Борышкерге іздеу салу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2013 в 13:15, доклад

Краткое описание

Борышкерге іздеу салу жөнінде атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 18-бабы белгілейді. Борышкердің жүрген жері белгісіз болған жағдайда сот орындаушысы ішкі істер органдары немесе қаржы полициясы органдары арқылы борышкерді іздестіруді жариялау туралы ұсыныспен сотқа жүгінуге міндетті. Бұл ретте атқару құжатының түпнұсқасы өндіріп алушыға қайтарып беріледі, ол атқару құжатын борышкердің жүрген жері анықталған кезде мәжбүрлеп орындатуға беруге құқылы, көшірмесі борышкер іздестірілетін кезеңде сот орындаушысының бақылауында болады. Борышкерді іздестіруді соттың ұйғарымы бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен ішкі істер органдары және қаржы полициясы органдары жүзеге асырады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Баяндама. Борышкерге іздеу салу.doc

— 78.50 Кб (Скачать документ)

          Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

                         Қарағанды «Болашақ» Университеті

   

 

 

Заң факультеті

 

«Азаматтық құқық және іс жүргізу» кафедрасы

                                                                                                                                                                                         

 

 

 

                БАЯНДАМА

 

                       Тақырыбы: Борышкерге іздеу салу

 

    

             

 

 

                                                                   Орындаған: Ю-10-2 тобының студенті

                                                                                       Қайырбаев Б. Г.

                                                                 Қабылдаған: аға оқытушы

                                                                                      Жақып-Жан А.Т.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                        Қарағанды-2013 жыл.

 

 

                                Борышкерге іздеу салу

 

       Борышкерге іздеу салу жөнінде атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 18-бабы белгілейді. Борышкердің жүрген жері белгісіз  болған жағдайда сот орындаушысы   ішкі  істер  органдары немесе  қаржы полициясы  органдары  арқылы  борышкерді   іздестіруді   жариялау  туралы  ұсыныспен   сотқа  жүгінуге  міндетті. Бұл   ретте   атқару   құжатының  түпнұсқасы  өндіріп  алушыға  қайтарып  беріледі, ол  атқару   құжатын  борышкердің  жүрген  жері  анықталған  кезде  мәжбүрлеп  орындатуға  беруге  құқылы, көшірмесі борышкер  іздестірілетін  кезеңде  сот  орындаушысының  бақылауында болады. Борышкерді  іздестіруді  соттың  ұйғарымы  бойынша  Қазақстан Республикасының заңдарында  белгіленген тәртіппен ішкі  істер органдары және  қаржы  полициясы  органдары  жүзеге  асырады.

          

      Сот орындаушысының борышкерге іздеу салу,  оның мүлкін іздеу,  бағалау,  сату  кезіндегі өкілеттіктері де  шектелген.  Мына  жағдайларды

Борышкерге  іздеу  салу  тәртіптерінің  кемшілігі  ретінде  атауға болады:

     - сот  алдында осы мәселені қозғау бастамасы мүдделі емес тұлға- сот орындаушысына тиесілі,  ал мүдделі тұлға ретіндегі өндіріп алушы сот орындаушысының әрекетсіздігіне сотқа шағым жасай алады,  мұның өзі борышкерге іздеу салу туралы сотқа ұсыныс  беруді   кешеуілдетуі мүмкін;

      - іздеу  туралы жариялау туралы мәселені  қарауға соттың қатысу  қажеттігі  процессуалдық  тұрғыдан негізделмеген: сот мұнда тараптар арасындағы қандай да  бір дауды шешпейді,   тек борышкерге іздеу салу қажеттігін ғана белгілеп,  борышкердің құқықтарын қорғау, оған кепілдіктер беру мәселесін шешпейді. Борышкерді іздестіруге байланысты азаматтық істі тоқтату соттың міндеті емес, құқығы болып табылады.  Оның үстіне, бұл мәселені қарау үшін сотқа  процессуалдық заңнамамен шектелмеген уақыт қажет;

      - борышкерді  іздестіруді атқарушылық іс жүргізу міндеттеріне тікелей қатысы жоқ ішкі істер органдары мен қаржы полициясы органдары жүзеге асырады.

         Осы  айтылғандар сот орындаушысына-  бірқатар  жағдайларда борышкерге  іздеу салуды  жариялау  міндетін  өз  мойнына алып, уәкілетті органдарға  борышкерді  іздестіруге тапсырма  беру  құқығын,  ал  өндіріп алушыға осы әрекеттерді жасауды  сот орындаушысынан талап ету құқығын беру  қажеттігін  дәлелдейді. Борышкерге iздеу салу жөнiндегi шығыстар атқарушылық әрекеттер жасау жөнiндегi шығыстарға жатады және борышкерден жергiлiктi бюджетке сот арқылы өндiрiп алынуға тиiс.

Борышкерге  iздеу салу жөнiндегi шығыстар іздеу салуды жүзеге асыратын ішкі істер немесе қаржы полициясы органының өтініші негізінде айқындалады.

