Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2015 в 09:44, курсовая работа
Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Азаматтық-құқықтық жауапкершілік түсінігі және нысандары».
Курстық жұмыс кіріспе 2-бөлімен, қорытынды мен қолданылған әдебиеттерден тұрады.
Курстық жұмысымды жаза отырып алдыма мынадай мақсаттар мен міндеттер қойдым:
Курстық жұмысымды жазу барысында жан-жақты, сапалы болуы;
Курстық жұмысымның тақырыбын толық қамтитындай жүйелі жоспар құру;
Кіріспе..........................................................................................................................3
І бөлім. Азаматтық-құқықтық жауапкершілік түсінігі және нысандары....5
1.1 Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің түсінігі...............................................5
1.2 Азаматтық –құқықтық жауапкершілік түсінігі туралы пікірлер..........8
1.3 Азаматтық - құқықтың жауапкершілік нысандары...............................................10
1.4 Жауапкершілік түрлері.......................................................................................15
1.5 Құқықтық бұзушылықтың басқа түрлері үшін жауапкершілік....................17
II бөлім. Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің
шарты және негіздері.............................................................................................21
2.1 Құқыққа қарсы мінез..........................................................................................21
2.2 Кінә түсінігі мен зиян түсінігі және оның түрлері .........................................23
2.3 Азаматтық –құқықтық жауапкершілік тұтынушылардың құқығын қорғау құралы...........................................................................................................27
Қорытынды..............................................................................................................29
Қолданылған әднбиеттер тізім..............
Құқыққа қарсы мінез және себепті байланысқа қарағанда азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің субъективті шарты болып табылады. Осы тараптың құқыққа қарсы мінездегі психикиялық қатынасын анықтайды. Кінәнің осы түсінігі теңдей заңды тұлғаларға және азаматтарға қолданылады. Заңды тұлғалардың кінәсі көрінбеуі мүмкін, өйткені оның қызметін міндеттемеге байланысты қызметкерлері атқарады. Мысалы, жұмыс күшінің немесе құралдың жетіспеуіне орай өнімді жеткізуде мерзімді өткізіп жіберсе, осы кемшіліктерді жоюға тиісті шаралар қолданбағаны үшін үшін коммерциялық ұйымның жетекшісі кінәлі іс-әрекетінен көрініс табуы мүмкін. Мысалы, қызметкердің өнімді дайындаудағы кемшіліктері.
Сонымен қатар әдебиеттерде берілген сұраққа басқа да тұжырымдар айтылады. Заңды тұлғаның кінәсі оның жеке қызметкерлерінің кінәсімен емес, сонымен бірге бүкіл ұжымның бүтіндей кінәсін көрсетеді.
Кінә қасақаналық және абайсыздық түрімен ажыратылады. Өз кезегінде абайсыздық ауыр және жеңіл түрінде кездеседі. Азаматтық – құқықтық жауапкершіліктің субъективті шарты ретінде кінә адамның санасында болатын психикалық процестермен байланысқан. Алайда қоғамның өзіндік дамуына орай жауапкершілік туралы сұрақты шешу кезінде құқық бұзылғандағы адамның санасында болатын психикалық процестерді зерттей аламыз. Осы ішкі процестер туралы тек қана адамның мінезіндегі сыртқы көріністерін талқылай аламыз.
