Адвокатура және нотариат

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2011 в 05:00, реферат

Краткое описание

Еліміз өз тәуелсіздігіне ие болғаннан кейін дербес мемлекет пен оның азаматтарының өміріне тірек болатын барша құқық негіздері қайта қаралып, жаңалап құру қажеттігі туды. Осы жолда қыруар жұмыстар жүзеге асырылуда. Мемлекеттік басқару, экономика, әлеуметтік – саяси өмір, мәдениет, құқықтық тәртіпті сақтау, елді қорғау, сыртқы саясат салаларын реттейтін көптеген заңдар мен жорықтар қабылданып іске асырылуда. Заңдарды тиянақты және қолайлы жасауға заңгер – ғалымдар мен заңгер практиктер қатысып, олар халықаралық ұйымдар мен шетел мамандардың беделді сарапшылықтарынан өткен болатын. Қазақстан Республикасының Конституциясы – Ата Заңы бұған дәлел.

Содержание

Кіріспе
Адвокатура, оның даму тарихы, өмірдегі рөлі және адвокатура қызметінің құқықтық және ұйымдық негізі
Адвокаттық қызметінің ұйымдық нысаны
Адвокаттың мәртебесі, оның құқықтары мен міндеттері
Нотариат пен адвокаттық қызметі саласындағы заңдылыққа өзгерістер
Қазіргі кездегі нотариат саласындағы өзекті мәселелер
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Адвокатура және нотариат 15 бет.doc

— 136.50 Кб (Скачать документ)
 
 
 
 

Жоспар 
 
 

Кіріспе

Адвокатура, оның даму тарихы, өмірдегі рөлі және адвокатура қызметінің құқықтық және ұйымдық негізі

Адвокаттық қызметінің ұйымдық нысаны

Адвокаттың  мәртебесі, оның құқықтары  мен  міндеттері

Нотариат  пен адвокаттық  қызметі саласындағы заңдылыққа өзгерістер

Қазіргі кездегі нотариат саласындағы өзекті мәселелер 

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе

     Еліміз  өз тәуелсіздігіне ие болғаннан кейін  дербес мемлекет пен оның азаматтарының  өміріне тірек болатын барша құқық негіздері қайта қаралып, жаңалап құру қажеттігі туды. Осы жолда қыруар жұмыстар жүзеге асырылуда. Мемлекеттік басқару, экономика, әлеуметтік – саяси өмір, мәдениет, құқықтық тәртіпті сақтау, елді қорғау, сыртқы саясат салаларын реттейтін көптеген заңдар мен жорықтар қабылданып іске асырылуда. Заңдарды тиянақты және қолайлы жасауға заңгер – ғалымдар мен заңгер практиктер қатысып, олар халықаралық ұйымдар мен шетел мамандардың беделді сарапшылықтарынан өткен болатын. Қазақстан Республикасының Конституциясы – Ата Заңы бұған дәлел.

     Қазақстан Республикасының Конституциясының 2-бөлімі 12 бапқа сәйкес адамдар құқықтары  мен (міндеттерін) бостандықтарына  кепілдік беріледі және танылады деп  айтылған.

     Сонымен қатар, демократия және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына негізделген құқықтық мемлекетті азаматтардың құқықтық санасын қалыптастырмай, олардың қоғам мен мемлекет алдындағы міндеттерін түсінбей, заңмен реттемей құру мүмкін емес.

     Дамыған шет мемлекеттерде адвокат қызметі  аса жоғары бағаланады. Себебі, оған адам баласына, оның тағдырына араша түсу міндеті жүктелінетіні белгілі. Адам баласына, оның тағдырынан бағалы дүние сирек десек те жарасқандай. Ал социалистік жүйеде билік қоғамға өз әмірін жүргізіп келеді. Мұндай жағдайда адвокатура қызметінің ештеңе шешпейтіні, формальді құрылым ретінде ғана қорғағаны о бастан мәлім.

       Қазіргі заманның өзгеруіне байланысты  Қазақстанда тәуелсіз адвокатураның  қажеттілігі айқын бола түсті.  Расын айтсақ бұрындағы адвокат  сотта, іс қарау барысында еш  нәрсе шешпейтін. Өз көзқарастарын білдіре алмайтын. Өз деңгейінде азаматтардың құқығын қорғауға дәрменсіз еді. Осы қабылданған Қазақстан Республикасының “Адвокаттық қызмет туралы” Заңы адвокаттық қызметті толық деңгейде жүргізуге жол беріп, танысып ашты. Заңда адвокаттардың қызметі жан-жақты қорғалады.

