Азаматтық қүқықтың пәні, ұғымы ,түсінігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2013 в 11:37, лекция

Краткое описание

Тарихтан белгілі римдіктердің құқығы осы атаумен белгіленді (квиритгер құқығы). Римдік үіс сіүііе көне римдегі азаматтардың мемлекеттік, қоғамдық және жеке өзіндік қатынастарьп реттеді және қазіргі азаматтық құқыққа қарағанда ұғымы әлдеқайда кең болды. Қазіргі кезде азаматтық құқыктың римдік атауы сақталғанымен оның мазмұны барынша өзгерді. Дейтұрғанмен соған қарамастан "сіүіі" атауы еуропалык құқықтануға еніп кана қоймай, заң терминологиясына да кірді. Сондықтан да азаматтык құқыкты цивилистік деп атайды, ал бұл саладағы мамандарды - цивилист деп жүр.

Содержание

Азаматтық қүқық үғымы
Азаматтық қүқықтың мәні
Азаматтық қүқықтың жүйесі
Азаматтық қүқықтың прициптері

Прикрепленные файлы: 1 файл

азаматтық құқық.doc

— 782.50 Кб (Скачать документ)

Тақырып   1. АЗАМАТТЫҚ ҚҮҚЫҚТЫҢ ПӘНІ, ҰҒЫМЫ ,ТҮСІНІГІ

Жоспар

    1. Азаматтық қүқық үғымы
    2. Азаматтық қүқықтың мәні
    3. Азаматтық қүқықтың жүйесі
    4. Азаматтық қүқықтың прициптері

"Азаматтық  қуқық " атауы ежелгі уақыттан бері белгілі, оны римдік заңгерлер Рим азаматтарының құқығы-цивильді Оис сіүііе) құкық деп атаған.

Тарихтан белгілі  римдіктердің құқығы осы атаумен  белгіленді (квиритгер құқығы). Римдік үіс сіүііе көне римдегі азаматтардың мемлекеттік, қоғамдық және жеке өзіндік  қатынастарьп реттеді және қазіргі  азаматтық құқыққа қарағанда ұғымы әлдеқайда кең болды. Қазіргі кезде азаматтық құқыктың римдік атауы сақталғанымен оның мазмұны барынша өзгерді. Дейтұрғанмен соған қарамастан "сіүіі" атауы еуропалык құқықтануға еніп кана қоймай, заң терминологиясына да  кірді. Сондықтан да азаматтык құқыкты цивилистік деп атайды, ал бұл саладағы мамандарды - цивилист деп жүр.

Римде құқықты  жария және жеке  деп екі салаға бөлгенін білеміз. Жария және жеке құқықтардың  классикалық ара жігін Ульпиан  былайша ашып көрсетеді: "жария  кұкық дегеніміз рим мемлекетінің құқықтық мәртебесіне қатысты, ал жеке құқық болса жекелеген адамның мүддесіне сай келеді

Қазақстан Республикасының  қазіргі құкық жүйесі жария және жеке құқық деп бөлінбейді. Біздің ұлттық азаматтық құқық тек өзіне ғана тән және белгілі бір ерекшеліктері бар институттардың аясында қалыптасты дей аламыз,

Сонымен катар  азаматтық құқықтың әртүрлі жүйелерінін  арасында белгілі бір дәрежеде ұқсастықтар  бар. Сондықтан азаматтық құқықтық жұйелерде болып жатқан процестер  Қазақстан Республикасының азаматтық құқық іліміне әсерін тигізіп отыр. Бұл орайда "біз жаңа мемлекетті, жаңа нарықтық экономика мен жаңа демократияны көптеген өзге де жас тәуелсіз мемлекеттер осы тәрізді жолды басынан кешіп те ұлгерген уақытта құру үстіндеміз ..."', ендеше осы бағытта әр түрлі өркениеттердің ең соңғы жетістіктерін пайдаланудың

маңызы  зор.

  Азаматтық  құқық Қазакстан Республикасының  кұқық салаларының бірі болғандықтан  күнделікті тыныс-тіршілікпен, сондай-ақ  азаматтардың, заңды тұлғалар мен  мемлекеттің өзімен, оның әкімшілік-аумақтық бөліністерімен тығыз байланысты.

Азаматтық құқықты  зерттемес бұрын азаматтық кұқық  пәнін анықтап, басқаша айтқанда, мұның пәні не екенін белгілеп алуға  тиістіміз. Ал азаматтық кұкықтың пәнін  анық-таудың өзі оңай шаруа емес. Өйткені, азаматтық кұқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар ауқымы өте кең де сан қырлы.