Егер тарап өзінің іс-әрекеті арқылы құқық бұзушылыққы саналы түрде жол берсе, онда кінәнің қасақаналық түрі орын алады. Азаматтық айналымдағы пайда болатын кәдімгі құбылыстар ретінде азаматтық құқықта кінәнің қасақаналық түрі жиі кездеседі. Сонымен қатар әдеттегі жағдайларды басқа тараптардың заңмен қорғалатын құқықтарын қасақана бұзады. Мысалы, тәжірибеде жеткізіп беруші сатып алушының өнімді ұстағаны үшін тиісті адреске өнімді жіберуді тоқтатады. Себебі міндеттеменің қасақана бұзушылық сферасын шектейді. Кінәнің абайсыздық түрімен жасаған азаматтық құқық бұзушылық жиі кездеседі. Бұндай жағдайларда адамның іс-әрекетінде көрінбеу істердің элементтері болмайды. Ол саналы құқық бұзушылыққа бағытталмаған, алайда адамның іс-әрекетінде мұқияттылық және байқаушылық болмайды. Қажетті байқаушылықтың және мұқияттылықтың болмауы абайсыздықтың екі түріне де тән. Кінәнің екі формасының арасында белгілі ерекшеліктер болады. Осы ерекшеліктер заңдылықта және жоғары сот органдарының түсініктерінде де жауабын таппайды. Сот тәжірибесі белгілегендей адамның адамның денсаулығына келтірілген залал үшін абайсыздықтың қайсы түрі болмасын нақтылы жағдайларды анықтауды қажет етеді.
Осы екеуін ажырату үшін одан да тереңірек бағдарлау қажет. Бұл бағдарлар ғылым дамуымен жетілген. Абайсыздықтың менмендік түрінде тараптың іс-әрекетіне байқаушылық және мұқияттылық болмайды, алайда құқық бұзушылықтан арылуға жеткіліксіз. Мысалы, азамат светофор жасыл жанған кезде өтсе, онда абайсыздықтың қарапайым түрі, ал трамвай жолында ұйықтап жатқан азамат мұқияттылық және байқаушылық элементтері болғанымен, абайсыздықтың менмендік түріне жол береді.
Жалпы ережеге сәйкес азаматтық заңдылыққа кінә жауапкершілікті шарасы ретінде емес, шарты болып саналады. Егер кінә болған жағдайда құқық бұзушы азамат кінәнің формасына қарамастан келтірілген зиянды толық көлемде өтейді. Алайда заңмен немесе шартпен кінә формасы көзделсе, онда азаматтық-жауапкершілік мөлшерінде әсер етуі мүмкін. Бұл жалпы ережеден ауытқиды, бірақ қылмыстық құқықтағыдай кінәні төрт түрге бөлу қажеті жоқ. Көп ретте жоғарыда көрсетілгендей кінәнің үш мүшелігі кінәнің ауапкершілік мөлшерінде әсер ететін болса жеткілікті.
Зиян - заңмен қорғалатын игілік атаулының кемуі. Егер зиян мүліктік сипат алатын болса, оны залал деп атайды. Залалдың ақшалай баламасы шығын деленеді.
Азаматтық кодекстің 9-шы бабында құқығы бұзылған адам, егер заң мен шартта аз мөлшердегі шығын қаралмаса, өзіне келген залалды толық қалпына келтіруді талап ете алатындығы бекітілген. Залалдың орнын толтыру жөніндегі норма императивті тұрғыда келеді, ол барлық азаматтық құқықтық қатынастарға жүреді және жақтардың шартында шығынды келтіру қаралды ма, жоқ па, оған қарамай әрекет ете береді.
Мемлекеттік өкімет билігі органының, өзге де мемлекеттік органының заңдарға сай келмейтін құжат шығаруы, сондай-ақ осы органдардың лауазымды адамдарының әрекеті (әрекетсіздігі) салдарынан азаматқа немесе заңды тұлғаға Қазақстан Республикасы немесе тиісінше әкімшілік аумақтық бөлініс өтеуге тиіс.
Залалдар мынадай екі түрге бөлінеді:
1) Құқығы бұзылған тұлға жасаған немесе жасауға тиісті шығыстар, оның мүлкінің жоғалуы немесе зақымдануы (нақты нұқсан);
2) Сол тұлғаның құқығы бұзылмаған болса, дағдылы айналым жағдайында болатын, бірақ алынбай қалған табыстары (айрылып қалған пайда).
