Париж конференциясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Апреля 2015 в 18:54, реферат

Краткое описание

Париж конференциясы. 1918 жылдың 11 қарашасында жеңімпаз Антанта мемлекеттерінің талабымен Франциядағы Компьен орманында Германия жеңілгендігін мойындап, бітімге қол қоюға келісті. Төрт жыл үш айға созылған Бірінші дүниежүзілік соғыс Үштік Одақтың жеңілісімен аяқталды. Дүниежүзілік соғыс адамзат тағдырына орасан зор зардабын тигізіп, көл-көсір қайғы-қасірет әкелген оқиға болды. Соғыста 10 миллион адам қаза тапты, 20 миллион адам жараланды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

париж конференциясы.docx

— 25.90 Кб (Скачать документ)

1.1  Париж  конференциясы

  

Париж  конференциясы.  1918  жылдың  11  қарашасында  жеңімпаз  Антанта  мемлекеттерінің  талабымен  Франциядағы  Компьен  орманында  Германия  жеңілгендігін  мойындап,  бітімге  қол  қоюға  келісті.  Төрт  жыл  үш  айға  созылған  Бірінші  дүниежүзілік  соғыс  Үштік  Одақтың  жеңілісімен  аяқталды.  Дүниежүзілік  соғыс  адамзат  тағдырына  орасан  зор  зардабын  тигізіп,  көл-көсір  қайғы-қасірет  әкелген  оқиға  болды.  Соғыста  10  миллион  адам  қаза  тапты,  20  миллион  адам  жараланды.

  1919  жылы  18  қаңтарда  соғыстың  қорытындысы  шығарылып,  жеңген  елдер  мен  Германия  және  оның  одақтастары  арасында  келісімге  келу  үшін  Париж  қаласында  халықаралық  конференция  өз  жұмысын  бастады.  Конференцияға  27  елден  делегаттар  қатысты,  азамат  соғысы  жүріп  жатқан  Ресей  және  жеңілген  елдер  қатысқан  жоқ.

Жеңіске  жеткен  мемлекеттер  яғни  Англия,  Франция  және  Америка  Құрама  Штаттары  алдында  өздеріне  ыңғайлы  және  қолайлы  етіп  соғыстан  кейінгі  дүние  жүзі  құрылымын  құру  мәселесі  тұрды.  Бірақ  басынан-ақ  оның  антидемократиялық  бағыты  байқалды.  Конференциядағы  басты  мәселе:

  -  бірінші  дүниежүзілік  соғысты  қорытындылау;

  -  Германиямен  және  оның  одақтастарымен  бітім  жасау  болды.

  Негізгі  мәселелерді  талқылауда  Ұлыбританияның  премьер-министрі  Дэвид  Ллойд-Джордж,  Францияның  премьер-министрі  Жорж  Клемансо  және  АҚШ  президенті  Вудро  Вильсон  қатысып,  басшылық  жасады.  Конференцияға  қатысушы  ірі  мемлекеттердің  әрқайсысының  өзіндік  мақсат-мүддесі  болды  және  де  өз  мүдделеріне  ыңғайлы  шешу  үшін  күрес  жүргізді.

  Париж  конференциясының  алдында  соғыстан  кейінгі  халықаралық  қатынастағы,  әлемдегі  өзгерістерді  ескере  отырып,  дүниені  қайта  құру  мәселесі  тұрды:

  -  халықаралық  қатынастағы  өзгерістерді  ескере  отырып,  жаңа  принциптерді  қалыптастыру;

  -  ірі  капиталистік  елдер  арасындағы  дүниежүзілік  ықпалды  реттеу;

  -  Германия  мен  Түркияның  отарларының  тағдырын  шешу.

