Қазақстандағы заң білімінің қалыптасу және даму тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2013 в 18:56, контрольная работа

Краткое описание

Заң – қоғамдық қатынастарды реттейтін, Қазақстан Республикасы Конституциясының көзделген түбегейлі принциптер мен нормаларды белгілейтін, Қазақстан Республикасының Парламенті, Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасының Президенті қабылдайтын құқықтық акт.

Прикрепленные файлы: 1 файл

контрольная гражданское право.doc

— 172.00 Кб (Скачать документ)

Азаматтық құқық ғылымы сол құқық  саласын зерттейтін жүйеге сәйкес келетін жүйені камтиды, бірақ олар өзара тепе-теңдікте бола қоймайды. Азаматтық ғылым жүйесі азаматтық заңдарда, сонымен қатар азаматтық кодексте жоқ жөлімдерді де қамтиды. Мысалы, азаматтық құқық пәні, азаматтық-құқықтық әдістеме ұғымдары, азаматтық құқық қатынастары туралы ілім тарихы, оның субъектілері мен объектілері туралы, меншік құқығы туралы жалпы ілім, міндеттемелер туралы, интеллектуалдық меншік туралы, мұрагерлік құқық қатынастары туралы жалпы ілім жөнінде айтсақ та жеткілікті.

Ғылым азаматтық құқықтың не екендігін зерттейді. Бұл орайда қоғамдық қатынастарды тиісінше реттейтін құралдар мен әдістерге ерекше мән беріледі. Әдіс туралы ілім ғылымда әдістеме деп аталады.

Заңгер үшін азаматтық-құқықтық жағдайлардан жол тауып шыға білуі үшін дағды керек. Мұндай дағдыларға ғылыми талдау жасау және азаматтық-құқықтық жағдайларды шешудің ғылыми әдістері жатады.

Цивилистикалық ғылымда  жалпы ғылыми тәсілдермен қатар  талдаудың жеке құқықтық әдістері де пайдаланылады. Жалпы ғылыми әдіске материалистік жәні тарихи әдістер жатады. Жеке құқықтық әдіске  азаматтық құқықта қолданылатын құқықтанудың салыстырмалы әдісі, кешенді талдау, сондай-ақ  нақты социологиялық зерттеу әдістері «мысалы, статистикалық мәліметтерді сараптап бағалау) жатады.

Егеменді Қазақстанның азаматтық құқық ғылымы одан әрі творчестволық дами түсуі мақсатында жәні  алда тұрған міндеттерді орындау үшін бүгінде зор мүмкіндіктерге ие.

Азаматтық құқық өзінің бүкіл даму кезеңдерінде Рим құқығымен тығыз байланыста болды, демек кезінде Қазақстан жерінде тұрған халықтардың азаматтық құқығына да Рим құқығы әсерін тигізбей қойған жоқ. Азаматтық құқық тарихы  шын мәнінде бүкіләлемдік тарихи дамудың, халықтардың өзара байланысының нәтижесінде қалыптасты. Қазақстың әдет- ғұрып құқық нормаларынан Рим құқығының нормаларына ұқсас келетін тұстардың бар екендігі таңдандырмай қоймайды.

Қазақтың көне азаматтық  құқығында дін, оның ішінде мұсылман діні құқықтың бір бөлігі болды. Мысалы, шариатта азаматтық құқықтануға  арналған бүтіндей бөлім бар. Әрі  оның өзі құдайдың құдіретімен жазылған, түсіндіру мен өзгертуге жол  берілмеген. Бұдан келіп құқықтың нағыз формализмі, яғни құқық нормасын дәлме-дәл жеткізу келіп шығады. Міне, сондықтан да біз қазақтың әдет-ғұрып құқығының нысандары мен салтанатты рәсімдерін кездестіреміз. Мысалы, егер өлтіргені өтірік деп танылса: «Біз діннен безген болайық, Мұхаммедтің үмбеті қазақтың жұрағатына саналмайын», - деп қасиетті кітапты (Құранды) ұстап, төбесіне қойып ант етеді.

