Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Июня 2013 в 20:03, курсовая работа
Рента қарым қатынастарын реттейтін әмбебап нормалар Қазақстан Республикасы заңнамасында тұңғыш рет қабылданған соң (күшіне енгізілгесін) пайда болды. Жалпы ережелерді реттейтін нормалардан басқа олар тұрақты рентаны, ғұмырлық рентаны, өмір бойы асырауда ұстауды реттейтін нормаларды да қамтиды. Ал бұрынғы заңнамада тек өмір бойы асырауды қарастыратын тұрғын үйді сату шарты ғана бекітілген еді.
Рента шарты мүлікті иеліктен шығаруға арналған шарттардың бірі. Мүлік рента төлеуші меншігіне өтеді және бір уақтылы мүліктің кездейсоқ жойылуы немесе бүлінуі қауіпі оны күтіп ұстау ауыртпалығы да оған ауысады (оның мойнында болады). Сөйтіп, рента шартының мазмұнында басқа сату сатып-алу, сыйға тарту т.б. шарттармен ұқсастықтары бар.
Кіріспе........................................................................................ 3
І. Негізгі бөлім
1.1Рента және өмір бойы асырауда ұстау шартының ұғымы….........................4
1.2 Рента шартының ерекшелігі.............................................................................9
ІІ - бөлім . ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ РЕНТА ШАРТТАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ
2.1 Тұрақты рента шарты......................................................................................14
2.2 Ғұмырлық рента шарты..................................................................................19
2.3 Өмір бойы асырауда ұстау шарты.................................................................22
III – бөлім
Қорытынды............................................................................. 27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ............... 28
Рента төлеушiнiң негiзгi мiндетi шартпен қарастырылған ренталық төлемдердi тиiстi мерзiмдерде төлеп тұруда болып келедi. Рентаны төлеушi рентаны сатып алу арқылы оны төлеуден бас тарта алады.
Осындай жағдайда (рентаны төлеуден бас тартатын болса) рента төлеушiсi өзiнiң бас тартатыны туралы рента төленуi тоқтатылуына дейiн үш айдан кем болмайтын мерзiмде рента алушысына хабарлауға мiндеттi. Бас тарту туралы хабарлау үшiн, ұзақтау болып келетiн мерзiмдер, шартпен қарастырылуы мүмкiн. Рента алушысы барлық тиесiлi сомаларды алмайынша рента мiндеттемесi тоқтатылмайды. Рентаны сатып алудың өзге тəртiбi, сатып алу соммасын бөлшектеп төлеу, аралас нысанда төлеу жəне т.б. шартпен қарастырылуы мүмкiн.
Тұрақты рента шарты рентаны сатып алу құқығы рента алушының өмiрi бойы немесе өзге мерзiм iшiнде жүзеге асырылуы мүмкiн болмайтынын қарастыра алады. Алайда осындай шектейтiн мерзiм шарт жасалған сəттен отыз жылдан аспауы керек. Рента төлеушiсi рентаны сатып алу құқығынан толығынан бас тартатынын бекiтетiн шарт (оның бөлек жағдайы) жарамсыз болып келедi.
Ертерек айтылғандай, рентаны алушыда тек құқықтар болады. Ол ренталық асыраудың дер уақтылы жəне тиiстi төленуiн талап ете алады. Кейбiр жағдайларда рента алушының рента төлеушiден оның рентаны сатып алғанын талап етуге құқығы пайда болады.