Құкық жүйесі іштей  құқық салаларына бөлінеді. Әдетте құқықтың қандай салаға жататындығын анықтау үшін оның пәні мен құқықтық реттеу әдістемесі қолданылады. Дәл  осы пән мен әдістеме арқылы азаматтық кұкьіқты Қазақстан Республикасасның басқа құқық салаларынан аражігін айыра отырьш, сонымен бірге оның салалық ерекшеліктерін де айқындауға болады.

  Қазақстан  Республикасы азаматтық құқығынын,  пәнін тауар-ақша қатынастары  және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар кұрайды(Қазақстан Республикасы Азаматтық 'кодексінің 1-бабы, 1-тармағы). Сонымен қатар мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке катынастар азаматтық заңдар-мен реттеледі, өйткені олар басқа заң құжаттарында өзгеше көзделмеген не мүліктік емес жеке қатынастар мәнінен туындамайды (АК-тің 1-бабы, 2-тармағы).

Азаматтық құқықпен реттелетін қоғамдык қатынастар негізінен мүліктік қатынастар болып табылады. Материалдық игіліктермен (мүлікпен, жұмыспен, қызмет көрсетумен, ақша-мен, құнды қағаздар мен басқа да мүліктермен) байланысы бар қоғамдық қатынастар мүліктік қатьшастар деп аталады. Мүндай қатынастар иелену немесе мүліктің тиістілігіне қарай (заттык қатынас), мүліктің бір адамнан екіншісіне ауысуы, өтуі (міңдеттемелік қатынас), меншік иесінің қайтыс болуына байланысты заттың тағдырын шешу (мүрагерлік қатынас) тәрізді қатынастар тұрғысынан көрінсе, онда олар азаматтық заңмен реттеледі. Бір сөзбен айтқанда, мүліктік катынас дегеніміз мүліктерді сатьш алу, иелену, басқа адамдарға беру мен пайдалану жөніндегі қатынас болып табылады.

Дейтұрғанмен  бұдан азаматтық қүқық мүліктік қатынастардың бәрін бірдей реттей береді деген үғым тумауы тиіс. Өйткені, олардың өзі әртүрлі сипатта кездеседі. Сайып келгенде, мүліктілік (имущественность) дегеніміз занды белгі болып табылмайды, ол тек экономикалық түсінік. Сондықтан да азаматтық құқық пәнінің мазмұнын оны біріктіретін әрі мән-мағынасын ашатын тұсын бөліп қарауды қажет етеді. Қоғамдык қатынастарды бір-бірінен ажырататын мүліктік қатынастардың мынадай белгілері, атап айтқанда, белгілі бір экономикалық құндылыққа ие болуымен байланысты материалдык объектілер жайында адамдардың арасындағы қатынастар болғандықтан оның ерік сипатында болатындығы нарықта дербес тауар иеленуші ретінде қимылдауы, қатысушылардың өзара келісім және өзара шарт жасауы.

Мүліктік құндылық қатынастарға ең алдымен қатысушы-лардың кұн заңына сүйенетін мүліктік қатынастарының теңдігіне негізделген тауар-ақша қатынастары және өзге де қатынастар жатады десек, нарықты экономика жағдайында тауар-акша қатынасы азаматтық құқықты реттеудің негізгі өзегіне айналады.

Мүліктік  катынас адамдар арасындағы қатынас  болғандықтан ол мүліктік емес қатынастармен біте кайнасып, ұштасып жатады.

  Казақстан Республикасы азаматтык  зандары мүліктік емес катынастардың екі түрін, атап айтқанда, мүліктік қатынасқа байланысты мүліктік емес жеке катынастар (АК-тщ, 1-бабы, 1-тармағы) мен мүліктік катынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке катынастарды (АК-тщ 1-бабы, 2-тармағы) реттейді. Мүліктік емес жеке қатьнастың бірінші тобына мүліктік катынаспен байланысы бар мүліктік емес жеке катынастар жатады. Бұл жердегі "байланыстылық" деген сез жеке қатынастардың мүліктік бағыныштылығын көрсетпейді, кайта коғамдық катынастардың біртұтас бірлекте болуын айқындайды (мәселен, ав-торлық, өнертабыс және т.б. катынастар). Мысалы, бір ұйымның басқа бір занды тұлғаның тауарлық белгсін заңсыз қолданса          онда ол әлгі тұлғаға зиянын тигізеді. Мүліктік емес катынастан келіп мәселен, шығарманың авторы үшін мүліктік катынастың мүліктілігі пайда болады. Сондықтан мүліктік қатынасқа байланысты мүліктік емес жеке қатынастар азаматтық құқық, нормаларымен реттеледі

Мүлік қатынасына байланысы жоқ мүліктік емес жеке катынастардың екінші түрі мүліктік қатынасқа қарағанда өзге факттілерге орай және басқа субъектілер арасында да туындай ды. Ол жеке адамдар мен ұйымдарға ғана тән әрі олардан ажырамайтын игілік болып табылады, сондай-ақ онда мүік мазмұны болмайды, ақшамен де бағалауға келмейді

Мүліктік  емес жеке катынас Казақстан Республикасы

Конституциясымен  реттеледі. Конституцияның 2 тарауы адам мен азаматтың ажырамайтын құқытарына арналған. Сонымен азаматтық құқықтың реттеу пеніне мүліктік катынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке катынастардың мейлінше кең аукымы енеді. Қорыта айтқанда, азаматтық құқықты  реттеудің пені, міне, осындай. Енді эдістеме жөніндегі мәселеге тоқталайық.