Қоғам дамуының жоғары сатысында  заңға деген қажеттілік өседі, азаматтық  аналым күрделене түседі. Әдет-ғұрып өмірге ілесе алмай, заңға жол береді, сөйтіп бәрі де өзгеріске ұшырайды.

Азаматтық құқық туралы алғашқы шығармалар ХVІІІ ғасырда  ғана пайда бола бастады. Қазақтың азаматтық  құқығы бүкіл дүние жүзі халықтарының азаматтық құқық тарихына тән  көне кезеңдердің бәрін де басынан  өткізгендігін дәлелдейді.

Мәселен, Омбының Уақытша  комитеті жинаған қазақтың әдет-ғұрып құқығы туралы деректерде азаматтық құқыққа байланысты көптеген деректер кездеседі.

Қазақтың азаматтық  құқығына байланысты бұрын-соңды жазылып, кезінде баспа жүзін көрген үлкенді-кішілі ғылыми мақалалар мен монографиялық еңбектерге, әдет-ғұрып, құқық туралы шыққан жинақтарға тоқталайық.

ХVІІІ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ азаматтық құқығы туралы жалпылама болса да біраз  түсінік беретін мағлұматтарды  орыс ғалымдарының еңбектерінен көреміз. Айталық, П.С.Палластың, И.Г.Георгидің, И.П.Фальктің және Н.П.Рычковтың, И.Г.Андреевтің шығармаларын айтуға болады. ХІХ ғасырда азаматтық құқық туралы А.Левшин, Л.Ф.Баллюзек, Г.Загряжский, И.Козлов, П.Е.Маковеский, Қ.Халиди және А.Диваев өз еңбектерін жазды. ХХ ғасырдың басында қазақ азаматтық құқығы туралы И.С.Колбасенко, Е.А.Алекторов, А.К.Белиловский, Г.Балғымбаев, Ишмұхаммет Букин, Отыншы Әлжанов, Мәшһүр Жүсіп Көпеев және К.Жапанов мақалаларын жазды.

Қазақ революциясынан соң  қазақ азаматтық құқығына қатысы бар әр түрлі шағын зерттеулер, мақалалар жарық көрді.

Осымен қазақтың азаматтық  құқығы туралы зерттеулердің қай-қайсысы болса да оның барлық мәселелерін толық қамтымағанын осы шолудан көруге болады. Міне, сондықтан да азаматтық-құқықтық проблемаларды терең зерттеп, өздерінің бұл саладағы қол жеткен нәтижелерімен ұлттық заң ғалымдар есімдерін ауыз толтырып айта алмаймыз. Дпегенмен нақтылы дара деректердің өзін орынды пайдаланудың маңызы зор.

Қазақстанның азаматтық  құқығын зерттеу тек ХХ ғасырдығ елуінші жалдарының аяқ шенінде басталды. Г.М.Степаненко болып табылады, оның еңбегі «О текстах кодексов, действующих на территории Казахской ССР» деп аталады. Бұл еңбекте Қазақстан аумағында 1955 жылға дейін қолданылып келген заңдарды  РСФСР Азаматтық кодексімен салыстыра отырып, оның ерекшеліктерін  айқындаған. Бұдан кейін де Г.М.Степаненконың «Законодательство Советского Казахстана о праве собственности в первой фазе развития социалистического государства» (1954ж.) деген тақырыпта зерттеуі жарық көрді. Осы жылдары С.Зимановтың және  Ә.Ереновтің «О характере феодальной собственности на землю в Казахстане», Б.В.Покровскийдің «Догвоор управления оросительной системы с колхозом» және басқа еңбектер жарияланды. «Правовые проблемы организации и деятельности совхозов» (Авторлар топтамасы, М.А.Ваксберг редакциясымен) атты тұңғыш монография шығарылды (1959ж.) 1964 жылы Қазақ КСР Азаматтық кодексі кабылданған соң азаматтық құқыққа байланысты тұтастай сериялы еңбектер жарық көре бастады. Оның қатарында мынадай шығармалар бар: Қазақ КСР Азаматтық кодексіне түсініктеме (авторлар ұжымы он адамнан тұрады), осы түсініктеменің жаңа басылымы 1990 жылы қайтадан жарық көрді.

