Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің шарты және негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Октября 2013 в 16:02, курсовая работа

Краткое описание

Азаматтық құқықта құқықтық қатынастарды реттеу үшін азаматтық- құқықтық жауапкершілік қолданылады. Міндеттеме талаптарына сәйкес жауапкершілікке тарту құқық бұзушылықты қалпына келтірудің тиімді жолы болып табылады. Азаматтық құқықта жауапгершілік заңға және шартқа сәйкес жүзеге асырылады. Құқық бұзушылық заң талабынан ауытқуы жауапгершілікке әкеліп соғады.

Содержание

Кіріспе. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .3
І тарау. Азаматтық-құқықтық жауапкершілік түсінігі және нысандары
1.1. Азаматтық- құқықтық жауапкершілігінің түсінігі. . . . . . . . . . . . . . . . ...5
1.2. Азаматтық- құқықтық жауапкершілігінің түсінігі туралы пікірлер....16
1.3 Азамматтық-құқықтық жауапкершіліктің түрі және нысандары . .. .. .21
1.4 Жауапкершілік түрлері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . 28
1.5 Құқық бұзушылықтың басқа түрлері үшін жауапкершілік. . . ............36
ІІ тарау. Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің шарты және негіздері
2.1 Құқыққа қарсы мінез. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . . . . . . .40
2.2 Себепті байланыс. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .42
2.3 Кінә. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . . . 46
2.4 Зиян. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .54
2.5 Тұтынушылардың құқығын қорғау құралы. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .....55
Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . . . . . 57
Библиографиялық тізім.............. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 59

Прикрепленные файлы: 1 файл

Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің шарты және негіздері.doc

— 268.50 Кб (Скачать документ)

Заң әдебиеттерінде «экономикалық  жауапкершілік» түсінігіне  юридистикалық  жауапкершіліктің  ерекше  бір  түрі  ретінде  қатыстыруға  тырысады.

Бұл  жағдайда  әкімшілік-құқықтық  шара  туралы  сөз  болып,   ал  азаматтық  құқықтық  жауапкершілік  түсінігі  қарастырылмады. Алайда, нарықтық  экономика   жағдайында  «экономикалық  жауапкершілік »  түсінігі   мағынасын  жоғалтады.Азаматтық-құқықтық  жауапкершілік  юридистикалық   жауапкершілікті құрайтын,  өзіне  тиісті   барлық  белгісімен   юридистикалық  жауапкершіліктің  бір  түрін  құрайды.

Юридисдикалық  жауапкершілік  үшін  оған   негізгі  төрт  белгі  тән: юридистикалық жауапкершілік  құқық  нормасын  бұзушыға қолданылатын  мемлекттік  мәжбүрлеуге  ықпал  ететін  шаралардың  тек  бір  түрі;  екіншіден, ол  құқықтың бұзылуына  жол  берген  тарапқа  ғана  қолданылады;  үшіншіден,  құқық  бұзушыға   тек  қана  мемлекеттік  немесе  басқа  құзіретті орган қолданады; төртіншіден, жауапкершілікті қолдану үшін   юридистикалық жауапкершілік болып табылатын құқық бұзушыға  қолданатын  санкция  заңымен  белгіленуі  керек.

Юридистикалық  жауапкершілік  құқық  бұзушыға  қолданатын  мемлекеттік  мәжбүрге  ықпал  ету   шараларының   ерекше  бір  түрі  ретінде  саналады.   Сонымен  қатар  адамдардың  іс-әрекетіне  әсер  етет ін   басқа  да  тәсілдермен  ерекшеленеді. Мысалы, мемлекеттік мәжбүрлеуші  шара  -ретіндегі реттеуші сипатқа ие болатын, бірақ юридистикалық   жауапкершілік  бола  алмайтын  оперативті  ықпал   ету  шаралары  болып  табылады.

Жоғарыда көрсетілгендей юридистикалық  жауапкершілікті  азаматтық  құқықта  ерекшеліктері  бар.  Бұл  қасиеттер  қоғамдық  қатынасты  реттеуші  азаматтық  құқықтық пәні  және  әдісі  ретінде,  сонымен  қатар  жалпы  құқық  жүйесі   ретінде   азаматтық  құқықтың   қызметін   атқарады.

Азаматтық  құқықты  реттейтін  ерекше  қатынастар  секілді    мүліктік   сипатқа  ие   болып,   мүліктік   қатынастарды   қүрайды.  Азаматтық   қүқық бойынша   жауапкершілік  қүқық   бұзушыға   қолданылатын  экономикалық  ықпал  ету  қызметін  орындай  отырып,  қоғамдық   қатынастарды   реттейтін  экономикалық   әдістерінің  бірі  болып  табылады.

