Рим құқығының ұғымы мен негізгі белгілері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Октября 2013 в 13:52, реферат

Краткое описание

Рим құқығы құқықтың әлемдік жүйесінің дамуында үлкен маңызға ие, себебі рим құқығы басқа құқық жүйелерінің дамуын қалыптастыруға негіз болды және бүгінгі күнге дейін маңызын жойған жоқ. Көптеген құқықтық институттар ри құқығының классикалық кезеңінде өңделген күйінде әлі күнге сол қалпында сақталуда, атап айтқанда заттық құқықтар ілімі, міндеттеме туралы ілім.
Рим құқығы – ерте Римнің құлиеленушілік құқығының жүйесі. Рим құқығының пәні антикалық Римнің толық емес көлемдегі құқығы, яғни жеке құқық шеңберіндегі құқығы.

Содержание

І. Негізгі бөлім

Рим құқығының ұғымы мен негізгі белгілері

Рим құқығының тарихи мәні мен негізгі кезеңдері

Рим құқығының кодификациясы

ІІ. Қорытынды

ІІІ. Пайдаланған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

Документ Microsoft Office Word (4)рим құқығы.docx

— 34.58 Кб (Скачать документ)

                       

 

                                                        Жоспары:

 

      Кіріспе

 

І. Негізгі бөлім

 

  1. Рим құқығының ұғымы мен негізгі белгілері

 

  1. Рим құқығының тарихи мәні мен негізгі кезеңдері

 

  1. Рим құқығының кодификациясы

 

ІІ. Қорытынды

 

ІІІ. Пайдаланған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                     Кіріспе

   Рим құқығы құқықтың  әлемдік жүйесінің дамуында үлкен  маңызға ие, себебі рим құқығы  басқа құқық жүйелерінің дамуын  қалыптастыруға негіз болды және  бүгінгі күнге дейін маңызын  жойған жоқ. Көптеген құқықтық  институттар ри құқығының классикалық  кезеңінде өңделген күйінде әлі  күнге сол қалпында сақталуда,  атап айтқанда заттық құқықтар  ілімі, міндеттеме туралы ілім.

   Рим құқығы –  ерте Римнің құлиеленушілік құқығының  жүйесі. Рим құқығының пәні антикалық Римнің толық емес көлемдегі құқығы, яғни жеке құқық шеңберіндегі құқығы.

   Римде жеке құқық  деп нені түсінді? Ерте кездің  өзінде Римде екі құқық саласы- жария құқық және жеке құқық  болды. Тит Ливии (І ғ.б.э.), қалыптасқан  терминологияға сүйене отырып, ХІІ  кесте заңдарын жеке және жария  құқықтың қайнар көзі деп атады.  Мұндағы жария құқық дегеніміз  мемлекеттің мүддесін қорғайтын  және мемлекеттің және оның  органдарының құқықтық жағдайын  анықтайтын нормалар. Ал, жеке құқық  жекелеген тұлғалардың құқықтық  жағдайын білдіретін құқық жүйесі.

   Рим құқығы мүліктік  және басқа да қатынастарды  реттейтін өңделген нормалар  жүйесін құрады.

   Рим құқығы Қазақстан  Республикасының құқығының дамуына  нақты әсер етеді. Қазіргі кезде,  яғни Қазақстан Республикасының  құқықтық жүйесінің қалыптасу  кезеңінде, кезінде рим құқығының  нормаларымен реттелген жеке  меншік институты, шарттар ерекшк  орын алды. 

   Қоғамның барлық  даму тарихынан рим құқығы  секілді заңи, техникалық және  заңи нысаны жоғары деңгейдегі  басқа құқық жүйесін кездестірмейміз.

  Осыған орай менің  жұмысымның тақырыбы: « Рим құқығының  ұғымы және негізгі белгілері.  Рим құқығының тарихи мәні».  Осы тақырыпты толық түрде  ашып, жеке жеке тоқталып өтемін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                   І. Негізгі бөлім

                       1. Рим құқығының ұғымы және  негізгі белгілері

  

   «Рим құқығы» термині  құл иеленушілік қауымда құрылған  Рим мемелекетінің, яғни антикалық  Римнің құқығын білдіреді. Рим  құқығының жүйесі сондай-ақ бұл  мемлкеттің тарихи дамуы тұтастай  алғанда көбінесе шет мемлекеттер  құқығының тарихы.