  АҚШ-тың  конференциядағы  негізгі  мақсаты 

-  дүниежүзілік  әлемде  өзінің  үстемдігін  қалыптастыру  болды.  Бірақ  бұған  Париж  конференциясында  Франция  мен  Англия  басшылары  қарсылық  жасады.  Англия  мен  Франция  Үштік  Одақ  елдерінің  отарларын  бөлісіп  алуды  көздеді.  Франция  Германияны  қатты  әлсіретуді,  оған  соғыс  шығындарын  толық  төлетуді,  мүмкін  болса,  Германияны  ұсақ  мемлекеттерге  бөлшектеп  жіберуді  мақсат  тұтты.  Англияның  басты  мақсаты-  неміс  флотын  талқандау  -  соғыстың  барысында-ақ  орындалғандықтан,  Англия  Германияны  бөлшектеуге  қарсы  болды.  Францияға  1871  жылы  Германия  тартып  алған  Эльзас  пен  Лотарингияны  қайтаруды  барлық  ірі  мемлекеттер  дұрыс  деп  тапты.  Италия  Австро-Венгрияның,  Жапония  Германияның  иеліктерінің  бір  бөлігін  алудан  үміттенді.

  АҚШ  президенті  В.  Вильсон  :  “Дүниежүзіне  кім  көп  ақша  берсе,  сол  ел  әлемде  билік  жүргізуі  қажет”-  деген  болатын.  Сөйтіп,  АҚШ  дүниежүзілік  үстемдік  жасау  үшін  күрес  жүргізді.  Соғыстың  соңғы  жылында  Вильсон  халықаралық  қатынастардың  жаңа  қағидаларын  негіздеген  бағдарлама  ұсынды.  Конгресске  тапсырылған  бұл  құжат  Вильсонның  “он  төрт  пункті”  деп  аталады.  Мұнда  соғыстан  кейінгі  халықаралық  қатынастарды  реттеудің  негізі  ретінде  құпия  дипломатиядан  бас  тарту,  сауда  және  теңізде  жүзу  еркіндігін,  қаруларды  қысқарту,  езілген  ұлттарға  өзін-өзі  билеу  құқығын  беру,  әлемдік  бейбітшілік  пен  қауіпсіздікті  қорғайтын  халықаралық  ұйым  құру  ұсынылды;  мемлекеттердің  шекараларын  белгілеуде  тұрғындардың  этникалық  тегі  мен  тарихы  ескерілсін  деген  ой  айтылды.  Вильсонның  ойлары  әділетті  және  демократиялық  бітім  жасауды  көздейтіндерге  неғұрлым  ыңғайлы  еді.  Алайда  Ресейдің  Антанта  елдерімен  соғыс  алдында  және  соғыс  барысында  жасаған  құпия  келісімдерінің  жариялануы  АҚШ  саясаткерлерінің  ашу  ызасын  туғызды.  Конгресс  мүшелері  Вильсонның  идеяларын  қолдаудан  бас  тартты.  Олар  Антанта  елдерінің  арасында  жер  бөлісу,  соғыстан  пайда  табу  мақсаттары  бейнеленген  құпия  келісімдер  жасалғанын  білмегені  үшін  Вильсонды  кінәләді.  АҚШ  президенті  В.Вильсонның  “14  пункттен”  тұратын  бағдарламасының  мазмұны  төмендегідей  болды:

-Антанта  елдерінің  арасындағы  жасырын  келісімдерден  бас  тарту;

-Дүниежүзілік  мұхиттар  мен  теңіздерде  еркін  жүзу;

-Барлық  кедендік  кедергілерді  жойып,  халықаралық  “ашық  есік”  және  “ашық  қол”  принципін  сақтау;

-отар  елдердің  мәселесін  әділетті  шешу;

-қару-жарақтықысқарту;

-Германиямен  және  оның  одақтастарымен  әділетті  келісімдер  жүргізу;

-дүниежүзілік  дау-жанжал  мәселелерді  бейбіт  жолмен  шешу  үшін  халықаралық  ұйым  -  Ұлттар  Лигасын  құру.

“14  пункттен”  тұратын  бағдарламаның  мазмұнынан  АҚШ-тың  экспансиялық  саясаты  анық  көрінді.  Бұл  бағдарламадағы  АҚШ  саясатының  мәні  дүниежүзілік  әлемде  үстемдік  жүргізу  екенін  түсініп,  Франция  мен  Англия  Париж  конференциясында  АҚШ  саясатын  әшкерелеп,  Вильсонның  бағдарламасын  қабылдамады.  Бірақ  оның  Ұлттар  Лигасын  құру  бағдарламасын  Клемансо  мен  Ллойд-Джордж  қолдап,  халықаралық  қатынастағы  дау-жанжал  мәселелерді  шешуде  айтарлықтай  рөл  атқаратын  ұйым  құруға  келісті.

