Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары мен соты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Октября 2015 в 20:40, реферат

Краткое описание

Кез келген мемлекет өмірдің барлық қоғамдық салаларында, адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастарда қатаң тәртіп пен сақтықты орнатуға мүдделі. Онсыз қоғамның бірқалапты дамуы, экономиканың, мәдениеттің, игіліктің көтерілуі және халықтың қауіпсіздігінің артуы мүмкін емес. Сондықтан мемлекет азаматтардың, олардың бірлестіктерінің, шаруашылық ұйымдардының, мемлекеттік органдарының, олардың лауазымды адамдарының құқықтары мен міндеттерін, жауапкершілігін белгілейді. Мемлекет өзі қабылдаған заңдарды барлық адамдардың қатаң сақтауын, заңдардың талаптаорын бұзушылардың заңмен жауапқа тартылуын әрдайым қадағалап отырады.

Содержание

Кіріспе.
Негізгі бөлім:
ҚР құқық қорғау органдары:
Прокуратура
Ішкі Істер органдары
Адвокатура
Ұлттық Қауіпсіздік органдары
Полиция органдары
ҚР Соты
ІІІ. Қорытынды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

ҚРҚҚО.docx

— 40.82 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары мен соты

Жоспар:

  1. Кіріспе.
  2. Негізгі бөлім:
  • ҚР құқық қорғау органдары:
    • Прокуратура
    • Ішкі Істер органдары
    • Адвокатура
    • Ұлттық Қауіпсіздік органдары
    • Полиция органдары
  • ҚР Соты

ІІІ.    Қорытынды.

Кез келген мемлекет өмірдің барлық қоғамдық салаларында, адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастарда қатаң тәртіп пен сақтықты орнатуға мүдделі. Онсыз қоғамның бірқалапты дамуы, экономиканың, мәдениеттің, игіліктің көтерілуі және халықтың қауіпсіздігінің артуы мүмкін емес. Сондықтан мемлекет азаматтардың, олардың бірлестіктерінің, шаруашылық ұйымдардының, мемлекеттік органдарының, олардың лауазымды адамдарының құқықтары мен міндеттерін, жауапкершілігін белгілейді. Мемлекет өзі қабылдаған заңдарды барлық адамдардың қатаң сақтауын, заңдардың талаптаорын бұзушылардың заңмен жауапқа тартылуын әрдайым қадағалап отырады.

Кез келген мемлекетте өзінің Конституциясын, заңдарын, мемлекет басшысы тарапынан берілетін жарлықтар мен басқа нормативтік актілері талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге тиісті құқық қорғау органдары болады. Құқық қорғау органдарына жататындар:

  • прокуратура,

  • ішкі істер органдары,

  • ұлттық қауіпсіздік органдары.

Құқық қорғау органдары, негізінен, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Прокуратураның және Әділет министрлігінің құрамында әрекет етеді.

Сот билігі – мемлекеттік билік тармақтарының бірі. Заң шығарушы және атқарушы биліктен өзгешелігі – жалпыға ортақ жүріс-тұрыс ережесін (сот прецедентінен басқа) шығармайды, атқару-басқару қызметімен айналыспайды.

Прокуратура. Прокуратура — мемлекет атынан әрекет ететін, мемлекет аумағында заңдардың, ҚР Президенті шығарған жарлықтардың, өзге нормативтік-құқықтық актілердің нақты әрі бірыңғай қолданылуын қадағалайтын, іздестіру қызметінің, анықтау мен тергеудің, әкімшілік және атқару істерін жүргізудің заңдылығын бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган. Прокуратура Президенттің алдында ғана есеп береді, сотта мемлекеттің мүддесін қорғайды.

Прокуратура (латын. ргосиго — қамын ойлаймын, басқарамын) — заңның дәл орындалуын жоғарыдан бақылауды іске асыратын орган. Кейбір елдерде қылмысты істерді тергеу жумыстарын кадағалайтын орган. Алғаш XIII—XIV ғасырларда Францияда пайда болған.

Қазақстан Республикасьшдағы прокуратура органдары жүйесін ҚР Бас прокуроры басқарады. Жергішкті жерлерде облыстардың, қалалардың, аудандардың прокурорлары болады. Прокуратураның басты мақсаты — барлық мемлекеттік органдардың, мемлекеттік жөне мемлекеттік емес ұйымдардың заңдар мен басқа да нормативтік актілер ережелерін бұрмалаусыз, дәл орындауын бақылап отыру. Сондықтан прокуратура барлық мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мекемелердің, кәсіпорындардың жұмысын мынадай бағыттарда қадағалайды:

а)  прокуратура азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қадағалайды.

