Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Сентября 2013 в 18:58, реферат
Адам құқығы - конституциялық құқықтың маңызды институты. Мемлекет ішіндегі құқық, сондай-ақ халықаралық құқық саласында ол ХХ-ғасырдың ІІ жартысында ерекше дамып, бұл адамзат құқығының дамуындағы елеулі қорытындыларының бірі болып табылды. Қазіргі заманғы халықаралық стандарттарға мемлекетттің саяси және құқықтық жүйесінің сәйкес екендігінің көрсеткіші ретінде ол қазіргі қоғамның күрделі жағдайында адамның лайықты және қауіпсіз өмір сүруін қамтамасыз етуге арналған.
Адам құқығының мәселесі – қазіргі заманның маңызды және өзекті мәселелерінің бірі. Оның ұлттық және ғаламдық сипаты бар.
Адам құқығы мен бостандығы
Адамның және азаматтың құқықтық мәртебесінің принциптері
Адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтары
Азаматтардың азаматтық (жеке) құқықтары мен бостандықтары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Тақырыбы: «Адам құқығы мен бостандығы»
Мазмұны:Кіріспе
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Адам құқығы - конституциялық құқықтың маңызды институты. Мемлекет ішіндегі құқық, сондай-ақ халықаралық құқық саласында ол ХХ-ғасырдың ІІ жартысында ерекше дамып, бұл адамзат құқығының дамуындағы елеулі қорытындыларының бірі болып табылды. Қазіргі заманғы халықаралық стандарттарға мемлекетттің саяси және құқықтық жүйесінің сәйкес екендігінің көрсеткіші ретінде ол қазіргі қоғамның күрделі жағдайында адамның лайықты және қауіпсіз өмір сүруін қамтамасыз етуге арналған.
Адам құқығының мәселесі – қазіргі заманның маңызды және өзекті мәселелерінің бірі. Оның ұлттық және ғаламдық сипаты бар.
Адам құқығы мәселелерінің қазіргі заманда алдыңғы қатарға шығуы – рухани байлық пен адамгершіліктің қайта түлеуінің жарқын куәсі деуімізге болады. Адам құқығы оның мемлекет ішіндегі, сондай-ақ ғаламдық көлемдегі саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени мәселелерге нақты қатысуын қамтамасыз етуге арналған.
Адам құқығы мен бостандығын
тану және оны сақтау жеке елдерде, сондай-ақ
бүкіл әлемде қауіпсіздікті нығайтып,
қарым-қатынастардың тұрақтылығын арттырады.
Халықаралық құқық мойындаған адам құқығына
кепілдік беретін нормалар ұлттық заңдарда
негізгі ретінде конституциялық деңгейге
жатады. 1995 жылы Қазақстан Республикасының
Конституциясын қабылдаудың
«Конституция» сөзі негізінде латын тілінен шыққан, «constitutio» латын тілінен аударғанда «мекеме», «бекітілім» дегенді білдіреді.
Конституция қазіргі
заманғы демократиялық
Конституция өзіндік заңдық ерекшеліктерге: жоғарғы заң күшіне, тікелей әрекет етуге, құрылтайшылық сипатқа, түзетулер қабылдау мен енгізудің ерекше тәртібіне ие.
Конституция —
құрылтайшылық сипаттағы
Құқық ұғымы Адам әр түрлі әлеуметтік қатынастарға түседі. Қарым-қатынас нәтижесінде адамдар арасында өзара әрекеттестік қалыптасады, түсіністік пайда болады, қамқорлық жасау және көмек беру жүзеге асады. Қоғамдық қатынастар әлеуметтік нормалар арқылы реттеледі, олардың арасында құқық нормалары ерекше орын иеленеді. Құқық нормалары заңдар мен нормативті құқықтық актілерде көрініс табады. Жалпы адамзаттық құндылықтар және әділеттілік, ізгілік, теңдік, бостандық идеялары құқықтың негізі болып табылады. Құқық дегеніміз — мемлекет арқылы камтамасыз етілетін, әділеттілік туралы адамдардың көзқарастарынан көрініс табатын, жалпыға бірдей міндетті нормалардың жиынтығы.
Құқық ең маңызды әрі ең
күрделі қоғамдық кұбылыс ретінде түсінілетін
философиялық категория. Сондықтан да
оны бірнеше тұрғыдан қарастыру керек.
Алдымен, субъективтік тұрғыдан қарастырсақ
құқық қандай да бір тұлғаның мүмкіндіктерін,
әрекет еркіндігін білдіреді. Мысалы,
білім алу, еңбек ету, демалу, өмір сүру,
қорғану құкығы секілді тікелей субъектімен
байланысты құқықтар. Объективтік мағынадағы
құқық — нормативтік құкықтық актілерде
белгіленген нормалардың жиынтығын білдіреді.
