болады. Бұл нарықтық жүйедегі жаңадан тауарды қалыптастырғанда, бәсекелестердің дәл мұндай тауарды шығарып, оған жұмсалған қаражатты оның өндірістік шығынына теңестіреді де, нәтижесінде табыстың деңгейі қалыптастырған өнімнің ары қарай дамуына мүмкіндік болмаған жағдайындағы деңгейге әкеледі.
Нарықтық жүйеде, егер шығарылған кітап аса елеулі табыспен сатылатын болса, бәсекелес баспалар бірден дәл сондай кітапты шығарады. Мұндай бәсеке тауар құнының төмендеуіне әкеледі де, авторлар мен баспагелердің кітапты шығаруға кеткен уақыт пен қаражатты жұмсамау ынтасына әкеледі. Автор мен баспагердің құқықтарының қорғауын қамтамасыз етіп, авторлық құқық жаңа шығарманың туындауына талпыныс туғызады.
Тауарлық белгінің қызметі мүлдем басқа. Сауда ауылдық сипатқа ие болған кезде, сатып алушылар сатушыларды басыбайлы таныды да, тауардың сапасын құнын бірден анықтай алды. Уақыт өте келе нарықтар ұлттық және халықаралық деңгейіне жетіп, тауардың жаппай өндірісі пайда болды және де белгілі бір тауар өндірушіні анықтау аса маңызды сұраққа айналды.
Интеллектуалдық шығармаларға және оларға теңестірілген объектілірге қатысты ерекше құқықтарға арналған Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің нормалары өзінің жиынтығы бойынша қазақстандық азаматтық құқықтың ерекше саласын құрайды. Интеллектуалдық меншік объектілердің жиындық көлемі бойынша және қайнар көздерінің жүйесі бойынша қарастырып отырған азаматтық құқық саласы өзара тәуелсіз төрт институтқа бөлінеді. Өзара ұқсас ерекшеліқтеріне қарамастан, әрбір институттың құқықтық нормаларда көрініс тапқан өзіне тиесілі белгілері бар.
Ең алдымен Авторлық құқық пен сабақтас құқық ерекшеленеді. Бұл құқықпен ғылым, әдебиет пен өнер, фонограмма, қойылым, эфирлік хабарларды (сабақтас құқық) шығару және қолданумен байланысты қатынастар реттеледі. Кейінне авторлық құқық деп аталатын екі құқықтық институттың бірігуі сабақтас құқықтың пайда болуы мен қамсыздандырылуында автордың шығармашылық құқықтарына бағыныштылығымен сипатталады, сонымен қатар жоғары аталған құқықтарға байланысты қатынастар бір заңмен реттеледі.
«Интеллектуалдық меншік құқығы» саласына кіретін тағы бір институты болып патенттік құқық табылады. Ол шығармаларды және маңызды өндірістік үлгілерді қалыптастыру мен қолдануда пайда болатын мүліктік және олармен байланысты жеке мүліктік емес қатынастарды реттейді.
Қазақстанда тауар-ақша қатынастарының дамуына байланысты нарықтық экономиканы дамыту барысында оның элементтері болып табылатын фирмалардың атаулары, тауар белгілері, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары сияқты өндірістік меншік объектілері аса маңызды элементтері болып табылады.
Тауар иеленушілері үшін шаруашылықтың теңдігін орнату, олардың әрекеттеріне бәсекелік бастау мен оның нәтижелері үшін жауапкершілікті көбейтуді енгізу, тұтынушылардың қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін нарықты тауармен және қызметпен қамсыздандыру құқықтық тетіктегі (механизм) кәсіпорын мен ұйымдардың, сондай-ақ олар өндіретін тауар мен қызметтің лайықты дербестігін қамтамасыз етудегі объективтік қажеттілікті ескертеді. Мұндай құқықтық тетік (механизм) азаматтық құқықтың сала ішіндегі саласы, нақтырақ айтатын болсақ, азаматтық айналымдағы қатысушылар мен олармен өндірілетін өнімнің (жұмыс, қызмет) дербестік құрал институты болып табылады. Бұл құқықтық институт патенттік құқық сияқты өндірістік меншікпен, яғни өндіріс сферасындағы жүзеге асырылатын ерекше құқықтармен, сауда айналымы, қызмет көрсету т.б. байланысты. Қарастырып отырған интеллектуалдық меншік институтының негізгі функциясы өндірушелірдің және олардың тауарлар, жұмыс пен қызметтің тиісті дербестігін қамтамасыз ету болып табылады.