2. АЗАМАТТЫҚ  ҚҰҚЫҚТЫҢ  МӘНІ                                                                   қүқықтың әрбір негізгі саласының өзне тән кұқықтық реттеу әдістемесі болады. Ал оның жеке қырлары субъектілердің, құқықтық мәртебесінде (статусында), құқық қатынастарын қалыптастыру негіздерінде, олардың мазмұнын айқындау әдістерінде және заң санкцияларында топтастырыла көрсетілген.

  Мүліктік және мүліктік емес  қатынастардың, азаматтық-құқықтық реттеу әдістемесі бірқатар өзіндік белгерге ие:

а) азаматтық  құқықтық қатынастарға қатысушылардың жалпы кұқықтық жағдайы олардың тауар — ақша және басқа қатынастарына негізделген занды түрдегі тендігімен сипатталады, (АК-тің 1 және 2-бабы, 1-тармағы). К.Маркс "Капиталда" былай деп жазды: "Бұл заттар бір-біріне тауар ретінде қатысуы үшін тауар иелері бір-бірне адам ретінде, бұл заттарды еркімен билейттін адам ретінде, қатысуға тиіс: сонымен, бір тауар иесі тек екіншінің, еркі бойынша, демек олардың әрқайсысы екеуіне ортақ ерікті акт арқылы, өз тауарын басқаға бере отырып, өзге тауарды өзі иемденеді. Демек, олар бірн бірі жекеменшікші деп білуге тиіс".2

Азаматтық-құқықтык катынастарға қатысушылардың заң жүзіндегі теңдігіне келсек, олардың азаматтық айналымда тең құқықты, тәуелсіз субъектілер екендігін көреміз, әрі оның әрқайсысы мүліктік оқшаулыққа ие болады, сондай-ақ бір-бірімен карым-қатынаста тең дәрежеде әрекет етеді. Бұл азаматтық құқық субъектілерінің бірде-бірі азаматтық құқық катынасында екінші жаққа біржақты міндет жүктеуіне болмайды деген сөз. Сонымен қатар құқықтық қатынастағы жақтардьң араларында дау туындаған жағдайда, екінші жақ үшін міндетті болып табылатын шешімді кабылдай алмайды;

ә) азаматтар  мен заңды тұлғалар өздерінің  азаматтық құқықтарына, өз еркімен және өз мүддесін көздей отырып ие болады және оларды жүзеге асырады. Олар шарт негізінде өздерінің құқықтары мен міндеттерін анықтауда жеәне шарттьң заңдарға қайшы келмейтін кез келген жағдайларын белгілеуде ерікті (АК-тің 2-бабы, 2-тармағы). Демек, азамат-тык-құқықтық қатынастардың қатысушыларына өзінің калауынша және мүддесіне сайкелетін жағдайларды тандауына мол мүмкіндік жасалады;

б) тараптар азаматтық құқықтык қатынастарда тең дәреже-де қорғану құқығына ие және қорғанудың белгілі бір мүмкіндігін таңдауға ерікті (теңдік және тұлғалардың өз құқықтарын толық пайдалану мүмкіндігі). Азаматтық құқықты қорғау сотпен (терелік сотпен немесе аралық сотпен) жүзеге асады, бұл орайда Азаматтық кодекстің 9-бабына сәйкес қорғанудың азаматтық істерді жүргізу зандарының ерекше ереже-лерін сақтай отырып ашық әдістері қолданылады.   Егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, бұзылған құқьқты қорғау үшін өкімет билігі немесе басқару органына өтініш жасау, құқық қорғау туралы талап арызбен сотқа шағымдануға кедергі жасамайды. Былайша айтқанда, сот бұзылған немесе дауға түскен құқықтарды корғауға тиіс. Егер қандай да бір кұқық әкімшілік жолмен қорғалса, онда ол заңға тікелей сүйенуі керек. Мұндай жағдайда құқыққа байланысты дау сотқа бірден жіберілмей, алдымен әкімшіліктің шешімін күтеді. Әкімшілік шешім қабылдағаннан кейін ғана оны сотқа беруге болады.