Бұл орайда көрсетіп кету керек — субъективтік
құқық объективтік құқықтың негізінде
туындайды және тоқтатылады. Мәселен,
1999 жылдың 1 маусымынан бері "объективтік
құқықтын" негізінде ішкі істер органдары
қызметкерлерінің қоғамдық көлікте тегін
жүруге деген "субъективтік құқықтары"
тоқтатылып, жеңілдіктер алынып тасталған.
Құқық бұл керсетілгендерге қоса, оқу
пәні ретінде де түсініледі (әкімшілік
құқық, Азаматтык, құқық, Еңбек құқығы
және т.б.)- Құқықтық объективтік және субъективтік
мағыналардың біріктіріле түсінілетіндігі
де жоққа шығарыл-майды. Осыларға қарап
құқықтың аса күрделі категория екенін
білуге болады. Жалпы алғанда құқық дегеніміз
— мемлекет белгілеп, мақұлдаған жалпыға
міндетті мінез-құлық ережелерінің (нормалардың)
жиынтығы. Құқықтың өзіндік ерекшелігі
оның нормаларын сақтау мемлекеттің мәжбүр
ету күшімен қамтамасыз етілетіндігінде.
Құқықтың мәні Конституцияда және басқа
да заңдарда бекітіліп, тиянақталған оның
түп қазық бастауларында, негізгі принциптерінде
ашылады. Оларға жататындар: саяси биліктің
халықтың атынан жүзеге асуы, меншіктің
дамуы, корғалуы және олардың субъектілерінің
тендігі; демократизм, интерпационализм,
гуманизм.
Халықаралық құжатарда және қазақстандық заңдарда мынадай екі ұғым қолданылады: «адам құқығы» және «адам бостандығы». Заң тұрғысынан адам құқығы мен адам бостандығының бір-бірінен айырмашылығы жоқ. Дегенмен, белгілі бір өзгешеліктері бар. Мұны осы екі ұғымның анықтамаларын салыстыра отырып байқауға болады.
Бостандық — елдің ішкі және сыртқы саясаты саласында әлеуметтік субъектілердің (жеке адамның, топтардың, қоғамдық-саяси ұйымдардың, т.б.) өз мақсаттары мен мүдделеріне орай әрекет жасау еркіндігі; құқықтық мүмкіндіктер аясы. Адамдардың қол жеткізген Бостандықтары тарихи дамудың нәтижесі болып саналады. Қоғамдық дамудың кейбір қайшылықтары мен кереғарлықтарына қарамастан, қайсыбір тарихи кезеңдерде жеке адам иеленетін Бостандықтар аясы кеңи түсетіні дәлелденген. Ал “саяси Бостандық” ұғымы азаматтардың саяси белсенділігін, саяси өмірге ұдайы қатысып, қоғамдық оқиғаларға, әлеумет үшін мәні зор шешімдер қабылдау процесіне тікелей ықпал етуге қабілеттілігін білдіреді. Оның іргелі қағидалары Адам құқыларының жалпыға бірдей декларациясында негізделген. Жалпы, саяси Бостандық негіздері кез келген өркениетті елдің конституциясында, арнаулы заңдары мен құқықтық жосындарында бекітілуге тиіс. Мысал, ҚР Конституциясында азаматтардың мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлауына және оларға сайлануына шек қойылмайды; сондай-ақ, сөз және шығарм. бостандығына кепілдік беріледі; цензураға тыйым салынып, еркін түрде ақпарат алу және тарату еркі берілген, әркімнің ар-ождан, бірлесу бостандықтарын иеленуге құқы бар. Осы орайда адамдар, әлеум. топтар мен жіктер өздерінің құқыларымен қатар жауапкершіліктерін де айқын ұғына отырып, саясат субъектісі ретінде көрінуге тиіс. “Саяси субъектілік”, яки саясат субъектісі болуға қабілеттілік дегеніміздің өзі Бостандық мәселелерімен етене байланысты ұғым. Азаматтардың Бостандықтары аясы кең, құқықтық мүмкіндіктер өрісі неғұрлым биік болған сайын, елдің демократия даму деңгейі соғұрлым жоғары бола түседі.
Адам бостандығы - бұл мемлекеттің араласуы тиіс емес қызмет салалары. Ол тек құқықтық нормалар арқылы солардың шеңберінде адамның өз қалауы бойынша іс-әрекет етуін белгілейді. Мұндайда мемлекет нақты адамның бостандығына араласпауы тиіс, сондай-ақ мемлекет бұл бостандықтардың басқа тұлғалардың араласуынан қорғалуын қамтамасыз етуі тиіс.