Бұл құқықтың негiздемелерiне мыналар жатады:
1) рента төлеушiнiң рента төлеу мерзiмiн бiр жылдан астам уақытқа өткiзiп алуы (өзге мерзiмдер шартпен қарастырыла алады);
2) рента төлеушiнiң ренталық мiндеттеменi қамтамасыз ету (мүлiктi кепiлге беру ж.б.) бойынша, рента алушы алдындағы өзiнiң жауапкершiлiгiн сақтандыру бойынша мiндеттерiн бұзуы;
3) рента төлеушiнi төлемге қабiлетсiз деп тану, немесе рента шартта қарастырылған мөлшерде жəне мерзiмдерде төленбейтiнiн дəлелдейтiн (көрсететiн) өзге жағдайлардың пайда болуы;
4) рента төленуi үшiн берiлген жылжымайтын мүлiк ортақ меншiкке айналуы немесе бiрнеше тұлғалар арасында бөлiнуi;
5) шартпен көзделген
өзге жағдайлар. Мысалы
Тiзiлiп айтылғандай жағдайлар болып тұрса рента алушының бiржақты əрекеттерiне байланысты төлеушiнiң рентаны сатып алуға қатысты (бойынша) мiндетi пайда болады.
Бұл мiндет орындалмаса
рентаны алушы кепiлдiк
2.2 . Ғұмырлық рента шарты
Шарт элементтерi. Бұл шарттың құқықтық реттеуiне назар аударсақ, оған ҚР АК 28 тарауы барлық жалпы ережелерi қолданымды болып келетiнiн айта аламыз. Бiр қарағанда тұрақты рента шарты жəне ғұмырлық рента шарты ұқсас болады. Жақынырақ қарастырғанда олар элементтерiнiң əртүрлi ерекшелiктерi бар екенi анықталады. Олардың сыртқы ұқсастығыжалпы мəнi бар нормалар əсерiнiң салдары болып келедi.
Ғұмырлық рента алушы ретiнде бiрнеше субъектiлер бола алады. Ғұмырлық рента алушылар егер шартта өзгеше көзделмесе бiрдей тең құқылы болады (олардың үлестерi тең). Ғұмырлық рентаны алушылардың бiреуi қайтыс болса, онда оның рентаны алу құқығындағы, шартпен өзгешелiк қарастырылмаса, артында тiрi қалған рента алушыларына өтедi (ауысады).
Рента алушылардың соңғысы қайтыс болғанда рентаны төлеуге қатысты мiндеттеме толығынан тоқтатылады. Шартты жасасу сəтiнде қайтыс болған азамат пайдасына рентаны (оны алу құқығын) орнататын шарт жарамсыз болып келедi. Осы себептен ғұмырлық рента мiндеттемесi олардың орындалуы жеке несие берушi үшiн арналған мiндеттемелерге жатады (ҚР АК 376 бап 2 т).
Жоғарыда көрсетiлген құқықтық мирасқорлықты қоспағанда əмбебап мирасқорлық болсын, талап етудi беру тəртiбiндегi мирасқорлық болсын рента алушы тарабы үшiн мүмкiн.
Рента төлеушiлерi болып қандай да болсын тұлғалар келе алады. Олар үшiн мiндеттеменiң жеке мiнезi болмайды. Əмбебап немесе сингулярлық мирасқорлық тəртiбiнде рентаны төлеу бойынша мiндет қандай да болсын жеке жəне заңды тұлғаларға ауыса алады.
Ғұмырлық рента шартының пəнi болып əрбiр қозғалатын жəне қозғалмайтын мүлiктер жатады (азаматтықайналымнан алып тасталған мүлiктердi қоспағанда).
Екiншi құрама бұл ренталық төлемдер пəнi (нысанасына) қатысты ғұмырлық рента шартының тұрақты рента шартына қарағанда тағы да бiр елеулi айырмашылығы бар. Ол бойынша рента натуралды (заттай) нысанда төленуi мүмкiн емес, ол тек u1072 ақшалай төленедi.
Ғұмырлық рента шартта қарастырылатын, рента алушысына оның өмiрi бойы мерзiмдi (мезгiл мезгiлiмен) төленiп тұратын ақшалай сома ретiнде анықталады. Ғұмырлық рентаның мөлшерi шарттың мiндеттi жағдайларына жатады.
