Сот жүйесінің түсінігі мен негізгі қызметі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Апреля 2013 в 11:01, реферат

Краткое описание

Қаңтардың жиырма бірінен наурыздың 30 аралығында мен Нығмет Мұқағали Мұхамедсалымұлы арнайы ауданаралық экономикалық сотта өндірістік практика өттім. Практика барысында Б.Ш. Хамзин судьяның бөліміне Канашев Н.Б. сот отырысы секретарының көмекшісі ретінде шоғырландым.
Практиканың мақсаты мен міндеті – нормативиті-құқықтық актілерді және олардың сот өндірісі барысындағы қолдануын, азаматтық коллегияның жұмысымен танысу.
Арнайы ауданаралық экономикалық сотының қызметі Қазақстан Республикасының 25 қаңтар 2000 жылғы № 132 «Қазақстан Республликасы сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы» конституциялық заңымен реттеледі; Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі; Қазақстан Республикасы Азаматтық процессуалдық кодексі; Қазақстан Республикасының жер кодексі және өзге де нормативті құқықты актілер.

Прикрепленные файлы: 1 файл

отчет по практике.docx

— 32.40 Кб (Скачать документ)

Судья өз шешімін шығару барысында тәуелсіз және тек қана Қазақстан Республикасының Конституциясы  мен заңдарға бағынады. Сот шешім  шығару процесіне қандай да болсын сипатта араласуға жол берілмейді және Қазақстан Республикасының  заңымен қуданаланады. Әрі судьялар белгілі бір істері үшін есеп беруге міндетті емес.

Сот жүйесінің бірден-бір  мақсаты болып Қазақстан Республикасы азаматтары мен ұйымдардың құқықтары  мен бостандықтарын қорғау, Конституция  мен халықаралық шарттар және өзге де заңдардың орындалуын қамтамасыз ету болып табылады. Сот жүйесі функцияларының тікелей орындалуы  келесі қағидаларда негізделеді: заңдылықты сақтау қағидасы; судьяның тәуелсіздігін  қамтамасыз ету; заң және сот алдында  адамдардың теңдігі; сот процесінің қатысушыларының теңдігі.

Конституция, заңдар немесе өзге де нормативті актілер, халықаралық  шарттар төңірегінде пайда болатын  құқықбұзушылықтарды қарастыру  сот жүйесі қызметі болып табылады. Шешім мен өкім шығару тек қана соттың өкілеттігі болып табылады.

Соттың шешімдері немесе өкімдері барлық мемлекеттік органдарға, ұйымдарға, лауазымды адамдар мен  азаматтарға орындауға міндетті болып табылады. Оларды орындамау  сотқа деген құрметсіздік әрі  заңмен қудаланады.

Сот өндірісінің дұрыс  түрде ұйымдастырылуы, нормативті актілердің дұрыс қолданылуы, істің белгіленген  уақытта қарастырылуы, сот актілерінің  тиісті түрде орындалуы сот қызметінің әділ шешім немесе өкім шығаруын қамтамасыз етеді.

 

 

3 Жоғарғы Соттың қызметі мен құрамы

 

 

Жоғарғы сот  жергілікті және басқа соттардың  қарауына жатқызылған азаматтық, қылмыстық және өзге iстер бойынша жоғары сот органы болып табылады, заңда көзделген iс жүргiзу нысандарында олардың қызметiн қадағалауды жүзеге асырады және сот практикасының мәселелерi бойынша түсiндiрмелер бередi.

Жоғарғы сот :

  • өзiнiң қарауына жатқызылған сот iстерi мен материалдарын қарайды;
  • сот практикасын зерделейдi және оны жинақтаудың қорытындылары бойынша Республика соттарының сот төрелiгiн iске асыруы кезiндегi заңдылықтың сақталу мәселелерiн қарайды;
  • нормативтік қаулылар қабылдайды, сот практикасы мәселелері бойынша түсіндірме береді;
  • заңда көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

 

  Жоғарғы сот төрағадан және судьялардан тұрады. Жоғарғы сот судьяларының жалпы санын Жоғарғы сот төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының президенті белгілейді. Жоғарғы сотта сот алқалары құрылады және мамандандырылған құрамдар құрылуы мүмкін.   