Алпысыншы жылдарда «Комментарий к Положениям о поставках продукции  производственно-технического назначения и товаров народного потребления» (1962ж.), «Правовые вопросы материально-технического снабжени предприятий совнархозов» (авторлары М.Г.Масевич, Б.В.Покровский, Н..Ғ.Мурзин) (1962ж.), «Правовые вопросы материально-технического обеспечения колхозов и совхозов» (авторлары М.Г.Масевич,  Н.Б.Мухитдинов, М.К.Сүлейменов) (1969ж.) тәрізді бірқатар еңбектер жазылды.

Осы кезеңде азаматтық-құқықтық зерттеулерді маңызды проблемалар бойынша азаматтық құқықтық салалары бойынша жүргізу өріс алды. Мысалы, экономиканы басқару механизмін жетілдіру бағытында мынадай еңбектер жарияланды. «Правовые вопросы материального формулирования предприятий»  (1972ж.), «Правовые формы хозяйственного расчета производственных объединений и предприятий» (1975ж.), «Правовые формы хозяйственного расчета строительных организации» (1978ж.), М.К.Сүлейменовтің «Ответственность за нарушения сроков исполнения договорных обязательств» (1971ж.), сондай-ақ оның «Структура договорно-хозяйственных связей» (1980ж.), Ю.Г.Басиннің «Материальная ответственность предприятий и организаций за невыполнение заданий и обязательств» (1969жү), М.Г.Масевичтің  «Шаруашылық есепті нығайтудағы өнім тапсыру шарты мен оның рөлі», Н.Ғ.Мурзиннің «Преддоговорный арбитраж по поставке в советском гражданском праве» (1964ж.).

Сол жылдары күрделі  құрылысты құқықтық реттеу маңызды  проблема саналды. Бұл орайда мынадай  еңбектерді атай кеткен жөн: «Правовые  вопросы строительства в СССР» (1960ж.), Ю.Г.Басиннің «Правовые вопросы проектирования в строительстве» (1962ж.), сондай-ақ оның Проект. Строительство. Закон» (1978ж.) еңбегі, Н.М.Музидиновтің «Правовые основы хозяйственной деятельности межколхозных строительных организаций» (1968ж.), А.Г.Диденконың «Правовые рычаги укрепления хозрасчета в строительстве» (1982ж.), А.Г.Диденко мен Қ.С.Мәуленовтің «Управление капитальным строительством в условиях научно-технического процесса» (1986ж.) тәрізді зерттеулер.

Көлік проблемасын зерттеу  барысында да айтарлықтай  істер  атқарылды, бұл орайда мына төмендегі  еңбектердегі мақтанышымыз: М.К.Александров-Дольник пен Ғ.И.Төлеуғалиевтің «Правовые вопросы доставки грузов от склада отправителя до склада получателя» («от двери до двери») атты монографиясы (1969ж.), Ғ.И.Төлеуғалиев, Е.Л.Озерянский «Перевозка сельскохозяйственных грузов автомобильным транспортом» (1968ж.), Ғ.И.Төлеуғалиев «Правовые регулирования сельскохозяйственных перевозок» (1972ж.), сондай-ақ аталған автордың қазақ тілінде жазылған «Ауыл шаруашылыңына транспорттық-экспедициялық қызмет көрсету» (1978ж.), Ғ.И.Төлеуғалиев пен М.Ғ.Төлеуғалиев «Международное транспортное право» (2001ж.) еңбегі.

 

3. Азаматтық құқық ғылымын зерттеу үрдісі

 

Азаматтық құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар негізінен мүліктік қатынастар болып табылады.Материалдық игіліктермен (мүлікпен, жұмыспен, қызмет көрсетумен, ақшамен, құнды қағаздар мен басқа да мүліктермен) байланысы бар қоғамдық қатынастар мүліктік қатынастар деп аталады. Мұндай қатынастар иелену немесе мүліктің тиістілігіне қарай (заттық қатынас), мүліктің бір адамнан екіншісіне ауысты, өтуі (міндеттемелік қатынас), меншік иесінің қайтыс болуына байланысты заттың тағдырын шешеу (мұрагерлік қатынас) тәрізді қатынастар тұрғысынан көрінсе, онда олар азаматтық заңмен реттеледі. Бір сөзбен айтқанда, мүліктік қатынас дегеніміз мүліктерді сатып алу,  иелену, басқа адамдарға беру мен пайдалану жөніндегі қатынас болып табылады.