Алдын-ала  көріп  білетін  және  реалисттік  ойшыл-саясаткер-президент  Вильсон  капитализмге  қауіпті  идеялар  мен  қозғалыстарға  жаңа  және  әділетті  дүние  жүзілік  тәртіптің  демократиялық  лозунгтарын  қарсы  қою  керектігін  жақсы  түсінді.  Бұл  демократиялық  лозунгтар  бейбітшілік  пен  демократия  және  “Ұлтық  Лига”  халықтарының  теңдігі  принциптерінде  қаланды.  Президент  Вильсон  өз  сөзінде:  “Біз  Ұлттық  Лига  көмегімен  ірі  капиталға  қарсы  көтерілістерге  құмар  дүние  жүзін  емдейміз”-деген.

Осылайша  президент  Вильсон  көрсеткен  “он  төрт  пункт”  бағдарламасы  либералды  экспансионизм  бағдарламасы  ретінде  қарастырылады.  Осы  есептеулерден  АҚШ-тың  Бірінші  дүниежүзілік  соғыста  жеңілген  Германияға  қарасты  қатынастарды  қарастыратын  бағдарламасы  құрылды.  Олар  Англия  мен  Францияның  күшеюіне,  салыстырмалы  түрде  күшті,  бірақ  әлсіреген  Германияны  қарсы  қоюды  көздеді.  Сонымен  қатар  1918  ж.  қараша  айында  Германияда  басталған  революцияны  басып  тастау  керек  болды.  Бұл  революция  большевизмнің  Батыс  Еуропаға  таралу  қаупін  төндірген  еді.  Сондықтан  АҚШ  мемлекетінің  мақсаты  ретінде  неміс  буржуазиясына  революцияға  қарсы  күресте  көмек  беру  көзделді.  Сонымен  қоса  ірі  инвестицияларын  Германияның  экономикасына  енгізіп,  ол  жердегі  алдыңғы  қатарлы  орындарға  ие  болып,  соңында  оны  соғыстан  кейінгі  еуропаның  экономикасы  мен  саясатына  кеңінен  тарату.

Бірнеше  ай  бойына  Парижде  өткен  конференцияда  сол  кездегі  әлемнің  ең  ірі  көшбасшылары-  Ллойд-джорд,  Клемансо  және  Вильсон  арасында  тартысты  күрес  басталды.  “Ең  бай  мемлекеттердің  “үлкен  төрттігі”  -  Клемансо,  Ллойд-Джордж,  Орландо  және  Вильсон  дүние  жүзінің  жаңа  халықаралық  қатынастарын  құруға  отырғызылды”,-деді  В.И.  Ленин.4  Бұл  тартыс  себебі-  алдыңғы  қатарлы  державалар-  АҚШ,  Франция  және  Англияның  көзқарастары  әртүрлі  болды.

Шындығында  Америка  президентінің  алға  қойған  жаңа  әлемдік  тәртібін  құру  ойы  Англия  үшін  де,  Франция  үшін  де  мүлдем  тиімсіз  болды.

Бірінші  дүниежүзілік  соғыс  Англия  басшылары  тарапынан  қойылған  мақсаттардың  орындалуына  әкеліп  соқтырды.  Германия  әлсіреп,  Ұлы  державалар  қатарынан  шығып  қалды.  Африка  мен  Тынық  мұхитындағы  Германияның  колонияларының  біраз  бөлігі  Англияның  қол  астына  өтті.  Германияның  Таяу  Шығыстағы  Түрік  империясының  кең  байтақ  жерлерінде  маңыздылығы  жойылды.  Енді  Англияның  басты  мақсаты-  Бірінші  дүниежүзілік  соғыс  кезіндегі  жаулап  алынған  жерлерді  заңдастыру  және  Британ  империасының  күшін  арттырып,  Англияның  әлемдік  сахынада  беделін  өсіру.