Ол Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша бекiтiлген ең төмен жалақының мөлшерiнен кем болмауы керек, бұл мiндеттi талап ҚР АК 531 бабы 2 тармағымен бекiтiлген. Рентаның мақсатты пайдалануы тiкелей заңмен қарастырылмаған. Бiрақ, егер бiз ҚРАК 532 бабымен қарастырылған ғұмырлық рентаны төлеудiң мерзiмдерiн басшылыққа алатын болсақ, бiз заңнама ғұмырлық рента жеке тұтынуға арналғанын қарастыратынын түсiне аламыз.
Тұрақты рентадан айырмашылығы ғұмырлық рента ай сайынғы төлемдер түрiнде əрбiр кезектi ай аяқталғасын төленiп тұрады. Шартпен ғұмырлық рентаны төлеудiң өзге мерзiмдерi қарастырылуы мүмкiн. Ғұмырлық рентаны жеке тұтынуы болжанылатын болғасын, оларға (төлемдерге) азаматты асырауға арналған сомаларды индекстеу туралы ереженi (ҚР АК 283 бабы) таратуға болар едi.
Мазмұны. Рента төлеушi рента төлемдерiн уақтылы мерзiмде төлеуге мiндеттi. Шартта көрсетiлгендей тұрақты рента шартынан ерекше айырмашылығы рента алушылар өмiр бойына төлейдi.
Рента алушы рента төлеушi рента төлемдерiн жасаудың шартта көзделген жағдайларын бұзса рентаны сатып алуды талап ете алады. Ғұмырлық рентаны сатып алу тəртiбi тұрақты рентаны сатып алумен бiрдей болып келедi (ҚР АК 528бабы). Заңның бiр кемiстiгi, онда ғұмырлық рента шартын елеулi бұзу не болып келетiнi анықталмаған. Жоғарыда қарастырылған жəне тұрақты рента алушысына оны сатып алуды талап ету құқығын беретiн жағдайлары жатқызу керек. Бiрақ ғұмырлық рента ерекшелiгiн ескерсек, онда рента алушыға рента сатып алынуын талап ету құқығын беретiн, рентаны төлемеу мерзiмi, тұрақты рента шартына қарағанда едəуiр қысқа болу керек екенiн айта аламыз.
Егер ғұмырлық рента
төлеу үшiн мүлiк тегiн
Рента төлеушiсi үшiн мүлiктiң кездейсоқ жойылу немесе бүлiнуiне атысты қатаңырақ талаптар бекiтiлген. Мүлiк тегiн немесе ақыға берiлгенiне қарамастан, мүлiктiң кездейсоқ жойылуының, бүлiнуiнiң қаупi толығынан рента төлеушi мойнында болып келедi жəне ол тек борыш рента алушымен кешiрiлетiнiне ғана үмiттенуi мүмкiн.
Əрине, неше түрлi даулы жағдайларда бола алады. Мысалы, рента төлеушiсi рента алушының кiнəсi барлығын болжауы мүмкiн (зат берiлген кезде оның кемiстiктерi болды, немесе оны пайдалану тəртiбi ескертiлмедi деп). Рента алушының кiнəсi болып тұрса тараптардың құқықтары мен мiндеттерi өзгередi. Тəуекел (қауiп) салдарынан рента төлеушiсi бiр бөлiгiнде босатылуы керек.
2.3 Өмiр бойы асырауда ұстау шарты
Өмiр бойы асырауда ұстау шарты бойынша рента алушы – азамат өзiне тиесiлi қозғалмайтын мүлiктi сол азаматты жəне (немесе) ол көрсеткен үшiншi бiр адамды өмiр бойы асырауда ұстауды жүзеге асыруға мiндеттенген рента төлеушiнiң меншiгiне бередi.
Өмiр бойы асырауда ұстау қатынастарын реттеу ғұмырлық рента шартын реттейтiн нормаларға негiзделген (ҚР АК 535бабы 2тармағы). Айырықша реттеу ҚР АК 28 тармағының 4де қарастырылған, ол нормалар өмiр бойы асырауда ұстау шартын тiкелей реттеуге арналған.