Азаматтық кодекстің 9-бабынын 1-тармағынана мемлекеттік басқару органының немесе жергілікті өкілді атқарушы органның заңдарға сәйкес келмейтін құжатын жарамсыз немесе орындауға жатпайды деп тану туралы азаматтық кұқықтарды қорғаудың жаңа тәсілі енгізілген. Азаматтық кодекс қабылданғанға дейін көптеген құқық қолданушы органдар занға сүйеніп жасаған құжаттардың сол заңға сәйкес келмегенімен іс жүзінде оның колданылып келгеніне әрі мүндай заңсыз кұжаттарды ешкімнің де теріске шығармағанына талай мәрте кез жеткізген болатьн, ал осындай келеңсіздік көп қиындық келтірді;

в) азаматтық-құқықтық жауапкершілік өзіндік сипатымен, атап айтқанда, мүліктік және өтем түрінде  айқындалады; сондай-ақ оған келтірілген  залалды толықтай өтеу талабы да жатады; заң кұжаттарында өзгеше                көзделмеген жағдайда, бұл заң бұзушының кінәсінің қандай екендігіне де байланысты болады.

Осы айтылғандарға  сүйене отырып, мынадай тұжырым жасауға  болады:  азаматтық құқық-құқықтың бір саласы, ол тауар-ақша қатынастары  және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мұліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты (немесе байланысы жоқ) мүліктік емес жеке қатынастарын реттейтін нормалардың жиьштығы болып табылады.

 

3.АЗАМАТТЫҚ  ҚҮҚЫҚ ЖҮЙЕСІ

Қүқық жүйесі дегеніміз сол мемлекеттегі құқыктық нормалардың жиынтығын камтитын ғылыми әрі нақты қүбылыс болып табылады. Күқықтың әр саласына белгілі бір жүйе тән. Азаматтық құқық Қазақстан Республикасындағы құкықтық-нормативтік қүжаттары жағынан ең ауқымды да күрделі заң саласы болып есептеледі Нормалардың әр алуандығына қарамастан азаматтық құкыктың жүйесі логикалық талаптарға сай келеді, яғни ол іштей салаларға, құрылымдар мен оның бөліктеріне бөлінеді. Ішкі салаларға тән ерекшелік оның құрылымдарына тұтастай енетін жекелеген және жалпы ережелерді' бөліп қарау мүмкіндігі деуге болады. Мұндай кұрылымдардың мазмұны біркелкі келеді, оны құқықтық реттеудің бір арнаға ,жинақталуынан және заңдық ерекшелігінен деп түсінген жен.'

Ішкі салалардьщ "жалпы бөлімі" мен "жалпы  ережелерін" бір-бірінен бөліп  қарау проблемасы әзірге айтарлықтай зерт-теле қойған жоқ. Аталған саланың "жалпы бөлімі" жалпы си-паттағы жекелеген институттардың жиынтығын білдіреді. Ал осы орайда ішкі салалардың "жалпы ережелерінде" мұндай дербес институттар жоқ, сондықтан да ол институттардың белгілі бір бөлігін ғана біріктірумен шектеледі.2

"Жалпы ереженің" нормалары азаматтық қүқық бөлім-дерінен  тәуелсіз негізде барлық мүліктік  және жеке мүліктік емес қатынастарға  қолданылады. "Жалпы белімге"  жататын "Меншік және өзге  де заттық құқықтар" мен "Міндеттемелік құқық" тәрізді ішкі саланың екі түрінің нормалары да жалпы сипатқа йе екендігі дәлелденеді.3 Мысалы, меншіктің түрлері мен сипатына орай меншік қүқығы туралы, меншік қатынастарын қорғау мен онын пайда болуы тәсілдері туралы норма бас-қа институттарды, атап айтқавда, сатып алу — сату, авторлық және мұрагерлік қүқықтарға кеңінен қолданылады. "Жалпы бөлім" құзыретті органдардың, азаматтар мен үйымдардың қүқық қолдану қызметі үшін қолайлы жағдай туғызады, сон-дай-ақ, ол қайталау мен олқы тұстарды жоюға мүмкіндік бе-реді."

Азаматтық кұқық  жүйесі темендегідей ішкі салаларға  бөлінеді: "Міндеттемелік құқық", "Меншік қүқығы мен өзге де заттык құкықтар", "Интеллектуалдық меншік құкығы", "Мұрагерлік құкығы", "Халықаралық  жеке құқық", осындай ербір ішкі саланьвд өз нормаларына сай келетін "Жалпы ережесі" болады. Оның әрқайсысы өз кезегінде іштей кұры-лымдар мен бөлімдерге жіктеледі. Айталық, шарт институты және шарттан тыс міндеттемелік институты деп белінеді. .Қазақстан Республикасы азаматгық   кұкық жүйесі Жалпы және Ерекше бөлімдерден тұрады.

Информация о работе Азаматтық қүқықтың пәні, ұғымы ,түсінігі