Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Апреля 2015 в 18:54, реферат
Париж конференциясы. 1918 жылдың 11 қарашасында жеңімпаз Антанта мемлекеттерінің талабымен Франциядағы Компьен орманында Германия жеңілгендігін мойындап, бітімге қол қоюға келісті. Төрт жыл үш айға созылған Бірінші дүниежүзілік соғыс Үштік Одақтың жеңілісімен аяқталды. Дүниежүзілік соғыс адамзат тағдырына орасан зор зардабын тигізіп, көл-көсір қайғы-қасірет әкелген оқиға болды. Соғыста 10 миллион адам қаза тапты, 20 миллион адам жараланды.
Кеңеске Халықаралық Соттың Тұрақты Палатасының жобасын жасау және Лига Мүшелерін онымен таныстыру тапсырылады. Лигаға барлық мемлекеттер мүше бола алады.
Антанта елдерінің Германия мен Осман империясының отарларын бөлісіп алу ниетіне орай, Ұлттар Лигасының жарғысына мандаттық жүйені бекіткен бап енгізілді. Антанта елдері жаңа отарларды билеуге белгілі бір мерзімге Ұлттар Лигасынан мандат алатын болды. Мандат бойынша бағындырылған ел дамудың белгілі бір дәрежесіне жеткен кезде, мандаттың күші жойылып, оған тәуелсіздік беріледі. Алайда екінші дүниежүзілік соғысқа дейін мандаттың күші жойылып, тәуелсіздік алған ел болған жоқ.
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін Еуропада бірқатар жаңа мемлекеттер пайда болды. Польша тәуелсіздік алды және оны бұрынғы кезеңдерде үш рет бөліске салғанда айырылып қалған жерлерінің біразын қайтарып алды. Габсбургтер империясының ыдырауы нәтижесінде Чехия мен Словакия тәуелсіздік алып, Чехословакия республикасы құрылды. Оңтүстік славян жерлері бірігіп, 1918 жылы Серб, хорват, словен корольдігін құрды (ол 1929 жылдан бастап Югославия деп аталды). 1917-1920 ж.ж. Ресей империясынан бөлініп шығып, Финляндия, Эстония, Литва және Латвия тәуелсіз мемлекеттерге айналды
XXғ. Басындағы халықаралық
жағдайдың шиеленісуі