Қазақстандағы заң білімінің қалыптасу және даму тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2013 в 18:56, контрольная работа

Краткое описание

Заң – қоғамдық қатынастарды реттейтін, Қазақстан Республикасы Конституциясының көзделген түбегейлі принциптер мен нормаларды белгілейтін, Қазақстан Республикасының Парламенті, Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасының Президенті қабылдайтын құқықтық акт.

Прикрепленные файлы: 1 файл

контрольная гражданское право.doc

— 172.00 Кб (Скачать документ)

Бұл жылдары академик С.З.Зиманов «шығармашылық мүмкіндікке сай эәне шын мәніндегі сұранысқа жауап беретін саланың арнайы кадрларын даярлауда бар күшті жұмылдырған, кадрлар даярлау мен ғылыми зерттеу  ісінде ізденіске толы кезең болды» деп өте орынды айтқан.

Осы кезде сырттай  заң білімін беру ісін дамытуға да айтарлықтай көңіл бөлінді. Мәселен, 1937 жылы Алматыда Бүкілодақтық сырттай оқитын заң институтының консультативтік бөлімі құрылды. 1938 жылы 8 наурызда КСРО Әділет халық Комиссариатының бұйрығымен Қазақ консультативтік бөлімі Бүкілодақтық заң институтының қазақ филиалы болып қайта құрылды, ал 1940 жылы қаңтарда аталған институттың Алматы филиалы деп атауы өзгертілді, ол 1951 жылы 13 қыркүйегіне дейін жұмыс істеді. Осы филиалдың негізінде Алматы заң институтының сырттай оқитын бөлімі ашылды. 1957 жылдан бастап сырттай бөліммен қатар заң факультетінің кешкі бөлімі жұмыс істей бастады.

Ұлы Отан соғысының басталуы институттың алға қойған  міндеттері мен қызметін үлкен өзгеріске түсірді. Соғыс жылдарында Мәскеу, Ленинград жіне Украинадағы бірқатар заң жоғары оқу орындары Қазақстанға көшірілді. Айталық, Ленинград заң институты Жамбыл қаласында «қазіргі Тараз) орналасты, Украинаның Киев және басқа университеттері Украина университеттері деген атпен «ішінде заң факультеті де бар) Қызылордаға көшіп келді. 1941 жылы Мәскеу және Алматы институттарын уақытша біріктіру жолымен КСРО Әділет халық комиссариатының Бірінші мемлекеттік заң институты деген атпен  Алматыда жоғары оқу орны құрылды. Оның директоры болып Б.Я.Арсеньев тағайындалды. Бұл институт 1943 жылы 14 тамызына дейін ғана жұмыс істеді.

Осы кезде Қазақстанда  С.И.Аскназий, В.М.Догадов, Б.С.Мартынов, С.С.Кравчук, А.А.Пионтковский, М.К.Чельцов, С.А.Фукс, Б.Я.Арсеньев, И.С.Перетерский, С.В.Юшков және басқа Мәскеу, Ленинград, Киевтен келген көрнекті кеңестік заңгер-ғалымдар еңбек етті. Ресейлік және Украиналық жоғары оқу орындарынан келген заңгерлер ұжымы оқу сапасын арттыруға, ғылыи жұмыспен жан-жақты айналысуға айтарлықтай жәрдемін тигізді.

Соғыс жылдарында ғалымдар тарапынан қазақстанның мемлекет және құқық тарихын зерттеуге деген  ынта-ықылас күшейді. Осы жылдары заң институты қабырғасында тұңғыш рет профессор С.Л.Фукстың бастамасымен Қазақстанның революцияға дейінгі мемлекет және құқық тарихы туралы курс сабағы оқылды.