Әрине,  осындай  жағдайда  АҚШ-тың  күшеюі  Англияның  есебіне  кірген  жоқ.  Сондықтан  Парижде  өткен  конференцияда  Ллойд-Джордж  басқарған  ағылшын  делегациясы  күннен  күнге  АҚШ-тың  басшылығына  қарсы  күрес  жүргізді.  Өйткені  АҚШ  Ұлттар  Лигасын  қолданып  “ашық  есіктер  мен  мүмкіндіктер”  лозунгтары  арқылы  билікке  ие  болғысы  келді.  Бұл  арқылы  АҚШ  соғыстан  кейінгі  әлемге  өз  гегомониясын  орнатуға  тырысты.  Ленин  айтқандай  “сол  уақыттарда  тек  АҚШ  қаржы  жағынан  мүлде  тәуелсіз  болып  қала  берді”.  Бірақ  Ллойд-Джордж  тәжірибелі  саясатшы  болғандықтан,  Бірінші  дүниежүзілік  соғыстан  кейін  үлкен  өзгерістер  келгенін  түсініп  отырды.  Ол  капитализмді  реформалау  қауымының  қалыптасуын  және  әлеуметтік  альтернативтік  қауіпін  жойдыру  керектігін  жақсы  түсінді.  Ол  Ұлттар  Лигасының  құрылу  ойын  жақтап,  бұл  ой  Вильсонның  монополиясы  емес  екендігін  айтты.  Бірақ  Ллойд-Джордж  АҚШ-тың  Ұлттар  Лигасына  мол  әсері  болмауын  қалады.  Ағылшын  делегациясының  ойынша  бұл  ұйымның  басты  мақсаты  соғыстан  кейін  жеткізілген  status-quo  жағдайын  және  Британ  империясын  сақтандыру.  Бұл  мақсатпен  Англия  Ұлттық  Лигада  басшылық  қызметіне  ие  болу  үшін  өз  байлықтарын  қолдануға  тырысып,  ол  арқылы  халықаралық  қатынастарда  status-quoны  сақтап  қалу.

“Бейбітшілік  пен  әділеттілік”  принципінде  қаланған  “жаңа  әлемдік  тәртіпке”  қарсы  болған  Францияның  Премьер-министрі  -  Клемансо.  Өйткені,  Клемансо  Вильсон  мен  Ллойд-Джорджқа  қарағанда  импереалистік  саясат  мектебінің  түлегі  болған.  Ол  “  жаңа  әлем  тәртібін”  утопия  мен  демагогия  деп  санап,  онымен  күрес  жүргізді.  Ол  Францияға  тиімді  бейбіт  келісім  шарт  жасап,  сонымен  қатар  Африка  мен  Таяу  Шығыстағы  үлкен  территорияға  ие  болуды  қалады.

Ұлттар  Лигасының  құрылуын  Клемансо  жақтады.  Ал  бірақ  Ұлттар  Лигасының  құрылуы  мен  колониялардың  бөлінуінің  арасындағы  қандай  да  болмасын  байланысты  ол  қайтарып  тастады.  Клемансо  Ұлттар  Лигасы  ұлттар  арасындағы  “татулық  пен  байланыс”  қаруы  деген  ойды  зиян  утопия  деп  талқылады.  Оның  ойынша,  Франция  Ұлттық  Лиганы  ең  алдымен  позициясын  күшейту  үшін  пайдалану  керек.  Ал  бірақ  Германияның  дүниежүзілік  соғыстан  кейінгі  Европадағы  орны  туралы  сұрақта  олардың  арасында  қарсылықтар  байқалды.