Бірақ  азаматтық  құқық  жеке  мүліктік  емес  қатынастарды,  сонымен   қатар тікелей  мүліктік  емес  қатынастарды  да  реттейді.Осы  уақытқа   дейін  жеке  мүліктік    емес   қатынастарды  бұзу мүліктік  сипатта    болады    деген      пікір  қалыптасты. Яғни  ол үшін  жауапкершілік мүліктік сипатта   болмауы    тиіс.

Алайда, өмірдің өзі көрсеткендей, көп жағдайларда азаматтардың     немесе ұйымдардың жеке мүліктік емес құқықтарын  бұзу,  тиімсіз     мүліктік   сипаттағы   жауапкершілікке әкеліп  соғуы мүмкін.

 Сонымен, азамат туралы жалған  мәлімет  жариялау, оған жұмысқа       тұруға немесе кәсіпкерлік қызметпен  айналысуға қиындық тудыруы   мүмкін.     Сондықтан жаңа  заңдылық бойынша жәбірленушіге жалған мәлімет     жариялау  арқылы   келтірілген рухани залалды өтеу құқығына  ие   болады.     Ал азаматтар  үшін құқыққа қарсы іс-әрекет арқылы  келтірілген  физикалық     кемсітушілікті    өтетуге    құқылы.     

Азаматтық  Кодекстің   1-ші      бабында      былай    деп    көрсетілген:

1. Азаматтық заңдармен тауар–ақша  қатынастары және     қатысушылардың  теңдігіне  негізделген өзгеде  мүліктік қатынастар,    сондай-ақ  мүліктік қатынастарға байланысты  мүліктік емес жеке қатынастар    реттеледі. Азаматтық заңдармен реттелетін қатынастардың  қатысушылары      азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ әкімшілік аумақтық       бөліністер   болып    табылады.

2. Мүліктік қатынастарға байланысы  жоқ мүліктік емес жеке      қатынастар азаматтық заңдармен  реттеледі, өйткені оларды бұзу құқық      бұзушыға  мүліктік сипаттағы  жауапкершілікке  әкеп соғады.

Ал заңды тұлғалар Қазақстан  Республикасы Азаматтық  Кодексінің    44-бабында көрсетілгендей, меншік иесі  қаржыландыратын мекемелер мен       қазыналық кәсіпорындардан  басқа  заңды тұлғалар өз міндеттемелері      бойынша  өзіне  тиесілі  барлық мүлікпен жауап  береді.

Меншік иесі қаржыландыратын мекеме немесе қазыналық кәсіпорын      өз міндеттемелері бойынша өз билігіндегі  ақшалай қаражатпен  жауап береді.  Қаражат жеткіліксіз болған жағдайда оның міндеттемелері  бойынша  тиісті мүлікті меншіктенуші жауапты  болады.

Азаматтық құқық тауар иелерінен  тәуелсіз және тең құқықты қатынастарды реттейді. Азаматтық құқық қатынас  міндеттеме бұзылған  жағдайда  екіншісіне жүктейтін  тең құқылы талаптар  арасында  құрылады. Азаматтық талап  жауапкершілікте  болу  фактісін  көрсетеді.

Талапкердің пайдасына өндірілетін  құқық бұзушыға  жүктелетін     мүліктік санкциялар  қолданылады. Алайда кейбір жағдайларда  құқық    бұзушы  зиян  келтіріп  қана   қоймай арам ниетпен жасалса  және  қоғамдық, мемлекеттік қызығушылықты  тудырса, онда  заңда  белгілегендей белгілі        мөлшерде мемлекет кірісіне ұсталатын мүліктік санкциялар қолданылуы     мүмкін.

Азаматтық құқықпен реттелетін тауар-ақша қатынастары      эквиваленті өтелетін  сипаттак болады.  Бұдан шығатын  қорытынды,     талапкерге зиян немесе шығынды эквиваленті түрде    өтейді.  Азаматтық     құқықтық жауапкершіліктің ерекшелігі оның концепциялық сипатта    болуында. Оның  мақсаты-талапкердің мүліктік сферасын қайта  қалпына    келтіру.

Көрсетілген жағдай өз кезінде азаматтық  құқықтың жауапкершіліктің  шегін  анықтайды.  Талапкерге мүліктік сфераны  қалпына  келтіру тек  қана  оған келтірген зиянды немесе шығын  мөлшерімен жауапкершілік     мөлшерінің  сәйкес келуі.

Бұл жалпы  ереженің  кейбір қолданылмайтын  кездері   бар.  Егер  де  жауапкершілік  мөлшері заңмен шектелмеген  болса, берілген жағдайды   түсіндіре  отырып, азаматтық құқық   экономикалық  қатынастарды  реттеумен  қоса тәрбиеленуші және контрагентке   міндеттемені орындату   үшін  ықпал    етуші   сипатқа  ие.

