Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Октября 2013 в 16:02, курсовая работа
Азаматтық құқықта құқықтық қатынастарды реттеу үшін азаматтық- құқықтық жауапкершілік қолданылады. Міндеттеме талаптарына сәйкес жауапкершілікке тарту құқық бұзушылықты қалпына келтірудің тиімді жолы болып табылады. Азаматтық құқықта жауапгершілік заңға және шартқа сәйкес жүзеге асырылады. Құқық бұзушылық заң талабынан ауытқуы жауапгершілікке әкеліп соғады.
Кіріспе. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .3
І тарау. Азаматтық-құқықтық жауапкершілік түсінігі және нысандары
1.1. Азаматтық- құқықтық жауапкершілігінің түсінігі. . . . . . . . . . . . . . . . ...5
1.2. Азаматтық- құқықтық жауапкершілігінің түсінігі туралы пікірлер....16
1.3 Азамматтық-құқықтық жауапкершіліктің түрі және нысандары . .. .. .21
1.4 Жауапкершілік түрлері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . 28
1.5 Құқық бұзушылықтың басқа түрлері үшін жауапкершілік. . . ............36
ІІ тарау. Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің шарты және негіздері
2.1 Құқыққа қарсы мінез. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . . . . . . .40
2.2 Себепті байланыс. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .42
2.3 Кінә. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . . . 46
2.4 Зиян. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .54
2.5 Тұтынушылардың құқығын қорғау құралы. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .....55
Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . . . . . 57
Библиографиялық тізім.............. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 59
Азаматтық заңдылыққа сәйкес міндеттемені орындауға байланысты талаптар тек қана заңмен шектелмейді, сонымен бірге іскерлік айналымдағы басқа нормативті актілерден немесе міндеттеменің пайда болуымен туындайтын негіздерде құрылады. Сондықтан борышқордың құқыққа қарсы мінезінің белгісі ретінде міндеттеменің құрылуындағы кейбір негіздер болуы мүмкін. Әкімшілік актідегі туындаған міндеттемедегі құқыққа қарсы мінез болып, осы әкімшілікактімен борышқордың іс-әрекетінің сәйкес келмеуі жатады. Егер міндеттеме шарттан туындаса, онда борышқордың шарт талабын бұзуы құқыққақарсы мінез болып табылады. Егер бір жақты мәмілеге байланысты болса, борышқордың құқыққа қарсы мінезіретінде бір жақты мәміленің талабын бұзуы танылады.
Құқыққа қарсы мінез құқыққа қарсы іс-әрекет немесе құқыққа қарсы әрекетсіздік түрінде де болуы мүмкін. Егер заңмен немесе нормативті құқықтың актімен тиым салынған немесе заңға немесе басқа нормативті актіге, шартқа бір жақты мәмілеге немесе міндеттеме талабының негізіне қайшы келетін борышқордың іс-әрекеті құқыққа қарсы сипатқа ие болады. Сонымен азаматтық кодекстің 273-бабы осының дәлелі: Заңдарда немесе шартта көзделгеннен басқа реттерде міндеттемені орындаудан біржақты бас тартуға және оның шарттарын бір жақты өзгертуге жол берілмейді.
Азаматтық заңдылық негізіне сәйкес бір тараптың басқа бір тараптың есебіне мүлкін негізсіз сақтауға тікелей тиым салынады. Алайда осы ережеде негізсіз сақтау құқыққа қарсы болып табылады.Шартпен белгіленген сапаға сай келмейтін тауарды сатып алушыға берудегі сатушының әрекеті құқыққа қарсы саналады.
