Рим құқығының ұғымы мен негізгі белгілері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Октября 2013 в 13:52, реферат

Краткое описание

Рим құқығы құқықтың әлемдік жүйесінің дамуында үлкен маңызға ие, себебі рим құқығы басқа құқық жүйелерінің дамуын қалыптастыруға негіз болды және бүгінгі күнге дейін маңызын жойған жоқ. Көптеген құқықтық институттар ри құқығының классикалық кезеңінде өңделген күйінде әлі күнге сол қалпында сақталуда, атап айтқанда заттық құқықтар ілімі, міндеттеме туралы ілім.
Рим құқығы – ерте Римнің құлиеленушілік құқығының жүйесі. Рим құқығының пәні антикалық Римнің толық емес көлемдегі құқығы, яғни жеке құқық шеңберіндегі құқығы.

Содержание

І. Негізгі бөлім

Рим құқығының ұғымы мен негізгі белгілері

Рим құқығының тарихи мәні мен негізгі кезеңдері

Рим құқығының кодификациясы

ІІ. Қорытынды

ІІІ. Пайдаланған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

Документ Microsoft Office Word (4)рим құқығы.docx

— 34.58 Кб (Скачать документ)

   Нексум-құлдық борыш.  Бұл құлдықты да жезбен баянды  етеді. Қарызын төлей алмаған  азаматқа сот шешімі бойынша  бұғау кигізіледі. Өсімқор қарыз  алушы адамды үйіне салып кетіп, 3 жексенбі басты базарға шығарып,  қарызын төлейтін туысқандарын  және жолдастарын іздейді. 

   Содан кейін оның  қарыз алушыны өлтіруге құқығы  бар. Б.д. дейінгі IV ғасырда осы Петелий заңы жойылды. Ендігі кезде қарыз алушы өзінің мүлкімен ғана жауап беретін болды.

   Некелік қарым-қатынастар  ерекше. Оның екі түрі болды.  Некенің бірінші түрі- отағасыға  бәрі бағынады. Шаңырақтың мүлігі  ұжымдық меншік, оған әкесі ғана  иелік етті. Бүкіл агнаттар әкесінің  мұрагерлері бола алды. Әйел адам  жұбайына бағынды. Некенің екінші  түрі – сине ману, манципациясыз.  Мұнда ерлі-зайыптылардың құқығы  тең. Әйелі жылына бір рет  3 күнге қашып кетуге тиіс, сонда  өзінің бостандығын, құқығын теңдігін  сақтайтын болған.

   Қылмыс құқығы оның жасалуына қарай ерекшеленген. Ұрлық жасағандар, үйді өртегендер, егін, сал ұрлаған қылмыскерлер өлімжазасына кесілді. Түнде ұрлық істеген адамды ең алдымен ұрады, содан кейін жәбірленушіге құлдыққа береді. Деликттер – адамды ұру, тіл тигізу, дене мүшесін зақымдаушылық. Адамды өлтіру туралы ештеңе айтылмаған, бұл жағдайда қаңды кек алу қолданылатын болуы да мүмкін.

   Дене мүшесін зақымдаушылық  басына, денесіне ұру – 300 асс,  басқа жерлеріне – 25 асс айып  салумен жазаланған.

   Адамдардың түн  ішінде жинау, жауды Римге соғыс  ашу үшін дайындау, сот қызметкерлерінің  пара алуы, қоғамдық тәртіпті  бұзу мемлекетке қарсы жасалған  қылмыстарға жатады.

   Рим құқығына тек  мемлекет әсері ғана емес, мәдениеттің  де дамуы себебін тигізді. Мәдениет  саласының қалыптасуы арқасында  сауда саттықта қарқын алды, сол  кездің өзінде-ақ құқықтық міндеттемелер  сатып алушы мен сатушы, борышқор, шарт, міндеттемелер сияқты құқықтық  элементтер көріне бастады.

   Өзінің мәні мен  маңызына байланысты Рим құқығы  қазіргі заңгерге өте керекті  нәрсе болып тұр. Оны оқып  түсіну заң тәжірибесінде де, дәл айтқанда заң шығару жұмысымен  айналысушыларға да маңызды.

 

 

 

          

              4.Рим құқығының кодификациясы

 

   Римде кодификацияның басталған уақыты рим құқығының белсенді дамуының құлдырауымен тұспа-тұс келеді. Құқық бұрынғыдай жедел дамуын тоқтатты. Сондықтан құқықтық нормалардың саны сапасына көшетін болды. Империя кезінде бүкіл толып жатқан императорлардың басқару актілерін бір жүйеге келтіріп, тәртіпті, қатаң формада үстемдік ететін құл иеленушілік топтың ерігін бекіту керек болды.