ө) прокуратура әкімшіліктегі іс жүргізудің заңдылығын бақылайды. Әкімшілік жолмен азаматтардың құқығы бұзылатын болса, оған жол берген әкімшіліктегі азаматтардың құқығы бұзылу жағдайларын тексереді, кінәліні тауып, жауапқа тартады, одан құқық бұзушылық әрекетін дереу тоқтатуды талап етеді;

б)  прокуратура жедел іздестіру жұмысын, тергеу ісінің заңдылығын қадагалайды. Тергеу органдары қылмысты істерге тергеу жүргізеді, осы мақсатпен дәлелдер жинастырады, күдікті адамдардан, куәлардан, 
жәбірлеушілерден жауап алады. Ал прокуратура осындай жұмыстардың үстінде тергеу органдарының 
құқык бұзушылық жағдайларын, азаматтардың құқыктары мен бостандықтарының бұзылуын, тергеудің тыйым 
салынған әдістерінің қолданылуын болдырмау жағдайларын бакылайды.

Ол үшін прокуратура тергеу орындарына тексеру жүмыстарын жүргізеді. Тексеру заңдардың бүзылуын немесе өзге де қиянатты жагдайлардың болып жатқанын көрсетіп азаматтар тарапынан жазылган шағымдарға байланысты жүргізілуі мүмкін. Өйткені, прокуратура органдары мемлекеттің гана емес, алдымен өрбір азаматтың мүддесін қорғайды.

Адвокатура – құқықтық институт болып, ол адвокаттық қызметпен шұғылданушы адамдар және жеке адвокаттық операциямен шұғылданушы бөлек кісілердің кәсіптік бірлесулерін өз ішіне алады.

Адвокатураның атқаратын функциялары:

  1. адвокаттар қылмыс процессінде қорғаушы өкіл болып қатыса алады.

  1. адвокаттар коллегиясының қызметкерлері халыққа заңи кеңес береді.

  1. адвокаттар арыз, сенімхат, мирасқорлық бланкасын т. б. құқықтық құжаттарды толтырып береді.

Адвокатураның басқа мақсаттары:

  • мекемелерге, қарттар үйіне, қарапайым халыққа жоғарғы дәрежелі жәрдем беру;

  • Азаматтық құқықтарының сақталуына жәрдем беріу;

  • Халықты құқықтық нормативтерге тәрбиелеуге жәрдем беру болып табылады.

Ішкі істер органдары. Ішкі істер министрлігі республика аумағындағы, облыстардағы, қалалардағы ішкі істер басқармаларының бірыңғай жүйесін, көлік жүйесін, қалалык, аудандық, қалалардагы аудандық түзету меке-мелерін — абақтыларды, лагерьлерді, өрттен қорғау бөлімшелерін, ішкі әскерлерді баскарады.

Азаматтардың құқықтарын, мемлекеттің заңды мүдделерін қорғау үшін құқық қорғау органдарының алдына қойылатын ерекше міндеттер және оларга берілетін ерекше құқықтар болады.

Ішкі істер органдарының негізгі міндеттері:

  • қоғамдық тәртіпті қорғау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

  • қылмыстардың және құқык бұзушылықтың басқа да түрлерінің алдын алу, оларды анықтап, жолын кесу;

  • анықтау жүргізу ісін жүзеге асыру және қылмыстық жазалар мен әкімшілік шараларды орындау;

  • кәмелетке толмаған балалардың қараусыз қалуын және олардың құқықтарының бұзылуын немесе өздерінің құқық бұзушылық әрекеттерін анықтау және болғызбау;

  • шетел азаматтарының республика аумағында болу ережелерінің сақталуына бақылау жасау;

  • мемлекеттік және басқа объектілерді қорғау т.б.

