Қазақстан Республикасының Парламенті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2014 в 21:12, курсовая работа

Краткое описание

Парламент – Қазақстан Республикасының заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғарғы өкілді органы. Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжіліс пен Сенаттан тұратын жалпы – мемлекеттік өкілдік мекеме. Қазақстандық Парламент – жалпыхалықтық өкілді орган, сондықтан да республиканың бүкіл жұртшылығының еркін, мүддесін, мемлекетіміздің тәуелсіздігін, ұлттардың ой-пікірлерін іс жүзіне асыруға күш-жігерін салады. Парламент өкілдік мәні ең алдымен оның Палаталарын қалыптастыру тәртібімен анықталады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсовой (2).docx

— 59.30 Кб (Скачать документ)

Парламент Палаталары төрағаларының құқықтық жауапкершілігі. Қазақстан Республикасының Конституциясында, сондай-ақ «ҚР-ның Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы » Конституциялық заңда, Мәжіліс пен Сенаттың регламенттерінде көзделген. Бұл жерде тек Палаталар төрағаларының олар қол қоятын келісімдер үшін жауапкершілігін атап өтейік. Қазақстан Республикасының Конституциясының 45-бабының  3-тармағында Республика Президенті қол қоятын Парламент актілері сондай-ақ Үкімет бастамасымен шығарылатын Президенттің актілері тиісінше осы актілердің заңдылығы үшін заңды жауапкершілік жүктелетін Парламенттің әр Палатасының төрағаларының не Премьер-Министрдің алдын-ала қолдары қойылып тиянақталады. Конституцияның 45-бабынның 3-тармағында сөз Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізілуі туралы Заңның заңдылығы туралы болып отырған жоқ. Айтылғаннан кем дегенде екі қорытынды шығаруға болады: 1) Конституцияның 45-бабының 3-тармағындағы « заңдылық » конституциялық заңдылық мағынасында да,  сондай-ақ әдеттегі заңдылық мағынасында да түсініледі; 2) Парламент Палаталарының төрағалары тек конституциялық және әдеттегі заңдардың заңдылығы үшін заңи жауапкершілік көтере алады. Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заң Парламент Палаталары төрағаларының қолтаңбаларымен бекітілетін болғанымен, ол үшін олар жауапкершілік көтермейді, өйткені осыңдай заңға заңдылыққа сәйкестік туралы талап қоюға болмайды.

Парламенттің құқықтық жауапкершілігі. Жалпы Парламенттің құқықтық жауапкершілігі туралы айтуға бола ма? Әрине, бүкіл Парламенттің құқықтық жауакершілігі туралы айтқан дұрыс емес, өйткені бүкіл Парламентке қатысты қандай да бір құқықтық сипаттағы шаралар қолдану қиын. Солай болғанымен, бүкіл депутаттар корпусының Парламенттің өз функцияларын сапалы жүзеге асыруы үшін перспективадағы жауапкершлігі туралы айту керек. Бұл, атап айтқанда, депутаттардың заңдарды әзірлеуге, талқылауға, қабылдауға заң шығару техникасын бұлжытпай сақтай отырып жауапты, кәсіпқойлық қарауы. Парламенттің жұмысында жаңсақтықтар, кемшіліктер аз емес. Міне, оған екі мысал. Мәжілістің қарастыруына келіп түсетін заң жобасы тиісті сараптамадан өтуге тиіс. Бұл нормативтік құқықтық келісімдер туралы заңның талабы. Бірақ депутаттар бірде-бір дерлік заң жобасының сараптамадан өйтпейтінін біледі. Бұның әртүрлі себептері бар: біресе ақша жоқ, біресе уақыт жоқ және т.б. [ 2 ].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    1. Парламенттің құзіреті

 
   2.1. Парламенттің құзіреті және оны жүзеге асырудың нысандары.

 

Парламенттiң Сенат пен Мәжiлiстiң бiрлескен және бөлек отырыстарындағы құзыретiн, Палаталардың ерекше құзыретiн Республика Конституциясы белгiлейдi және Парламенттiң сессияларында, Парламент Палаталарының, оның органдары мен депутаттардың қызметiнде жүзеге асырылады.

