Қазақстан Республикасының Парламенті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2014 в 21:12, курсовая работа

Краткое описание

Парламент – Қазақстан Республикасының заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғарғы өкілді органы. Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжіліс пен Сенаттан тұратын жалпы – мемлекеттік өкілдік мекеме. Қазақстандық Парламент – жалпыхалықтық өкілді орган, сондықтан да республиканың бүкіл жұртшылығының еркін, мүддесін, мемлекетіміздің тәуелсіздігін, ұлттардың ой-пікірлерін іс жүзіне асыруға күш-жігерін салады. Парламент өкілдік мәні ең алдымен оның Палаталарын қалыптастыру тәртібімен анықталады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсовой (2).docx

— 59.30 Кб (Скачать документ)

Орталық сайлау комиссиясының Төрағасын, Төрағаның орынбасарларын, хатшысы мен мүшелерін қызметінен босату рәсімі қызметке тағайындау рәсімімен бірдей жүргізіледі.

4. Республика Президентінің кезекті сайлауын хабарлау және оның кезектен тыс сайлауын белгілеу Мәжілістің ерекше қарауына жатады. Кезекті сайлау тамыздың бірінші жексенбісінен кешіктірілмей хабарласып, желтоқсан айының бірінші жексенбісінде бес жылда бір рет өткізіледі. Президенттің кезектен тыс сайлауы Президент қызметінен босаған немесе қызметінен көтерілген күннен кейінгі екі айлық мерзімнен кешіктірілмей өткізіледі.

5. Екі депутат Әділет  біліктілік алқасының құрамына  екі жылға жіберу Мәжілістің  ерекше қарауына жатады. Жіберу  рәсімі Мәжілістің жалпы отырысында  ашық дауыс беру арқылы жүзеге  асырылады. Депутаттар Әділет біліктілік  алқасындағы жұмысты Палата комитеттеріндегі  қызметін үзбей жүргізеді.

6. Республика Президентіне  қарсы мемлекетке опасыздық жасады  деп айып тағу Мәжілістің ерекше  қарауына жатады (56-бап ). Тағылған  айыпты тексеруді Сенат ұйымдастырады  және оның нәтижелері Сенат  депутаттары жалпы санының көпшілік  даусымен Парламент Палаталары  бірлескен отырысының қарауына  беріледі (47-бап). Мәжіліс айып таққанмен, іс жүзінде бұл мәселені түпкілікті шешпейді [ 12 ].

Мәжіліс арқылы өткен заңды Парламент қабылдайды. Мәжіліс заң жобаларын қарауға қабылдайды және қарайды. Бұл мәселені Мәжіліс Регламенті егжей-тегжейлі реттейді. Мәжілістің заң шығару қызметі депутаттарға және Үкіметке берілген заң шығару құқығын жүзеге асырудан басталады.

Заң шығару бастамасы арнайы принциптерімен ерекшеленеді.

1. Заң шығаруға бастамашы  барлық субъектілердің теңдік  принципі. Ол заң шығарушылық  қызметке жатқызылған кез келген  мәселе бойынша заң жобасын  енгізуге барлық субъектілердің  де құқылы екендігін білдіреді. Субъектілердің теңдігі заң жобаларын  оны ұсынушылардың жоғары тұратындығына  орай емес, кезектілік тәртібіне  орай қаралатындығынан көрінеді. Мұндай тәртіпті сақтамау заң  шығару бастамасы құқығын бұру болып табылады.

2. Заң шығару бастамасы  құқығын жүзеге асыруда кедергінің  болмау принципі. Субъект заң  шығару бастамасы құқығын кез  келген уақытта, ешкіммен келіспей-ақ  өз қалауымен жүзеге асыра  алады. Парламенттің заң шығарушылық  қызметін жоспарлау бұған кедергі  келтірмеуі тиіс.

3. Заң шығару бастамасы  құқығын оны иеленуші субъектілерінің  өзі жүзеге асыруы тиіс. Депутаттың  орнына ешкім де заң жобасын енгізе алмайды. Үкімет заң жобаларын тек өз атынан ғана енгізеді.

4. Заң шығару бастамасы  құқығының субъектісі енгізген  заң жобасы Палатада қабылданып, қаралады. Парламент өз шешімін  заң шығаруға бастамашы субъектісінің  еркімен байланыстырмайды. Заң жобасын  енгізу арқылы заң шығаруға  бастамашы субъектісінің құқығы  жүзеге асырылады. Заң жобасының  одан кейінгі тағдырын Парламент, оның Палаталары шешеді [ 13 ].

Заң шығару бастамасы құқығы мынадай:

а) жаңа заң жобаларын енгізу, ә) қолданылып жүрген заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу және олардың күшін жою туралы заң жобаларын ұсыну, б) заңдарды қолданысқа қосу мәселелері бойынша Парламенттің нормативтік қаулы жобаларын енгізу нысанында жүзеге асырылады.