        Қазіргі таңда  елімізде мемлекетке қарызы барлар мен алимент төлемей жүргендерге қатысты 2013 жылғы тамыздың 19-нан акция басталды. Акцияның бірінші күнінде полицейлер іздеуде жүрген 10 адамды тапқан. Оның 8-і мемлекеттік борышкер және алимент төлеуден қашқан 2 әке екендігі анықталды. Шара барысында борышкерлердің тұрғылықты мекен-жайы анықталуда. Мысалы, Петропавл  және  Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан 745 адам іздеуде жүр екен, олардан 576 азаматтың мекен-жайы анықталған. Оның 76-сы – алимент төлемегендер.

       Сот шешімі бойынша қарызы бар адамдардың мекен-жайын нақтылау жөнінде полиция  қызметкерлері рейдтік шараларды жиі өткізіп тұрады екен. Өйткені, борышын қайтарудан жалтарып жүрген азаматтардың көбі тұрғылықты жерін өзгертіп жібереді екен.  Жыл басынан бері Петропавл қаласының ішкі істер басқармасына мемлекеттік борышкерлер санаты бойынша 238, алимент  төлемейтіндер  бойынша  14  сот  шешімі  түскен екен.  Полицейлер олардың тұрып жатқан жерін анықтау бойынша тұрақты түрде жұмыс жүргізіп келеді. Жыл басынан бері алимент төлеуден жалтарған 14 адам мен 200-ден артық өзге санаттар бойынша борышкерлер іздеуде жүр. Бүгінде олардың жартысының тұрғылықты жері анықталыпты.

Қазіргі таңда  алимент төлеуден жалтаратындар саны көбейіп барады. Олар керек десеңіз сот шешімін орындаудан да қашқақтайды. Тіпті кейбіреулерінің бас сауғалап қашатыны өз алдына, жылдар бойы «көз көрмес, құлақ естімес» жаққа кетіп, бой тасалап, жасырынып жүреді, араларында іздеу жарияланатындары да баршылық. Ең өкініштісі сол, алимент төлеуден жалтаратындардың көбі, қалталарында ақшаның жоқтығынан емес, өз балаларына немқұрайлылық танытып, олардың алдындағы міндеттеріне бей-жай қарайтынында.

        

         Алимент алушы алименттің уақытылы төленбеуіне кінәлі адамнан алиментті төлеу жөніндегі міндетін орындауды кешіктіруден келтірілген бүкіл залалының тұрақсыздық айыппұлымен жабылмаған бөлігін де өндіріп алуға құқылы. Сот орындаушылары сот актілерін орындау үшін соттармен, құқық қорғау органдарымен, мемлекеттік және тіркеу органдарымен тығыз жұмыс жасау арқылы ғана қол жеткізеді. Олардың басты міндеті – сот шешімдерінің сапалы әрі уақытылы орындалуын қамтамасыз ету.  Борышкерлердің сот отырысында көрсетілген мекен-жайда тұрмайтындығы сияқты жайлар кездесіп жатады. Мысалы, жыл сайын  Атырау облысында алимент өндіруге байланысты борыштарды өтеу жөнінде санкция өткізіледі екен. Әсіресе, алимент төлейтін борышкерді табу сот орындаушыларға қиындық туғызып отыр. Өткен жылы мекен-жайын жасырған алты борышкерге іздеу жарияланыпты. Іздеу нәтижесінде бес борышкер табылып, әкімшілік жауапкершіліктің 521 бабына сай хаттама толтырылып, борышкердің ісі сотта қаралып, айыппұл салынған. 

        Сот орындаушыларының көп уақыты жауапкершіліктен қашып жүрген борышкерлерді іздеумен өтеді екен. Мұндай жағдайларда сот орындаушылары атқару құжатын өндірушіге орындаусыз қайтаруға мәжбүр. Борышкердің мүліктері, мекен-жайы немесе қайда жұмыс істейтіндігі анықталған жағдайда өндіріп алушы атқару құжатын орындауға қайта тапсыруға құқылы. Борышкерлерді шақырту қағазымен сот орындаушылар бөліміне екі рет шақырту қағазымен сегіз борышкер келген. Олар ішкі істер бөлімі қызметкерлерімен мәжбүрлеп әкелініп, әкімшілік хаттама толтырылып, ісі сотта қаралған.

        ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы сот әкімшілігі жөніндегі Комитеттің 2009 жылғы 27-қазанындағы «Алимент өңдіру туралы сот актілерін орындауға бағытталған шараларды өткізу туралы» Бұйрығын орындау мақсатында  Ақтөбе облысының соттар Әкімшісі  ағымдағы жылдың қараша айында алимент өңдіру айлығын жариялаған. 
Аталмыш шараны жүзеге асыру мақсатында Ақтөбе облысы   Соттар Әкімшісі 3-4 сот орындаушысынан тұратын арнайы  4 топ құрған екен.  Бұл топтар алимент төлемдерінің уақытылы әрі заң жүзінде төленуі, борышкерлер мен лауазымды тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселелерімен айналысқан.  Ағымдағы жылдың 9 айында Соттар Әкімшісінде алимент төлеу бойынша 5 385 атқару өндірісі болса, олардың 727-сі а яқталған. Акция барысында 19 борышкерге іздеу салынып, олардың 6-ның тұрғылықты орны анықталса, 72 борышкердің нақты жұмыс орны анықталып, ол мекемелердің бухгалтериясына төлем құжаттары жолданған.  Төлем құжаттарын төлеуден жалтарған 6 мекеме басшылығы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, алимент бойынша бережақ 8 тұлғаның меншігіндегі автокөліктері тұтқындалыпты. 
         «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 32-бабына сәйкес атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар мынадай: 

   1. Сот орындаушысы атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдауға мiндеттi.