Шарт элементтерi. Өмiр бойы асыраумен қамтамасыз етiлетiндер (асыраудағылар) болып азаматтар ғана саналады. РФАКң (601бабы 1тармағында) өмiр бойы асырауда болушы тұлғалар айтылған. Бұл ҚРның азаматтық заңнамасында жеткiлiктi дəрежеде (анық)реттелмеген. Жоғарыда айтылғандай өмiр бойы асырауда болушыларға өз мүлкiн рента төлеу үшiн берген тұлға, немесе ол өзi шарт бойынша көрсеткен үшiншi тұлға жатады. Бұныбiз қатап шектеу қылып қарастырмауымыз керек. Ғұмырлық рента шарты бойынша да сияқты шарт бойынша тұлғалардың көпшiлiкке (рента алушылардың) ештеңе кедергi етпейдi.
Өмiр бойы асырауда ұстау шарты əдетте күн көру үшiн өздерiнiң қаражаттары жоқ, жетiспейтiн, қария, еңбекке қабiлетсiз адамдармен жасалады. Осының өз салдары бар. Бұрын айтылғандай өзге ренталық шарттарда қарым қатынастар толығынан мүлiктi болып келедi, сондықтан рента төлеушi тұлғасының, ол кiм екенiнiң, мəнi болмайды. Өмiр бойы асырауда ұстау шартында жағдай басқаша қалыптасады. Əдебиетте өмiр бойы асырауда болып келетiн адамның жəне асыраушының ерекше қалыптасатын, сенiмгерлiкке негiзделетiн қатынастары туралы айтылады жəне өз жағынан бiзде осы көзқарасты көздеймiз. Алайда, қазiргi заман жағдайында тек қатынастардың сенiмдiлiгiмен шектелуге, соған ғана сенiп тұруға болмайды. Тараптардың қатынастары құқықпен толық жəне жанжақты реттелуi керек.
Өмiр бойы ұстаушы да (рента төлеушi) азаматты азықтүлiкпен, тұрғын үймен, киiмкешекпен, егер керек болған жағдайда, денсаулығына қарап жəне тағы басқалармен қамтамасыз етуге мiндеттенедi. Тiзiлiп айтылғанның барлығы адам өмiрiнiң жеке санасына жатады. Сондықтан адамның этикалық, дiни, əдептiлiк, адамгершiлiк көзқарастары (əдеттерi) ескерiлуi қажет.
Оның арнамысы, қадiрқасиетi құрметтелуi қажет, жəне тағы басқа жеке құқықтары сақталуы тиiс. Бiздiң бiрге тұрып жатқан рента төлеушiсi мен рента алушы араларында бұл жағдайда өзiндiк (жеке) құқықтық қатынастар пайда болады деп айтқанымыздың себебi осыда.Сондықтан өмiр бойы ұстау шарты қазiргi жағдайда толығынан азаматтық құқық шартты болып келмейдi (толығынан азаматтық құқық реттеуiмен қамтылмайды), сондай-ақ кейбiр отбасылық құқықтық реттеулердi талап етедi.
Егер рента алушысы, яғни өмiр бойы асырауда ұстауда болушы мен рента төлеушi арасындағы қатынастар тиiстi дамыса, онда рента алушы рента төлеушiнiң тұлғасы үлкен маңызға ие болады. Рента төлеушiнi басқа тұлғаға рента алушының рұқсатынсыз ауыстыруға жол берiлмейтiнi ақылға сыйысатындай талап екенiн түсiнемiз. (ҚР АК 538бабы 1тармағы).