   Рим азаматтық  құқығының оқыту пәні- мүліктік  құқықтың маңызды институттар  болып табылады (отбасылық қатынастар  да жатады).

   Рим құқығының  негзгі институттарына мына төмендегілр  кіреді: меншік құқығы; шарттар мен міндеттемлер; отбасылық құқықтық қатынастар; мұрагерлік мәселесі, сондай-ақ жеке құқықтарды талап арқылы қорғау мәселелері және тағы басқа маңызды мәселелер. 

   Рим құқық теориясында  құқық нормаларының топтастырылуының 2 жүйесі қалыптасқан: пандектілік,  институтционалдық деп аталады.  Пандектілік 4 арнайы бөлімнен  тұрады:

  • Заттық құқық;
  • Міндеттілік құқық;
  • Отбасы құқығы:
  • Мұрагерлік құқық;

   Институтционалдық  жүйеде жалпы білім болмайды, ал негзгі бөлім мынадай негіздерге  бөлінеді:

  • Заттық құқық;
  • Міндеттемелік құқық;
  • Мұрагерлік құқық;

   Римдіктер әлемді 3 рет жаулап алды: бірінші рет  легиондармен, екінші рет христиан  дінімен, ал үшінші рет құқығымен.  «Жазылып қойған сана» деп  аталатын Римдік құқықтың классикалық  түрін Батыс Еуропада көп феодалдық  мемлекеттерде қолданылатын. Ол  көп мемлекеттердің құқық жүйесінің негізін қалады. Бұл құқық жүйесі континенталды және романдық-германдық құқық жүйесі деп аталады.

   Рим құқығының  мықтылығын дәлелдейтін факторлар  көп. Біріншіден, Рим империясы  құл иеленушілік мемлекеттердің  арасындағы ең ірі, соңғы, күшті  мемлекеттердің бірі болып табылады. Рим империясы көрші мемлекеттерді  өзіне бағындырып, солардың саяси  тәжірибесін, құқықтық құжаттарын, сот практикасын, саяси санасын  өз өміріне бейімдеп,өзіне тән  ерекше құқық жүйесін құрды.  Римде преторлардың, патрицийлердің  және перегриндердің істерін  қарау екі түрлі болды. Сондықтан  басқа мемлекеттердің құқықтық  әдеттері, принциптері, белгілері,  құқықтық тәжірибесі Рим құқығына  көшіп, оған әсерін тигізеді. Спарта, Афины, Сирия және басқа мемлекеттер  Рим империясының құрамына еніп, оның провинциясына айналған  еді. Сондықтан Рим империясының  заңгерлері афинаның құқық дамуының  нәтижелерін пайдаланды.

   Сонымен бірге Римнің мың жылдық тарихы оның құқықтық дамуын бүкіл әлемдік тарихы маңызды оқиғаға айналдырып жіберді. Римде құқықтық жүйеге, заңгерлерге көп көңіл бөлінді. Бұл қызмет иелеріне ерекше құрмет көрсетілді. Гай, Павел, Ульпиан, Модестин, Папаниан- Римнің ең күшті заңгерлері қатарынан саналды.

  

 Рим құқығы дамуының  өзіндік ерекшеліге болатын. Олар  құқық көп өзгермеу керек деп  санайтын. Құқықтық нормаларды тек  ешкім қолданбаған жағдайда ғана  жоятын еді. Рим заңгерлері асығыс қабылданған және көп өзгеретін заңдар құқықтық тәрбиеге әсерін тигізеді деп есептейтін. Сондықтан заң шығару жұмысы құрметті де қиын жұмыс ретінде бағаланатын. Оған көп көңіл бөлініп, көп уақыт жіберілетін. Әрбір заң сол заңды ұсынған адамның атымен аталатын. Жақсы заңдар көп шығарған адам өте сыйлы, мәлімді қызметкерлер болып есептелді.

   Халық жиналысы  заңдарды қабылдағанда оған тек  ғана «аламыз», «алмаймыз» деп  дауыс беретін. Бүкіл Римнің  тарихынан өткен заң-12 таблица  заңдары. Бұл заң б.д дейінгі  V ғасырда қабылданған, бұны Римнің Корпус Юрис Цивилис деген кодексіне дер кіргізген еді. Бұл құқықтық құжат он бір ғасыр қолданылды. Ол Рим құқығының негізі болғаннан кейін заңдылықтың мықтылығын, тұрақтылығын көрсету үшін, дәлелдеу үшін сақталған.