   2. Атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар мыналар болып табылады:

  1) борышкердің өзіндегі не өзге де жеке немесе заңды тұлғалардағы (оның ішінде банктердегі және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарындағы) ақшасы мен бағалы қағаздарын қоса есептегенде, мүлкіне тыйым салу;

  2) борышкердiң өзiндегі не өзге де жеке немесе заңды тұлғалардағы мүлкiн алып қою;

  3) борышкердiң белгiлi бiр әрекеттер жасауына тыйым салу;

  4) борышкердiң оған меншiк құқығы негiзiнде тиесiлi мүлiктi, оның iшiнде ақшаны пайдалануына тыйым салу не оларды сот атқарушысы белгiлеген шекте пайдалануға нұсқау беру;

  5) борышкер мүлкiне сүргi салу;

  6) құқық белгiлейтiн құжаттарды алып қою;

  7) басқа адамдардың борышкерге мүлiк, оның iшiнде ақша беруiне немесе оған қатысты өзге де мiндеттемелерді орындауына тыйым салу.

  3. Қажет болған жағдайларда орындауды қамтамасыз етудiң бiрнеше түрi қолданылуы мүмкiн.

  4. Қамтамасыз етудiң бiр түрiн басқасымен ауыстыру туралы мәселенi сот орындаушысы атқарушылық iс жүргiзу тараптарының арызы бойынша немесе өз бастамасы бойынша қарайды. Қамтамасыз етудiң бiр түрiн басқасымен ауыстыру туралы мәселенi қарау бұрын белгiленген қамтамасыз ету шараларының қолданылуын тоқтата тұрмайды.

  5. Атқарушылық iс жүргiзудi тоқтата тұру, кейiнге қалдыру, мерзiмiн жылжыту немесе ұзарту aтқapушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету жөнiнде бұрын белгiленген шаралардың күшін жоюға әкеп соқпайды.

  6. Жеке сот орындаушысы атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасында белгіленген тәртіппен алынатын сот санкциясымен қолданады.

 

         Борышкердің Қазақстан Республикасынан шығуын уақытша шектеулер: 1.Борышкер атқарушылық құжаттағы талаптарды дәлелсіз себептермен белгіленген мерзімде орындамаған жағдайда сот орындаушысы борышкердің Қазақстан Республикасынан шығуын уақытша шектеу туралы қаулы шығаруға құқылы, ал өндіріп алушының өтініші бойынша осындай қаулы шығаруға міндетті.

Борышкердің Қазақстан  Республикасынан шығуын уақытша  шектеу туралы сот орындаушысының қаулысы  Қазақстан Республикасының азаматтық  іс жүргізу заңнамасында белгіленген  тәртіппен соттың санкциялауына  жатады.

2. Аталған қаулының  көшірмесі борышкерге назарға  алу үшін, Қазақстан Республикасының  көші-қон процестерін басқару  жөніндегі уәкілетті органдарына  және шекара қызметі органдарына  орындау үшін жіберіледі.

3. Егер атқарушылық  құжат сот актісі болып табылмаса және сот актісінің негізінде берілмесе, онда өндіріп алушы немесе мемлекеттік сот орындаушысы борышкер үшін Қазақстан Республикасынан шығуды уақытша шектеуді белгілеу туралы ұсыныспен сотқа жүгінуге құқылы.

 

         Атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлер тізілімі: 1.уәкілетті орган атқарушылық құжаттар бойынша төлем жасамаушылар туралы мәліметтер тарату мақсатында атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлердің республикалық тізілімін жүргізеді.

Тізілім уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылады.

Борышкерлерді тізілімге енгізу үшін мәліметтерді сот орындаушылары атқарушылық құжатты ерікті түрде орындау мерзімі өткеннен кейін үш күн ішінде жібереді.

2. Аталған мәліметтер:

    1) борышкердің тегін, атын, әкесінің атын не борышкер-ұйымның атауын;

    2) атқарушылық құжатты берген органды, берілген күнін және борышкер орындамаған міндеттің мазмұнын;

    3) аталған мәліметтерді жіберген сот орындаушысының тегін, атын, әкесінің атын және оның қызмет аумағын қамтиды.

    3. Атқарушылық іс жүргізу тоқтатылғаннан кейін күнтізбелік бес күн ішінде сот орындаушысы уәкілетті органға борышкерді тізілімнен алып тастауға негіз болып табылатын тиісті ақпарат жібереді.


Информация о работе Борышкерге іздеу салу