Парламентің құзыреті Қазақстан Республикасының Конституциясымен белгіленеді және оның сессияларында, Палаталардың , органдарының және депутаттарының  қызметімен іске асырылады.

Конституция Парламентке заң шығарушы өкілеттіктер берген. Конституцияның 53-бабына сәйкес Парламент Палаталардың бірлескен отырысында:

  • Қазақстан Республикасы Президенттің ұсынысы бойынша Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізеді;
  • конституциялық заңдар қабылдайды, оларға өзгертулер мен толықтырулар енгізіледі;
  • Республика Президентінің қарсылығын туғызған заңдар немесе заң баптары бойынша қайталап талқылау мен дауысқа салуды өткізеді;
  • Президентке әр Палата депутаттары жалпы санының үштен екісінің дауысымен бір жылдан аспайтын мерзімге заң шығару өкілеттігін береді.

Парламенттің заң шығарушылық қызметі тек бірлескен отырыстарда ғана емес, сондай-ақ Палаталардың бөлек отырыстарында да, алдымен Мәжілісте, содан кейін Сенатта талқылаудан өтіп, Парламентке заңды қабылдау жолымен іске асырылады.

Қазақстан Республикасының Конституциясы Парламент қызметінің белгілі бір нысанын белгілейді. Бұл қызметтің құқықтық өрісі Конституцияның 61-бабының 1-тармағында жан-жақты баяндалған. Соған сәйкес, Парламент аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін төмендегідей негізгі мәселелер бойынша заңдар шығару құрылымы:

  1. Жеке және заңды тұлғалардың құқық субъектілігіне, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына, жеке және заңды тұлғалардың міндеттемелері мен жауапкершілігіне;
  2. Меншік режиміне және өзге де мүліктік құқықтарға;
  3. Мемлекеттік органдар және басқа да жергілікті өзін-өзі басқару органдарын ұйымдастыру мен олардың қызметінің , мемлекеттік және әскери қызметтің негіздеріне;
  4. Салық салуға, алымдар мен басқа да міндетті төлемдерді белгілеуге;
  5. Республикалық бюджетке ;
  6. Сот құрылысы мен сотта іс жүргізу мәсселелеріне;
  7. Білім беру, денсаулық сақтауға және әлеуметтік қамтамасыздандыруға;
  8. Кәсіпорындар мен олардың мүлкін жекешелендіруге;
  9. Айналадағы ортаны қорғауға;
  10. Республиканың әкімшілік-аумақтық құрылысына;
  11. Мемлекет қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты негізгі принциптер мен нормаларды белгілейтін заңдар.

Парламент өкілеттігінің келесі бір кезеңі Республиккалық бюджетті бекіту және басқада қаржылық өкілеттіктер болып табылады. Республикалық бюджет Палаталардың бөлек отырыстарында, алдымен Мәжілісте, содан кейін Сенатта талқылаудан өтеді. Одан әрі Парламент Палаталарының бірлескен отырысында республикалық бюджетті, сондай-ақ Үкіметтің және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің есептерін бекітеді. Сондай-ак Республика бюджетіне өзгертулер мен толықтырулар енгізеді. Сонымен қатар әрбір Палата Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің үш мүшесін бес жыл мерзімге қызметке тағайындайды [ 10 ].

Парламент Палаталардың бөлек отырыстарында мәселелерді алдымен Мәжілісте, содан кейін Сенатта кезегімен қарау арқылы:

  • мемлекеттік салықтар мен алымдарды белгілейді және оларды алып тастайды;
  • мемлекеттік заңдар мен Республиканың экономикалық және басқа да көмек көрсетуі туралы мәселелерді шешеді.

Үкімет қызметіне бақылау жасау Парламенттің маңызды бір өкілеттігіне жатады. Ол мынадай жағдайларда көрінеді:

  1. Республиканың Премьер-Министрін, Республиканың Ұлттық Банкінің Төрағасын Президенттің тағайындауына келісім береді;
  2. Премьер- Министрдің Үкімет бағдарламасы туралы баяндамасын тыңдайды, бағдарламаны мақұлдайды немесе қабылдамай тастайды;
  3. Үкіметке сенімсіздік білдіреді.