   Рим құқығы квирит құқвғв ретінде пайда болған. Квириттер-Рим азаматтары, патрицийлер еді. Квирит құқығы тек қана Рим азаматтарының құқығы болып саналды. Бұл аксиома ретінде бекітілді. Рим азаматтарының және перегриндердің қарым-қатынастарының реттейтін құқық-халық құқығы. Рим құқығының схемалары, ішкі құрылысы, терминдері, түсініктері көп мемлекеттерде қолданылды. Оның қайта жаңғырып, гүлденуі, қолданылуы, қайта дамуы, жаңдануы рецепция деп аталды.

   Рецепциямен Рим  құқығы феодалдық мемлекеттердің  тәжірибесіне кірген болатын.  Одан кейін ол буржуазия кодификацияларына  кіріп, Германия, Франция, Италияның  кодекстері арқылы бүкіл дүние  жүзіне тараған. Ең күшті кодекстерінің  бірі- Наполеонның 1804 жылғы азаматтық  кодексі.

   Қазіргі азаматтық  заңдарды терең түсіну үшін  Рим құқығының негізгі белгілерін, түсініктерін, терминдерін білу  керек. Рим құығының негізі (сапасы) бүкіл буржуазиялық азаматтық-құқықтық  теорияға сіңісіп кетті. Қазір  көп қолданылатын терминдердің, түсініктердің пайда болған уақытын  білу арқылы олардың шын маңызын  да анықтауға болады.

   Рим құқығының  заңгерлік техникасын, тілін, ішкі  құрылысын заңгерлердің білгені  жөн. Рим құқығының тарихымен  танысу арқылы құқық қалай  пайда болады, өзгереді. Қандай кезеңдерден  өтеді, өзінің ішкі мазмұнын  қалай өзгертеді, сыртқы нысаны  қалай дамиды деген жалпы мәселелерден  мағлұмат алуға болады. Рим құқығы  жеке меншік үстемдік еткен  қоғамдық құрылыстардың ең жақсы  нысаны.

   Рим құқығымен терең айналысқан ғалымдар оның сан ғасырлық тәжірибесін өте жоғары бағалады. Рим құқығы дамуының жоғары сатысы құқықтың жоғары нысаны болып қалды.

   Республика түрінде  өзінің проблемаларын шешіп, демократиялық  әдістерді, ниституттарды қолданып  жатқанда Рим мемлекеті құқығының  даму деңгейі төмен болды. Құқықтардың  сол кезеңін біз ежелгі құқық  кезеңі деп белгілейміз. Оның  негзігі қайнар көзі 12 кесте заңдары  құқық нысандары болып қалған.

   Рим мемлекеті  империяға айналып, әлсіреп, ыдырай  бастағанда құқық жоғары дәрежесіне  көшеді. Рим құқығының ең маңызды  құжаты – Корпус Юрис Цивилис  Византияда VI ғасырда пайда болған.

   Рим құқығының  негізгі белгілері. Рим құқығының негізгі белгілері – жеке меншіктің неғұрлым абсолюттық құқығын бекіту болып табылады. Бұл тауарлы ақша қатынастарының жоғары деңгейіне байланысты. Рим құқығы құлдарға да

 

толық жеке меншікті бекітіп  берді. Рим құқығының келесі белгісі  – оның прогрессивтік-консервативтік сипаты. Рим құқығы жылдам өзгеріп, жаңа қарым-қатынастарды өз уақытында жөңге салып тұрады. Ол өзінің ішінде ескі заңгерлік иституттарды, манципация, квирит, нексум сияқты нысандарды көп уақыт сактайтын.

   Римде тек қана  заң қызметкерлер емес, бүкіл  құқық сыйлы болатын. Құқыққа  осындай көзқарастағы қоғам көбінесе  дұрыс шешімдерді сақтап отырды. Ол құқық нормасын бұзуға, жоюға  асықпады.

   12 кесте заңдары  ата-баба құқығы ретінде жұрттың  бәрі көретін көрнекті жерге  қойылатын.  Ол заңдарды ешкім  «мен оқымадым, мен білмеймін»  деп айта алмайтын еді. Жаңа  құқық нормасын шығарып жатса  да, оның бұрынғы атын, негізгі  нысанын сақтауға тырысатын. Бұл  әрбір Рим азаматы құқық мықты,  тұрақты, жеке адамның құқығын,  мүддесін қорғайды деп сену  үшін істелген нәрсе. 

