Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің шарты және негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2015 в 09:44, курсовая работа

Краткое описание

Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Азаматтық-құқықтық жауапкершілік түсінігі және нысандары».
Курстық жұмыс кіріспе 2-бөлімен, қорытынды мен қолданылған әдебиеттерден тұрады.
Курстық жұмысымды жаза отырып алдыма мынадай мақсаттар мен міндеттер қойдым:
Курстық жұмысымды жазу барысында жан-жақты, сапалы болуы;
Курстық жұмысымның тақырыбын толық қамтитындай жүйелі жоспар құру;

Содержание

Кіріспе..........................................................................................................................3
І бөлім. Азаматтық-құқықтық жауапкершілік түсінігі және нысандары....5
1.1 Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің түсінігі...............................................5
1.2 Азаматтық –құқықтық жауапкершілік түсінігі туралы пікірлер..........8
1.3 Азаматтық - құқықтың жауапкершілік нысандары...............................................10
1.4 Жауапкершілік түрлері.......................................................................................15
1.5 Құқықтық бұзушылықтың басқа түрлері үшін жауапкершілік....................17

II бөлім. Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің
шарты және негіздері.............................................................................................21
2.1 Құқыққа қарсы мінез..........................................................................................21
2.2 Кінә түсінігі мен зиян түсінігі және оның түрлері .........................................23
2.3 Азаматтық –құқықтық жауапкершілік тұтынушылардың құқығын қорғау құралы...........................................................................................................27

Қорытынды..............................................................................................................29
Қолданылған әднбиеттер тізім..............

Прикрепленные файлы: 1 файл

+Азаматтық-құқықтық жауапкершілік түсінігі және нысандары.doc

— 171.50 Кб (Скачать документ)

Азаматтық Кодекстің 72 бабына сәйкес: Серіктестіктің міндеттемелері бойынша  өзін бүкіл мүлкімен (толық серіктестіктерімен) қосымша жауап беретін бір немесе одан да көп қатысушымен қатар, жауапкершілігі толық серіктестіктің  (салымшылардың)  мүлкіне өздері салған салымдардың жиынтығымен шектелетін бір немесе одан көп қатысушыларды  да енгізетін  және серіктестіктің  кәсіпкерлік қызметі  жүзеге асыруға қатыспайтын серіктестік Азаматтық сенім серіктестігі деп танылады.

 

 

1.5  Құқықтық  бұзушылықтың басқа түрлері үшін  жауапкершілік

Азаматтық құқықтық жауапкершіліктің кейбір ерекшеліктері ақшалай міндеттемені орындамағаны үшін жауапкершілікпен сипатталады. Бұл жауапкершілік борышқор ақша сомасы проценттік құқыққа сыйымсыз пайдаланған кезде туындайды. Басқаберудің ақшалай қаражатын құқыққа сыйымсыз пайдалану үшін әр түрлі себептер болуы мүмкін: борышқордың ақша сомасын қайтару мерзімі келген кезді өткізіп жіберу; ақша қаражатын басқа біреудің есебінен пайдалану немесе сақтау. Процент мөлшері несие берушінің тұрғылықты жеріндегі ақшалай міндеттемені орындалатын күнгі банкілік проценттің есеп ставкасымен беріледі. Сот тәртібінде қарызды өндіру кезінде сот несие берушінің талабын қанағаттандыра отырып, талап қойған күнгі немесе шешім шыққан күнгі процент мөлшерін қолдану мүмкін. Бұл ереже егер заңмен немесе шартпен проценттің басқа мөлшері белгіленбеген кезде қолданылады.

Азаматтық құқық қатынасы санатының азаматтық құқық түсінігі үшін зор маңызы бар. Азаматтық құқықпен реттелген мүліктік қатынастар, сондай – ақ қатысушылары бір – бірімен субьективті азаматтық құқықтармен және міндеттермен байланысатын салаларға қатысты жеке мүліктік қатынастар азаматтық құқық қатынастары деп аталады. Г.Ф. Шершеневич өзінің «Орыс азаматтық құқығының оқулығы» деген кітабында былай деп жазған:  «кез – келген тұрмыстық қатынас оның заңдық нормалармен  қашан жіне қаншалықты анықталсада заңдық қатынастар болады. Нақ осы жағынан заңдық жағы да болады, өйткені біреуі екіншісінен талап ету құқығын алады, ал соңғысы заң ережелерінде айтылғандарды орындауға, мысалы, белгіленген жалдау ақысын енгізуге міндеттенеді».

