Адвокатура және нотариат

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2011 в 05:00, реферат

Краткое описание

Еліміз өз тәуелсіздігіне ие болғаннан кейін дербес мемлекет пен оның азаматтарының өміріне тірек болатын барша құқық негіздері қайта қаралып, жаңалап құру қажеттігі туды. Осы жолда қыруар жұмыстар жүзеге асырылуда. Мемлекеттік басқару, экономика, әлеуметтік – саяси өмір, мәдениет, құқықтық тәртіпті сақтау, елді қорғау, сыртқы саясат салаларын реттейтін көптеген заңдар мен жорықтар қабылданып іске асырылуда. Заңдарды тиянақты және қолайлы жасауға заңгер – ғалымдар мен заңгер практиктер қатысып, олар халықаралық ұйымдар мен шетел мамандардың беделді сарапшылықтарынан өткен болатын. Қазақстан Республикасының Конституциясы – Ата Заңы бұған дәлел.

Содержание

Кіріспе
Адвокатура, оның даму тарихы, өмірдегі рөлі және адвокатура қызметінің құқықтық және ұйымдық негізі
Адвокаттық қызметінің ұйымдық нысаны
Адвокаттың мәртебесі, оның құқықтары мен міндеттері
Нотариат пен адвокаттық қызметі саласындағы заңдылыққа өзгерістер
Қазіргі кездегі нотариат саласындағы өзекті мәселелер
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Адвокатура және нотариат 15 бет.doc

— 136.50 Кб (Скачать документ)

     Сұрақ пен жарыссөздің тайталасын депутат  В.Нехорошевтің «Заң нотариат қызметіндегі сыбайласқан жемқорлықты жояды, бәскелестікке жол ашады, сондықтан, оны қолдайық» деген  ұсынысы  тоқтатқандай болған. Алайда, салыстырмалы кестеге түсірілген депутаттар ұсынысын қабылдау  пікірталасты қайтадан қыздырды. Сөз кезегі өзіне келгенде депутат Ирак Елекеев сұрақ қоюға, жарыссөзге шығуға тоқтау салу өрескелдік дей келіп, жалпы аталмыш заң жобасына деген қарсылығын білдірді. «Өйткені, осы заңдағы квоталау жүйесінің алып тасталуы үш жүзден астам ауданды нотариуссыз қалдырайын деп отыр. Ауданға кім барады? Бәрі Алматы мен Астанаға келгісі келеді. Алдымен тәртіп орнату керек», – деді ол. Оны құптағандар да, құптамағандар да аз болмады. Ұзақ талқының соңы  аталмыш заң жобасының көпшілік дауыспен мақұлданып, Сенатқа бет түзеуімен бітті. 
 
 
 
 
 
 

Қорытынды 

     Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде  орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқығы және бостандығы.

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30-шы тамызда  Референдумда қабылданған Конституциясына  сәйкес адам құқығы мен бостандығы танылып, оларға мемлекет тарапынан  кепілдік беріледі. Қазақстан Республикасының  демократиялық және құқықтық мемлекеттердің қатарына жатқызылады, бұған сәйкес әркімнің қоғамдық және мемлекеттік өмір аясында қоғамдық-құқықтық қатынастардың субъектісі ретінде танылуына құқығы бар және өзінің құқықтары мен бостандықтарын, қажетті қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға хақылы. Бұған әркімнің өз құқығы мен бостандығын сот арқылы қорғауды да жатқызамыз.

      Осыларды  ескере отырып, әркімнің білікті заң  көмегін алуға құқығы бар екендігін  айтуды жөн деп ойлаймын.

      Азаматтың, кез-келген саладағы қоғамдық-құқықтық қатынастардың қатысушы ретінде құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау мемлекеттің, оның органдары мен ұйымдарының, дербес азаматтарының мүмкіндігі мен уәкілеттігіне кіреді. Бұл конституциялық қағиданы бүкіл мемлекеттік жүйемен қатар, азаматтар мен олардың бірлестігінің (заңды ұйымдардың) құқықтарын қорғауды, мүдделерін білдіруді жүзеге асыратын, оларға тиісінше білікті заң көмегін көрсететін ұйым – Қазақстан Республикасының адвокатурасы болып табылады.

      Жоғарыда  аталған функцияларды өз қызметін мақсат тұтқан адвокатура Қазақстан Республикасында  заңдылықты, құқықтары мен бостандықтарды қорғау мен қалпына келтіруді  жүзеге асырады.

      Мемлекет  пен азаматтардың қоғамдық-гуманистық мазмұнды мәселелердің арақатынасы, азаматтардың құқықтары мен міндеттерінің туындауы өз алдына азаматтардың байлығы болып табылады.

      Осы арақатынас арқылы туындаған құқықтар мен міндеттерді түсіндіру, біздің қоғамға деген парызымыз қабылданып жатқан заңдарды дұрыс түсінбейтін, оларды жүзеге асыра алмаймыз.

      Сондықтан да,  әрине, адвокаттық қызмет әлі  орын таба қоймаған. Жеріміздің түпкір-түпкіріндегі азаматтар адвокаттық қызметтің  маңызын түсінбейді, астыртын-үстіртін адвокаттық ілім екендігін ғана біледі. Шетелдерде болса, адвокаттық қызмет кең көлемде қолдануда және адвокат қызметінің рөлі зор, маңызды және көп көңіл бөледі. Әр отбасы өзінің жеке мүдделерін қорғау барысында адвокаттық қызметке жүгініп жұмыс жасайды. Осыған байланысты қазіргі кезде Қазақстан аумағында көп аумақты өзгерістер болуда.  
 
 
 
 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі 

   
  1.  Қазақстан  Республикасының Заңы Нотариат туралы (2010.15.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
  2. Арсентьев В.О. “Адвокат в уголовном и гражданском процессах”.- Костанай. -1998.
  3. Тыныбеков С.Т. “Организационная форма и деятельность адвокатуры Республики Казахстан”. -Алматы. -1997.
  4. Антимонов Б.С., Герзон С.А. “Адвокат в советском гражданском процессе”.  -Москва. -1954.
  5. Халиков Х.Қ. “Қазақстан республикасындағы құқық қорғау органдары”. -Алматы. -1995.
  6. Сапарғалиев Ғ. Қазақстан мемлекеті мен құқығының негіздері. -Хрестоматия, Атамұра. -1996.
  7. Абдуллина З.П. “Производство гражданских дел в суде первой инстанции”. -Алматы. -1998

Информация о работе Адвокатура және нотариат