Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Октября 2014 в 19:51, реферат
Мемлекет деген ұғым бірнеше мағынада қолданылады.
Біріншіден: қоғамды басқаратын аппарат. Себебі «үкімет» деген ұғымға сай. Екіншіден: қоғам мүшелерінің ассоциациясы. Мұнда «халық», «ел», «қоғам» сөздеріне сәйкес.
Мемлекет саяси жүйенің негізгі бөлігі болып саналады
Мемлекеттің белгілері
Мемлекеттің функциялары
Мемлекеттің мақсаты
Жоспары:
Орындаған: Даркеева Балжан Тур-15
1. Мемлекеттің
пайда болу себептері, белгілері
Мемлекет деген ұғым бірнеше
мағынада қолданылады.
Біріншіден: қоғамды басқаратын аппарат.
Себебі «үкімет» деген ұғымға сай. Екіншіден:
қоғам мүшелерінің ассоциациясы. Мұнда
«халық», «ел», «қоғам» сөздеріне сәйкес.
Мемлекет саяси жүйенің негізгі бөлігі
болып саналады. Мемлекет алғашқы қауымда
болған жоқ. Себебі алғашқы қауымдық құрылыста
теңсіздік болған жоқ. Құл иеленушілік
құрылыста мемлекет пайда болды, себебі
өмірге басқарушылар мен бағынушылар
келді. Мемлекеттің пайда болуы туралы
әр түрлі анықтамалар бар:
Патриархтық теория. Оның негізін салушы
XVIII ғ. өмір сүрген ағылшын ойшылы Роберт
Филмер. Ол мемлекеттің пайда болуын рулардың
тайпаға, тайпалардың одан үлкен қауымдастыққа,
олардың одан әрі мемлекетке дейін бірігуінен
деп санайды.
Қоғамдық келісім теориясы. Негізін салушылар:
Т.Гоббс, Г.Гроций, Ж.Ж.Руссо. Мемлекет тәуелсіз
әмірші мен оның қол астындағы адамдардың
келісімі арқылы пайда болды.
Теологиялық теория. Негізін салушылар:
А.Августин мен Фома Аквинский. Мемлекет
құдайдың құдіретімен пайда болған.
Зорлық жасау теориясы. Негізін салушылар:
Е.Дюринг, Л.Гумплович, К.Каутский. Мемлекет
бір елді екінші елдің басып алуының нәтижесінде
арасындағы қатынастарды реттеу үшін
пайда болды.
Географиялық теория. Негізін салушылар:
А.Гатцель, В.Соловьев, Б.Чичерин. Мемлекеттің
пайда болуы географиялық ортаның өзгешеліктерінен
деп түсіндіреді.
Психологиялық теория. Адамдарға бағыну
мен құлшылық ету қажеттігі мәңгі бақи
тән болған дегенді айтады.
Марксистік теория. Мемлекет жеке меншік
пен таптың пайда болуынан туған дейді.
Яғни, экономика жағынан үстем болып тұрған
таптың мүддесін қорғап, басқа таптардың
қарсылығын басу үшін керек дейді.
Шетелдік зерттеушілер мемлекеттің мәнін
таптық күресті бітістіруде, татуластыруда
деп біледі. Қоғамға қауіпті әлеуметтік
шиеленістерді асқындырмауға тырысып
және оларды бейбіт саяси жолмен шешу
үшін мемлекет негізгі әлеуметтік топтар
арасындағы қатынастарға белсене араласып,
ортадағы әділ төреші сияқты болуы керек
дейді.
Қорыта келе, мемлекет деп – белгілі бір
аумақ шеңберінде адамдардың әлеуметтік
топтар, таптар мен бірлестіктердің қатынастары
мен қызметтерін ұйымдастыратын, бақылайтын
қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементін
айтамыз.
Мемлекеттің
мынадай белгілері болады:
1. Өзінің шекарасы бар, белгілі территориясы
болады. Өндірістің өркендеуі, сауданың
өсуі, еңбектің бөлінуі, халықтың көбеюі
кәсіпке байланысты аумақтық бөлінуге
әкелді. Аудан, облыс, штат, т.с.с. пайда
болды.
2. Ерекше үкімет аппараты болады: мемлекетте
әр түрлі мәселелерді шешу үшін қарулы
әскер, шенеуліктік аппарат, полиция, сот,
барлау, шіркеу, баспасөз, т.б. құралдар
қажет болады.
3. Мемлекет егеменді болуы керек. Ол –
ішкі және сыртқы істерін атқарудағы толық
тәуелсіздігі, дербестігі.