УКСР Ғылым академиясының  мүше-корреспонденті С.В.Юшков пен заң ғылымдарының докторы А.А.Пионтковскийдің бастамасымен 1942 жылы 8 мамырда Бірінші мемлекеттік заң институтының басшылығы КСРО Ғылым академиясының Қазақ филиалы құрамында Мемлекет жіне құқық бөлімін құру жөнінде мәселе көтерді. КСРО Ғылым академиясының Қазақ филиалының атына жазылған хатта «...филиал құрамына Бөлімді енгізу филиалдың басқа бөлімдерімен мемлекет және құқық теориясы мәселелері тәрізді ғылыми тақырыптарды тереңірек зерттеуге жол ашатындығына күмін келтіруге болмайды... тарихи, экономикалық, философиялық бірқатар тақырыптарды талдау үшін қажет болып табылады» деп көрсетілді. 1942  жылы 10 шілдеде жазылған екінші хатта былай делінген: «...біз бұл арада философтардың, экономистердің, тарихшылардың жұмысын заңгерлер жұмысымен бір арнаға тоғыстыруды мақсат етіп отырмыз. Бұл сөз жоқ, пайдалы болар еді. Қазақстанның мемлекет және құқық тарихы әлі күнге бір ізге түскен жоқ, сондықтан да бұл өз алдына зерттеуді талап етеді, демек Қазақстан тарихын немесе экономикасын зерттеп жүрген тарихшы немесе экономист тарапынан заңгерге достық тұрғыдан ғылыми қолдау көрсетілмесе, ол қиындыққа тап бола бермек. Сонымен қатар өз кезегінде заңгердің ақыл-кеңесі де тарихшылар немесе экономистерге талдауы терең жүргізуге жәрдемдеседі деп ойлаймыз.

Мәскеу заң институты  еліне кері қайтқан соң, 1943 жылы Алматы мемлекеттік институты дербес жоғары оқу орнына қайта айналды. Институтта Л.С.Фукс, С.Я.Булатов, П.И.Покарлис, М.И.Шац тәрізді профессорлар, А.Т.Бажанов, Г.М.Маслов, В.А.Хван, П.И.Гавзе, Л.В.Дюков, В.Н.Маркелов, А.Н.Агеев, Л.В.Оленин, М.Г.Левин, сияқты  доценттер еңбек етті.

Соғыстан кейін қазақстанда  заң білімін беру 1946 жылы 5 қазанда СОКП ОК-нің «Елде заң білімін беруді кеңейту жіне жақсарту туралы» қаулысы қабылданған соң өзіндік серпін алды. Бұл ұаулы студенттердің санын көбейтуге, жаңа оқу жоспарлары мен бағдарламаларын жасауға, құқық ғылымының дейңгейін көтеру мен ғылыми-зерттеу ісін жандандыруға үлкен септігін тигізді.

1947-49 оқу жылында Алматы  мемлекеттік заң институты аспирантура ашып, оған аспиранттарды қабылдауды бастады. Институт құрылған 1938 жылдан бастап жұмыс істейтіндердің ішінен он адам кандидаттық диссертация қорғады, оның ішінде М.К.Ермағамбетов, Л.В.Дюков, М.С.Сапарғалиев, В.А.Хван, М.Б.Зусман және т.б. бар. Сондай-ақ он екі адамға доцент атағы берілді. Орталық жоғары оқу орындарының аспирантурасы мен институттарына түлектерді жіберу тәжірибесі де жалғасып, ол өзін өзі ақтағанын да айтпасқа бомаса керек.

1955 жылы мамырда Алматы мемлекеттік заң институтын  ҚазМУ-дің бес жыл мерзіммен оқитын заң факультетіне айналдыру жөнінде шешім қабылданды. Мұндай қайта құру бұрынғы құрылым  бойынша мамандандырудың тар шеңберде жүретіндігіне әрі оның өзі түлектер үшін тиімсіз екендігіне сүйенді, сонымен қатар университетте заң факультетінің болмауы оның білім беру ісін  ақсатып тастағандай еді.

Заң факультеті өзінің зерттеу  тақырыптарын айтарлықтай кеңейтті. Ғылыми-зерттеу тақырыптарында Қазақстанның мемлекет және  құқық тарихы, мемлекеттік аппаратты жетілдіру, заңдылықты нығайту мәселелері үлкен орын алды.