Францияның  саясаты  Англияның  саяси  бағытына  қарама-қарсы  болды.  Бұл  да  түсінікті.  Парижде  өткен  бейбітшілік  конференциясында  Англия  мен  АҚШ  мақсаттаған  күшті  Германия  мемлекетінің  құрылуына,  Франция  жақтас  болды  ма?  Әрине,  жоқ.  Өйткені,  Франция  Еуропада  басшылық  жағдайға  ие  болуға  ұмтылды.  Бірақ,  Еуропада  ең  күшті  герман  мемлекеті  болғандықтан,  Францияның  Еуропа  дүние  бөлігінде  басқарушы  орын  алуы  туралы  сөз  болуы  мүмкін  емес  еді.  Сондықтан  да,  Франция  басшылары  соғыс  біткен  соң,  Германияны  құлдырату  ең  басты  мәселе  деп  есептеген.  Сол  үшін  Франция  делегациясы  бейбітшілік  конференциясында  Рейн  өзенінің  сол  жақ  жағалауын  беруін  сұрады,  және  де  Германияны  кішкене  мемлекеттерге  бөлу  жоспарын  ұсынды.  Сол  жоспар  бойынша,  бөлшектелінген  Германияны  өз  қолында  мықты  ұстап,  Францияның  соғыс  саясатына  бағындырмақшы  болды.  Сөйтіп,  үш  үлкен  соғыс  жеңімпаздарының  жалпы  жоспарының  қорытындысы:  олардың  өзара  түсініспеушілігін  және  соғыстан  кейінгі  өмірді  ұйымдастыру  күресін  айқындап  көрсетті.  Әсіресе  үш  маңызды  мәселе  үшін  қатты  күрес  болды.

Париждегі  бейбітшілік  конференциясы  ашылғанынан-ақ  мәселелерді  қарастыру  тізімі  туралы  түсініспеушіліктер  пайда  болды.  Франция  мен  Англия  өкілдері  Италия,  Жапония  және  басқа  да  мемлекеттердің  қолдауымен,  Африка  мен  Тынық  мұхиты  және  Түркия  империясы  жерлеріндегі  Германия  колонияларын  бөлшектеуін  ұсынды.  Бірақ  бұған  АҚШ  делегациясы  қарсы  шықты.  Президент  Вильсон  біріншіден  Ұлттар  Лигасының  жарғысын  қарастырып  және  енгізілуін,  оны  Германия  және  оның  одақтастарымен  жасалған  бейбітшілік  келісімінің  бір  айырылмас  бөлшегін  жасауын,  сол  арқылы  жаңа  да  адал  жол  және  бейбіт  өмір  ұйымдастыруын,  содан  соң  ғана  Германия  колониялары  мен  түркі  жерлерінің  мәселелерін  шешуін  ұсынды.  Франция  мен  Англия  делегациялары  оған  мүлдем  қарсы  болды.  Клемансо  Ұлттар  Лигасы  мен  бейбітшілік  келісімін  өзара  қоспауын  ұсынды.  Ллойд-Джордж  Ұлттар  Лигасының  жарғысы  мен  бейбітшілік  келісімінің  бір  болғанына  келіскенімен,  Ұлттар  Лигасының  жарғысы  күрделі  және  ұзақ  жұмыс  екенін  айтып,  сондықтан  да,  уақытты  соза  бермей  колониялық  мәселелерді  шеше  бастау  керек  екенін  ұсынды.

Ұзақ  уақыт  дауласу  арқылы  Ұлттар  Лигасының  жарғысы  арнайы  комиссияның  қолына  берілді.  Франция  мен  Англия  делегаттары  сол  комиссияға  тек  ұлы  мемлекеттердің  ғана  емес,  кіші  мемлекеттердің  өкілдері  де  қатысуын  ұсынды.  Негізі,  ағылшын-француз  өкілдері  комиссияны  мүмкіндігінше  үлкен  қылып,  оның  жұмысын  ұзаққа  созылуын  қалады.  Бірақ  та  бұған  Вильсон  өз  жауабын  берді,  ол  өзін  комиссияның  төрағасы  боламын  деп  ұсынды.  Вильсонның  басшылығымен  аз  уақыт  ішінде  бірталай  маңызды  Ұлттар  Лигасының  жарғысы  талқыланды.