Бақылау жасау өкілеттігі сондай-ақ Сенатта да бар. Ол Республиканың Бас Прокурорын және Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің Төрағасын Президенттің тағайындауына келісім береді.

Әрбір Палата дербес, депутаттардың жалпы санының кемінде үштен бірінің бастамасы бойынша Республика Үкіметі мүшелерінің өз қызметі мәселелері жөніндегі есептерін тыңдауға хақылы. Сондай-ақ Үкімет мүшесі Республика заңдарын орындамаған жағдайда Палаталар депутаттары жалпы санының үштен екісінің көпшілік дауысымен оны қызметтен босату туралы Республика Президентіне жүгінуге хақылы.

Аталған Парламенттік бақылау жасау өкілеттігі Қазақстан Республикасының Конституциясы 57-бабының 6-тармағына енгізілген түзетулермен күшейтілді. Енді егер Республика Президенті мұндай өтінішті қабылдамай тастаса, онда депутаттар Палата депутаттары жалпы санының кемінде үштен екісінің көпшілік даусымен алғашқы өтініш берілген күннен бастап алты ай өткеннен кейін Республика Президентінің алдына Үкімет мүшесін қызметінен босату туралы мәселені қайта қоюға хақылы. Мұндай жағдайда Президент Үкімет мүшесін қызметінен босатуға міндетті.

Мемлекеттік құрылыс саласындағы Парламент құзыреті:

  • Соғыс және бітім мәселелерін шешеді;
  • Республикалық референдум тағайындау туралы бастама көтереді;
  • Республика Конституциялық Кенесінің Республикадағы Конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы жыл сайынғы жолдауын тыңдайды;
  • Республиканың әкімшілік-аумақтық құрылысы мәселелерін шешу тәртібін белгілейді;
  • Жергілікті өкілді органдардың қызметін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені шешеді;
  • Президенттің кезекті сайлауын тағайындайды және т.б.

Парламент биліктің соттық тармағына қатысты өкілеттіктерге ие:

  • Парламент Сенаты Қазақстан Республикасының Президентінің ұсынуымен Республика Жоғарғы Сотының Төрағасын, Жоғарғы Сот Алқаларының төрағаларын және судьяларын сайлайды және қызметтен босатады, олардың анттарын қабылдайды;
  • Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот Кенесінің құрамына екі депутатты жібереді.

Парламент Мәжілісі Әділет биліктік алқасының екі депутатты жібереді [ 6 ].

 

2.2 Парламент  Мәжілісі мен Сенатының құзіреті

 

Сенат әр обылыстан, Республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан, тиісінше облыстың, барлық өкілді органдары депутаттарының бірлескен отырысында сайланатын депутаттардан құралады. Сенаттың жеті депутатын Сенат өкілеттігі мерзіміне Республиканың Президенті тағайындайды. Сенат депутаттары жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру жолымен сайланады. Қазақстан Республикасының кемінде бес жыл азаматтығында болған жасы отызға толған, жоғары білімі және кемінде бес жыл жұмыс стажы бар, тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың не Республика астанасының аумағында кемінде үш жылдан тұрақты тұрған азаматы алты жыл өкілеттік мерзімге Сенат депутаттары бола алады. Демек, Сенаттың кейбір депутаттарын Елбасшысы тағайындаса, қалғандары халықтың сайлауы арқылы топтастырылады. Сөйтіп, Республиканың әрбір өңірінен келген, солардың мүддесін көздейтін, әр ұлттардың өкілді азаматтары жоғарғы палатаның құрамын қамтиды.

Мәжіліс – Парламенттің ең төменгі палатасы. Ол жетпіс жеті депутаттан тұрады. Алпыс жеті депутат республиканың әкімшілік-аумақтық бөлінісі ескеріле отырып құрылатын және шамамен сйлаушылардың саны тең бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланады. Он депутат бара-бар өкілдік жүйесі бойынша және біртұтас жалпыұлттық сайлау округінің аумағы бойынша партиялық тізімдер негізінде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Республиканың жасы жиырма беске толған азаматы бес жыл өкілеттік мерзімге Мәжіліс депутаты бола алады.