     Адвокат тәуелсіз саналатындықтан, олардың  қызметі кәсіпкерлікке жатпайды. Мемлекеттік мекеме де болып табылмайды.

     Адвокатура  – азаматтадың құқықтары мен  бостандықтарын қорғауды заң шеңберінде жүзеге асыра отырып, адвокаттық қызметті атқаратын азаматтардың ерікті қоғамдық ұйымы.

     Жалпы халықтың сауаттылығының және мәдениетінің көтерілуі, олардың әлеуметтік саяси  – тәжірибеге ие болуы, демократияның  дамуы оның негізгі принциптерінің насихатталуы, соның ішінде азамматтардың  құқыктары мен бостандықтарын қорғау және басқаларды, осы аталғандар адвокатура сияқты құқықтың институттың туындауына себеп болды. Адвокатураның ұйымдастырушылық құқықтың нысаны – адвокаттар алқасы, ал оның мүшелері адвокаттар болып табылады. 
 

     Адвокатура, оның даму тарихы, өмірдегі рөлі және адвокатура қызметінің құқықтық және ұйымдық негізі 

     Азаматтардың  квалификациялық заңды көмекпен қамтамасыз ету – бұл маңызды  конституциялық тәртіп болып табылды.

     1995 ж. 30-тамыз айында қабылданған  Қазақстан Республикасының Конституциясының 13-бабына сәйкес әрбір адам сот арқылы қорғалуына заңда көрсетілген тәсілдер арқылы өз құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, білікті  заң көмегін алуға құқылы.

       Осы бапты негізге ала отырып, азаматтардың құқықтарын тек  мемлекеттік органдармен ғана емес, сонымен қатар қоғамдық ұйымдармен де қолданылады. Заңды тәсіл ретінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын арнайы адвокат алқасы болып табылады.

     Белгілі бір тұлға мүддесін әділдікке  салып қорғау жұмыс бағытының  саяси мәні болып саналатын мән авокаттық қызметке үлкен жәрдем көрсетеді.

     Адвокатура  – адвокаттық қызмет атқаратын азаматтарда  құрылған ерікті қоғамдық ұйым. Адвокатураның  шынайы құралы – “демократия” Қазақстан  Республикасының адвокатурасы - өзін-өзі  басқаратын, шаруашылық есептегі қоғамдық ұйым.

       Қоғамдық ұйымдардың беделі көтерілген  сайын азаматтардың құқықтары  мен бостандықтары кеңейтілген  сайын күннен күнге дейін өсуде.

     1997 ж. 5-желтоқсанында қабылданған Қазақстан  Республикасының “Адвокаттық қызмет  туралы” Заңы адвокатураның қазіргі кездегі жұмысы, (қабылданған заң арқылы) қызметін, бағыты, мақсатын анықтайды. Осы қабылданған заң арқылы адвокатураның беделі өседі деген ойдамын.

     Аталып  кеткен Қазақстан Республикасының  “Адвокаттық қызмет туралы” Заңның бірінші бабында адвокаттық қызметтің, яғни адвокатураның мақсаты белгіленген. Қазақстан Республикасындағы адвокатура – адамның өз құқықтарын, бостандықтарын  сотта қорғауға және білікті заң көмегін алуға мемлекет кепілдік берген және Қазақстан Республикасының Конституциясымен баянды етілген құқығын жүзеге асыруға жәрдем беру мақсаты болып табылады.

“Адвокатура”  ұғымына бірнеше анықтама бар, көбіне:

      Адвокатура  – адвокаттық кәсіп, яғни сотта адамның  мүддесін қорғаудан тұратын қызметтің  бір түрі.

     Адвокатура  – бұл адвокаттардың қоғамдық тобы, яғни, өздерін бұл мамандыққа арналған тұлғалар тобы (класы).

     Адвокатура  – адвокаттардың сословиясы, яғни өздерінің кәсібін өздеріне арналған тұлғалар тобы.

       Адвокатура – сот өкілдігінің  қарама-қайшылықтарына құқық қорғаушылқ.