Мысалы: тасымалдау шарты бойынша мүлік бүлінсе немесе зақымдалса, онда тасымалдаушы тек қана нақты нысан мөлшерінде шығынын төлейді. Ал айырылып қалған пайдаға, мәселен, азаматқа жарақат немесе денсаулығына өзге де зақым келтірілген кезде жәбірленуші жоғалтқан немесе анық иелене алатын табыс, сондай-ақ денсаулыққа зақым келтіруден туындайтын шығындар (емделуге, қосымша тамақтануға т.б.) жатады.
Егер құқықты бұзған тұлға кейін кіріс түсіретін болса, онда құқығы бұзылған тұлға өзге де айырылып қалған пайдасымен қоса түсуге тиісті кірістен кем емес мөлшерде орын алған залалды қалпына келтіруді талап ете алады.
Мүліктік емес зиянға тұлғаның дене кемтарлығы мен психикалық ауруына байланысты моральдік адамгершілік зардап, іскерлік беделге келетін залал, біреудің атын пайдаланып оған залал және т.б. жатады.
2.3 Азаматтық –құқықтық жауапкершілік тұтынушылардың құқығын қорғау құралы.
Тұтынушылардың құқығын қорғау ретінде мүліктік жауапкершілік ерекше орын алады. Нарықтық экономикаға өтуімізге байланысты мүліктік жауапкершіліктің ролі артып келеді. Оның негізгі мақсаты құқығы бұзылған тараптың мүліктік сферасын қайта қалпына келтіру болып табылады.
Азаматтық-құқықтық жауапкершілік юридистикалық жауапкер-шіліктің бір түрі. Осыған байланысты оған юридистикалық жауапкершілік белгілері тән. Құқық бұзылған кездегі мемлекеттік мәжбүрлеу шаралары ретінде жауапкершілік кеңінен таралған.
В.П.Грибановтың пікірі бойынша мүліктік жауапкершілік мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың мәжбүрлеу формасы.
Тұтынушылардың құқығын қорғау құралы ретінде азаматтық –құқықтық жауапкершілікті қарастыра отырып оның қызметін анықтап алуымыз қажет. Әдебиеттерде азаматтық-құқықтық жауапкершілік компенцациялық сипатта кеңінен таралған.
Нарықтық экономикасы таралған елдерде дайындаушының шығарған затының кемшілігі арқылы келтірген зияны үшін тікелей жауапкершілік шектелген. Англо-американдық құқықтар деффектілі өнімді шығарғаны үшін жауапкершілік прецедент ретінде қалыптасады.
Қызмет көрсетуі кезінде келтірілген зиян үшін жауапкершілік жұмысшылар немесе ұйым мүшелерінің қызметінің нәтижесінде құқыққа қарсы іс-әрекетінде пайда болады. Ұйым тек қана оның қызметкерлерінің немесе жұмысшыларының ұйым тапсырмасын орындау кезінде ғана іс-әрекетіне жауап береді. Ұйым қызметкерлері мен мүшелері талапкерлер алдында еңбек құқығының нормалары негізінде жауап береді. Мүліктік залал келтірілген ұйымның кінәсі мен юридистикалық міндеттемені бұзу арқылы келтірілген зиян арасында себепті байланыс болуы қажет. Азаматтық заңдылыққа сәйкес келтірілген зиян үшін ұйымды жауапкершіліктен босату оның кінәсінің жоқ болуымен байланысты.
Азаматтық құқықта келтірілген зиян үшін жауапкершілік объективті болып табылады. Халықтың денсаулығы мен қауіпті тауарлар шығару және қызмет көрсету жауапкершіліктің ерекше түрін көрсетеді. Азаматтық –құқықтық жауапкершілікте халықтың денсаулығы мен өміріне қауіпті тауар шығару және қызмет көрсетуден пайда болған келтірілген зиян үшін жауапкершіліктен босатылмайды. Басқа сөзбен айтқанда бұл жауапкершілік түрі абсолютті.