Сонымен азаматтық құқық мәселесі болып табылатын мүліктік және жеке мүліктік қатынастарды реттеу мынадан көрінеді, азаматтық құқық нормалары бұл қатынастарға қатысушылардың мінез – құлқы көріне алатын және көрінуге тиісті нәрсені айқындайды.

Азаматтық құқықтық қатынасының ерекшеліктері мыналар болып табылады:

Біріншіден, азаматтық құқық қатынастарының субьектілері заң жүзінде тең құқылы, бір – біріне тәуелсіз, сол арқылы олар басқа құқық қатынастарынан ажыратылады.

Екіншіден, азаматтық құқық қатынастары заңда көзделген негіздері бойынша да көзделмеген негіздер бойынша да    туындауы мүмкін.

Үшіншіден, азаматтық құқық қатынастарының жағдайлары мен мазмұнын белгілегенде тараптың келісімі басым болады.

Төртіншіден, ерекшелік бұзылған азаматтық құқықтарды қорғаудың тәртібі мен әдісінің өзіндік өзгешелігінде болып табылады.

Кез – келген құқықтық қатынасы оның субьективті құқықтары мен міндеттерді таратушылар ретіндегі қатысушыларының құқықтық байланысы болып табылады. Сондықтан субьективтік құқықтар мен міндеттер де азаматтық құқық қатынасының мазмұны болып табылады.

Субьективтік құқық дегеніміз құқық берілген тұлғаның ықтимал мінез – құлық шамасы. Субьективтік азаматтық құқық мазмұны жағынан әртүрлі. Субьективті құқық мазмұнын субьектіге берілген немесе заңмен рұқсат етілген мүмкіндіктер құрайды.

Азаматтық құқық нормаларының көпшілігі диспозитивтік сипатта болады. Алайда азаматтық заңдарда тыйым салулар мен нұсқаулар азаматтық құқық қатынастарына қатысушылардың міндеттерінде айқандайды. Әрбір азаматтық құқықтық қатынастарды тарптар құқық берілген және міндетті тараптар болып екіге бөлінеді. Екі тараптың екеуінде бір тұлға немесе бірнеше тұлға болуы мүмкін. Мысалы, Бірлесіп зиян келтірген тұлғалар бұл зиянды зардап шегушіге өтеуге тиіс. Құқық қатынастарына белгілі бір тұлғалар қатысуы мүмкін, алайда кейбір азаматтық құқық қатынастарына міндетті жағынан са ны белгісіз тұлғалар қатысады.

Азаматтық құқық қатынасына қатысушылардың әрқайсысының бір мезгілде құқық берілген және міндетті тарап болуы сирек кездеспейді. Мысалы, сатып алу - сату шарты бойынша сатушы мүлікті сатып алушының меншігіне беруге міндетті және сонымен бірге одан белгілі бір ақша сомманы төлеуге міндетті ғана емес, сонымен қатар мүлікті өзінің меншігіне беруді талап етуге де құқылы.

Азаматтық құқық қатынастарына  қатысушылар құрамының өзгеруі мүмкін, мұның өзі атап айтқанда, құқықтық мирасқорлықтың себебінен орын алады. Құқықтық мирасқорлық деп құқықтың бір тұлғадан – құқықтық із ашардан екінші тұлғаға құқықтық мирасқорға ауысуы түсініледі., бұл ретте соңғысы құқық қатынастарында өзінің құқықитық ізашарларының орнын басады.