Осы жылдары С.С.Сартаев, А.Ж.Жақыпова, К.А.Шайбеков, К.С.Үргенішбаев, Ю.Г.Басин, К.А.Абжанов, С.Н.Савицкий, Г.Ф.Поленов, Ш.М.Мәжитов, Н.А.Жангелдин, К.Жоламанов және басқалары кандидаттық диссертацияларын қорғады. Тұңғыш заң ғылымдарының докторы елімізде С.З.Зиманов болды, ол Алматы заң институты КазМУ-дің заң факультетіне айналмас бұрын оның директоры лауазымын иеленген еді.

Қазіргі кезде университеттің заң факультеті «Құқық және экономика» институтына айналып, заңгер кадрлар даярлаудағы бірегей жоғары оқу орындарының бірінен саналады.

1961 жылы ҚазМУ-дің заң факультетінде бірінші рет қазақ бөлімі ашылып, көп ұзамай қайта жабылып қалды.

Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін ұлттық заң білімін дамытуды дербес қолға алды, мемлекеттік заң оқы орындарымен қатар коммерциялық заң білімін беру жүйесі де белсенді түрде дами бастады.

Республикада заңгер кадрларға деген сұранысты қанағаттандыру және құқықтық реформаны жүзеге асыру мақсатында 1994 жылы 14 наурызда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың арнайы Жарлығымен Қазақ мемлекеттік заң университетінің құрылуы егеменді еліміздегі айтулы оқиға болды. Бұл университет қазір заң білімін беру жүйесінде шоқтығы биік, жоғары оқу орны болып табылады.

Қазіргі кездегі кәсіби деңгей аталған Университетке (2000 жылдың 14 ақпанынан Академия) заңгерлердің жаңа толқынын дайындауда төрт факультет ашуға мүмкіндік берді, атап айтқанда, ол – халықаралық құқық және мемлекеттік қызмет, кәсіпкерлік құқық, сот-прокурорлық және тергеу-криминалистика факультеттері болып табылады.

Академия өзінің құрылғанына  бері жылдар ішінде Республикада заңгер кадрларды даярлауда ірі де беделді  орталыққа айналып үлгерді. Бұл Академияда академик С.З.Зиманов, Ұлттық академияның мүше-корреспонденттері М.К.Сүлейменов, Б.И.Көмеков, ғылым докторлары профессорлар Ю.Г.Басин, Н.А.Шайкенов, К.А.Жиреншин, У.С.Жекебаев, М.С.Нәрікбаев, Г.Б.Хван, Ғ.Ғ.Ақмамбетов, А.Г.Диденко және тағы басқа да Қазақстан юриспруденциясының марғасқалары дәріс берді.

Академияның кафедраларында 200-ден аса оқытушы еңбек етеді, бұл жоғары оқу орнының өзінің аспирантурасы, магистратурасы мен докторантурасы бар. Жеке құқық, салыстырмалы құқықтану, ислам құқығы орталығы, қыпшақтану тәрізді ғылыми орталықтар құрылған.

Академияда 20-дан астам үйірме, арнаулы салалық лабораториялар бар, сондай-ақ студенттік клуб, театр студиясы жұмыс істейді. Оқытушылар мен студенттер өздерінің ғылыми еңбектерін «Мемлекет және құқық» журналына жариялай алады. Көптеген студенттер мен ұстаздар Сорос-Қазақстан,  Фулбрайт, айрекс және т.б. қорлардан гранттар мен стипендиясын алады. Өзара ынтымақтастық келісім шарты және «Болашақ» бағдарламасы бойынша студенттер АҚШ, Англия, Франция және т.б. елдерге оқуға барады. Университеттің ғалымдары заң шығару ісіне белсене араласып, олар Қазақстан Республикасының Конституциясы, қылмыстық, азаматтық кодекстер және т.б. көптеген заңдардың жобаларын жасауға қатысты. Университет халықаралық заң  орталықтарымен тығыз байланыс орнатқан, атап айтқанда, оның ішінде Құқықтың халықаралық институты (АҚШ, Вашингтон), Университеттердің халықаралық Ассоциациясы (Ұлыбритания, Лондон), РФ Үкіметі жанындағы заң және салыстырмалы құқықтану институты, ғылыми ынтымақтастық институты (Германия) және тағы басқа халықаралық заң орталықтары бар.