Комиссия  жұмысы  3  ақпан  1919  жылы  басталды,  ал  14  ақпан  күні  Америка  президенті  пленарлық  отырыста  комиссия  жұмысының  нәтижелерін  баяндап  шықты.  Ұлттар  Лигасының  құрылуымен  “халық  арасындағы  түсініспеушілік  пен  қақтығыстар”  жойылады.  Адамдар  бір-бірінің  жүздеріне  қарап:  “Біз  -  бауырласпыз,  бізде  -  бір  ниет”  деп  айтады.  Ұлттар  Лигасы  арқылы  бізде  “бауырлас  және  достық  келісім”  бар  деп  айта  аламыз.  Әрине,  бұл  сөздер  Америка  президентінің  комиссия  нәтижелерін  идеалдық  түрде  көрсетілгендігін  айғақтайды.

1.2  Ұлттар  Лигасы

Ұлттар  лигасы.  Париж  конференциясының  маңызды  нәтижесі  -  Ұлттар  Лигасының  құрылуы  болды.  Ұлттар  Лигасының  жарғысын  АҚШ  президенті  В.Вильсон  бастаған  арнайы  комиссия  жасады.  Ұлттар  Лигасы  әлем  халықтары  арасында  ынтымақтастықты  дамытуға,  бейбітшілік  пен  қауіпсіздікті  қамтамасыз  етуге  тиісті  болды.  Ұлттар  Лигасының  құрылуы  халықаралық  қатынастардың  жаңа  қағидаларының  қалыптасуына  негіз  салды.  Жарғы  бойынша,  мемлекеттер  арасындағы  даулы  мәселерді  соғысқа  жүгінбей,  бейбіт  келіссөздер  арқылы  шешу  белгіленді.  Ұлттар  Лигасының  дербес  қарулы  күштері  болған  жоқ,  сондықтан  басқыншы  мемлекеттерге  қарсы  дипломатиялық  және  экономикалық  санкциялар  қолданатын  болды.  Лиганың  жоғарғы  органдары  -  Жиналыс  (Ассамблея)  пен  Кеңес  (Совет)  және  олардың  жанында  тұрақты  Хатшылық  болады.  Жиналыс  Лига  мүшелерінің  өкілдерінен  құралады.  Ол  белгіленген  уақытта  және  жағдайлар  талап  еткен  кез  келген  басқа  сәтте  Лиганың  тұрағында  немесе  белгіленуі  мүмкін  осындай  басқа  жерде  шақырылады.  Жиналыс  Лига  қызметі  шегіне  кіретін  немесе  баршаға  ортақ  бейбітшілікке  қатысты  барлық  мәселелерді  қарайды.  Лиганың  әрбір  мүшесінің  Жиналыстағы  өкілдер  саны  үштен  аспауы  керек,  ал  дауысы  біреу  ғана  болады.

  Кеңес  Басты  Одақтас  және  Бірлескен  мемлекеттердің  өкілдерінен,  сонымен  қатар  Лиганың  басқа  төрт  мүшесінің  өкілдерінен  құралады.  Лиганың  осы  төрт  мүшесін  Жиналыс  өзі  қалаған  мерзімде  тағайындайды.  Лиганың  тұрағы  ретінде  Женева  белгленеді.  Кеңес  кез  келген  сәтте  оны  басқа  жерде  белгілей  алады.  Лига  Мүшелері  Лиганың  барлық  Мүшелерінің  территориясының  біртұтастығын  және  қалыптасқан  саяси  тәуелсіздігін  құрметтеуге  және  кез  келген  сыртқы  шабуылдан  қорғауға  міндеттенеді.  Барлық  мемлекеттер,  доминиондар,  немесе  отарлар,  егер  Жиналыстың  үштен  екісі  оларды  қабылдауды  қолдаса,  онда  Лигаға  Мүше  бола  алады,  өйткені  олар  халықаралық  міндеттемелерін  бұлжытпауға  шын  ниетпен  кепілдеме  береді  және  олардың  әскери,  теңіз  және  әуе  күштері  мен  қару-жарағына  қатысты  Лига  белгілеген  қағидаларды  қабылдайды.  Лиганың  кез-келген  Мүшесі  алдын  ала  екі  жыл  бұрын  ескерту  жасағаннан  кейін,  егер  бұл  кезде  өзінің  барлық  халықаралық  міндеттемелерін  орындаған  болса  онда  Лигадан  шыға  алады.

Информация о работе Париж конференциясы