Аталған міндеттерді орындау үшін ішкі істер органдарына, олардың қызметкерлеріне мынадай ерекше құқықтар беріледі:

  • азаматтардан олардың қоғамдық тәртіпті, қоғамдық қауіпсіздікті сақтауын, құқық бұзушылық әрекеттерді тоқтатуын талап етеді. Бұл талаптар орындалмаған жағдайда, күштеу шараларын қолдануға құқылы;

  • адамның қылмыс жасағаны немесе әкімтттілік құқықты бұзғаны туралы күдік пайда болса, оның кім екендігін анықтау мақсатымен құжаттарын тексереді, күдікті айқындайды;

  • жасалған немесе әзірленіп жатқан құқық бұзу әрекеттері туралы түскен арыздарды қарайды, хабарларды тексереді, оларды тіркейді, ондай әрекеттердің алдын алу, ашу, құқық бұзушыларды ұстау үшін дер кезінде шаралар қолданады;

  • органдарда қылмыстық және басқа әрекеттер жөніндегі материалдар бойынша іс жүргізіліп жатқанда, солар-ға байланысты түсініктер, құжаттар, жауаптар алу үшін тиісті азаматтарды шақырады. Ал шақырылған адам дәлелді себепсіз келуден бас тартатын болса, оны күштеп әкеледі;

  • құқық бұзған әскери қызметкерлерді ұстап, оларды әскери комендатура, әскери комиссариатка тапсырады;

  • кәмелетке толмаған, бірақ құқық бұзған жасөспірімдер мен балаларды ұстап, оларды қабылдайтын және орналастыратын орындарға жеткізеді. Қараусыз қалган балалар мен жасөсігірімдерді қамқоршылық және қайырымдылыкпен айналысушы органдарға жеткізіп отырады;

  • айналадағы адамдарға нұқсан келтіруі немесе қоғамдық тәртіпті бұзуы ықтимал адамдарды арнаулы медициналық мекемелерге жеткізеді;

  • «қылмыс жасады» деген күдік туғызған адамдардың ізіне түскен жағдайда орган қызметкерлері азаматтардың тұрғын үйлері мен басқа да үй-жайларына тежеусіз 
    кіріп, оларды тексереді;

—  көліктерді тоқтатып, жүргізушілердің машина айдауға, жүк тасымалдауга құқық беретін құжаттарын тексереді. Көлік жүргізу, жүк тасымалдау ережелері бұзылған болса, заңда көрсетілген шараларды қолданады:

Ішкі істер органдарының қызметкерлеріне мына жағдайларда оқ-дәрілі қаруларды қолдануға рұқсат етіледі:

  • азаматтарды қылмыскерлердің шабуылынан қорғау үшін және кепілдіктегі адамдарды босату үшін;

  • ішкі істер органдарьшың қызметкерлеріне, олардың отбасындағы адамдарға, жасақшыларға жасалған шабуылды тойтару үшін; азаматтардың тұрғын үйлеріне, мемлекеттік ұйымдардың кеңселеріне жасалған шабуылды тойтару үшін.

Ішкі істер органдары жасалған қылмыстар бойынша анықтау, жедел іздестіру жұмыстарын жүргізеді. Ішкі істер өкілдері қылмыс жасаған немесе «қылмыс жасауға әзірленіп жүр» деген күдік туғызған адамдарды ұстайды. Тергеу жұмыстарының суретке түсіру, дыбыс жазу, кино-теледидар бейнелерін жасау, көтерілген қылмыстық істер бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдардан кідіріссіз және қайтарусыз материалдар алу, азаматтарды шақырып, олардан түсінік сұрау, құжаттар талап ету, жауап алу, қылмыстың қандай жағдайда жасалғанын анықтау максатымен жұртшылыққа хабар тарату, оларды осыған жұмылдыру үшін мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалану сияқты түрлерін жүргізеді. Тергеушілер қылмыскерлерді әшкерелеп, оларды қылмыстық жауапқа тарту үшін басқа да әрекеттер жасайды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдары. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету — Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет ретінде дамуының басты шарты. Ұлттық қауіпсіздік сыртқы қауіпсіздік, әскери қауіпсіздік, ақпараттық қауіпсіздік, қоғамдық қауіпсіздік, экологиялық және экономикалық қауіпсіздік болып жіктеледі.

Ұлттык қауіпсіздік объектілеріне жеке адам, оның құқықтары мен бостандықтары, қоғам және оның материалдық-рухани құндылықтары, мемлекет және оның конституциялық құрылысы, тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығы жатады.

Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күштер бар. Оларға:

  • ҚР Қарулы Күштері,

  • ұлттық қауіпсіздік,

  • ішкі істер,

  • сыртқы барлау,

  • әскери және салық полициясы органдары,

  • ҚР Президентінің күзет қызметі,

  • салық және кеден қызметтері,

Информация о работе Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары мен соты