Егер тиісті жағдайларда тарапқа юридистикалық міндеттеме жүктеліп, бірақ ол орындалмаса, онда әрекетсіз құқыққа қарсы деп танылады. Шартпен бекітілген жағдайларға сәйкес міндеттеме туындауы мүмкін. Тасымалдау шартымен бекітілген тауарды жеткізбеген тасымалдаушының әрекетсіздігі құқыққақарсы болып табылады. Міндеттеме тараптың қызметтік міндетінен де туындау мүмкін. Мысалы, құтқару станциясының қызметкерлері суға батып бара жатқан адамды құтқару үшін барлық қажетті және мүмкін болатын шаралардың барлығымен қолдануы тиіс. Осы міндетті орындамау оның құқыққа қарсы мінезін көрсетеді. Жағада демалып жатқан азаматтардың әрекетсіздігі құқыққа қарсы сипат алмайды, оларға тек суға батушыны құтқару рухани міндеттеме жүктеледі. Белгілі бір міндеттемені орындаудағы іс-әрекет заң шеңберімен шығуы мүмкін. Азаматтық кодекстің 188-бабымен үшінші бөлігінде былай делінген: «Меншік иесі өзіне тиесілі мүлікке қатысты өз қалауы бойынша кез-келген әрекеттер жасауға, соның ішінде бұл мүлікті басқа адамдардың меншігіне беріп, иелігінен шығаруға, өзі меншік иесі болып қала отырып, оларға мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету жөніндегі өз өкілеттілігін тапсыруға, мүлікті кепілге беруге және оған басқа да әдістермен ауыртпалық түсіруге, оларға өзгеше түрде билік етуге құқылы». Жоғалған мүлікті тауып алған тарап егесіне қайтару немесе жоғалтушы азаматқа қайтаруы тиіс.
2.2. Себепті байланыс
Азаматтық Кодекс талаптарында көзделгендей өтелуге тек қана борышқордың құқыққа қарсы мінезімен келтірілген шығындар жатады. Бұл борышқордың құқыққа қарсы мінезі және несие берушіге келтірілген шығынның арасындағы себепті байланысты көрсетеді. Көп жағдайларда міндеттеме бұзылған кездегі себепті байланыстың бар болуы немесе жоқ болуы қиындық туғызбайды. Ал кейбір жағдайларда себепті байланысты анықтау қиындықтар туғызуы мүмкін. Мысалы, шофер өз машинасын он үш жасар жасөсмпірімге дұрыс айдай білмегендігі себепті тыйым салынған белгіге қарамастан өтіп кетіпті. Колхоздың төрағалық етушісі қызмет бабын пайдаланып оқушыларды жүк машинасында өзінің ауласындағы жұмысқа жіберді. Жүргізуші жол ережесін бұзуы салдарынан бірнеше оқушы жарақат алды. Дәрігердің сілтеуімен мейірбике нәрестенің көзіне дәрі тамызғандықтан ол толығымен көру қабылетінен айырылды. Анықталғандай дәрігердің мейірбике қателесіп кетіп, басқа дәріні тамызған. Көрсетілген мысалдардан кімнің іс-әрекеті құқыққа қарсы нәтиже себеп болғандығын нақты анықтау қиын.
Осындай жағдайларда себепті байланыстың дамыған ғылыми-теорияларын басшылыққа алуымыз керек. Теорияда және практикада себепті байланыс тікелей және жанама теориясын ұсынады. Бұл теория жалпы философиялық себепті оқытудағы екі негізгі жағдайда сүйенеді. Біріншіден, себептілік құбылыс арқылы объективті байланысты көрсетеді және ол біздің санамыздан тыс өмір сүреді. Сонымен қатар құқық бұзушының зиянды нәтижені көре білуі себепті байланыс туралы сұрақты шешуге көмектеспейді. Шығынның болатынын алдын-ала сезе білу субъективті сипатқа ие және себепті байланысты анықтауға көмектеседі. Екіншіден, себеп және салдар тек қана белгілі оқиғаларға қолдануда маңызы артады. Себеп және салдар ұқсас болғандықтан әрдайым орын ауыстырып отырады және біз оны материалдық өмірдің қарым-қатынас тізбегімен байланыстырамыз.
Жоғарыда көрсетілген мысалдар дәрігердің сілтемесінен істелген мейірбике әрекеті салдар туғызады және сонымен қатар нәрестенің көру қабілетін жоғалтуға себеп болады. Егер қаралып жатқан іске тереңірек үңілсек, онда дәрігердің себепті әрекеті бөлім басқарушысының бұйрығынан туындайды. Сондықтан жауапкершілік туралы мәселені шешу кезінде болған оқиға жағдайларынан алысқа кету дұрыс емес. Тікелей себептің пайда болуымен шектелу қажет, яғни зиянның туындауына жақын қатынастар есепке алынады.
