Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Сентября 2013 в 18:58, реферат
Адам құқығы - конституциялық құқықтың маңызды институты. Мемлекет ішіндегі құқық, сондай-ақ халықаралық құқық саласында ол ХХ-ғасырдың ІІ жартысында ерекше дамып, бұл адамзат құқығының дамуындағы елеулі қорытындыларының бірі болып табылды. Қазіргі заманғы халықаралық стандарттарға мемлекетттің саяси және құқықтық жүйесінің сәйкес екендігінің көрсеткіші ретінде ол қазіргі қоғамның күрделі жағдайында адамның лайықты және қауіпсіз өмір сүруін қамтамасыз етуге арналған.
Адам құқығының мәселесі – қазіргі заманның маңызды және өзекті мәселелерінің бірі. Оның ұлттық және ғаламдық сипаты бар.
Адам құқығы мен бостандығы
Адамның және азаматтың құқықтық мәртебесінің принциптері
Адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтары
Азаматтардың азаматтық (жеке) құқықтары мен бостандықтары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Жалпыға бірдей адам құқығын мойындау олардың конституциялық құқықтар мен арақатынасын, құқықтардың түбегейлі, негізгі және туынды болып бөліну мәселелерін тудырады. Түбегейлі құқықтарға туа біткен ажырағысыз, абсолюттік, халықаралық мойындалған жалпыға бірдей құқықтар жатады. Туынды құқықтарға конституциялық түрде мойындалған және қоғамның өркениеттілігі дәрежесіне байланысты нақтыланатын, түзетілетін құқықтар жатады.
Конституциялық құқықтар мен бостандықтар - Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген Конституциясының екінші бөлімінде бекітілген құқықтар мен бостандықтар. Конституциялық құқықтардың барлығы негізгі болып табылады деп айтуға болады. Отандық қоғамтанушылар негізінен конституциялық және негізгі құқықтардың бірдей екендігін мойындайды. Олар негізгі деп тек мемлекеттің Негізгі заңында белгіленгендіктен ғана емес, сонымен қатар адам мен қоғамның, азамат пен мемлекеттің араларындағы елеулі байланыстар мен қарым-қатынастарды бекітетіне байланысты айтылады.
Заң ғылымында негізге қандай критерийлерді алғандығына байланысты адам құқықтары мен бостандықтарының әртүрлі жіктелулері көрсетіледі. Критерийлер белгілі нақты талаптарға жауап беруі тиіс: олардың сапалы, маңызды болуы тиіс және әр топ пен әрбір түрдің ерекшеліктерін анықтауға көмектесуі тиіс.
Конституцияда келтірілген негізгі құқықтар мен бостандықтардың көпшілігі жай ғана жиынтық емес, олар белгілі ғылыми, мейлінше терең ойластырылған логикалық негізі бар жүйе болып табылады. Негізгі құқықтар мен бостандықтар жүйесі тек қана олардың тобын ғана сипаттаумен шектелмей, сонымен қатар Конститутцияда олардың бірізді орналасуының басымдығын да сипаттайды. Бұл жеке адамның құқықтық мәртебесі мәнінің қасиетін тануда мемлекет ұстанатын идеологияны көрсетеді.
ҚР Конститутциясы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын жіктемейді. Дегенмен, негізгі құқықтар мен бостандықтардың мынадай бөлінуін ұсынуды қажет деп санаймыз: азаматтардың жеке құқықтары мен бостандықтары, саяси құқықтары мен бостандықтары, әлеуметтік-экономикалық құқықтары. Бұлай жіктеу азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының барлығын қамтитын еді. Ал алдыңғы қатарға жеке құқықтар мен бостандықтардың шығуы біздің мемлекетіміздің қызметінде адамның табиғи құқықтары тұжырымдамасын қолданатындығын көрсетер еді. Кеңес мемлекетінде адам құқықтары саласы тек мемлекеттің ішкі ісі болып танылды. Мұнда адам құқықтары жөніндегі халықаралық ұйымдардың араласуына жол берілмеді. Тәжірибеде КСРО аумағында азаматтардың адам құқықтарын қорғауға қатысты хабарласуына рұқсат берілмей, бұл құқықтарды қорғауды өзінің мақсаты етіп қойған қандай да бір қоғамдық құрылымдардың құрылуына және олардың тексеруіне жол берілмеді. Осы принцип 1993 жылғы Ресей Федерациясының Конститутциясында көрініс тапты. Ресей Федерациясының халықаралық шарттарға сәйкес әрбір адам егер өзін қорғаудың мемлекет ішіндегі барлық құралдары таусылған жағдайда халықаралық адам құқығы мен бостандықтарын қорғау органдарына хабарласуына құқығы бар (3-бөлім. 46-бап).