Құқықтық мирасқорлық әмбебап не сингулярлық болуы мүмкін. Жалпы құқықтық мирасқорлық бір заңдық актінің нәтижесінде құқықтық мирасқордың барлық құқық қатынастарында құқықтық  ізашарының орнын басатынымен сипатталады.  Мысалы, заңды тұлғалар қосылған жағдайда олардың құқықтары мен міндеттері, азаматтық кодекстің 46 – шы бабына сәйкес, жаңадан пайда болып заңды тұлғаларға  ауысады, мұраны қабылдауына байланысты мұрагерлер қайтыс болған адам қатысқан мүліктік құқық қатынастарының  субьектілеріне айналады. Жеке құқықтық мирасқорлық қандайда болсын бір құқық қатынастарындағы  немесе бірнеше құқық қатынастарындағы құқықтық мирасқорлық. Мысалы, тұлға өзінің үшінші жаққа талап қою құқығын басқа тұлғаға берген жағдайда солай болады. Жеке сипатта болып құқық қатынастарында сондай – ақ бұлайша ауыстыруға заңмен тыйым салынған барлық жағдайларда құқықтық мирасқорлыққа жол берілмейді.

Азаматтық құқық қатынастары әдетте: біріншіден, мүліктік және мүліктік емес.

Екіншіден, абсолютті және салыстырмалы

Үшіншіден заттық және міндеттемелік деп ажыратылады.

Бұлайша бөлудің негізіне әртүрлі белгілер алынғандықтан, бір ғана құқық қатынасы бір мезгілде мүліктік, абсолютті, заттық, салыстармалы, міндеттемелік және тағы басқа болуы мүмкін.

Азаматтық құқықтық қатынастарды мүлік қатынастары мен мүліктік емес қатынастарға бөлу негізделген: мүліктік құқық қатынастарының белгілі бір экономикалық мазмұны бар, сонымен бірге мүліктік емес құқық қатынастарының мынадай мазмұны бролмайды және жеке адамдардың кейбір материалдық емес мүдделерін қамтамасыз етеді.

Азаматтық кодекс негізінен алғанда мынадай қатынастарды реттейтіндіктен, азаматтық құқық қатынастарына қатысушылар көбіне мүлік құқығының иелері ретінде әрекет етеді. Ондай құқықтарды әдетте, беруге болады, яғни олар басқа адамға берілуі мүмкін, не оған жалпы құқықтық мирасқорлық тәртібімен ауысуы мүмкін. Мүліктік құқықтың жеке, оларды иеленушілердің жеке басынан ажырағысыз, басқа адамға беруге не оған жалпы құқықтық мұрагерлік бойынша ауыстыруға болмайды. Мысалы, атақ, ар – ождан құқығы, авторлық құқық осындай болады.

Құқық қатынастары тағы да абсольютті және салыстырмалы болып бөлінеді. Бұлайша бөлу қатысушылардың байланысы белгісіне негізделген субьективті азаматтық құқығы бар тұлғаларға міндетті тұлғалардың беймәлім тобы қарсы тұратын құқық қатынастары абсолютті құқық қатынастары деп аталады.

Мүліктік және жеке мүліктік емес құқық қатынастары абсолютті болуы мүмкін. Бұл арада меншікті заттың бір субьектісі туындының немесе өнертапқыштың авторы басқаруға құқықты болып табылады. 

II бөлім. Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің шарты және негіздері

2.1 Құқыққа қарсы мінез

Азаматтық құқық бұзушылық құрамын азаматтық-құқықтық жауапкершілік қолдануға қажетті жағдайлардың жиынтығы құрайды. Жалпы ережеге сәйкес азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің қажетті жағдайлары ретінде борышқордың кінәсі және құқыққа қарсы мінез танылады. Шығынды өтеу жауапкершілігіне тарту үшін шығынның бар болуы, сонымен қатар борышқордың құқыққа қарсы мінезімен және келген шығынның арасында себепті байланыс болуы қажет. Шығынды өтеу негізінде азаматтық-құқықтық бұзушылықтың құрамы басқа элементтері толығымен қамтиды.

Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің жалпы негіздеріне жататындар:

    1. тұлғаның құқыққа қайшы қылығы (іс-әрекет не әрекетсіздік)
    2. жәбірленген тұлғаның шеккен зияны немесе залалдың бар болуы;
    3. құқық бұзушының құқыққа қайшы іс - әрекеті мен оның келтірген зиянының салдары арасындағы болатын себепті байланыс;
    4. құқықбұзушының кінәсі.

Нақты тұлғаға азаматтық - құқықтық жауапкершіліктің жүктеу үшін жалпы ереже бойынша қажетті келтірілген негіздер жиынтығы – азаматтық - құқық бұзушылықтың құрамы болып табыладын. Көрсетілген негіздердің біреуі болмай қалса, жауапкершілікке тарту мәселесі туындамайды. Бірақта, кейбір жағдайларда заң азаматтық -  құқықтағы құқық бұзушылық құрамынынң бар болуы мүліктік жауапкершілікке тарту үшін жалпы талаппен санаспайды; мысалы: жоғары қауіптілік көзін иеленуші заңды тұлға жәбірленушінің алдында кінәсіз жауап береді. (АҚ-тің -931 бабы). Енді азаматтық-құқық бұзушылықтың құрамының әлгінде айтылған элементтерінің әрқайсысына тоқтала кетейік.

Құқыққа қарсылық құқылық бұзушының өзінің іс-әрекетінің құқыққа қарсыек ендігін білген немесе білмегендігіне қарамастан құқық нормасын бұзуы танылады. Басқа сөзбен айтсақ, азаматтық айналымға сәйкес келмейтін мінез жатады.

Азаматтық заңдылық нормаларымен азаматтық айналымға қатысушыларға әртүрлі талаптар белгіленген. Азаматтық заңдылық негіздерінде сәйкес тараптық құқыққа қарсы мінез ретінде жеке тұлғаға немесе азаматтық мүлкіне немесе заңды тұлғаға келтірілетін залал саналады. Сонымен қатар борышқордың міндеттемені орындауға байланысты талаптарға жауап бермеу құқыққа қарсы мінез болып табылады. Азаматтық заңдылыққа сәйкес міндеттемені орындауға байланысты талаптар тек қана заңмен шектелмейді, сонымен қатар борышқордың міндеттемені орындауға байланысты тараптарға жауап бермеу құқыққа қарсы мінез болып табылады.

Азаматтық заңдылыққа сәйкес міндеттемені орындауға байланысты талаптар тек қана заңмен шектелмейді, сонымен бірге іскерлік айналымдағы басқа нормативті актілерден немесе міндеттеменің пайда болуымен туындайтын негіздерде құрылады. Сондықтан борышқордың құқыққа қарсы мінезінің белгісі ретінде міндеттеменің құрылуындағы кейбір негіздер болуы мүмкін. Әкімшілік актідегі туындаған міндеттемедегі құқыққа қарсы мінез болып, осы әкімшілікактімен борышқордың іс-әрекетінің сәйкес келмеуі жатады. Егер міндеттеме шарттан туындаса, онда борышқордың шарт талабын бұзуы құқыққақарсы мінез болып табылады. Егер бір жақты мәмілеге байланысты болса, борышқордың құқыққа қарсы мінезіретінде бір жақты мәміленің талабын бұзуы танылады.

Құқыққа қарсы мінез құқыққа қарсы іс-әрекет немесе құқыққа қарсы әрекетсіздік түрінде де болуы мүмкін. Егер заңмен немесе нормативті құқықтың актімен тиым салынған немесе заңға немесе басқа нормативті актіге, шартқа бір жақты мәмілеге немесе міндеттеме талабының негізіне қайшы келетін борышқордың іс-әрекеті құқыққа қарсы сипатқа ие болады. Сонымен азаматтық кодекстің 273-бабы осының дәлелі: Заңдарда немесе шартта көзделгеннен басқа реттерде міндеттемені орындаудан біржақты бас тартуға және оның шарттарын бір жақты өзгертуге жол берілмейді.

Азаматтық заңдылық негізіне сәйкес бір тараптың басқа бір тараптың есебіне мүлкін негізсіз сақтауға тікелей тиым салынады. Алайда осы ережеде негізсіз сақтау құқыққа қарсы болып табылады.Шартпен белгіленген сапаға сай келмейтін тауарды сатып алушыға берудегі сатушының әрекеті құқыққа қарсы саналады.