   Рим құқығы динамикалық құқыққа жататын. Бұған себеп бірнешеу. Сот тәжірибесінде қатысты құқық преторлардың жұмысымен байланысты болды. Олар теорияға ұмтылмайтын, сот істерін дұрыс шешіп, соған түсінік бергісі келетін. Бірақ преторлардың тәжірибесінен шыққандықтан, Рим құқығының теориясы да өте күшті еді. Заңгерлердің білімі өте жоғары болатын. Істеген қызметтері де сыйлы еді. Заңгерлердің арасында бәсеке қызып жататын.

 

                    2. Рим құқығының тарихи мәні мен негізгі кезеңдері

 

   Рим құқығының  қалыптасуы мен әрі қарай дамуын  тұтастай алып қарағанда 2 дәуірге бөлуге болады:

   І дәуір- рим  құқығының құрылуы мен дамуы.  Ежелгі Рим мемлекетінің қалыптасуымен  байланысты (антикалық мәдениетімен  қоса) (б.э.д. VІІІ-б.э7.V ғғ).

   ІІ дәуір- тарихи  дәстүрге байланысты рим құқығының  басқа елдермен тығыз байланыста  дамуы (саяси жағынан, заң тәжірибесінен,  ағарту ісі мен заң ғылымы  жағынан) (б.э. VI ғ).

   Мұндағы рим құқығының  пайда болуы мен дамуын зерттеушілер  екінші кезеңге байланыстырады. Бұл кезеңді кейде классикалық  рим құқығы кезеңі деп те  атайды.

   Рим құқығының  бірінші кезеңі – квирит құқығы. Қоғамның әлеуметтік-нарықтық құрылысы  айтарлықтай емес еді, сондықтан  құқықтың нысаны өте қарапайым  жағдайда болды. Квирит құқығының негізгі белгілері – ішкі тәртіпсіздікті түзету, діни нормалармен бірлікте болу, бұрынғы заңдармен, әдеттермен байланысты үзбеу еді. Құқық әлі салаға бөлінбейтін. Оның діни рәсімі, дәстүрлік жоралғы сипаттары сақталды. Құқықтық нормалар жалпылама шығарылды, сондықтан ол өте нақтылы, жетілмеген болатын. Квириттердің құқығы преторлардің құқығымен қатар дамыды.

   Ежелгі Рим құқығының  мұрасының ең маңыздысы 12 таблица  заңдары. Бұл құқықтық құжаттың  қабылдануына плебейлер мен патрицийлердің  күресі әсерін тигізді. Плебейлер  патрицийлердің сотын осы заң  бойынша тәртіпке келтірді және  өздерінің құқығын қорғады.

   Бұл заң б.д.  дейінгі V ғасырда қабылданды. Бұл цивилдік құқықтың мұрасы болып табылды.

   Бұл құқық бүкіл  Римнің зат-мүліктерін манципацияға  жататын және манципацияға жатпайтын  деп екі түрге бөледі.

  

    Манципацияға жататындар: жер, құл және мал, қалғандары жатпайтын заттар.

   Манципация сатушы  және сатып алушы, өлшеу және  бір кесек жезі бар тараызышы  және 5 куәгер, Римнің толық құқылы  азаматтары. Сатып алушы қолын  иыққа қойып : «мен Рим заңдары  бойынша 1000құлды осы жерден  сатып алдым»- дейді. Сатушының  үндемей тұрғаны келісім бергені  деп есептеледі. Жезді өлшеуші  өлшеуіштің табағына зат лақтырады,  келісім жасалды деп саналады. Осы айтылған процестің бір  рәсімі орындалмаса, келісім заңды  емес. Мұның өзі Рим құқығында  ұсақ формализмнің көп екенін  көрсетеді.

   Жер бүкіл Рим  қауымының меншігі болып саналды.  Сондықтан оны сату үшін осындай  күрделі манципация процесі керек  еді. Қауым жерге, құлға, салға  қатысты келісімдерді қадағалайды.  Басқа заттардың бәрін еркін  сатуға болады. Олардың құны да  жоғары.

Информация о работе Рим құқығының ұғымы мен негізгі белгілері