Қазақстан Республикасының Конститутциясы
ҚР азаматтарына тиесілі құқықтарды олар қоғамдық әртүрлі қарым-қатынастарда қолданады. Бірақ бұл құқықтар біртекті емес, және оларды дұрыс түсіну үшін заңдарда және әдебиетте келтірілетін терминдердің бірдей болуы жөнінде келісіп алған жөн.
Құқық адамдар арасында, олар мен ұйымдар және т.б. арасындағы қарым-қатынасты реттейді. Құқық адам мен заттың арасындағы қатынасты реттемейді, ал заттарға және материалдық емес игіліктерге қатысты қатынастарды реттейді. Осылайша барлық құқықтар мен міндеттер тек адамға, жеке тұлғаға немесе адамдар қауымдастықтарына тиесілі, сондықтан оларды жеке құқықтар деп атауға болады (кең мағына тұрғысынан). Бірақ азаматтар әртүрлі қоғам салаларына қатысып, әрбір саланың өзгешеліктеріне байланысты әртүрлі құқыққа ие болады. Заң әдебиеттерінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын мынадай шартты түрдегі топтарға бөледі: саяси, жеке, әлеуметтік-экономикалық және мәдени құқықтар мен бостандықтар. Демек, «жеке құқықтар» деп азаматтарға тиесілі барлық құқықтар емес, белгілі бір әлеуметтік-экономикалық және саяси құқықтардан айырмашылығы бар құқықтар жатады. Бұл топқа жеке тұлғаның өзінен ажырамайтын, жеке өмірінің әртүрлі салаларында қорғайтын азаматтардың осындай құқықтарын біріктіреді. Бұл құқық ар-ожданын, өмірін, денсаулығын, атын, әртүрлі жеке өмірі салаларының құпиялылығын, оның ішінде жанұя өміріндегі құпияларын және ҚР Конститутциясының ІІ бөлімінде кепілдік берілген басқа да нормаларды білдіреді. Дәл осы азаматтардың құқықтарын «жеке құқықтар» ретінде атайды (осы терминнің тар аясында). «Жеке құқықтар мен бостандықтар» ұғымы ғылыми әдебиетте ХХ-ғасырдың 40-жылдарының соңы мен 50-жылдарының басында қалыптасты.
Жеке құқықтардың маңызды
1) жеке адамның
бостандығына кепілдік береді, яғни
азаматтың адамгершілік
2) жеке азаматтың тұлғасын оқшауландырып, оның рухани мүдделерінің, қабілеттерінің, жеке өмірдегі дағдылары мен жеке ерекшеліктерінің жан-жақты көрініс табуына көмектеседі.
Жеке құқықтарда жеке мүдде, тұрмыс саласы, жеке адам өмірі, адам қауіпсіздігі конститутциялық қорғау объектісі болып саналады; мұнда азамат жеке творчестволық тұлға ретінде алдыңғы сапта көрінеді. Сондықтан гуманизм идеясы көрсетілген құқықтарда өзінің айқын конституциялық-құқықтық мәнін көрсетеді.
Жеке құқықтардың ерекшеліктерінің бірі олардың адамның жеке игіліктерінен ажыратылмайтын ар-ожданы, жеке өмірі, жеке қауіпсіздігі тәрізді құқықтарды білдіреді. Ажырамайтын бұл құқықтар басқа адамдарға келісім немесе басқа жолмен берілуі мүмкін емес және олардың мүліктік сипаты жоқ. Олардың өзгешелігі рухани, олар қамтамасыз ететін ажырамайтын игіліктердің материалдық емес сипатында.
Адам құқықтары мен бостандықтарының заң табиғаты оларды қоршаған адамдардың бұзудан бойын аулақ ұстау міндеттігін көрсетеді. Бұл құқықтардың жария құқықтық қорғау тұрғысынан азаматтардың мемлекет алдындағы міндеттерінен тыс шеңберде жатқан жеке құқықтары саласына мемлекеттің араласпауы мұнда алдыңғы қатарға шығады. Мемлекет сонымен бірге қажет болған жағдайда азаматтарды мемлекеттік органдардың, лауазымды тұлғалардың, азаматтардың тарапынан болған заңсыз әрекеттерінен қорғауды қамтамасыз етеді.