     Арсентьев В.О. Адвокатураның ең толық ұйымын былай деп айтқан:

     Адвокатура  – бұл заң негізінде жеке азаматтар  мен заңды тұлғаларға заң жүзінде  көмек көрсететін мамандандырылған қоғамдық ұйым1.

     Дәл осындай анықтаманы Қ.Х.Халиковтың еңбегінен де табуға болады. Ол адвокатураға мынадай анықтама береді: адвокатура дегеніміз өзін-өзі басқаратын қоғамдық ұйым, ол заң негізінде халыққа және ұйымдарға құқықтық мәселелер жөнінде ақыл-кеңес беру, алуан түрлі құжаттар мен іс қағаздарын жасау, сотта қылмыстық істер бойынша өкіл болуды жүзеге асыру жолымен заң көмегін көрсетеді2.

     Бұл ұғымдардан адвокатураның заңға  негізделіп, азаматтарға (халыққа) және заңды ұйымдарға құқықтық тұрғыдан ақыл-кеңес, түсіндірмелер, заң жөнінде  ауызша және жазбаша анықтамалар  беретін, азаматтар мен заңды тұлғалардан арыздар, шағымдар және құқықтық сипаттағы басқа да құжаттар жазатын, сондай-ақ азаматтық істер мен әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша соттарда және т.б мемлекеттік органдарда өкіл болуды, қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеу және сотқа жәбірленушілердің қорғаушылары, өкілдері, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер ретінде қатысуды жүзеге асыратын, өзге де заң  көмегін көрсететін, өзін өзі басқаратын қоғамдық ұйым екенін анық көреміз.

     Адвокатураның даму тарихын қарастыратын болсақ, соттар сияқты адвокатураны ежелгі институт деп айтсақ ол біздің қателескеніміз.

     Классикалық дәуірдің Грек және Рим тарихында  ерікті азамат, сот алдында өзі  жауап беруші міндеті болатын. Сондықтан  Ежелгі Грецияда халықтың білім заңдарын негізін зерділеп оқытуға әкеп соқтырады.

     “Отбасы өкілдігі” – бұрын пайда болған өкілдіктің бір түрі. Отбасы өкілдігі адвокатураның туындауына ең басты  маңызды себептер болып келген. Осы  өкілдіктің барысында отбасы ағасы  өзінің отбасы мүшелерінің әрқайсының мүдделерінің алдында қорғаған және де бұған қоса ол тек өзінің қандас туысқандарын ғана емес, сонымен қатар, қорғауға қажеттілгін қажет еткен басқа да отбасыны мүшелерінің мүддесін қорғайтын. Осыдан басшылар мен қорғанушылар деген ұғым тараған. Бірінші – адвокаттардың алдыңғы қатары, екінші қорғалатын істерін адвокатқа тапсырушылар қатары. Сол кездер аралығында заңды тұлғалардың өкілі туындаған болатын. Мысалы, ақсүйек заңдарымен танысып, дәріс алған монахтар, сотта моностырь мүддесін қорғаған.

     Орта  ғасырларда сотта өз өкілдігін пайдалану тек патша тұқымының айрықша құқығы болып есептелген. Сонымен қатар, ерекше қызметке ие болғандар бұл құқықты қолдана алатын. Кәсіпкерлік пен сауданың өсіп дамуына орай кәсіпкерлердің сот алдында  өз мүдделерін қорғауға кеңес беру қажеттігі пайда бола бастағандақтан жұта барды, қарастырушылар мамандығы пайда болды. Осыдан соң бұл мамандар ортағасырдың цехтық ұйым болып бірігіп заңгерлерді дайындап шығаратын болған.

     Жоғарыда  айтылғандарды негізге ала отырып XIV – XV ғасырда Англияда Шиндерге біріктіріген барристер-заңдардың асоцциацисы пайда болды. Бұл корпарациялар әлі күнге дейін жұмыс жасауда. Лонданда қазірге дейін 4 институт бар. Әрқайсысы өзінің іліміне сүйенеді. Келуші клиенттерді қабылдайтын бөлмелерімен өздерінің кітапханалары бар және өздерінің символикалық белгілері бар1.

     “Барристер” – деген сөз ағылшын тілінен (вач) – қабырға, қорған деген сөден  шыққан.