Шарт нысанасы (заты). Өмiр бойы асырауда ұстау шартының нысанасы болып қозғалмайтын мүлiк, яғни асырау төлемдерi жасалуы үшiн берiлетiн мүлiк – тұрғын үй, пəтер,жер аумақтары жəне басқалары жатады. Нысананың екiншi элементi асырауға қатысты бiздiң өз пiкiрiмiз орын алады. Шарт бойынша асыраудағы адам (рента алушы) тұрғылықты жаймен қамтамасыз етiледi. Асырау жағдайлары рента алушының тұрғын үй құқықтарының барынша нашарлатпауы қажет. Бұл шартта тұру үшiн берiлетiн тұрғын үйдiң мөлшерiне, оның санитарлық жағдайына, қауiпсiздiгiне, жылытуына қатысты талаптарды бекiтудi қажеттi қылады. Осы себептен өмiр бойы асырауда ұстау шарты бiршама тұрғын үй құқығы нормаларымен де реттелуi тиiс.
Айтылғандай, тұрғын үйдегi, тағамдардағы, күтiмдегi мұқтаждарды қамтумен қатар рента төлеушi материалдық жəрдем көрсетуге де мiндеттелуi мүмкiн. Мысалы, емделуге кездейсоқ бiр шығындарды көтеруге, пошталық, телеграфтық байланыс шығындардын өтеуге жəне басқа мақсаттар қаражаттар жұмсалуы керек болса. Шартпен рента төлеушiсi əдетғұрып
(ырым) қызметтерi үшiн
төлейтiнi көзделуi мүмкiн.
Шартта асыраудың жалпы көлемi (сомасы) анықталып көрсетiлуi тиiс. Тараптар шартта асыраудың қандай түрлерi берiлетiнiн көрсетiп қана қоймайды, асырауды берудiң жағдайлары, əрбiр асырау түрiнiң сандық жəне сапалық көрсеткiштерi анықталуы мүмкiн.
Заңнама асыраудың бiр айдағы ең төмен мөлшерiн бекiтедi. Ақшамен бағалағанда ол ең төмен жалақының екi есе мөлшерiнен кем болмауы керек.
Асыраудың көлемi туралы дау дамай туындаса, ол сот тəртiбiнде шешiлуге жатады. Тараптардың өзiнiң дауды ерiктi реттеуi де жоққа шығарылмайды. Сот, дауды шешкен кезде,шарттың жағдайлары нақты болмаса, немесе бiр бiрiне қайшы болса, басшылыққа адалдық,əдiлеттiлiк, парасаттылық талаптарын алуы керек.Шартпен өмiр бойы асырауды заттай берудi мезгiл мезгiлдi ақшалай төлемдермен ауыстыру қарастырыла алады. Ақырында (осының нəтижесiнде) өмiр бойы асырауда ұстау шарты ғұмырлық рента шартына айналады. Бiрақ, рентаның ең төмен мөлшерiне қатысты талаптар сақтала бередi. Мiндеттеменiң осылайша жаңғыртылуына (өзгеруiне) тек рента алушының келiсiмi бойынша жəне тек оның мүддесiнде ғана жол беруге болады.
Шарттың мерзiмi. Шарттың мерзiмi асырауды алушының өмiрiнiң ұзақтылығымен шектеледi. Төлемдердiң мезгiлдiгiн анықтау үшiн ҚР АК 532 бабы қарастырған ережелер қолданымды болып келедi.
Шарттың мазмұны. Ғұмырлық рента шарты бойынша рента төлеушiсi көбiнесе құрамасында бiрнеше “бөлшегi” бар асырауды жүзеге асыруға мiндеттеледi. Тиiсiнше рента төлеушi оның “түр түрiне”, “сапасын” жəне берiлудiң өзге жағдайларын қамтамасыз етуi керек. Рента төлеушiде оған өмiр бойы асырауды қамтамасыз ету үшiн берiлген мүлiктi иелiктеншығаруға, келiсе салуға жəне мүлiкке өзге жолмен билiк етуге құқығы бар, бiрақ осының барлығына рента алушының алдын ала келiсiмi қажет.