    Маңызды кодификацияның  бірі – Батыс Рим империя  құлағаннан кейін император Юстинианның VI ғасырда жасаған кодификациясы. Кодификация (сұрыптау) -қоғамдық қатынастардың айтарлықтай ауқымды саласын реттеуші және әдетте құқықтың белгі бір санасын, қосалқы саласын құрайтын қолданыстағы күллі қалыпты материалды терең де жан-жақты талдау және қайта қарау негізінде және белгілерін айтады.   Азаматтық құқық жинақталған бұл құжат « Корпус Юрис Цивилис» деп аталады.

   Юстинианның алдына  қойған мақсаты – бүкіл Рим  құқығының актілерін жинап, оны  қайта жөңдеу еді. Сонымен қатар,  Рим құқығын жаңа мемлекетке  өтуіне сай жетілдіру болып  табылды. Рим құқығы ескерген  нормалардан көптеген институттар  пйда болды, өзгертіліп, толықтырылған.  Юстиниан (527-568) архаизмдердің бәрін жою, құлиеленушілік құрылысты баянды ету және шексіз монархияны бекіту бағытында жұмыстар жүргізді. Юстиниан жинағының негізгі бөлігін бірнеше комиссиядан құрылған беделді заңгерлер құрастырған (529-534).

   Кодификация жұмыстарын  басқарған грибониан, ол император  кеңесінің бастығы Феофил-Константинополь  құқық мектебінің профессоры. 524-534 жылдары алғашқы 3 жинақтан тұрды:

  1. Рим жеке құқығының оқулығы (институция );
  2. Рим заңгерлерінің еңбектерінің жинағы (Дигестер немесе Пандекттер);
  3. Жарғылар жинағы рим императоры Адрианнан б.э. ІІ ғ бастап Юстинианға дейін, бұған әкімшілік, қылмыстық, қаржылық, шіркеулік және жеке құқықтар кірген.

   Кейін 4-ші бөлік болып новеллалар қосылды. Новеллалар 534-556 жылы шыққан жаңа заңдар жиынтығы.

   Гайдың институциясы. Адамдар үшін түсінікті, ең жақсы, қарапайым және сұлу бай тіл Гай деген заңгерлердің тілі болды. Ол өзінің еңбектерінде Рим құқығының маңызды тұстарын ашып көрсетті. Еңбектерінің құрылысын- жай адамдар, заттар, міндеттемелер деп үшке бөлді. Институциялар 4 кітапқа, кітаптар титулға, ал титулдар параграфқа бөлінді. Үзінділер мынадай тәртіппен алынды: әріп, кітап N, титул N, параграф.

   Дигестер. Бұл корпус Юрис Цивилистің ең үлкен бөлімі (530-533), бұған Римнің ең маңызды 40 заңгерінің еңбектерң енгізілді (Квинт Муция Сцеволдан І ғ. Харцийге дейін IV ғ) 1570 кітаптан үзінді алынды.Олардың ішінде ең маңыздылары Ульпиан мен Павелдің еңбектері деп есептелді. Римнің ең ақылды заңгерлері – Гай, Папиниан, Павел, Ульпиан, Модестин.

   Юстиниан  кодексі. Императорлардың ресми жарлықтары. Юстинианның өзі шығарған 50 жарлығы осы жинаққа енді. Жарлықтарды ңнегізгі мақсаты- бұрынғы

 

императорлар шығарылған жарлықтардың арасындағы қайшылықты жою болды. Жарлықтар ретке келтірілді. Сөйтіп, кодекстің жаңа редақциясы шығарылды. Сол кодекс б.з.д сақталып, бүгінде Юстинианның еңбектерімен танысуға мүмкіндік беріп отыр.

   Новеллалар (қосымша) Юстинианның өзі шығарған бұйрықтардан құрастырылды. «Жаңа заңдар» деген мағынаны білдіреді. Онда заңдар ойлар классикалық рим құқығын шеңберлей емес, қысымның аздау болғаны, сол кезеңнің қажетін ескеріп жасалғаны байқалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   Қорытындылай келе, «Рим құқығы» термині құл иеленушілік  қауымда құрылған Рим мемелекетінің,  яғни антикалық Римнің құқығын  білдіреді. Рим құқығының жүйесі  сондай-ақ бұл мемлкеттің тарихи  дамуы тұтастай алғанда көбінесе  шет мемлекеттер құқығының тарихы  болып табылатындығы.