Тараптың құқыққа қарсы мінезі зиянның себебі болып тек қана ол осы зиянмен тікелей байланысқан болса ғана пайда болады. Тараптың құқыққа қарсы мінезі мен зиянының арасындағы жанама себепті байланыс болып, ол нақты оқиғаның шегінен ауытқып және юридистикалық себеп байланыстың маңызына ие бола алмайды. Сонымен қатар іс-әрекеттің жасалуына басқа факторлардың әсері тиюі мүмкін.
Алайда бұл факторлардың қайсысы болсын юридистикалық жауапкершілік мағынасына ие бола алмайды және сондықтан тараптың құқыққа қарсы мінезі мен зиянының арасындағы жанама себепті байланыс болып табылмайды. Ал басқалары - юридистикалық жауапкершілікке әсер етеді және сондықтан тараптың құқыққа қарсы мінезі мен болған нәтиженің арасындағы байланысты көрсетеді жасөспірімдердің келтірген зияны үшін бермейді және әрекет қабілетсіз деп таниды. Ал ата-аналар құқыққа сыйымсыз мінезі үшін жауап береді (тиісті қадағалау жасамағаны немесе тәрбиелемегені) және болған зиянының арасында юридистикалық жауапкершілікке тартуға жеткілікті тікелей себепті байланыс пайда болады. Керісінше балық аулаумен шұғылданатын колхоз мүшесінің броконьерлерге ауды сатуды және броконьерлер заңсыз балық аулау арқылы балық ресурстарына зиян келтірсе, броконьерлердің құқыққа қарсы іс-әрекетін көрсетеді және бұл жерде тек қана жанама себепті байланыс бар.
Сондықтан тараптың құқыққа қарсы мінезімен және зиян арасында азаматтық – құқықтық жауапкершілік маңызы бар жағдайлар болмаса тікелей себепті байланыс орын алады. Егер құқыққа қарсы мінез және зиян арасында жауапкершілік туралы сұрақты шешуде азаматтық заңды маңызы бар жағдайлар болса, онда жанама себепті байланысты көрсетеді. Жоғарғыдағы мысалға сәйкес жасөспірімнің әрекет қабілетінің жоқ болуымен байланысты 13 жасар жасөспірімді азаматтық құқықтық жауапкершілікке тартудың маңызы жоқ.
Сондықтан бұл мысалдар - шофер құқыққа қарсы мінезі мен жол ережесінің бұзылуы тікелей себепті байланысты көрсетеді.
Күнделікті өмірде бірнеше тараптық іс-әрекеті (әрекетсіздігі) нәтижесінде зиянның пайда болуы жиі кездеседі. Бұндай жағдайларда тікелей нәтижемен байланысқан барлық құқыққа қарсы әрекеттері егер оларды жеке ерекшеліктеріне байланысты себеп ретінде қарастыру керек. Тікелей және жанама себепті байланысты шектеу қажеттігі тек қана теориялық шарттардан шығып қана қоймай, сонымен бірге тәжірибенің өзімен тұжырымдалады. Бұл теория тәжірибеде оңай қолданылады. Ол сот тәжірибесімен кездейсоқ туындаған жоқ.
Әдебиеттерде сонымен қатар себепті байланысты басқа да теориялары кеңінен таралады. Қажетті шартта теориясына қатысты құқыққа қарсы нәтиженің себебі ретінде болмауы мүмкін кез-келген жағдайлар болуы мүмкін. Бұл теорияның өкілдері субъективті белгілерінің көмегімен ссебеп - салдар байланысының тізбегін шектеуге тырысады. Қарастырылып жатқан теорияның себебінің байланысындағы юридистикалық маңызы кінәға және құқыққа қарсылыққа тәуелді. Егер қылмыстық құқықта қылмыстық жауапкершілікке тарту өзінің тәжірибесінде бұл теория көпшілігінде теоретикалық маңызға ие.