Адам құқығы – заңда көрсетілген саладағы мемлекет белгілеген және кепілдік беретін адамның мүмкіндіктері мен өкілеттіктері. «Адам бостандығына» қарағанда «адам құқығы» терминінің аясында адам қызметінің нақты бағыты бекітіледі. Мемлекет заңда көрсетілген салада адамның іс-әрекеттерінің заңдылығын қамтамасыз етуге және қорғауға міндеттеме қабылдайды.
Адам құқығы және бостандығы адамның құқықтық мәртебесін белгілейтін, оның жағдайын бекітетін, жеке тұлғалар арасындағы өзара қарым-қатынасты, адамның және мемлекеттің қатынастарын бекітетін халықаралық және ұлттық нормаларының жүйесін білдіреді. Адам құқығының және бостандығының объективті түрдегі анықтамасы осындай. Субъективті түрде адам құқығы және бостандығы нақты тұлғаға тиесілі құқықтық нормалар мен көзделген мүмкіншілігі (өкілеттігі) және мемлекет қорғайтын іс-әрекеті ретінде анықталады.
Адам құқығы табиғи қасиетке ие және жеке адамнан ажырамайды, олар аумақтық немесе ұлттық шеңбермен шектелмейді, халықаралық құқықтық реттеу және қорғау объектісі болып табылып, мемлекеттің заң актілерінде бекітілгенге қарамастан тәуелсіз болып табылады. Олар адамды сипаттап және оның қалыпты өмір сүруіне қажетті жалпы әрі негізгі өкілеттіктері болады. Адам құқығы мемлекеттің нақты заң актілерінде белгіленген жағдайда олар осы мемлекет азаматының құқықтары болып табылады.
Азаматтық құқық қоғамның және мемлекеттің даму барысында жасалған және пайда болған табиғи өкілеттіктерінің мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерде көрініс табуы болып табылады. Азаматтық құқық міндетті түрде конституциялар мен басқа заң актілерінде белгіленеді және мемлекет оны жария етіп әрі олардың қорғалуын қамтамасыз етеді. Олар адамды мемлекеттік ұйымдасқан қоғамдастықтың мүшесі екендігін білдіреді.
Бұл екі құқық санаты әдетте бір тұрғыдан еске алынады, дегенмен олардың мазмұны бірдей емес. Адам құқығы негізгі болып табылады, қай жерде туғанына, қай елдің азаматы екендігіне, сол елде тұратындығына немесе тұрмайтындығына қарамастан олар барлық адамдарға тән, ал азаматтық құқық белгілі мемлекеттегі адамның сол мемлекетте тұрғандығына байланысты бекітілген құқықтарын кіргізеді. әрбір азаматқандай-да болмасын мемлекетте жалпыға бірдей адам құқықтарына және осы мемлекет мойындаған азаматтық барлық құқықтардың жиынына ие. Сондықтан құқықтар мен бостандықтардың екі тобын біріктіретін «азаматтық құқықтар және бостандықтар» термині заңды болып табылады. Бұл құқықтар мен бостандықтар адамның негізгі құқықтық мәртебесін білдіреді. Олардың көпшілігі абсолюттік сипатта, яғни тек қана ажыратқысыз болып табылмайды, сонымен қатар олар шектелуге жатпайды.
Қазақстан Республикасының Конституциясы адамның және азаматтың құқықтарының негізіне олардың құқықтық мәртебесін бекітеді және оларды жүзеге асыруға жағдай туғызады. Бұл принциптерге мыналарды жатқызуға болады.
1. Адам құқықтары мен
бостандықтарының
2. Конституция құқықтарды, бостандықтарды теріс мақсатта пайдалануға тыйым салады. Конституцияда азаматтың құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру басқа тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауы, конституциялық құрылым мен қоғамдық адамгершілікке қол сұқпауы тікелей көрсетілген. Әрбір азаматтың кең ауқымды құқықтар мен бостандықтарға ие болуы дегеніміз олардың барлығы сондай құқықтарға ие екендігін білдіреді. Адам құқығы, бостандықтары бұзылған жағдайда заңды, құқықты, бостандықты сақтау, басқа адамның абыройы мен ар-ожданын құрметтеу міндеттерінің бұзылғандығына қарай заң кепілдігі күшіне енеді.
3. Конституциялық
құқықтар мен бостандықты
4. Адамның және азаматтың
5. Адамның және азаматтың
6. Заңдар мен
нормативтік құқықтық
7. Адамның және азаматтың