4. Ішкі істер органдары, тергеу комитеті,
прокуратура. Қылмыс жасағандарды еркінен
айырудан бастап, өлім жазасына дейін
кесе алады.
5. Салық салу. Үкімет аппаратын ұстау үшін
халыққа салық салады.
6. Мемлекеттің азаматтығын алу қажет.
Сол жерде туып, өскен соң, сол елдің азаматы
болуың керек, онсыз мемлекет тарапынан
қорғаныш болмайды.
Осы айтылған белгілер мемлекетті басқа
ұйымдардан ерекшелендіреді.
2.Мемлекет функциясы
Қазақстан Республикасы мемлекетінің функциясы, яғни (миайтын ролі ретінде оның қызметінің негізгі бағыттары мемлекеттің қызметінің өзі түсініледі.
Мемлекет функииясы ішкі және сыртқы болып екіге бөлінеді.
° Ішкі функцияларға
еліміздін материалдық-
әлеуметтік қызмет көрсету, яғни адамдарға жан-жақты камкорлық жасаудың ізгілікті саясатын жүзеге асыру. Ата Заңымызда атап көрсетілгендей, мемлекетіміздің қызметі, бәрінен бұрын адам және адамның өміріне, құқықтары мен бостандықтарына, мүддесіне сай құрылады;
құқық тәртібін қорғау Конституцияға сүйене отырып, бақылау арқылы оның талаптарын орындауда, қоғамдық, мемлекеттік кұрылысқа, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына, меншікке қол сұғушылықтың жолын кесуде көрініс табатын функциялар. Мемлекет бұдан басқа да көптеген функцияларды, мысалы, экологияны қорғау және табиғатты тиімді, ұтымды пайдалану, азаматтардың мемлекет пен оның органдарын тікелей өздері немесе өз екілдері аркылы басқаруға катысу функцияларын, қаржылық, экономикалық, идеологиялық функцияларды жүзеге асырады.
° Мемлекеттің
сыртқы функциялары оның
Мемлекетіміздің маңызды сыртқы функцияларының бірі — басқа мемлекеттердің азаматтарымен және қоғамдық бірлестіктерімен біздің республика азаматтарының және қоғамдық бірлестіктерінің карым-катынастарын нығайтуға ықпал жасайтын саясат, экономика, мәдениет, ғылым саласындағы байланыстарды жүзеге асыру болып табылады.
Мемлекет функциялары:
Мемлекет функцияларын анықтауда, біз ең алдымен мемлекеттің қоғам өміріндегі жалпы рөлін басшылыққа алуымыз керек. Бұл жерде бірінші орынға мемлекеттің адамдарды қауымдастыққа біріктіретін, олардың мүдделерін түйістіретін, жалпы нормаларды сақтауға мәжбүрлейтін және геосаяси тұтастықты қалыптастыратын біріктіруші рөлі қойылады. Бұдан мемлекеттің ең бірінші функциясы мәжбүрлеу функциясы екендігін көруге болады.
Мәжбүрлеу функциясы әр түрлі әдістер мен құралдар арқылы іске асуы мүмкін. Бұл не тікелей күш көрсету болуы мүмкін, не жанама мәжбүрлеу болуы мүмкін. Барлық мемлекеттерде билік құрушы субъект мәжбүрлеуді пайдаланады, бірақ оны әр жағдайда әркалай қолданатындықтан мазмұны мен сипаты, әдістері мен құралдары әрқилы болуы мүмкін.
Осы функцияны жүзеге асыру үшін мемлекеттік биліктің құрылымында мәжбүрлеу күштері қалыптасады, яғни олар: әрекеттерді нормативті тұрғыда бағалайтын және кінәлі немесе кінәлі еместігінің объективті ақиқатын белгілейтін, мәжбүрлеу шаралары туралы мәселелерді шешетін заң органдары; тергеу органдары; полиция; пенитенциарлық мекемелер және басқалары.
Өркениетті мемлекеттерде мәжбүрлеу құқығына тек мемлекеттік билік органдары ғана ие. Мәжбүрлеу функциясы, мемлекеттің басқа да функциялары сияқты, органдар мен билік субъектілерінің биліктік өкілеттіктерінде белгіленеді. Бірақ құқықтық мемлекетте мемлекеттік билік органдары мәжбүрлеу шараларын құқықтық нормалар шеңберінде ғана қолдана алуы мүмкін. Сондықтан мәжбүрлеу әрекеттері заңды деп танылатындықтан азаматтар оларды қабылдауға жөне бағынуға міндетті.