Басқа теорияларда кінәсі және себепті байланыс жабық сипатта болады. Мүмкіндік және шындық теориясына қатысты, бір фактілерге құқыққа қарсы нәтижеге мүмкіндік туғызса, ал екіншілері - осы мүмкіндіктерді әрқашан да құқыққа қарсы нәтижемен себепті байланыста болады. Құқыққа қарсы нәтижеге мүмкіндік туғызушы фактілер көрсетілген нәтижеге қарағанда юридистикалық маңызы болуы немесе болмауы мүмкін. Егер тараптың іс-әрекетінен нақты мүмкіндіктің себепті байланысты болса, онда жауапкершілікке тартуға жеткілікті. Ал егер тараптың іс-әрекетінде құқыққа қарсы нәтиженің абстрактілі мүмкіндігі болса, онда себепті байланыстың юридистикалық маңызының аз болуына айланысты жауапкершілікке тартуға болмайды. Нақты мүмкіндік ретінде жағдайлардың объективті қайталануын шындыққа айналдырушы мүмкіндік танылады. Абстьрактілі мүмкіндікте берілген жағдайлар объективті қайталанбайды. Егер объективті қайталанатын жағдайларда сәйкес мүмкіндік шындыққа айналса, онда осындай мүмкіндік туғызушы құқыққа қарсы нәтижені көре білуі тиіс. Және керсінше егер мүмкіндік объективті жағдайлардың қайталанбауынан керісінше егер мүмкіндік объективті жағдайлардың қайталанбауынан шындыққа айналса, онда осындай жағдайлардың объективті қайталанбайтындығы себепті мүмкіндік туғызушы құқыққа қарсы нәтижені көре алмайды. Бұл сондықтан теорияның себепті байланысының юридистикалық маңызды кінә секілді жауапкершіліктің субъективті жағдайларына тәуелді.
Осындай кемшілік себепті байланыстың қажетті және кездейсоқтық теорияларында бар. Бұл теорияның авторларының пікірінше жауапкершілік болуы үшін құқыққа қарсы мінез және нәтиже арасында қажетті себепті байланыс болуы тиіс. Кездейсоқ себепті байланыс нәтиженің туындауымен байланысты жауапкершілікке тартуға негіз бола алмайды. Осы тоериядан себепті байланыстың юридистикалық маңызы құқыққа қарсы нәтижемен кінәсі үшін жауапкершілік шектелгендігін байқауға болады. Егер тараптың әрекеті және пайда болған нәтиже арасында қажетті себепті байланыс болса, онда осы нәтижені алдын ала көруге болады және білуі тиіс. Егер тараптың әрекеті және құқыққа сыйымсыз нәтиже арасында кездейсоқ сипат алса онда осындай нәтижені көре білуі мүмкін емес. Сондықтан көре білуге қол жетпейтін құқыққа қарсы нәтижемен қарастырып отырған теориядағы себепті байланыстың юридистикалық маңызы бар.
2.3. Кінә
Азаматтық құқықтық жауапкершілік шаралары тек-қана талапкердің мүліктік қанағаттандыруына бағытталып қоймай, сонымен бірге азаматтық құқық бұзушылықтың алдын алуға арналған. Азаматтық-құқықтық жауапкершілік белгілі бір превентивтік қызметін атқарады. Сондықтан азаматтық айналымның қатысушылары жауапкершілікке тартылмас үшін өзінің іс-әрекетімен басқа тараптың заңмен қорғалатын құқығын бұзбауға тырысады. Алайда жауапкершілікке тартудың артылуы қатардағы азаматтық айналымға қатысушылардың инициативасын төмендетеді. Осындай жағдайлардан арылу үшін азаматтық айналымға қатысушыларға өздерінің іс-әрекетінің нәтижесін алдын-ала көре алмауына байланысты жауапкершілікке тартылмайды. Осындай сенімділік егер азаматтық-құқықтық жауапкершілік кінәлі құқықы бұзушылық үшін қолданған кезде пайда болады. Азаматтық кодекстің 359-бабының 1-ші бөлігі осыны көрсетеді: «Борышқор кінәлі болған кезде егер заңдарда немесе шартта өзгеше көзделмесе, міндеттемені орындамағаны және тиісті дәрежеде орындалмағаны үшін жауап береді. Егер борышқор міндеттемені тиісті дәрежеде орындау үшін өзіне байланысты шаралардың барлығын қолданғанын дәлелдесе, ол кінәсіз деп танылады». Сондықтан жалпы ережеге сәйкес азаматтық құқықта жауапкершілік кінәсіне байланысты құрылады.