Азаматтық  құқық  қатынастағы  тараптардың заң  бойынша  бір-біріне  ұқсас теңдей жауапкершіліктер әрқашан  қатал қолданыла бермеді. Бұл  жерде  негізгі қатысушышаруашылық іс-әрекеттер жеңілдіктермен артықшылық-тарды пайдалана білді. Осыған ұқсас  жауапкершілік  мөлшерінің  шектеулі құрылыс,   транспорт,  кәсіпорындарда және  тағы  да  басқа ұйымдарда    етек   алды. Үкімет мүліктік жауапкершіліктен жыл сайын шарттағы   міндеттемені  бұзған  кәсіпорындар және  ұйымдарды жеңіл өнеркәсіп саласын    мәжбүрлеу шараларын босатып жіберіп отырды. Нарықтық экономикаға өтуге      байланысты  осындай жағдайлар заңның  кейбір  тұстарының   өзгертулеріне  әкеп  соқты.

Жоғарыдағы мысалдан бір шешімге  келетін болсақ, азаматтық     құқықтық жауапкершілік мүліктік сипаттағы  санкция қолданумен     байланысқан, бұзылған құқықтарды реттейтін және азаматтық айналымға    қатысушылардың тең құқығын экономикалық тұрғыда  әсер ететін    мемлекеттік   мәжбүрлеу  түрлерінің   бірі.          

 

1.3. Азаматтық - құқықтың жауапкершілік нысандары

Азаматтық құқықтық жауапкершіліктің нысаны ретінде құқық бұзушыға жүктелетін косымша міндеттер түсіндіріледі. Азаматтык заңдылық жауапкершіліктің әртүрлі формасын карастырады. Жауапкершілік шығынды өтеу арқылы (20-бап, Азаматық Кодекс), айып төлеу арқылы (Азаматтық Кодекс 298-бап), кепіл жоғалту арқылы (Азаматық Кодекс 337-бап) жүзеге асырылады.

Азаматтық кодекстің 20-бабында  былай деп көрсетілген:

1. Азамат өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі бүкіл  мүлікпен 
жауап береді, бұған заң құжаттарына сәйкес ақы өндіріп алуға болмайтын 
мүліктер кірмейді.

2. Азаматтардың   ақы   өндіріп   алуға   болмайтын   мүлкінің   тізбесі 
Қазақстан Республикасының АІЖК белгіленеді.

Азаматтық кодекстің 298-бабында: "Міндеттемені бұзғаны  үшін борышқор жауапқа тартылатын жағдай болған кезде міндеттеменің орындалмағаны немесе тиісінше орындалмағаны үшін айып өндіріп алынады".

Борышқор  кінәлі болған кезде, егер заңдарға немесе шартта өзгеше көзделмесе, міндетемені орындамағаны және тиісті дәрежеде орындамағаны үшін жауап береді. Борышқор міндеттемесін орындамаған немесе тиісінше орындамаған ретте, атап айтқанда, мерзімін өткеріп алған ретте несие берушіге төлеуге міндетті, заңмен немесе шартпен белгіленген ақша соммасы айыптөлеу (айыппұл, өсім) деп танылады. Айып төлеу туралы келісім, негізгі міндеттеменің нысанына қарамастан, жазбаша жасалады. Жазбаша нысанның сақталмауы айып төлеу туралы келісімнің жарамсыздығына әкеп соқтырады.

Немесе беруші тараптардың келісімінде айып төлеу  міндетті көзделген көзделмегеніне карамастан, заңдарда белгіленген айып төлеуді талап етуге құкылы. Егер заңдарда тиым салынбаса, тараптардың келісімімен заңда айып төлеу мөлшері көбейтілуі мүмкін. Айып төлеу мөлшері нақты ақша соммасында немесе орындалмағанына не тиісінше орындалмаған міндеттеме сомасына шаққандағы процентпен белгіленеді.

Егер төлеуге  тиісті айып немесе берушінің шеккен залалдары мен салыстырғанда  тым көп болса, сот борышқордың  міндеттемені орындау дәрежесін және борышқор мен несие берушінің назар аударуға лайықты мүдделерін ескере отырып, айып төлеу мөлшерін азайтуға құқылы.

Міндеттемені  бұзғаны үшін борышқор жауапқа тартылатын жағдай болған кезде міндеттемнің орындалмағаны немесе тиісінше орындалмағаны үшін айып өндіріп алынады.

Азаматтық кұқықтық жауапкершіліктің келесі түрі кепілпұл. Кепіл шартқа сәйкес пайда болады. Кепіл заң құжаттарының негізіңде, егер заң күжаттарында қандай мүлік және қандай міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету үшін кепілде жатқан деп танылатаны көзделсе, оларда көрсетілген міндеттемелердің пайда болуы кезінде де туындайды.

