Азаматтық істі сот мәжілісінде талқылау – іс жүргізудің негізгі сатысы ретінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Сентября 2013 в 13:42, курсовая работа

Краткое описание

Азаматтық процестің сатысы ретінде сот талқылауы процестің осы сатысында сот азаматтық істі мәні бойынша шешетіндігі – іс бойынша дәлелдемелерді тікелей зерттейді және іс үшін маңызы бар фактілерді анықтайды, тараптар арасындағы құқық қатынасты тараптардың шынайы құқықтары мен міндеттерін анықтайды, тараптар арасындағы қатынастарды реттейтін құқықтық нормаларды қолдана отырып іс бойынша мемлекет атынан шешім шығаратындығымен сипатталады.
Азаматтық процестегі сот талқылауы азаматтық іс жүргізу құқығымен реттелген азаматтық істі сот отырысында мәні бойынша қарау кезінде қатысатын процестің басқа да қатысушыларының қызметі.

Содержание

КІРІСПЕ ...................................................................................................3-4
Азаматтық істі сот мәжілісінде
талқылау – іс жүргізудің негізгі сатысы ретінде.
1.1. Сот мәжілісінің түсінігі және мәні.................................4-6
1.2. Істі мәні бойынша қараудың маңызы.............................6-8
Сот мәжілісінің бөлімдері.
2.1. Дайындық бөлімі.............................................................8-17
2.2. Істі мәні бойынша қарау. Дәлелдемелерді зерттеу
тәртібі.............................................................................17-27
2.3. Соттағы жарыссөз. Прокурордың қорытындысы........27-30
2.4. Шешім шығару, оны жариялау......................................30-34
2.5. Шешім шығармай сот мәжілісін аяқтау.......................34-37
2.6. Сот отырысының хаттамасы.........................................37-38

ҚОРЫТЫНДЫ. ...................................................................................46

Прикрепленные файлы: 1 файл

Азаматтык процесс.doc

— 246.50 Кб (Скачать документ)


Мазмұны

КІРІСПЕ ...................................................................................................3-4

  1. Азаматтық істі сот мәжілісінде

талқылау – іс жүргізудің негізгі сатысы ретінде.

1.1. Сот мәжілісінің түсінігі және мәні.................................4-6

1.2. Істі мәні бойынша қараудың маңызы.............................6-8

  1. Сот мәжілісінің бөлімдері.

2.1. Дайындық бөлімі.............................................................8-17

2.2. Істі мәні бойынша қарау. Дәлелдемелерді зерттеу

тәртібі.............................................................................17-27

2.3. Соттағы жарыссөз. Прокурордың қорытындысы........27-30

2.4. Шешім шығару, оны жариялау......................................30-34

2.5. Шешім шығармай сот мәжілісін аяқтау.......................34-37

2.6. Сот отырысының хаттамасы.........................................37-38

 

ҚОРЫТЫНДЫ. ...................................................................................46

 

Пайдаланылған нормативтік құқықтық актілер мен әдебиеттердің тізімі............................................................................47

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Сот талқылау азаматтық процестің негізгі сатысы ретінде соттардың республика саясатын өмірге келтіруінің негізгі құралы болып табылады.

Азаматтық процесс толығымен әділеттілік міндеттерін атқаруға бағытталған, дегенмен осы міндеттерді сот тікелей сот қалқылауы кезінде жүзеге асырады. Сот талқылауы дәрежесіне, оның толықылығы мен объективтілігіне азаматтық істер бойынша қазақ сотының беделі, соттың жұмысының сапасы байланысты болады. Құқық нормаларымен дәл сәйкестікте әртүрлі азаматтық істерді қарап және шеше отырып, сот мемлекеттің өзінің негізгі функцияларын жүзеге асыруына үлкен үлес қосады осымен, ақыр аяғында, азаматтық процестегі сот талқылауының маңыздылығы анықталады.

Сот талқылауы сатысында сот азаматтық істі мәні бойынша қарайды, объективтік шындықты анықтайды және мемлекет атынан іс бойынша шешім шығарады.

Сот талқылауының үлкен тәрбиелік мәні бар.

Сот азаматтарға азаматтық іс бойынша дұрыс және сенімді шешім шығарумен ғана емес, сонымен қатар сот талқылауының процедурасының өзімен де тәрбиелік әсер етеді. Істі қараудың қатаң және нақты процессуалдық тәртібі, процесте соттың заңдылықты дәл, нақты сақтауы, соттың тараптардың құқықтары мен заңды мүдделерін барлық шаралармен қорғау тек шешімнің сенімділігін, заңдылығын және негізділігін ғана қамтамасыз етпейді, сонымен қатар азаматтарға үлкен тәрбиелік әсер етеді.

Сот талқылауы сатысында азаматтық процестін барлық қағидалары – бұл ең алдымен сот талқылауының қағидалары.

Азаматтық процестің сатысы ретінде сот талқылауы процестің осы сатысында сот азаматтық істі мәні бойынша шешетіндігі – іс бойынша дәлелдемелерді тікелей зерттейді және іс үшін маңызы бар фактілерді анықтайды, тараптар арасындағы құқық қатынасты тараптардың шынайы құқықтары мен міндеттерін анықтайды, тараптар арасындағы қатынастарды реттейтін құқықтық нормаларды қолдана отырып іс бойынша мемлекет атынан шешім шығаратындығымен сипатталады.

Азаматтық процестегі сот талқылауы азаматтық іс жүргізу құқығымен реттелген азаматтық істі сот отырысында мәні бойынша қарау кезінде қатысатын процестің басқа да қатысушыларының қызметі.