Құқыққа қарсы мінез және себепті байланысқа қарағанда азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің субъективті шарты болып табылады. Осы тараптың құқыққа қарсы мінездегі психикиялық қатынасын анықтайды. Кінәнің осы түсінігі теңдей заңды тұлғаларға және азаматтарға қолданылады. Заңды тұлғалардың кінәсі көрінбеуі мүмкін, өйткені оның қызметін міндеттемеге байланысты қызметкерлері атқарады. Мысалы, жұмыс күшінің немесе құралдың жетіспеуіне орай өнімді жеткізуде мерзімді өткізіп жіберсе, осы кемшіліктерді жоюға тиісті шаралар қолданбағаны үшін үшін коммерциялық ұйымның жетекшісі кінәлі іс-әрекетінен көрініс табуы мүмкін. Мысалы, қызметкердің өнімді дайындаудағы кемшіліктері.
Сонымен қатар әдебиеттерде берілген сұраққа басқа да тұжырымдар айтылады. Заңды тұлғаның кінәсі оның жеке қызметкерлерінің кінәсімен емес, сонымен бірге бүкіл ұжымның бүтіндей кінәсін көрсетеді.
Кінә қасақаналық және абайсыздық түрімен ажыратылады. Өз кезегінде абайсыздық ауыр және жеңіл түрінде кездеседі. Азаматтық – құқықтық жауапкершіліктің субъективті шарты ретінде кінә адамның санасында болатын психикалық процестермен байланысқан. Алайда қоғамның өзіндік дамуына орай жауапкершілік туралы сұрақты шешу кезінде құқық бұзылғандағы адамның санасында болатын психикалық процестерді зерттей аламыз. Осы ішкі процестер туралы тек қана адамның мінезіндегі сыртқы көріністерін талқылай аламыз.
Егер тарап өзінің іс-әрекеті арқылы құқық бұзушылыққы саналы түрде жол берсе, онда кінәнің қасақаналық түрі орын алады. Азаматтық айналымдағы пайда болатын кәдімгі құбылыстар ретінде азаматтық құқықта кінәнің қасақаналық түрі жиі кездеседі. Сонымен қатар әдеттегі жағдайларды басқа тараптардың заңмен қорғалатын құқықтарын қасақана бұзады. Мысалы, тәжірибеде жеткізіп беруші сатып алушының өнімді ұстағаны үшін тиісті адреске өнімді жіберуді тоқтатады. Себебі міндеттеменің қасақана бұзушылық сферасын шектейді. Кінәнің абайсыздық түрімен жасаған азаматтық құқық бұзушылық жиі кездеседі. Бұндай жағдайларда адамның іс-әрекетінде көрінбеу істердің элементтері болмайды. Ол саналы құқық бұзушылыққа бағытталмаған, алайда адамның іс-әрекетінде мұқияттылық және байқаушылық болмайды. Қажетті байқаушылықтың және мұқияттылықтың болмауы абайсыздықтың екі түріне де тән. Кінәнің екі формасының арасында белгілі ерекшеліктер болады. Осы ерекшеліктер заңдылықта және жоғары сот органдарының түсініктерінде де жауабын таппайды. Сот тәжірибесі белгілегендей адамның адамның денсаулығына келтірілген залал үшін абайсыздықтың қайсы түрі болмасын нақтылы жағдайларды анықтауды қажет етеді.
Информация о работе Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің шарты және негіздері