Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2013 в 13:15, доклад
Борышкерге іздеу салу жөнінде атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 18-бабы белгілейді. Борышкердің жүрген жері белгісіз болған жағдайда сот орындаушысы ішкі істер органдары немесе қаржы полициясы органдары арқылы борышкерді іздестіруді жариялау туралы ұсыныспен сотқа жүгінуге міндетті. Бұл ретте атқару құжатының түпнұсқасы өндіріп алушыға қайтарып беріледі, ол атқару құжатын борышкердің жүрген жері анықталған кезде мәжбүрлеп орындатуға беруге құқылы, көшірмесі борышкер іздестірілетін кезеңде сот орындаушысының бақылауында болады. Борышкерді іздестіруді соттың ұйғарымы бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен ішкі істер органдары және қаржы полициясы органдары жүзеге асырады.