Жеке құқықтар мен бостандықтардың
белгілі ішкі құрылымы болатын жеке жүйеге
қатысты (дәлірек айтқанда, азаматтың
құқықтың мәртебесінің шағын жүйесінде)
қасиеттері бар. Жеке құқықтардың жіктелуінің
негізіне жеке адам бостандығының ең маңызды
атап айтқанда: азаматтың жеке қауіпсіздігі,
оқшаулану мүмкіндігі мен жеке өмірі,
оның ар-ожданы мен абыройының қорғалуы,
жанұясы мен некесінің қорғалуы, рухани
өмірінің құпия тараптары, ар-ожданының
қорғалуы тәрізді құқық нысандарын алуға
болады. Жеке бостандықтың мұндай нысандарының
көрініс табуы маңызды әлеуметтік игіліктер
болып табылады және Конститутцияның
баптарында бекітілген заң нормаларының
көмегімен қамтамасыз етіледі.
Қорытынды
Қазіргі кезде Қазақстанда экономикалық және саяси жағдай тұрақтанған кезде, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беру және олардың жүзеге асырылуы маңызды болып отыр. Құқықтар мен бостандықтар мәселесін қараған кезде құқықтар мен бостандықтардың барлығының толық көлемде жүзеге асуы нақты демократиялық құқықтық мемлекет болған жағдайда орын алатындығын атап өткен жөн.
Осы Конститутцияда азаматтардың барлық құқықтары мен бостандықтарына кепілдік берілетіндігі бекітілген. Оларға экономикалық, саяси, әлеуметтік, ұйымдастырушылық, құқықтық, педагогикалық, тәрбиелік және сыртқы экономикалық кепілдіктер жатады. Әдетте, ғылыми әдебиетте адам құқығының экономикалық, саяси және идеологикалық кепілдіктері аталады. Кейде жалпы кепілдіктердің басқа да түрлерін, атап айтқанда қоғамдық, әлеуметтік және рухани түрлерге бөледі.
Қазақстанда адам құқықтарының жүзеге асырылуының мынадай түрлері жатады:
1) адам құқығының жағдайына
2)адам құқығын сақталуын бақылаушы мемлекеттік органдардың белсенділігін арттыруы;
3) сот, прокуратура қызметінің адам құқықтары мен бостандықтары саласындағы халықаралық нормаларға, атап айтқанда азаматтық (жеке) және саяси құқықтары мен бостандықтарын сәйкестендіруі;
4)Қазақстан Республикасының
5) адам құқығы саласындағы
Қазақ тіліне адам құқықтары жөніндегі негізгі әдебиеттің, халықаралық шарттардың мәтіндерінің, адам құқықтары бойынша басқа конвенциялар мен құжаттардың аударылуын қамтамасыз ету қоғамда бұл салада сауаттылықтың күрт көтерілуіне алып келер еді.
Конституциялық құқық Қазақстан Республикасы ұлттық құқық жүйесінің басты саласы болып табылады. Конституциялық құқық қазақстан қоғамы мен мемлекеті құрылысының негізін құрайтын қатынастарды, мемлекеттік билікті жүзеге асыруға байланысты қатынастарды, сонымен бірге адам мен мемлекет арасындағы қатынастарды реттейді.
Конституциялық құқық қоғамдық қатынастарды бекітуші және реттеуші құқық нормаларының жиынтығынан құралады, оларда Қазақстан Республикасы конституциялық құрылысының негіздері, адам және азаматтың құқықтық мәртебесі, мемлекеттік билік және басқарудың жүйесі көрініс тапқан.
Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы деп Қазақстан Республикасы аумағында әрекет ететін, қоғамның құрылысы негіздерін және мемлекеттік билікті ұйымдастыруды реттейтін нормативтік құқықтық актілер ұғынылады.
Конституциялық қүқықтың бастауы, ең алдымен, Конституция, конституциялық заңдар, заңдар және басқа нормативтік құқықтық актілер, құқықтық әдет-ғұрыптар, нормативтік келісімшарттар болып табылады.
Қазақстан Республикасы
конституциялық құқығының негізгі
бастауы Конституция болып
Пайдаланылған әдебиеттердің тізімі