     Сол кезде осы сөз арқылы магистрлер мен оқушыларды ажыратқан болатын  және осы кезде Англияда солисстер  институты дамыған. Яғни, егер барристер сол алдында сөз сөйлесе оған қажетті құжаттар жинаумен айналысқан. Біріктіре отырып іздеуші ретінде салық салуға, сақтандыруға байланысты берген тапсырмаларды нотариустың қызметін қосып жұмыс жасайтын. Қазіргі уақытта солисстер кіші магистрлік соттарға біріктірілген, кейбіреулері тәж соттарына енгізілген2.

     XVII – XIII - ғасырларда Европада мемлекеттік үкіметтің адвокатура институты дамыған. Оның бастаушысы болып Пруссия патшасы Ұлы Фридрих – II болған. Бірақ сол дәуірдегі адвокаттар өз қызметін тек қана қай соттың құрамында болса, сол сотта сөйлеу құқығын пайдалана алған. Мемлекеттік адвокатура өзінің даму жолын ала алалмағандығы осыдан келіп шыққан. Бұған И. Фойницкий былай деген: “Адвокаттар лауазымды тұлғаға айнала бастаса, сотта өзіне сеніп берген міндеттемелерді қорғауға беретін бостандықты, дербестік және тәуелсіздікті жоғалтады”.

     Цехтік  және мемлекеттік ұйымды қорғаумен  өкілдіктің орнына адвокатура өзіндік  басқарылатын еркін мамадық иелерінің  ұйымы келген. Ең бірінші рет бұл түрде Францияда пайда болған. Бірақ Франциядағы 1789 жылғы төңкерістен кейін ерекше орын алатын адвокаттар қауымы таратылған. Бұған себепкер төңкерілістен кейін 1790 жылы 2-ші қыркүйекте қабылданған Декрет болып келеді. Осы Декрет бойынша әрбір азамат сотта сөйлей алатын және оған рұқсат берілген 1803 жылы адвокатура Наполеон – 1 мен жартылай орнына келтірілген болатын. Қандай да бір диктатор болмасын, әрқайсысы адвокаттарға сыншыл, білікшілер қатарына жатқызып, жаңа көзқараспен қарайтын.

     Наполеон  – 1-ші солардың қатарында болатын, бірақ әрбір де адвокатураны қанша сынап, жойғысы келсе де, жоя алмады. Адвокатура өзінің даму жолын Францияда жалғастырған.

     Дамыған шет мемлекеттерде адвокат қызметі  аса жоғары бағаланады. Себебі, оған адам баласына, оның тағдырына араша түсу міндеті жүктелінетіні белгілі. Адам баласына, оның тағдырынан бағалы дүние сирек десек те жарасқандай. Ал социалистік жүйеде билік қоғамға өз әмірін жүргізіп келеді. Мұндай жағдайда адвокатура қызметінің ештеңе шешпейтіні, формальді құрылым ретінде ғана қорғағаны о бастан мәлім.

     Ресейде – Ресей адвокатурасы 1864 жылғы  сот ережелеріне сәйкес дамыған  және бұдан бастап Ресей адвокатурасы ерекше ашылу жолына түскен болатын. Адвокат ортадағы басты кейіпкер болып табылады. Сот мәжілісінде  адвокаттың сөйлеу дәрежесі сотқа қатысушыларға ғажайып әсер қалдырған1.

     Қоғамға әйгілі Ресей адвокаттары да пайда  болған. Олар: Плевако, Спасович, Кони, Карабчевский, Андриевский және тағы басқалары.

1917 жылы  қазан төңкерісінен кейін арналған  құқықтық диктатуа Ресей адвокатурасын жойып жіберуге әкеп соқты.

     1922 жылы 22мамыр айында ВЦИК-тің адвокатура  туралы ережесінде қылмыстық  және азаматтық істер бойынша  қорғаушылар алқасын тудыру ескерілді.  Бәрі бірдей 1930-1940 жылдар мне 1950 жылдар арасында мемлекетке төнген жазалау шараларының арқасында адвокатура тереңдетілген ауыр  зардапқа ие болды. Адамдарды шексіз нысанда адвокаттардың қорғауынсыз, сотта қарсыластырмай-ақ ату жазасына берген болатын, қазіргі кезде әділетсіз жазаланып кеткен азаматтар ақталынған.

Информация о работе Адвокатура және нотариат