Мәжіліс депутаттарын жалпыхалықтық болып сайлануының өзі өкілдік табиғатының сырын ашумен бірге, ол өз қызметінде  әр алуан саяси көзқарастарды, әртүрлі әлеуметтік топтардың аумақтық тұрғындардың мүдделерін, идеологиялық және саяси плюрализмді қамтамасыз етуді көздейді [ 11 ].

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің құзыреті құрамы екі бөліктен: 1) Мәжілістің ерекше қарауына жататын өкілеттік, 2) кезегімен қарау арқылы әуелі Мәжілісте, содан кеін Сенатта жүзеге асырылатын өкілеттік.

Парламент мәжілісінің ерекше қарауына Конституция мынадай мәселелерді жатқызады.

1. Заң жобаларын қарауға  қабылдау және қарау. Конституцияның  осы қағидасы (53-бап, 1-тармақ) пен  Конституцияның Парламент Палаталарының  бөлек отырыстарында мәселелерді  әуелі Мәжілісте, ал содан кейін  Сенатта өз кезегімен қарау  арқылы заң қабылдайды делінетін 54-бабының арасында қайшылық бар  сияқты көрінуі мүмкін. Аталған  жағдайда қайшылықтан гөрі, заң техникасы орын алған.

Іс жүзінде Конституцияның 56-бабында заң шығарушы заң жобасы тек Мәжіліске берілуі мүмкін, оны тек Мәжіліс қана қарауға құқылы деп айтқысы келген. Бұл ой логикалық жағынан Конституцияның 54-бабынан туындайды. Онда заң туралы мәселе алдымен Мәжілісте, содан соң Сенатта қаралады деп анық айтылған. Демек, заңды қабылдау емес, заң жобаларын қарауға қабылдау және қарау Мәжілістің ерекше қарауына жатады. Мәжілісте қабылданған заң, әлі қабылданған заң деп есептелмейді.

2. Республика Парламент  қабылдаған заңға Президенттің  наразылығы бойынша ұсыныстар  әзірлеу Мәжілістің ерекше қарауына  жатады. Мәжіліс комитеттері Президент  наразылығын зерделейді және  өзінің қорытындысын Мәжілістің  қарауына береді. Қорытынды Президент  өкілінің қатысуымен әзірленеді. Мәжіліс қорытындыны, Президенттің  наразылығы мен заңның өзін  қарайды және шешім шығарады. Аталған мәселе бойынша Мәжіліс  депутаттарының жалпы санының  төрттен үшінің көпшілік даусымен қабылданған Мәжіліс шешімі, сондай-ақ бұрын да айтылғандай палаталардың бірлескен отырыстарының қарауына беріледі.

Іс жүзінде аталған мәселені қарау да Мәжілістің ерекше қарауына жатпайды, өйткені ол қос Палатаның бірлескен отырысында ғана түпклікті шешіледі.

3. Президенттің ұсынысы бойынша Республиканың Орталық сайлау комиссиясының Төрағасын, оның орынбасарларын, хатшысы мен мүшелерін қызметке сайлау және қызметінен босату Мәжілістің ерекше қарауына жатады.

Президент аталған тұлғалар бойынша Парламентке жазбаша ұсыныс енгізеді. Ол комитеттерде қаралып, олар Мәжіліске өз қорытындыларын береді. Мәжілісте Президент немесе ол уәкілдік берген лауазымды тұлға әр кандидатты жеке-жеке ұсынып, сөз сөйлейді. Ұсынылған кандидаттар бойынша талқылау мен дауыс беру әр кандидатқа жеке-жеке жүргізіледі. Мәжіліс депутаттарының жалпы санының жартысынан астамының дауысын жинаған кандидат сайланған болып есептеледі. Жоғарыда аталған лауазымға ұсынылған кандидат өтпей қалса Президент Палатаға жаңа кандидат ұсынады.

Информация о работе Қазақстан Республикасының Парламенті