Сенат заң жобасын тұтастай немесе жекелеген қағидаларын қабылдамай тастауға құқылы. Егер Мәжіліс Сенат ұсынған өзгерістер мен толықтыруларға депутаттардың жалпы санының көпшілік даусымен келіссе, ол Сенатқа жіберіледі. Егер Мәжіліс депутаттарының көпшілік даусымен Сенат ұсынған өзгерістер мен толықтыруларға қарсы болса, онда заң жобасы бойынша көзқарас қайшылығын еңсеру үшін Палаталар теңдік жағдайында палаталардың келісім комиссиясын құрады. Келісім комиссиясының шешімі Мәжіліс Бюросының қарауына беріледі. Егер Мәжіліс келісім комиссиясының шешімін мақұлдаса, онда заң жобасын мақұлдап, сол редакциясымен сенатқа жібереді. Егер Мәжіліс келісім комиссиясының шешімін мақұлдаса, онда заң жобасының алғашқы нұсқасы оның депутаттарының ауысуына салынады. Егер Мәжіліс депутаттарының үштен екісі алғашқы нұсқаны мақұлдаса, онда ол Сенатқа жіберіледі. Сенат оны екінші қайтара қабылдамай тастауы мүмкін. Онда Мәжіліс пен Сенатқа сол сессия кезінде ұсына алмайды, кейін мәжіліс бірінші қайтарылған кейінгі тәртіппен мәселені қарауды қайта бастайды.

Сенат қабылдаған заң Презиенттің наразылығын туғызуы мүмкін. Президент наразылығы дәлелденген болуы тиіс және ол заңды тұтастай не оның жекелеген бөліктерін пысықтау жөнінде жөнінде ұсыныс енгізе алады. Президент наразылығы алдымен Мәжілісті, содан кейін Сенатта зерделенеді. Содан соң мәселе Парламент Палаталарының бірлескен отырыстарында шешледі,

Бірқатар маңызды мәселелер әуелі Мәжілісте, сосын Сенатта қаралады. Оған мыналар жатады:

1. Мәжіліс заң жобасын  қарайды, содан кейін оны Сенат  заң ретінде қабылдайды.

2. Парламент республикалық  бюджетті және оның орындалуы  туралы есепті, бюджеттегі өзгерістер мен толықтыруларды талқылайды, мемлекеттік салықтар мен алымдарды белгілейді және қабылдамай тастайды. Бұл мәселелерді талқылау Сенат пен Мәжілістің Регламенттеріне сәйкес жүзеге асырылады. Оларды талқылау тәртібі, заң жобаларын Мәжіліс пен Сенаттан өту тәртібіне ұқсайды.

3. Қазақстан Республикасының  әкімшілік-аумақтық құрылымына байланысты  мәселелер заңға сәйкес қаралады.

4. Парламент Мәжілісі  белгіленген мерзімде мемлееттік  награда тағайындау, құрметті, әскери  және өзге де атақтарды, сыныптық  шенберді, димпломатиялық дәрежелерді  белгілеу, республика рәміздерін  анықтау туралы қаулы қабылдайды.

5. Мәжіліс белгіленген  мерзімде мемлекеттік займ туралы  және республиканың басқаларға  экономикалық және өзге де  көмек көрсету туралы мәселелерді  қарайды. Бұл мәселе Мәжілісте  заң жобаларын қарайтын тәртіппен  қаралады. Бірақ Мәжіліс Регламенті  рәсімдеудің басқа мүмкіндігін  де қарастырады.

6. Республика Парламентінің  рақымшылығын жариялау мәселесі  алдымен Мәжілісте, содан кейін  Сенатта қарау кезегімен жүзеге  асырылады. Рақымшылықты жариялау  және орындау тәртібі туралы Республика Парламенті қаулысының жобасын Мәжілісте заң шығару бастамасын құқылы субъект енгізеді.

7. Парламент Палаталардың  жеке отырыстарында әуелі Мәжілісте, содан кейін Сенатта халықаралық шарттарды бекітеді және оладың күшін жояды.

« Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары » шет мемлекеттің не халықаралық ұйымдардың Қазақстан Республикасымен жазбаша нысанда қол қойған және мұндай келісімнің бір құжатта өзара байланысты немесе бірнеше құжатта кездесетін не кездеспейтіндігіне, сондай-ақ оның нақты атауына қарамастан халықаралық құқықпен реттелетін халықаралық келісімді білдіреді.

«Бекіту» - Қазақстан Республикасының ол үшін Қазақстан Республикасы Парламентінің мемлекет атынан халықаралық шартта міндеттеме алуға келісімін білдіру тәсілі [ 14 ].

