Мемлекеттің белгілері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Октября 2014 в 19:51, реферат

Краткое описание

Мемлекет деген ұғым бірнеше мағынада қолданылады.
Біріншіден: қоғамды басқаратын аппарат. Себебі «үкімет» деген ұғымға сай. Екіншіден: қоғам мүшелерінің ассоциациясы. Мұнда «халық», «ел», «қоғам» сөздеріне сәйкес.
Мемлекет саяси жүйенің негізгі бөлігі болып саналады

Содержание

Мемлекеттің белгілері
Мемлекеттің функциялары
Мемлекеттің мақсаты

Прикрепленные файлы: 1 файл

5fan_ru_Мемлекеттің функциялары. Мемлекеттің мақсаты.docx

— 30.33 Кб (Скачать документ)

3.Құқықтық мемлекет – саяси ұйымның билігі, адамның, азаматтың құқығын, бостандығын толық қамтамасыз етуге жағдайлар жасайды және мемлекеттік билікті құқықтың негізінде өз пайдасына пайдалануға мүмкіндік берілмейді. Құқықтық мемлекетті басқаша түсіндерсек, ол жеке тұлға мен қоғамның құқықтары мен айтады. Бұл мемлекет өз мақсатын орындауда төмендегідей қағидаттарға сүйенеді:

а) құқықтың басымдылығы;

б) адам мен азаматтың құқықтық қорғалуы;

в) мемлекеттік биліктің бөлінуі;

г) заң үстемдігі;

д) құқық пен заңның тұтастығы;

е) мемлекет пен жеке тұлғаның өзара жауаптылығы;

ж) азаматтық қоғамның орнауы;

з) қоғамның құқықтық мәдениетінің жоғары болып, оның құқықтық санасы деңгейінің өсуі;

и) соттардың тәуелсіздігі;

к) антимонополиялық құрылымдардың тұрақты түрде қызмет істеуі.

Адам және азамат құқықтары мен бостандықтарын ең толық түрде қамтамасыз етудің тиісті жағдайларын жасау, сондай-ақ билікті асыра пайдалануға, оның диктатураға, деспотияға айналып кетуіне жол бермеу үшін мемлекеттік билікті құқық арқылы шектеп отыру – құқықтық мемлекеттің мақсаты болып табылады.

Елдегі атқарылатын барлық істер мен әрекеттерді орындауда заң мен құқыққа жүгінетін қиялдағы мемлекет, құқықтық мемлекет идеясы ежелден бері бар екендігін Платон «заңдар» деген диологындағы: «Заңы пәрменсіз және оның өзі әлдебіреудің билігінде кеткен мемлекетің жуық арада күйрейтініне сенімім кәміл. Ал, заңы — әміршілердің билеушісіне айналған және олар заңның құлы болған мемлекет есен-сау болады және ондай мемлекетке игіліктердің қандайын болса да құдайдың үйіп-төгері айдан анық деп есептеймін», — деп түйіндегенінен пайымдаймыз.

Мемлекеттің мақсаты

Мемлекеттің негізгі мақсаты – өоғам үшін, қоғамдағы адамдардың топтары үшін, қоғамның дамып өркендеуі үшін әртүрлі бағытта қызмет атқаруы тиіс. Қоғам өте күрделі құбылыс. Қоғамның негізгі тірегі – өндіріс. Өндірісті ұйымдастырып, дамыту үшін мемлекетте, адамның бірлестіктері де, жекелеген адамдар да қажетті іс-әрекет жасап отырады. Бұл салада мемлекет функцияларының қызметі әр түрлі. Мемлекет өз иелігіне қарайтын барлық функцияларды тікелей басқарып, олардың жұмысын реттеп отырады.

Мемлекет болмаса ешқандай кәсіпкерлік, кәсіпорын, әлеуметтік аз қамтылған халықтардың белгілі бір тобын қамтамассыз етуге, атмосфераны, суды, жерді, қорғау ынталы болмайды.

Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуы, халықтың ұлттық санасының өсіп-өркендеуі құқық ғылымының жаңа саяси мәдениетті қалыптастырудағы рөлінің күшеюіне үлкен дәрежеде өз ықпалын тигізді. Қазіргі кезде жаңа заманның қоғамдық өмірінде болып жатқан күрделі құбылыстармен тығыз байланыста болатын мемлекет фуекциясының маңызы артып келеді.

Қазақстан Республикасы демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет құру жолын ұстанған, яғни бұдан мемлекеттің саяси-экономикалық, әлеуметтік және тағы басқа салаларды демократияландыру, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, экологияны сақтау, әлеуметтік жағынан қамтамассыз ету міндеттері туындайды.

Мемлекет басқару, билік жүргізу үшін құрылған саяси ұйым болғандықтан оның алдында тұрған мақсат міндеттері бар. Сол міндеттерді жүзеге асыру үшін мемлекетке арнайы функциялар қажет. Функция арқылы мемлекет статикалық құрылымынан динамикалық, қозғалыс мағынасын айқындайды. Мемлекет функциялары арқылы мемлекет алдына қойған мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асырады. Мақсаттары да әр түрлі болады: стратегиялық бүгінгі күнгі. Қазақстан Республикасы мемлекетінің болашақтағы мақсаты экономикасы дамыған, халқының әл-ауқаты жоғары, кедейлік пен жұмыссыздық жойылған демократиялық құқықтық мемлекет құру. Ал бүгінгі күнгі мақсаты шағын және орта бизнесті, мемлекеттік тілді дамыту және т.б. міндеттері тұр.

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Мемлекеттің белгілері