Шығармашылық қызметті құқықтық реттеу, өнертабыс, өндіріске  техниканың жетістіктерін енгізу, өнертапқыштар мен авторлардың құқықтарын қорғау тәрізді мәселелер маңызды рөл атқаратыны белгілі. Бұл орайда ғалымдар ішінде көп еңбек сіңіргендер де баршылық, сондықтан да олардың есімдерін атап кетсек, - С.И.Меерзон «Защита интересов советских избирателей за границей», К.Н.Нәменгенов «Абсолюные и относительные изобретательские правоотношения» және «Рационализаторлық ұсыныстарды құқықтық реттеу», О.Қ.Ықсанов «Права авторов произведений изобразительного искусства».

Цивилист-ғалымдар басқа да проблемаларды қамтыды, бұл орайда Ю.Г.Басиннің «Вопросы советского жилищного права», Ю.Г.Басин мен И.И:Поповтың «О жилищных правах советских граждан», А.И.Беспалова мен М.А.Ваксбергтің «Правовая охрана личной собственности в СССР», А.Г.Диденконың «Право на жилье. Справочник в поросах и ответах» тәрізді зерттеу еңбектерін және «Комментарий к Жилищному кодексу Казахской ССР» мысалға келтіруге болады.

1980-2001 жылдары қазақстандық цивилистердің ғылыми жұмыстары кеңінен қанат жая түсті. Атап айтқанда мынадай еңбектер жарық көрді: «Гражданский кодекс Республики Казахстан-толкование и комментирование. Общая часть. (А.Г.Диденконың жалпы режакциясымен), «Комментарий  к гражданскому кодексу» (М.К.Сүлейменов пен Ю.Г.Басиннің жалпы редакциясымен), І.У.Жанайдаров «Проблемы реализации права государственной собственности»), М.К.Сүлейменов, Б.В.Покровский, А.И.Худяков, В.А.Жәкенов «Право и предпринимательство в Республике Казахстан», Ғ.А.Ахмадиева «Правовое регулирование внешнеэкономических контрактов», И.В.Романкова «Проблема правового регулирования предпринимательства граждан в Республике Казахстан», Қ.С.Мәуленов «Право иностранных инвесторов в Республике Казахстан» және т.б.

Қазақстан цивилистері  ауқымды мөлшерде кандидаттық және докторлық диссертациялар қорғады. Оқу құралдары ең алдымен азаматтық  құқық жөніндегі оқулықтар түрінде  көрініс берді. Әдетте оқулық деп  азаматтық құқық жүйелі түрде талданған немесе бір-бірімен байланысты келетін бөлімдері бар шығарманы айтады. Бұл орайда талап деңгейінен шығатын қазіргі азаматтық құқық бойынша оқулық әлі шыға қойған жоқ. Кеңес өкіметі кезінде азаматтық құқық оқулықтарын орыс тілінде Мәскеу, Ленинград, Свердловск, Саратов заң факультеттерінің, заң институттарының ұжымдары 1944 жылдан бастап шығарған болатын. Қазақстанда азаматтық құқық жөнінде орыс тілінде оқулықтар шығаруға Ю.Г.Басин, Б.Б.Базарбаев, А.И.Беспалова, М.А.Ваксберг, А.Г.Диденко, О.Қ.Ықсанов, Ғ.И.Төлеуғалиев, С.И.Меерзон тұңғыш рет өадамдар жасады. Оқу құралдарын шығару жөнінде дайындық жұмысы сонау алпысыншы жылдары жекелеген тақырыптар бойынша лекцияларды баспадан шығару арқылы басталған еді. Кейін 1968 жылы «Советское гражданское право» деп аталатын курс басылымы дүниеге келіп, ғылыми кең ауқымды қамтыды (барлығы бес рет басылып шықты). Өкінішке орай бұл жұмыс аяқталмай қалды. 1978 жылы ҚазМУ-дың заң факультеті азаматтық құқық кафедрасы ұстаздар ұжымымен Жоғары және орта білім беру Министрлігінің арнайы рұхсатымен «Гражданское право Казахской ССР» оқу құралының бірінші бөлімі жарық көрді. Осы оқулықтың екінші бөлімі 1980 жылы шықты.