   Рим азаматтық  құқығының оқыту пәні- мүліктік  құқықтың маңызды институттар  болып табылады (отбасылық қатынастар  да жатады).

   Рим құқығының  негзгі институттарына мына төмендегілр  кіреді: меншік құқығы; шарттар мен  міндеттемлер; отбасылық құқықтық  қатынастар; мұрагерлік мәселесі, сондай-ақ  жеке құқықтарды талап арқылы  қорғау мәселелері және тағы  басқа маңызды мәселелері болып  табылады.

      Рим құқық  теориясында құқық нормаларының  топтастырылуының 2 жүйесі қалыптасқан:  пандектілік, институтционалдық  деп аталады.

   Римдіктер әлемді 3 рет жаулап алды: бірінші рет  легиондармен, екінші рет христиан  дінімен, ал үшінші рет құқығымен.  «Жазылып қойған сана» деп  аталатын Римдік құқықтың классикалық  түрін Батыс Еуропада көп феодалдық  мемлекеттерде қолданылатын. Ол  көп мемлекеттердің құқық жүйесінің  негізін қалады. Бұл құқық жүйесі  континенталды және романдық-германдық  құқық жүйесі деп аталады. 

      Римде құқықтық  жүйеге, заңгерлерге көп көңіл  бөлінді. Бұл қызмет иелеріне  ерекше құрмет көрсетілді. Гай,  Павел, Ульпиан, Модестин, Папаниан- Римнің ең күшті заңгерлері  қатарынан саналды. 

     Рим құқығы дамуының өзіндік ерекшеліге болатын. Олар құқық көп өзгермеу керек деп санайтын. Құқықтық нормаларды тек ешкім қолданбаған жағдайда ғана жоятын еді. Рим заңгерлері асығыс қабылданған және көп өзгеретін заңдар құқықтық тәрбиеге әсерін тигізеді деп есептейтін. Сондықтан заң шығару жұмысы құрметті де қиын жұмыс ретінде бағаланатын. Оған көп көңіл бөлініп, көп уақыт жіберілетін. Әрбір заң сол заңды ұсынған адамның атымен аталатын. Жақсы заңдар көп шығарған адам өте сыйлы, мәлімді қызметкерлер болып есептелді.

      Рим құқығының  қалыптасуы мен әрі қарай дамуын  тұтастай алып қарағанда 2 дәуірге  бөлуге болады:

   І дәуір- рим  құқығының құрылуы мен дамуы.  Ежелгі Рим мемлекетінің қалыптасуымен  байланысты (антикалық мәдениетімен  қоса) (б.э.д. VІІІ-б.э7.V ғғ).

   ІІ дәуір- тарихи  дәстүрге байланысты рим құқығының  басқа елдермен тығыз байланыста  дамуы (саяси жағынан, заң тәжірибесінен,  ағарту ісі мен заң ғылымы  жағынан) (б.э. VI ғ).

      Римде кодификацияның  басталған уақыты рим құқығының  белсенді дамуының құлдырауымен  тұспа-тұс келеді.Маңызды кодификацияның  бірі – Батыс Рим империя  құлағаннан кейін император Юстинианның  VI ғасырда жасаған кодификациясы. Юстиниан Кодификациясы алғашқы 3 жинақтан тұрды:

  1. Рим жеке құқығының оқулығы (институция );
  2. Рим заңгерлерінің еңбектерінің жинағы (Дигестер немесе Пандекттер);
  3. Жарғылар жинағы рим императоры Адрианнан б.э. ІІ ғ бастап Юстинианға дейін, бұған әкімшілік, қылмыстық, қаржылық, шіркеулік және жеке құқықтар кірген.

   Кейін 4-ші бөлік  болып новеллалар қосылды. Новеллалар 534-556 жылы шыққан жаңа заңдар  жиынтығы. 

 

 

                                    Пайдаланған әдебиеттер:

 

  1. Ермухаметова С.Р, Коваленко Е.Ю, «Рим жеке құқығы»  оқу құралы, Алматы 2007

 

  1. Б.Е.Айтжан, А.М. Құсаинова, Рим құқығы: Оқу құралы.-Алматы Жеті жарғы 2005 ж

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  

  

 

 

 


Информация о работе Рим құқығының ұғымы мен негізгі белгілері