Егер шартта немесе заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, кепіл талапты оның нақты қанағаттандырылатын кезіндегі көлемді проценттерін қоса алғанда, орындау мерзімін өткізіп алу арқылы келтірілген шығындардың өтелуін, айып салуды, кепілден алынған мүлікті үстау жөніндегі кажетті шығындарды, сондай-ақ өндіріп алу жөніндегі шығындарды өтеуді қамтамсыз етеді.

Кепіл туралы шартта өзгеше көзделмеген, кепіл құқығы кепілі тіркелуге жататын мүлік жөніндегі шартты тіркеу кезінен бастап, басқа мүлік жөнінен — бүл мүлікті кепіл ұстаушыға берген кезден бастап, ал егер ол беруге жатпаса, кепіл туралы шарт жасасқан кезден бастап пайда болады. Егер борышқор міндеттемені тиісті дәрежеде алу үшін өзіне байланысты шаралардың барлығын қолданып дәлелдесе, ол кінәсіз деп танылады. Кәсіпкерлік кызметті жүзеге асырған кезде міндеттемені орындамаған немесе тиісті дәрежеде орындамаған адам, егер бой бермейтін күштің, яғни осы жағдайлар кезіндегі төтенше және тойтаруға болмайтын мән-жағдайлардың (дүлей құбылыстар, соғыс қимылдары және т.б.) салдарынан тиісті дәрежеде орындауға мүмкіндік болмағандығынан дәлелдей алмаса, мүліктік жауаптылықты көтереді.

Заңдарда немесе шарт жауапкершіліктің және одан басталудың өзге негіздері ескерілуі мүмкін.

Міндеттемені   қасақана  бұзғаны  үшін  жауапкершілікті  жою   немесе шектеу туралы алдын-ала жасалған шарт жарамсыз болады.

Қазақстан Респуликасы Азаматтық Кодексінің 337-бабы бойынша:

  1. Уағдаласушы тараптардың біреуінің шарты бойынша өзінен алынатын  төлемнің   есебінен   екінші   тарапқа   және   шарт   жасаумен   орындауды қамтамасыз етуге берілетін ақшалай сомма кепілпұл деп танылады.
  2. Кепіл пұл туралы келісім кепілпұлдың соммасына қарамастан жазбаша  нысанда   жасалуға   тиіс.   Бүл   ереже   негізгі   міндеттеме   нотариалдық   жолмен    куәландыруға    тиіс    болатын    жағдайда    да    колданылады. 
    Келісімнің   жазбаша   нысанда   жасалуын   сақтамай   кепілпұл   келісімін 
    жарамсыз деп тануға әкеліп соқтырады деп көрсетілген.

Шартта өзгеше көзделмесе, міндеттеменің орындалмауына  жауапты тарап екінші тарапқа кепілпұл сомасын ескере отырып шеккен залалдың орнын толтыруға міндетті.

Жоғарыда  айтылған баптардың ішінен шығынды  өтеу ерекше орынды алады. Олай дейтін себебіміз азаматтардың қүқықтарының бұзылуы көп жағдайларда шығынға әкеп соғады. Егер заңда немесе шартта көзделмесе, азаматтық қүқықтық жауапкершіліктің осы түрі үлкен мағына беріп, азаматтық құқық бұзушылықтың көп ретінде қолданылады.

Егер арендаға алушы мүліктің нашарлауына жол  берсе, онда арендаға беруші аренда туралы занда немесе шартта көзделмеседе оған келтірілген шығынды өтеуге құқылы. Арендаға беруші арендаға берілген мүліктің нашарлағаны үшін айып төлетуді тек қана арендаға алушымен шартта көзделсе және бекітілсе ғана жүзеге асырылады.

Азаматтық құқықтардың бұзылуымен байланысты көп жағдайларды шығынды өтеу белгіленгендіктен азаматтық құқықтық жауапкершіліктің осы түрі жалпы шара ретінде саналады.

Азаматтық құқықтық жауапкершіліктің жалпы шарасы ретінде келтірілген зиянды өтеу міндеттеменің кез келген түрінде колданылады. Азаматтық Кодекстің, 349 бабы міндеттемеге анықтама береді:

  1. Міндеттемені   орындамау,   не   тиісті   дәрежеде   орындамау   (мезгілінде орындамау,  тауарлар   мен  жүмыстарды  толық  орындамау,   міндеттеме мазмұнында белгіленген басқа жағдайларды бұзып орындау) –тиісінше орындамау  оның  бұзылуы  деп  түсініледі.   Тиісті  дәрежеде  орындауға мүмкіндік болмаған жағдайда борышқор бүл туралы несие берушіге дереу  
    хабарлауға міндетті.
  2. Міндеттемені   бұзғандығы   үшін   борышқорды   жауапқа   тарту   несие    берушінің талап етуі бойынша жүргізіледі.

Информация о работе Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің шарты және негіздері