1994 жылы Азаматтық кодекс қабылдануына орай 1998 жылы «Ғылым» баспасынан профессор Ғ.Төлеуғалиев пен доцент Қ.С.Мәуленовтің редациялық етуімен «Гражданское право Республики Казахстан» оқу құралының екі томы (орыс тілінде) жарық көрді. Авторлар ұжымының құрамында профессор Ғ.Төлеуғалиев, профессор М.А.Сәрсенбаев, профессор Н.Өсеров, профессор Б.Б.Базарбаев, профессор Л.О.Красавчикова, доценттер О.Қ.Ықсанов. КВ.Мұқашева, С.С.Кәрімова, Ә.Ұ.Шәкірова, заң ғылымдарының кандидаты Ф.С.Қарағұсов, Е.О.Ықсановтар бар. 1999 жылы аталған оқу құралы өзгертулермен, толықтырулармен екінші басылымда бір томдық блып шықты.

Қазақстанда бірінші  рет профессор М.А.Сарсенбаевтың  редакциялық етуімен «Международное частное право» (бірініші басылымы 1996 жылы, екіншісі 1998 жылы) және «Правовое регулирование внешнеэкономической деятельности» (бірінші басылымы 1996 жылы, екінші 1998 жылы) және «Правовое регулирование внешнеэкономической деятельности» «бірінші асылымы 1995 жылы, екіншісі 1998 жылы) оқу құралдары жарық көрді. Бұл еңбектерді жазуға профессор Ғ.И.Төлеуғалиев, доценттер Қ.С.Мәуленов, Т.Е.Қаудыров, К.М.Ілиясовалар қатысты.

1999 жылы профессор М.А.Сәрсенбаев «Международное торговое право» деп аталатын оқу құралын баспадан шығарды. Кәсіпкерліктің проблемасының маңыздылығына орай профессор Ғ.И.Төлеуғалиевтің редакциялық етуімен 1999 жылы төрт бөлімнен тұратын «Малый и средний бизнес: законодательство Республики Казахстан» жинағы (құрастырушы А.О.Масатбаев) жарық көрді. Қ.С.Мәуленов «Нефтяное законодательство Республики Казахстан» атты нормативтік актілер жинағын  жариялады (1999ж.), «Сборник нормативных актов и международных договоров по международному частному праву» бесінші томы (құрастырушы М.А.Сарсенбаев) қолға тиді.

Сондай-ақ оқу құралдары жекелеген тақырыптар бойынша да жарық көріп жатыр. Айталық, профессор Ю.Г.Басиннің «Юридические лица по гражданскому кодексу Республики Казахстан: понятие и общая характеристика», «Сделки», «Ответственность за нарушение гражданско-праового обязательства», М.К.Сүлейменов пен Е.Б.Осиповтың «Залоговое право» (1997ж.) тәрізді оқу құралдары бар.

Қазақ азаматтық ілімнің  мақсатына мән беріп қарасақ, оның орыс азаматтық құқығының жолын тандағанын көреміз және де англо-саксон мен континентальдық (романо-герман) құқық жүйесінің нормаларына сүйену байқалады.

Құқық пен заң шығарушылық  адамзат мәдени мұрасының ажырамас бөлігі, сондықтан да басқа халықтар мен мемлекеттердің тарихи тәжірибесіне зерделей қараудың еліміздің құқықтық жүйесі үшін мағызы зор. Мемлекетіміздің сыртқы байланысының дами түсуіне орай шетел азаматтық құқығын білудің әрбір заңгер үшін, оның ішінде цивилистер үшін мәні ерекше.

Информация о работе Қазақстандағы заң білімінің қалыптасу және даму тарихы