Ғылым, әдебиет пен өнердің
өнімі болып табылатын
Сонымен, азаматтық
құқықтың сала ішіндегі саласы – интеллектуалдық
меншік құқығы – жоғарыда аталған
төрт институт көлемімен сипатталған,
олар: авторлық құқық, патенттік құқық,
азаматтық айналымдағы
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 115-бабында азаматтық құқық объектілерінің ішінде интеллектуалдық шығармашылық қызметтің нәтижелері де көрсетілген. Объектілердің осы түріне құқықтардың табиғатын анықтауға қатысты заң ғылымында екі бағыт қалыптасқан. Бірінші бағыт, интеллектуалдық шығармашылық қызметтің нәтижелеріне құқықтарды затқа меншік құқығымен теңестіруге негізделсе, екінші бағыт құқықтарды заттық құқықтарға емес, керісінше «ерекше сипатты құқықтарға» жатқызуға негізделеді.
Бұл бағыттардың алғашқысы заңи әдебиетте проприетарлық тұжырымдама (propriety – француз тілінен аударғанда меншік) деп аталады да, екіншісі ерекше құқықтар тұжырымдамасы деген атқа ие болған.
Проприетарлық
тұжырымдаманы жақтаушылар кез
келген қызмет барысында, соның ішінде
интеллектуалдық шығармашылық қызмет
барысында жасалатын игіліктерг
Мәселенің бұлай шешілуіне және «интеллектуалдық меншік» ұғымын құқықтық ұғымдар аппаратына енгізуге қарсы шыққан «ерекше құқықтар» теориясының өкілдері, біріншіден, мерзімсіз болып табылатын және қандай да бір аумақтық шектеулер қойылмаған меншік құқығынан өзгешелігі сол, авторлардың, патент иелерінің және олардың құқық мирасқорларның құқықтары әуел бастан уақыт бойынша және кеңістікте шектеулі, екіншіден, бұл құқықтар меншік құқығын қоғауға арналған виндикалық және басқа да талаптардан өзге құқықтық құралдармен қорғалатын ерекше құқықтар, демек материалдық емес объектілерге жататын интеллектуалдық қызмет жетістіктері мен материалдық заттардың құқықтық режимдерін теңестіруге болмайды, сондықтан «интеллектуалдық меншік» терминін қолдану ғылыми тұрғыдан негізсіз деп көрсетті.
ХІХ ғасырдың аяғында туындаған екі тұжырымдаманы ұстаушылардың арасындағы бұл ғылыми дау бүгінде біршама бәсендеген. Өйткені, қазіргі уақытта интеллектуалдық нәтижелерге құқық табиғатының екіқырлы екендігіне ешкім шүбә келтірмейді және көзқарастар алшақтығы тек терминологиялық мәселелер төңірегінде ғана қалған деуге болады. Шынында да шығармашылық нәтижені жасаушының (автордың), бір жағынан, оны пайдалануға ерекше сипатты құқығы болады және бұл құқық басқа тұлғаларға азаматтық құқықтық мәмілелер арқылы немесе әмбебап құқық мирасқорлығы тәртібімен емін еркін беріле алады. Мазмұны бойынша бұл құқық мүліктік құқықтар қатарына жатады және абсолюттілігі мен жоғарыда айтылған, басқа тұлғаларға емін-еркін беріле алатындығы тұрғысынан, шынында да, меншік құқығына ұқсас. Екінші жағынан, авторға авторлық есімге құқық сияқты бірқатар өзіндік мүліктік емес (моральдық) құқықтар да тиесілі болады және өздерінің табиғатына сәйкес бұл құқықтар басқа тұлғаларға еркін беріле алмайтын, яғни иеліктен шығаруға жатпайтын құқықтар болып табылады.
Әлбетте, аталған құқықтардың жиынтығын «интеллектуалдық меншік» терминімен атау қазіргі уақытта шыртты түрде алынғаны түсінікті. Әйтсе де, бұл терминнен мүлдем бас тартып, тілге тиек болып отырған нәтижелерге қатысты тек «ерекше құқықтар» терминін пайдалануды немесе бұл терминдерді заң актілерінде, ең болмағанда, синоимдер ретінде қатар қолдануды ұсынушылар қатары әлі де аз емес.
Кеңес өкіметінің
соңғы жылдарына дейін
Осы саланы зертеушілердің еңбектерінде интеллектуалдық меншікке материалдық емес объектілерге жататын интеллектуалдық шығармашылық қызметінің нәтижелеріне және оларға теңестірілген азаматтық айналымның субъектілері мен объектілерін дараландыру құралдарына азаматтық құқық субъектісінің өзіндік мүліктік емес және мүліктік құқықтарының кешені (жиынтығы).
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 125-бабында «интеллектуалдық меншік» пен «ерекше құқықтар» категорияларын теңестіру орын алған.