Егер тиісті жағдайларда тарапқа юридистикалық міндеттеме жүктеліп, бірақ ол орындалмаса, онда әрекетсіз құқыққа қарсы деп танылады. Шартпен бекітілген жағдайларға сәйкес міндеттеме туындауы мүмкін. Тасымалдау шартымен бекітілген тауарды жеткізбеген тасымалдаушының әрекетсіздігі құқыққақарсы болып табылады. Міндеттеме тараптың қызметтік міндетінен де туындау мүмкін. Мысалы, құтқару станциясының қызметкерлері суға батып бара жатқан адамды құтқару үшін барлық қажетті және мүмкін    болатын шаралардың барлығымен қолдануы тиіс. Осы  міндетті  орындамау оның   құқыққа қарсы  мінезін  көрсетеді. Жағада демалып жатқан азаматтардың әрекетсіздігі құқыққа  қарсы   сипат  алмайды, оларға  тек  суға  батушыны  құтқару  рухани  міндеттеме жүктеледі. Белгілі  бір міндеттемені орындаудағы іс-әрекет заң шеңберімен шығуы мүмкін.  Азаматтық   кодекстің   188-бабымен  үшінші  бөлігінде  былай  делінген:  «Меншік  иесі өзіне тиесілі мүлікке қатысты өз қалауы  бойынша кез-келген әрекеттер жасауға, соның  ішінде  бұл  мүлікті басқа адамдардың меншігіне  беріп, иелігінен  шығаруға, өзі  меншік  иесі   болып  қала  отырып,  оларға    мүлікті  иелену,  пайдалану  және  оған   билік ету жөніндегі  өз өкілеттілігін тапсыруға,  мүлікті  кепілге   беруге    және    оған   басқа   да  әдістермен   ауыртпалық   түсіруге,   оларға    өзгеше   түрде      билік   етуге    құқылы».   Жоғалған   мүлікті   тауып     алған     тарап    егесіне    қайтару   немесе      жоғалтушы  азаматқа қайтаруы   тиіс.  

 

2.2  Кінә түсінігі мен зиян түсінігі және оның түрлері

Азаматтық құқықтық жауапкершілік шаралары тек-қана  талапкердің мүліктік қанағаттандыруына  бағытталып қоймай, сонымен бірге   азаматтық      құқық бұзушылықтың алдын алуға арналған. Азаматтық-құқықтық       жауапкершілік    белгілі  бір превентивтік қызметін   атқарады. Сондықтан   азаматтық айналымның  қатысушылары жауапкершілікке тартылмас үшін     өзінің     іс-әрекетімен  басқа  тараптың  заңмен қорғалатын құқығын  бұзбауға тырысады. Алайда жауапкершілікке тартудың артылуы қатардағы        азаматтық айналымға қатысушылардың инициативасын төмендетеді.       Осындай жағдайлардан арылу үшін азаматтық айналымға қатысушыларға    өздерінің іс-әрекетінің нәтижесін  алдын-ала көре  алмауына  байланысты         жауапкершілікке тартылмайды. Осындай  сенімділік егер азаматтық-құқықтық жауапкершілік кінәлі  құқықы  бұзушылық   үшін   қолданған  кезде   пайда  болады.  Азаматтық кодекстің  359-бабының  1-ші бөлігі осыны    көрсетеді: «Борышқор    кінәлі   болған  кезде  егер     заңдарда   немесе       шартта  өзгеше  көзделмесе, міндеттемені орындамағаны және тиісті     дәрежеде орындалмағаны үшін жауап береді. Егер  борышқор  міндеттемені тиісті дәрежеде орындау үшін өзіне байланысты шаралардың барлығын      қолданғанын дәлелдесе, ол   кінәсіз деп танылады». Сондықтан жалпы      ережеге сәйкес азаматтық құқықта  жауапкершілік кінәсіне байланысты     құрылады.

Информация о работе Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің шарты және негіздері