Алайда, билік құру өз мазмұны бойынша агрессивті әрекет болғандықтан билік жүргізуші субъект тікелей тиімділік пен нәтижелілікке қол жеткізу үшін мәжбүрлеу әдістері мен құралдарын қолдануда заңмен белгіленген шектен шығып кетуі де мүмкін. Бұл әрекеттердің заңсыз екеңдігі анық, ал олардың қажеттілігі және іс жүзінде өзін ақтағанына сілтеме жасау жеткілікті негіз болып табылмайды.
Мәжбүрлеу функциясының болуы мемлекетті билік құрушы күштердің қолындағы сойылға, диктатураның, террордың құралына айналдырып жіберуі мүмкін.
Мемлекеттің келесі функциясы — келісімдік функция. Мемлекеттің саяси қатынастардың әр түрлі субъектілерінің арасын келістіруші орган екендігі сөзсіз, ол айтыс-тартыстарда төреші ретінде қатысады, позициялардың жақындасуына жәрдемдеседі. Мәселен, мемлекеттік органдардың еңбек пен капитал арасындағы келісімдік рөлі белгілі. Сондықтан өркениетті мемлекет үшін саяси қатынастардың барлық субъектілерінің түпкілікті мүдделері туралы қамқорлық басты болып саналады, және бұл қамқорлық тек қағаз жүзінде қалып қоймауы үшін мемлекеттік органдар барлық азаматтардың мүдделерін қамтып, білдіре алатындай және азаматтық қоғам ұйымдарымен кең қарым-қатынасқа түсе алатындай саяси қатынастардың барлық субъектілерінің түпкілікті мүдделерін белсенді қорғай алатын дамыған құқықтық базаға ие бола отырып құрылымдануы тиіс. Келісімдік функция — мемлекеттің маңызды функциясы, оның іргетасы. Бұл функция қоғамның саяси мәдениетінің қалыптасу мен даму деңгейіне, оның өркениеттенуінің артуына орай жан-жақты және маңызды бола түседі. Келісімдік функция адамгершілік, қайырымдылық, ізгілік, төзімділік секілді ұғымдар басты болатын ділдің дамуымен де байланысты. Мемлекеттің келісімдік функциясының жүзеге асуында азаматтық қоғам институттары маңызды мәнге ие.
Мемлекеттің үшінші функциясы — ұйымдастырушылық. Мемлекет адамдардың әлеуметтік өмірінің негізгі аспектілерінің ұйымдасуына қатысады. Бұл үшін мемлекеттік меншіктің; мемлекеттің қаржылық мүмкіндіктерінің; мемлекеттік органдар қызметінің жалпылық, міндеттілік және басқарушылық сипаттарының; құқықтық базаның; мемлекет шараларының заңдылығының болуы шарт.
Мемлекет өзінің табиғи, функционалдық ерекшеліктеріне орай экономикалық дамудың күшті факторы бола алады. Этатизм (мемлекеттің экономикаға ықпалы) айқын формада барлық мемлекеттерде болады, ал кейбір мемлекеттердің қызметінде басты болып барлығын қамтиды. Этатизм кауымдастықтың тіршілік әрекеті үшін қажетті бағдарламалық мәселелерді, мақсаттарды шешуге кажетті күштерді жұмылдыруға мүмкіндік береді. Мәселен, экономика саласында — бұл мемлекеттің экономикалық куаты мен экономикалық дербестігінің артуы, ішкі рынокты қорғауы, әлемдік қауымдастықта экономикалық белсенділігін камтамасыз етуі және т.б. Алайда, қазіргі саяси тәжірибе көрсетіп отырғандай, мемлекеттің экономикалық салмағының шектен тыс күшеюі мемлекеттік биліктің ықпалының қалыптан тыс ұлғаюына, азаматтық қоғам институттарының шектелуі мен шеттетілуіне, қоғамның саяси тоқырауына алып келетін демократияға жат тенденциялардың пайда болуына әкеліп соғады.