Жоғарғы соттың органдары:

  • жалпы отырыс;
  • азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасы;
  • қылмыстық істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасы болып табылады.

Сот алқасын осы Конституциялық заңда белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын төраға басқарады. Сот алқасының сандық және дербес құрамын жоғарғы сот төрағасының ұсынуы бойынша жоғарғы соттың жалпы отырысы белгілейді. Мамандандырылған құрамдарды Жоғарғы соттың төрағасы жасақтайды. Жоғарғы соттың жанынан ғылыми-консультациялық кеңес және баспа органы құрылады.

Жоғарғы соттың төрағасы судья болып табылады және судья мiндетiн атқарумен қатар:

  • жоғары сот органы ретінде жоғарғы сотты басқарады
  • сот алқалары мен мамандандырылған құрамның отырыстарында төрағалық етуге құқылы;
  • жоғарғы соттың жалпы отырыстарын шақырады және оларда төрағалық етедi;
  • жоғарғы соттың жалпы отырысының қарауына  сот практикасы және заңда көзделген негіздемелер бойынша қадағалау тәртібімен сот актілерін қайта қарау туралы ұсыныс жасау  мәселелерi бойынша Жоғарғы соттың нормативтiк қаулыларын қабылдау үшiн материалдар енгiзедi;
  • жоғарғы соттың жалпы отырысының бекiтуiне Жоғарғы Соттың жалпы отырысы хатшысының және ғылыми-консультациялық кеңес мүшелерiнiң кандидатураларын енгiзедi;
  • қажет болған жағдайларда бір сот алқасының судьяларын басқа сот алқасының құрамында iс қарау үшiн тартады;
  • жоғарғы соттың жұмыс жоспарын бекiтедi;
  • алқалардың жұмысын үйлестiредi;
  • жоғарғы сот аппараты туралы ережені, оның құрылымы мен штатын бекітеді, сондай-ақ аппараттың қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
  • азаматтарды жеке қабылдауды жүргiзедi;
  • өкiмдер шығарады.

Жоғарғы Соттың Төрағасы Республиканың  өзге де мемлекеттiк билiк тармақтары органдарымен және халықаралық ұйымдармен өзара қарым-қатынасы кезiнде Республика сот жүйесiнiң мүддесiн бiлдiредi, сондай-ақ:

  • Қазақстан Республикасының президентiне уәкiлеттi орган басшысының кандидатурасын ұсынады;
  • жергілікті және басқа соттардың төрағалары мен сот алқалары төрағалары, жоғарғы соттың сот  алқаларының төрағалары мен судьялары қызметінің бос орындарына кандидатураларды балама негізде соттардың тиісті жалпы отырыстарының қарауына енгізеді;
  • жергілікті және басқа соттардың жалпы отырыстарының шешімі негізінде аудандық соттардың төрағалары қызметінің бос орындарына кандидатураларды жоғары сот кеңесіне  ұсынады;
  • жоғарғы соттың жалпы отырысының шешімі негізінде  облыстық соттардың төрағалары мен сот алқаларының төрағалары, жоғарғы соттың сот алқаларының төрағалары мен судьялары қызметіне кандидатураларды жоғары сот кеңесіне ұсынады;
  • Қазақстан Республикасының президентiне заңдарды жетiлдiру жөнiнде ұсыныс енгiзедi;
  • осы Конституциялық заңмен көзделген негiздер туындаған жағдайда,  жоғары сот кеңесiне Республика соттары төрағаларының,  сот алқалары төрағалары мен судьяларының өкiлеттiгiн тоқтату мәселесi бойынша ұсыныс пен материалдар енгiзедi;

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытыңды

 

 

Соттың шешімдері немесе өкімдері барлық мемлекеттік органдарға, ұйымдарға, лауазымды адамдар мен  азаматтарға орындауға міндетті болып табылады. Оларды орындамау  сотқа деген құрметсіздік әрі  заңмен қудаланады.