Егемендік алған жас  мемлекетіміздің білім беру жүйесінде  жоғары заң білімін беру маңызды  саланың бірінен саналады.

Сонымен бірге заң  білімін одан әрі дамыта түсуде шешімін  күтетін бірқатар проблемалар бар екендігін де айтуға тиіспіз.

Қазақстанның тәуелсіздігінің  қалыптасу үрдісі, әртүрлі билік  тармақтарының өкілеттілігн кеңейту  және олардың қызметін жетілдіру, заңдарды түбегейлі жаңарту, сот реформасы  мен азаматтардың құқықтары мен  бостандықтарын сотпен қорғауды күшейту, тиімді нарықты экономика құру, қазақстандық кәсіпкерлерді қорғау, қылмыспен күресу, осының бәрі сайып келгенде заңымызды кәсіби деңгейге кқтеруді талап етеді.

Бүгінде заңгерлікке  әлеуметтік тұрғыдан өзгеше маңыз берілуіне байланысты ол беделді мамандыққа айналды. Оған күнделікті өмірде әркім де көз жеткізгендіктен, талдап, түсіндіріп жатуды артық деп айлаймыз. Елімізде жүзеге асып жатқан заң жүйесіндегі игі өзгерістер заң тәжірибесін қайта қарауды талап етеді. Өкінішке орай, құқықтық жүйедегі алғашқы қадамдар тағдыры білім беру сапасына, кадрларды кәсіби даярлау деңгейіне қатысты екендігін естен шығарып алатынымзды жасыруға болмайды.

Ашығын айтсақ, заңгердің  кәсіби дайындығын ұштау бұрыннан бар  пірменге жай ақпараттық толықтыру арқылы жүзеге асады, тіпті кей жағдайда іс жүзінде тәжірибе көлденең тартқан мәселелерді «қуып жетуге» тырысушылық байқалады. Рас, «тәжірибеден бастау алатын» заң білімі қалыптасқан құқықтық қоғам үшін тиімді болуы мүмкін, бірақ бұл белсенді түрде реформа жасалып жатқан мемлекет үшін қолайлы әдіс емес.

 

2.Қазақстан  Республикасының азаматтық құқық  ғылымы

 

Қазақстан Республикасының  Президенті бекітетін заң білімін  берудің ұлттық кешенді бағдарламасын  қабылдаудың орны ерекше болуда.

Ондай бағдарламада заң білімін Республикада жүргізіліп жатқан реформаларды жүзеге асырудың құралы әрі буын мәртебесін беру қажет. Бағдарламаны жүзеге асыру үшін ҚР Президенті жанынан кеңесші орган тәрізді заңгерлер даярлайтын жоғары оқу орындары қаптап кетіп, жоғарыдай айтқанымыздай, Республикамызда заңгер кадрларды даярлау ісін босаңсытып жіберді.

Бәрімізге мәлім, «құқықтану»  мамандығы бойынша жалпы талап  мемлекеттік жалпыға ортақ қалыппен бекітіледі. Біздің ойымызша, «юриспруденция» мамандығы шеңберінде мамандану ерекшелігін айқындай түсі керек. Айталық, оны мынадай топтарға бөлуге болады: мемлекеттік басқару бойынша заңгер-маман, құқық қорғау қызметі бойынша заңгер-маман, одан әрі заң қызметінің нақты салаларына сәйкес мамандандыру (сот, тергеу, прокуратура, адвокатура және т.б.). Болашақта мұндай мамандану тізбесін заңгерлерді әр түрлі салаға кәсіби даярлаудың ыңғайы ж.йесіне сәйкестендіре жасаған тиімді.

