Құқықтары мен міндеттері түсіндірілгендігі туралы хаттамаға жазба енгізіледі. Төрағалық етуші процессуалдық әрекетті жасау және жасамау салдары туралы ескертуі керек, іске қатысушы тұлғаларға олардың құқықтарын жүзеге асыруына кемектесуі керек.
Іске қатысушы адамдар, орындалмауы азаматтық сот ісін жүргізу туралы заңдарда көзделген салдарларды тұғызатын жағдайда, өздерінің іс жүргізу міндеттерін атқарады.
__________________________-
1Абдулина З.К. Производство гражданских
дел в суде первой инстансии Алматы, 1998г
46- бет
Төрағалық етуші талапкер талаптың негіздемесін немесе нысанасын өзгертуге, талап қою талабының мөлшерін ұлғалтуға не азамтуға не талап қоюдан бас тартуға құқылы екежін, жауапкер талаптар қоюды тануға құқылы, тараптар істі бітімгершілік келісіммен аяқтауға, дауды шешу үшін аралық сотқа жерінуге құқылы екенін түсіндіреді.
Төрағалық етуші іске қатысушы тұлғалардың окілдеріне АІЖК-ң 61-бабында көзделген окілеттіктерін түсіндіреді.
Төрағалық етуші іске қатысушыларға және олардың окілдеріне процессуалдық құқықтары мен міндеттерін жүсіндірген кезде істің нақты мән-жайларын ескеруі керек. Ол мысалы, егер сотқа берілген оның қарсылықтарынан қарсы талап қою мүмкіндігі қарастырылса қарсы талап қою құқығын, егер бір тарап материалдық шығындардың ауыртпалығына байланысты, окілдің көмегін оқы толеуге кеткен шығынды өндіруге құқығын мұқият түсіндіруі керек.
Соттың іске қатысушы адамдардың өнімдерін шешуі. Төрағалық етуші іске қатысушы адамдар мен олардың істі қарауға байланысты сұрақтар бойынша қандай да бір өтінімдері мен өтініштері (арыздары) тар-жоғын анықталды. Арыздар мен өтінімдер әр түрлі сипатта болуы мүмкіні қосымша дәлелдемелерді талап ету немесе қою тіркеу туралы, біреуді іске қатыстыруға тарту туралы, талап арызды қамтамасыз ету туралы әртүрлі мән-жайларға байланысты дәлелдемелерді жою туралы басқа тараптың дәлелдемелерді жасыруы туралы, тараптың стационарлы емдеуде немесе ұзақ қызметтік іссапарда екендігі туралы, істі қарауды кейінге қалдыру немесе тоқтата тұру туралы.
Іске қатысушы тұлғалардың бірде бір өтініші мен арызын сот қараусыз қалдырмауға міндетті сот іске қатысушы басқа тұлғалардың, окілдерің, сонымен бірге егер іске прокурор қатысса прокурордың пікірін тындауы керек.
Өтінім негізді болуы керек. Мысалы, қосымша дәлердемелерді қатыстыру туралы өтінім бере отыра, тараптар іске қатысы бар нақты қандай мән-жайларды нақтылау үшін жаңа дәлелдемелерді қатыстыруды сұрайтынын міндетті түрде көрсетуі керек.1
Өтінімдер мен арыздар болған жағдайда сот іске қатысушы адамдардың пікірін тыңдағаннан кейін оларды қанағаттандыру не қанағаттандырудан бас тарту туралы үйғарым шығарады. Сот үйғарымы, әдетте, тікелей сот мәжілісі залында шығарылады және сот отырысы хаттамасына енгізіледі. Берілген өтінімдеп бойынша шығарылған сот үйғарымдары бірден жарияланады.
Талапкер сотта істі қарау кезінде талап арыздың пәнін не негізін өзгерту, тиісті емес жауапкерді ауыстыру жур немесе заңды тұлғаны немесе заңды тлға құрмай-ақ кәсіпкерлік қызметпен айналысатын тұлғаны ретінде қатыстыру туралы өтініш берсе сот мынадай өтінімдерді қабылдаудан мүліктік дауды сотқа дейін реттеуді сартамау себебімен бас тартуға құқылы емес. Бұл жағдайда сол дауды сотқа дейінгі тәртіпте шешу мүмкіндігі болған жағдайда АІЖК-ң 249-бабының 1 бөліміне сәйкес арызды қараусыз қойдыру туралы ұйғарым шығару керек.1
Осы сот мәжілісінде істі мәні бойынша қарау мүмкінсіздігін алып келетін өтінім қанағаттандырылған жағдайда сот сәйкесінше ұйғарым шығару арқылы сотта іс қарауды кейінге қалдырады немесе тоқтата турады. Осылай сот отырысын аяқтайды, бірақ тоқтата туруға негіз болған мән-жайлар жасалғаннан кейін сот талқылауы жалғасады және сотта іс қарау басқа сот отырысында жүзеге асады.
Егер өтінімдер мен арыздар берілмесе немесе сот оларды қанағаттандырмаса не берілген арыздар мен өтінімдерді қанағаттандыру процестің ары қарай жүруіне кедергі келтірмесе сот талқылауы жалғасады.
Іске қатысушы адамдар мен окілдердің сот отырысына келмеген жағдайда сотта істі қарау мүмкіндігі туралы шешу. Бұл сұрақты сот шешеді, себебі іске қатысушы тұлғаның сот отырысына келмеу себептеріне және басқа мән-жайларға байланысты келмеуі заңды сәйкес әр-түрлі процессуалдық салдарға әкеп соғады.
Азаматтық істі қарау қатысушы тұлғалар міндетті түрде сот отырысының уақыты мен орны туралы хабарландырылған немесе шақырылған адамның сотқа уақытыны келуі және іске далерлануы үшін жеткілікті мерзімі болуы есептеле отырып жолдануға тиіс.
Іске қатысушы адамдар немесе окілдер келмеген жағдайда сот келесі сұрақтарды шешеді.
- Оларға сотқа шақыру қағазы табыс етілгендігі;
- Сот отырысына келмеу себептері;
- Іске қатысушы тұлғалардың біреуінен істі оның қатысуынсыз қарау туралы өтініш түскендігін;
- Сот істе бар материалдар бойынша істі тараптардың қатысуынсыз олардың өкілдерінің және процестің басқа да қатысушыларынсыз қарау мүмкін деп тани ма жоқ па.
Істе бар материалдар бойынша шешу мүмкіндігінің бар жоғы туралы сұрақты сот іске қатысушы тұлғалардың пікірін тыңдағаннан кейін және прокурордың пікірін тыңдағаннан кейін және прокурордың қорытындысынан кейін шешеді.1
Іске қатысушы адамдардың біреуі сот отырысына келмеген жағдайда, оларға хабарланғаны жөнінде мәліметтер жоқ болса, істі қарау кейінге қолдырылады.
Іске қатысушы адамдар келмеу себептері туралы сотқа хабарлауға және бұл себептердің дәлелді екендігіне дәлелдемелерді ұсынуға міндетті сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісінше хабарланған іске қатысушы адамдардың қасыбірі келмеген жағдайда сот олардың келмеу себептерін келесі процессуалдын шешімдердің бірін қабылдау үшін шешеді:
а) олардың келмеу себептерін дәлелді деп тапқан жағдайда сот істі қарауды басқа сот отырысына қалдыру туралы ұйғарым шығарады;
б) іске қатысушы тұлғалардың бірінің келмеу себептерін дәлелсіз деп тапса <span class="dash041e_0431_044b_0447_043d_044b_0439__Char" styl