Сот өндірісінің дұрыс  түрде ұйымдастырылуы, нормативті актілердің дұрыс қолданылуы, істің белгіленген  уақытта қарастырылуы, сот актілерінің  тиісті түрде орындалуы сот қызметінің әділ шешім немесе өкім шығаруын қамтамасыз етеді.

Жоғарғы соттың құрамы: жоғарғы  соттың төрағасы, сот коллегияларының  төрағалары мен өзге де тұрақты судьялардан  тұрады. Жоғарғы соттың органдары  болып Пленум, Президиум, азаматтық  істер бойынша сот коллегия, шаруашылық және қылмыстық істер, әскери коллегия. Оған қоса консультативті кенес өз жұмысын атқарады.

Облыстық және оларға теңестірілген  соттар төраға, сот коллегияларының  төрағалары мен өзге де тұрақты судьялардан  құралған. Облыстық және оларға теңестірілген  соттардың органдарына сот Президиумы, азаматтық, шаруашылық және қылмыстық  істер бойынша коллегиялар. Облыстық соттар істі өз өкілеттіктері шегінде  бірінші инстанция ретінде, апелляциялық (кассациялық), қадағалау тәртібінде және жанадан ашылған жағдайлар қарастыруға өкілетті; аудандық (қалалық) соттарға қадағалау қызметін және заңмен белгіленген өкілеттіктері негізінде өзге функциялар мен қызметін атқарады.  
 Аудандық соттар сот төраға мен тұрақты судьялардан құралған. Аудандық соттың құрамында сот учаскесі болған жағдайда аудандық сот төрағасынан, сот учаскесінің аға судьясы және тұрақты судьялардан құрылады. Аудандық сот істі алғашқы инстанция ретінде қарастырады, заңмен өзгеше белгіленбеген жағдайда.

Қазақстан Республикасының  президенті  бірнеше әкімшілік-территориальдық  бірліктерде бір аудандық сот  қана құрұға немесе бір әкімшілік-территориальдық  бірлікте бірнеше аудандық соттар құрұға өкілетті. Аудандық соттар үшін судьялардың  жалпы санын өкілетті органның ұсынысымен Қазақстан Республикасының президенті бекітеді. Ал әр аудандық соттын судьлар  санын сол соттың төрағасының  ұсынысымен өкілетті орган бекітеді.

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

 

          1 Беляев Н.А.  Цели наказания и средства их достижения в исправительно-трудовых учреждениях/ Н.А. Беляев.- Л., 1963.- 25-26 б. 
          2 Карпец И.И. Наказани:Социальные, правовые   и криминологические проблемы/ И.И. Карпец.- М.: Юрид. Лит, 1973.- 141 б. 
          3 Тарбагаев А.Н. Понятие   и   цели  уголовной ответственности/ А.Н. Тарбагаев.- Красноярск, 1986.- 102 б. 
          4 Марцев А.И. Теоретические вопросы общего и специалъного предупреждения преступления: Заң ғылымдарының докторы диссерт. Автореф/ А.И. Марцев.- Свердловск, 1975.- 24-25 б. 
          5 Карпец И.И. Көрсетиген жүмыстың 156-157 беттері, жазадан босату. — М., 1973.- 6 б. 
          6 Шаргородский М.Д. Наказание по советскому уголовному праву/ М.Д. Шаргородский.- М., 1958.- 198 б. 
          7 Полубинская С.В. Цели уголовного наказания/ С.В.Полубинская.- М., Наука.- 1990.-486 б.




Информация о работе Сот жүйесінің түсінігі мен негізгі қызметі