Мемлекет әлеуметтік өмірдің негізгі аспектілерін реттеуге де қатысады. Ол қоғамдағы әлеуметтік жағдайды қадағалауға, қоғамдық көзқарасты бақылауға, қоғамның кеселді тұстарымен, қайшылықтарын анықтап, алдын алуға міндетті.Мемлекет белгілі бір деңгейде қоғамның рухани өмірінің ұйымдастырушысы да болып табылады. Ол адамдардың тіршілік әрекетінде қызмет ететін әлеуметтік қағидаларға, адамгершілік принциптерге, өскелең ұрпақтың болашағына; оның азаматтық кемеліне жетуіне, рухани мәдениетті игеруіне, әлеуметтік өмірге дайындық деңгейіне және басқаларына бей-жай қарай алмайды.Мемлекеттің рухани өмірді ұйымдастыру мүдделілігі саяси экстремизмнің шектен тыс формасында көрінуі мүмкін, мысалы, қоғамның рухани өмірінің барлық тұстарының мемлекеттің саяси бақылауында болуы және осыған байланысты мемлекеттің идеократтық саяси жүйеге айналуы тоталитарлық режимдерге тән құбылыстар. Бұл үрдісті авторитаризмнен де байқауға болады, себебі авторитаризм де халықты біріктіретін идеологияға сүйенеді.
Мемлекеттің төртінші функциясы — қорғау функциясы. Мемлекет қоғам тұрақтылығы мен оның дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасай отырып қорғайды. Ол адамдар қауымдастығын сыртқы теріс әсерлерден және ішкі деструктивті, қиратушы күштерден қорғауы қажет. "Милитаристік мемлекеттер", "полициялық мемлекеттер" деп аталатын мемлекеттерде қарастырып отырылған функция шектен тыс артып, үстемдік етеді.
Қарастырылып өткен функциялардың барлығы қандай дәрежеде болмасын барлық мемлекеттерге тән, себебі олар мемлекет мәнінің көрінісі болып табылады, және оның табиғаты мен негізінен туындайды. Бірақ мемлекет түрлерін анықтауда бұл функциялардың арақатынастары әр түрлі екендігі байқалады. Олардың мемлекеттің тіршілік әрекетіндегі орнын басқару формалары мен саяси режим ерекшеліктеріне сай құрылған мемлекеттік органдардың құрылымдық өзіндік ерекшелігі анықтайды.
Авторитарлық типтегі мемлекеттерге мәжбүрлеу функциясының келісімдік функциядан басымдылығы, саяси қатынас субъектілерінің дербестігінің жетімсіздігі, оппозицияның әлсіздігі мен ұйымдаспағандығы тән. Осыған байланысты авторитарлық мемлекеттер жүзеге асырып отырған акцияларының салыстырмалы заңдылығымен, айқын тұрақтылығымен сипатталынады. Осының салдарынан қоғамдық организмде дер кезінде мемлекеттік органдар шешімін табуға мүмкіндік бермеген әлеуметтік проблемалар жинақталынуы және шоғырлануы мүмкін. Билік өте беделді және қажетті кәсібилікке ие болғандықтан пайда болған барлық проблемаларды шешуге қабілетті деген саяси иллюзияның негізінде қызмет етеді.
Демократиялық мемлекеттерде мәжбүрлеу функциясымен қатар келісімдік функция да басым болады. Саяси қатынастар субъектілері дербес, қоғамда дамыған саяси мәдениетімен ұйымдасқан оппозиция қызмет етеді, ал бұл саяси мәдениет оған шиеленіс түйінін өз уақытында тарқатуға мүмкіндік беретін, жағдайдың тұрақтануы мен қоғамның әлеуметтік даму жолымен алға басуына жәрдемдесетін конструктивті саяси, экономикалық, әлеуметтік идеялар мен акцияларды ұсынуға және олардың жүзеге асуына қатысуға жағдай жасайды.
Оппозицияның міндеті — қоғамдық өмірде ең басты мәселелердің қойылуы мен шешілуіне ашық қатысу жолымен электораттың сеніміне ие болу. Қажетті демократиялық құрылымдардың болуы мемлекеттік саяси акциялардың да, сондай-ақ саяси қатынастардың әр түрлі субъектілерінің де заңдылығын толықтай қамтамасыз етеді.
Тоталитарлық мемлекеттерде мәжбүрлеу мен қорғау функциялары дамыған, ұйымдастыру функциясы барлығын қамтиды және келісімдік функциясын жоққа тән деуге болады. Сондықган тоталитарлық мемлекеттер қоғамдық өмірдің барлық салаларында толықтай ұйымдасқан бақылау жүргізетін мемлекеттік нормалар мен қағидалардың үстемдігімен, яғни қоғам өмірінің толықтай мемлекеттенуімен сипатталатын өте күшті милитарландырылған полициялық мемлекет болып саналады.
Мемлекет типтері мен ондағы қандай да бір функцияның басымдығы арасында органикалық байланыс бар. Мемлекет функциялары өз кезегінде мемлекеттік қызметтің таралу аймағын, мемлекеттік органдардың құрылымы мен биліктік өкілеттіктерін анықтайды.