Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары мен соты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Октября 2015 в 20:40, реферат

Краткое описание

Кез келген мемлекет өмірдің барлық қоғамдық салаларында, адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастарда қатаң тәртіп пен сақтықты орнатуға мүдделі. Онсыз қоғамның бірқалапты дамуы, экономиканың, мәдениеттің, игіліктің көтерілуі және халықтың қауіпсіздігінің артуы мүмкін емес. Сондықтан мемлекет азаматтардың, олардың бірлестіктерінің, шаруашылық ұйымдардының, мемлекеттік органдарының, олардың лауазымды адамдарының құқықтары мен міндеттерін, жауапкершілігін белгілейді. Мемлекет өзі қабылдаған заңдарды барлық адамдардың қатаң сақтауын, заңдардың талаптаорын бұзушылардың заңмен жауапқа тартылуын әрдайым қадағалап отырады.

Содержание

Кіріспе.
Негізгі бөлім:
ҚР құқық қорғау органдары:
Прокуратура
Ішкі Істер органдары
Адвокатура
Ұлттық Қауіпсіздік органдары
Полиция органдары
ҚР Соты
ІІІ. Қорытынды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

ҚРҚҚО.docx

— 40.82 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасының мемлекеттік аппаратында ерекше орынды Конституциялық Кеңес алады. Бұрынғы Конституция бойынша ол Конституциялық Сот деп аталып, басқа құзыреттерге ие болатын. Бұл Кеңестің ішкі құрылысы мен тағайындалу процесі өте қызық. Төрағасын және екі мүшесін Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды, екі мүшесін - Сенаттың, ал қалған екеуін Мәжілістің төрағалары тағайындайды.

трольные РК скачать, контрольная Казахстан скачать, рефераты для РК, реферат для Казахстана

Жоғарғы Сот алқалары төрағалары мен судьялары, жергілікті соттар төрағалары, алқалар төрағалары бос лауазым органдарына кандидаттарды ұсыну, сондай-ақ республика судьялары өкілеттіктерін тоқтату жөнінде ұсыныстар енгізу тек қана Жоғарғы Сот төрағасы құдыретіне жатқызылады.

Прокуратура заңдылықтың кез келген бұзылуын анықтау және жою жөнінде шаралар қолданады, сондай-ақ Республика Конституциясы мен заңдарына қайшы келетін заңдар мен басқа да құқықтық актілерге наразылық жасайды. Ол сотта мемлекет мүддесін білдіреді, сондай-ақ заңда белгіленген жағдайларда, тәртіппен және шекте қылмыстық қуғындауды жүзеге асырады.  
Қазақстан Республикасының прокуратурасы органдарының біртұтас жүйесін құрайтындар:

трольные РК скачать, контрольная Казахстан скачать, рефераты для РК, реферат для Казахстана

Конституциялық Кеңестің шешімдері ол қабылданған күннен бастап күшіне енеді. Республиканың барлық аумағында жалпыға бірдей міндетті, түпкілікті болып табылады және шағым жасауға жатпайды. Оның шешіміне толығымен немесе белгілі бір бөлігіне Республика Президенті қарсылық білдіруі мүмкін. Бұл қарсылық Президент шешімінің мәтінін алған күннен бастап он күн мерзімінен кешіктірмей енгізеді және Кеңес мүшелері жалпы санының үштен екісінің даусымен еңсеріледі.

«Ұлтты ұлы мұраттар алға жетелейді» демекші, мемлекетіміз үшін алда асар асулар мен бағындырар белестер әлі де жетерлік. Мемлекетіміз азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ететін ашық және бүкпесіз сот жүйесін қалыптастыруға бағытталған көптеген шараларды қабылдап келеді. Ата Заңымыздың 75-бабы, 1-тармағында «Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот ғана жүзеге асырады», – делінген.  Демек, соттардың шешімдеріне қарап, қоғамның мемлекетке деген көзқарасы қалыптасатыны сөзсіз. Осының бәрі еліміздің сот жүйесі әлемнің алдыңғы қатарындағы елдердегі сот жүйесінің қатарына көтеріледі деген сөз деп ойлаймын.

Пайдаланылған әдебиеттер:

http://www.tarbie.kz/21811

http://kontrosha.net/119961294547397_a.html

 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

РЕФЕРАТ

 

Тақырыбы: «Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары мен соты»

 

 

 

Орындаған: Манасов М.

Тобы: СМ15-6к2

Қабылдаған: Калышев С. Д.

 

 

 

Шымкент - 2015 

 


Информация о работе Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары мен соты