Заңгер кадрларды даярлағанда  оны ТМД елдерінің қалыптасқан  талабына сай етіп дяарлау дұрыс. Салыстырмалы түрде айта кетелік, еуропалық жоғары оқу орындарының заң факультеттеріндегі профессорлық-ұстаздық ұжым оқу жоспарларын, оқу әдістемесін өздері реформалай отырып, Еуропа одағының кез келген елінде шын мәнінде жұмыс істей алатындай етіп заңгерлер даярлайды. Біздің мемлекетіміз ұшін де ТМД аумағында жұмыс істей алатын кадрларды даярлау қажет.

Болашақта қазақстандық құқықтық білім  беру бағарламасы әдістемелік жағынан  да ойластыруды талап ететін болады. Қазақстандық құқықтық білім беру саласын  «еуропалық», «англо-американдық» жаққа бұрып қана қоймай, әлемдік тәжірибеге бетбұрыс жасату мәселесін естен шығармаған жөн, дейтұрғанмен құқықты оқытуда ұлттық құқықтық жүйе басым түсе беруіне мін берілуі керек. Сондықтан да құқықты оқытуды мемлекеттік тілде жүзеге асыруға көңіл бөлудің орны ерекше.

Азаматтық құқық атауы ежелгі уақыттан бері белгілі, оның римдік заңгерлер  Рим азаматтарының құқығы-цивильді құқық деп атаған.

Тарихтан белгілі римдіктердің құқығы осы атаумен белгіленді. Көне римдегі азаматтардың  мемлекеттік, қоғамдық және жеке өзіндік қатынастарын реттеді және қазіргі азаматтық құқыққа қарағанда ұғымы әлдеқайда кең болды. Қазіргі кезде азаматтық құқықтың римдік атауы сақталғанымен оның мазмұны барынша өзгерді. Дейтұрғанмен соған қарамастан «civil» атауы еуропалық құқықтануға еніп қана қоймай, заң терминалогиясына кірді. Сондықтан да азаматтық құқықты цивилистік деп атайды. Ал бұл саладағы мамандарды – цивилист деп жүр.

Римде құқықты жария және жеке деп  екі салаға бөлгенін білеміз.  Жария  және құқықтардың классикалық аражігін Ульпиан былайша ашып көрсетеді: «жария құқық дегеніміз рим мемлекетінің құқықтық мәртебесіне қатысты, ал жеке құқық болса жекелеген адамның  мүддесіне сай келеді.

Қазақстан Республикасының қазіргі  құқық жүйесі жария және жеке құқық  деп бөлінбейді. Біздің ұлттық азаматтық құқық тек өзіне ғана тән және белгілі бір ерекшеліктері бар институттардың аясында қалыптасты дей аламыз.

Азаматтық құқықты зерттемес  бұрын азаматтық құқық пәнін  анықтап, басқаша айтқанда, мұның  пәні не екенін белгілеп алуға тиіспіз. Ал азаматтық құқықтың пәнін анықтауды өзі оңай шаруа емес. Өйткені, азаматтық құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар ауқымы өте кең де сан қырлы.

Азаматтық құқық ғылымы азаматтық құқық жөніндегі ұғымдардан, көзқарастардан, пікірлер мен жасалған корытындылардан тұрады. Азаматтық құқық ғылымынығ пәні аталған құқық саласымен ол реттейтін қатынастар, азаматтық құқықтық тарихы, оның даму келешегі мен тәжірибеде қолданылуы болып табылады. Азаматтық құқық ұғымының өзі құқықтың саласы және заң ғылымының жүйесін белгілеу үшін қолданылуы мүмкін. Оның біріншісінде құқықтық нормалардың жиынтығы, екіншісінде – білімнің жиынтығы арқау болады.

Информация о работе Қазақстандағы заң білімінің қалыптасу және даму тарихы