      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 Қорытынды

 

Курстық жұмысымды қортындылай келе, Парламент жоғарғы өкілді орган болып табылады, өйткені халық онда өз өкілдерін тікелей де, жанама да сайлайды және алқалы мекемеге біріккен оларға өз өкілдіктерін береді, олар оны халық атынан іске асырады. Халық атынан әрекет ете отырып, Парламент заң шығарушылық қызметті атқарады. Парламенттiң өкiлеттiгi оның бiрiншi сессиясы ашылған сәттен басталып, жаңадан сайланған Парламенттiң бiрiншi сессиясы жұмысқа кiрiскен кезден аяқталады. Өкiлеттiк Конституцияда көзделген жағдайлар мен реттерде мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы мүмкiн. Парламенттiң ұйымдастырылуы мен қызметi, оның депутаттарының құқықтық жағдайы конституциялық заңмен белгiленедi. ҚР Парламент құрылымы тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн екi палатадан: жоғарғы палата — Сенат және төменгі палата Мәжiлiстен тұрады.

Сенат - конституциялық заңда белгіленген тәртіппен әр обылыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астансынан екі адамнан өкілдік ететін депутаттардан құралады. Сенаттың сайланатын депутаттарының жартысы әрбір үш жылда қайта сайланады. Сенатта қоғамның ұлттық-мәдени және өзге де елеулі мүдделерінің білдірілуін қамтамасыз ету қажеттілігі ескеріліп, Сенаттың он бес депутатын Республика Президенті тағайындайды.

Мәжіліс - конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайланатын жүз жеті депутаттан тұрады. Мәжілістің тоқсан сегіз депутаты саяси партиялардан партиялық тізімдер бойынша бірыңғай жалпы ұлттық сайлау округінен жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайланады. Мәжілістің тоғыз депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды.

Парламент заң шығарушы орган ретінде сипатталады, Парламенттің заң шығарушылық қызметі арқылы құқық тәртібін заңды тану негізі ретінде халықтық егемендік принципі іске асырылады. Соның нәтижесінде Парламент ел өмірін заңды түрде реттейді және құқықтық мемлекет құруға ықпал жасайды.

Қазақстан Республикасы Парламенті Республикасының заң шығарушылық қызметін атқаратын, ең жоғарғы өкілді органы болып табылады. Міне осылайша Конституция бойынша Парламент өкілеттілікке халық тарапынан ие болады және конституциялық өкілеттілігі шеңберінде халық атынан сөйлей алады (ҚР-сы Конституциясы, 3-бап). Заң шығарушы орган бола отырып, Республика Парламенті атқарушы билікке қатысты бірқатар бақылаушылық қызметін де жүргізе алады.  
Бақылаудың бұл түрін біз негізінен Республика бюджетін бекітуінен және оның орындалуын қадағалаудан және Үкіметке сенімсіздік білдіруден терең көрінеді. Аталған бақылау қызметтері еліміздің Конституциясында бекітілген. Парламентті заң шығару қызметін жүзеге асыратын орган деп тану, Қазақстан Республикасының барлық заңдары парламенттің қарауынан өтіп, қолдауын табуы керек дегенді білдіреді. Дегенмен Парламеттің Қазақстан Республикасындағы заң шығарушы бірден-бір орган емес  екенін айта кету керек. Мұндай өкілеттіктер Президетте де, Қазақстан халқында да бар.

Парламент – заң шығару функциясын жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкiлдi органы. Қазақстан Республикасының мемлекеттік өкілдік мекемесі. Қазақстан Республикасының Парламенті әлі жас. Ол ұлттық заң шығару жүйесін қалыптастыруға белсенді қатысуда. Оның жұмысындағы кемшіліктер уақыт өте келе, түйсініліп, жойылады деуге болады.    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебтеттер

 

1 Қазақстан Республикасының Конституциясы. 1995 жыл.

2 Сапарғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы. Алматы: Жеті жарғы, 2004.

3 Л. Т. Шарифьянова мемлекет және құқық теориясы, 2011 ж.

4 ҚР Қылмыстық кодексі. 1997 ж.

5 Қазақстан Республикасы конституциялық заңы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігі туралы ». Жаршы. 1991.№51

6 Қазақстан Республикасы конституциялық заңы «Қазақстан Республикасы 1999 жылғы 6 мамырдағы өзгерістері мен толықтыруларымен қоса// Парламент Жаршысы; 1999.№5

7 Ибраева А.С., Сапарғалиев  Ғ.С. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы,1998.

8 ҚР Президентінің 1998 жылғы 27 қарашадағы 4156 жарлығымен бекітілген ҚР Республикасындағы Қарулы Күштерінің Ішкі қызмет жарғысының 41-бабы.

9  ҚР Азаматтық Кодексі, 27 желтоқсан 1994 жыл.

10 Қазақстан Республикасының заңы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы » 23 қаңтар 2001 жыл// Парламент Жаршысы, 2001.№1.

11 Ашитов З.О., Ашитов Б.З. Қазақстан Республикасының құқық негіздері. – Алматы: Жеті жарғы, 2003.

12 ҚР Қылмыстық құқығы Ерекше бөлім. 2-бөлім. Алматы. Баспа, 2002.

13 Амандықова С.Қ. ҚР – ның конституциялық құқығы.

14 Жоламан Қ.Д., Мұқтарова А.К., Тәуекелова А.Н. Мемлекет және құқық теорисы. Алматы, 2010.

 

 


Информация о работе Қазақстан Республикасының Парламенті