Тағы да маңызды сұрақ етінде тұтынушылардың құқығымен байланысты мүліктік жауапкершілікпен қатар моральдік зиян өтеу қолданылады. Ұзақ уақыт бойы советтік құқық ғылымында моральдік зиянды өтеу буржуазиялық құқықтың белгісі ретінде қалыптасып келеді.
Қорытынды
Курстық жұмысымды қорта келгенде қазіргі нарықтық экономикаға өтуімізге байланысты азаматтық құқықтық жауапкершіліктің ролі артып отыр. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін өзін демократиялық, құқықтық, зайырлы мемлекет құруды алға мақсат етіп қойды. Ал құқықтық мемлекет құру заңдылықты оқу, білу және заң бұзушылыққа жол бермеу қажет. Заң бұзушылықты болдырмау үшін жауапкершілікті қолданамыз.
Қылмыстық құқыққа қарағанда азаматтық құқықтық жауапкершілік жиі қолданылады. Жауапкершілік мемлекеттік мәжбүрлеу шарасының түрі. Сондықтан мемлекет тарапынан шығарылатын заңдар, нормативті құқықтық актілерді жауапкершілік шегі көрсетіледі.
Сонымен қатар жауапкершілікті үлесті, солидарлы және субсолидарлы деп бөлудің өзіндік себептері бар. Несие берушінің құқығын қорғауда жан-жақты қарастырылып отырған жауапкершілік түрлерінің маңызы артады. Яғни несие берушінің құқығы бұзылған кезде борышқордың кез келгенімен өндіріп алу артықшылығы туындайды.
Қылмыстық заңда көрсетілгендей кінәсіз адамды жауапкершілікке тартуға болмайды. Қашан соттың үкімі шықпағанынша ол кінәсіз деп танылады. Осыны кінәсіздік презумпциясы дейді. Ал азаматтық заңдылықта кінәсіздік презумпциясы қолданылмады. Борышқордың кінәсін бар-жоғына қарамастан келтірілген зиян үшін несие берушінің алдында жауап береді. Бұл да азаматтық құқықтық жауапкершіліктің артықшылығын көрсетеді. Азаматтық Кодексте көрсетілгендей материалдық және материалдық емес игіліктер заңмен қорғалады. Материалдық емес игіліктерге азаматтың рухани залалын айтуға болады. Ал несие берушінің жеке басына, денсаулығына зиян келсе, онда рухани залал орын алады. Онда екі залал да өтелуі тиіс.
Азаматтық құқықтық жауапкершілік шартты және шарттан тыс жауапкершілікті белгілейді. Шарттан тыс жауапкершілік шартты жауапкершілік көзделмеген кезде туындайды.
Азаматтық құқықтық жауапкершілік құқық бұзушылық алдын алу шарасы. Жауапкершілікке тартылатынын білген борышқор құқық бұзушылыққа жол бермейді. Тәуелсіздік алғаннан кейін кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға кеңінен жол ашады. Бұл ретте Президент тарапынан бірнеше игі шаралар жасалды. Атап айтқанда, «Кәсіпкерлік қызмет» туралы Президент Жарлығы. Көбіне кәсіпкерлік жүзеге асырғанда азаматтардың құқығына нұқсан келеді. Кәсіпкердің жаупкершілігі ол кәсіпкерлік қызметті орындауда тәуекелге буған кезде пайда болады.
Азаматтық құқықтық жауапкершілікке тарту үшін оның шарттарына сүйенеміз. Жауапкершілікке тарту үшін осы шарттардың бар болуы жеткілікті. Бұл шарттар туралы жоғарыда біз айтып өттік. Азамматтық құқықтық жауапкершілік мағынасы жылдан - жылға арта береді. Осы түсінік туралы пікірлер тәжірибеде және теорияда ғалымдардың жаңа түсініктерін қалыптастыруға бастау болады.
Қолданылған әднбиеттер тізім
А.П. Сергеева. Санкт-Петербург 1996 г.
М.К. Сулейменов, Ю.Г. Басин.
Информация о работе Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің шарты және негіздері