Бұлайша теңестіруді себептерге байланысты қателік деп қарастыруға болады. Жоғарыда айтылғандай, интеллектуалдық меншіктің мүліктік құқықтармен қатар өзіндік мүліктік емес құқықтардың да жиынтығы болып табылатындығы белгілі. Ал, Азаматтық Кодекстің 964-бабына сәйкес, ерекше құқық – интеллектуалдық меншік объектісін оның иесінің өз қалауы бойынша кез келген әдіспен пайдалануға мүліктік құқығы болып танылады және зерттеушілердің барлығы дерлік бұл құқықты интеллектуалдық меншік объектісіне құқықтардың ішіндегі ең бастысы деп таниды. Әйтсе де, ерекше құқық «интеллектуалдық меншік» ұғымы қамтитын құқықтар кешенінің бір бөлігін ғана құрайтындықтан, бұл құқықтық конструкциядан өзіндік мүліктік емес құқықтар тыс қалады.
Осы айтылғандардың
негізінде АК-тің 125-бабы 2-тармағының
редакциясынан «Ерекше
Бұл орайда, «интеллектуалдық
меншік» және «ерекше меншік»
ұғымдарын тең дәрежеде қарастырудың
орынсыздығы Қазақстан Республи
Сонымен бірге, ерекше құқық деп тек мүліктік құқықтың танылатындығы туралы Азаматтық Кодексте бекітілген ережемен Қазақстан Ғалымдарының бірдей келісе бермейтіндігін айта кету керек. Бұл орайда, біз Т.Қаудыровтың: «... мәселен, мүліктік емес авторлық құқығының ерекшелік сипаты бар (осы туындыға немесе өнертабысқа басқа бір тұлғаның осы тәрізді құқығы жоққа шығарылады). Кейбір субъективті құқықтардың кешені ретіндегі ерекше құқық конструкциясының болуы бұл конструкцияға енбеген өзіндік мүліктік емес құқықтардың ерекшелік қасиетінің болуына бөгет болмайды» деген пікірімен келісе отырып, терминологиялық тепе-теңдікті сақтау мақсатында республикамыздың азаматтық заңдарына «интеллектуалдық меншік» және «ерекше құқықтар» терминдерін тең мағыналы ұғымдар ретінде қолданбауды ұсынамыз.
Өндірістік құпияны басқа айналым қатысушыларынан сақтау шығармашылық нәтиженің қорғаудың ең басты және ежелгі нысандарының бірі болып табылады. Бірақ өндірістік меншік объектілермен байланысты құқықтық реттеу әрекеттері соңғы жүз жылдықта заңшығарушы бәсекені бұзуға қарсы күрес жүзгізуді бастағаннан кейін ғана пайда болды. Қазақстанда 70 жылға жуық әкімшіліқ-жоспарлы экономиканың әрекет етуіне байланысты құқықтық реттеудің мұнадй түрі болмаған. Өндірістік құпияны сақтау ең алғаш рет 04.06.1990 жылы «КСРО-ң кәсіпорындары туралы» КСРО заңының негізінде пайда болды. Аталған заңның 33-бабына сәйкес Коммерциялық құпия дегеніміз - өндіріспен, технологиялық ақпаратпен, басқарумен, зиян тигізуі мүмкін өнеркәсіптің қаржы және басқа мәліметтерді тарату әрекеттерімен байланысты мемлекеттік құпия болып табылмайтын құпияны айтамыз.
Қазақстан Республикасының
Азаматтық Кодексіне сәйкес коммерциялық
құпия – бұл Үшiншi жаққа белгiсiз болуына
байланысты ақпараттың нақты немесе потенциалды
коммерциялық құны болып, онымен заңды
негiзде еркiн танысуға болмайтын және
ақпаратты иеленушi оның құпиялылығын
сақтауға шара қолданатын ретте, қызметтiк
немесе коммерциялық құпия болып табылатын
ақпарат болып табылады.(АК-ң126б1т.)
Мұндай ақпаратты заңсыз әдiстермен алған
адамдар сондай-ақ еңбек шартына қарамастан
қызметшiлер немесе азаматтық-құқықтық
шартқа қарамастан контрагенттер қызметтiк
немесе коммерциялық құпияны жария етсе,
келтiрiлген залалдың орнын толтыруға
мiндеттi.
Интеллектуалдық меншікке тиесілі барлық белгілерге сәйкес оның объектісі бола отырып, коммерциялық құпияның өзіне қатысты ерекшеліктері бар.
Қазақстан Республикасының заңнамасы көптеген мемлекеттердің заңнамалары сияқты коммерциялық құпияға келесі үш талаптықояды. Біріншіден, ақпараттың үшінші тұлға білмейтін нақты немесе потенциалды құпиясы болуы керек.