Азаматтық істердің сот талқылауына көптеген монографиялық еңбектер, жария жұмыстар арналған. Бұл сот талқылауының маңыздылығы мен мәнділігіне байланысты болып отыр.

Бұл жұмыста азаматтық істердің сот талқылауының түсінігі, мәні мен маңызы, сот талқылауының бөлімдері, шешім шығармай сот мәжілісін аяқтау, апелляциялық және қадағалау сатыларында сот талқылауының ерекшеліктері туралы баяндалған.

 

 

 

І.  Азаматтық істі сот мәжілісінде талқылау – іс жүргізудің негізгі сатысы ретінде.

 

1.1. Сот талқылауының түсінігі және мәні.

 

Сот талқылауы туралы көптеген жария жұмыстар, соның ішінде монографиялық зерттеулер бар. Ғалым тәжірбиешілердіғ және тәжірбиеші-судьялардың соттың бірінші инстанцияда істі қарауы жөніндегі мәселеге деген үлкен коңіл болушіліктері орынды. Ғалымдар сот талқылауының маңыздылығы мен мәнділігін ескере отырып, істерді сот отырысында қарау кезінде сот өндірісінің міндеті «алдымен және бәрінен көпң жүзеге асырылады, сонымен қатар процесс мақсатына кеңірек қол жеткізіледі дейді.

Шынымен де, нақ істі сотта қарау барысында сот ондірісінің негізінен ҚР АІЖК-ң 5-бабында анықталған міндеттері жүзеге асады.

Сот азаматтық істерді қарай отырып:

  1. азаматтардың бұзылған (құқықтары) және даулы құқықтарын, бостандықтарын, заңды мүдделерін, үйымдардың құқықтары мен заңи мүдделерін және мемлекеттің мүдделерін қорғауды жүзеге асырады;
  2. тараптардық құқықтары мен міндеттерін және заңи маңызы бар фактілердің бар-жоғын анықтау жолымен істі мәні бойынша қарайды;
  3. тараптардың құқықтары мен міндеттерінде жақтылықты анықтау жолымен тараптар арасындағы құқық туралы дауды жояды;
  4. бұзылған құқықты немесе бұзылу қаупі бар құқықты не даулы құқықты жаю арқылы заңдылықты бекітеді;
  5. азаматтық, еңбектік, тұрғын үй, қаржылық және материалдық құқықтың басқа да салаларының нормаларының бұзылуының алдын алады.

 

Сот талқылауында эділеттілік тікелей жүзеге асады.1

Сот талқылауын екі мағынада түсінуге болады. Біріншіден, сот талқылауы деп азаматтық процесстің бір бөлімі аталады. Оның мақсаты соттың азаматтық істерді бірінші инстанцияда қарай. Екіншіден, сот талқылауын азаматтық сот өндірісінің жеке процессуалдық функциясы ретінде қарастыру керек. Мұндай түсінік сот талқылауында өзінің мақсатты бағытына байланысты. Сот талқылауының функциясын процессуалдық құқықтық қатынастардың және қатысушылардың ерекше құрамы, құқық қолданудың заңи көрінісі және жүзеге асатын заңи құралдардың жүйесі ерекшелендіреді. Бұл функция сот өндірісін қозғаумен басталады және шешім шығарумен аяқталады.2

Сот талқылауы азаматтық процесстің екі сатысында да жүзеге асырылуы мүмкін: Істі соттың бірінші инстанциясында қарағанда және апелляциялық өндірісте. Сондықтан аталған сот өндірісі сатыларында олардың бөлінбейтін бөлігі – сот талқылауы процестің осы сатыларының бөлігі ретінде бірінші және апелляциялық инстанция сотының және өзара бір мақсатпен біріккен сот өндірісінің басқада қатысушыларының процессуалдық әрекеттерінің жиынтығы. Аталған сатылардың бұл бөлігі соттың істі сотта іс қарауға тағаиындау туралы ұйғарым шығаруынан басталады.

Бірінші инстанция сотында істі қарау жөніндегі процессуалдық іс әрекеттер істі мәні бойынша қарау мен шешуге (құқықты, міндетті және заңи айғақты анықтау туралы дау) бағытталған оның нәтижесі болып шешім шығару не қорытынды ұйғарым шығару танылады.2

Азаматтық істерді сотта қарау – бұл соттын және процесстің басқа да қатысушыларының істі қарауға және оны мәні бойынша шешуге бағытталған процессуалдық әрекеттерінің жиынтығы.

Сот талқылауын азаматтық іс жүргізу құқығы саласының бір институты ретінде қарастыруға болады.

Біз білетініміздей, азаматтық іс жүргізу құқығы саласының нормалары азаматтық істерді қарау және шешумен, сонымен қатар сот қаулыларын атқарумен байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді. Азаматтық іс жүргізу құқығының құрылымдық бөлігі болып табылатын сот талқылауы институтының нормаларының реттеу пәнін не құрайды?1

Сот талқылауы институтының реттеу пәнін бірінші және апелляциялық сот инстанцияларында істі қарау жен оларды мәні бойынша шешумен байланысты туындайтын қатынастар құралды.

Азаматтық істерді қарау кезінде сот жүзеге асыратын міндеттер мен осы институт реттейтін қатынастарының маңыздылығы сот талқылауы институты азаматтық іс жүргізу құқығының орталық институты болып табылады деуге мүмкіндік береді.

Сот талқылауы азаматтық сот өндірісінің негізгі міндетті сатысы болып табылады. Сот талқылауы – бұл азаматтық істерді мәні бойынша қарау және шешу.

Онда дәлелдемелерді дұрыс және жан-жақты зерттеу негізінде істі дұрыс шешу үшін маңызы бар фактілік мән-жайлар анықталады, нақты құқықтық қатынас шегінде құқықтар мен заңды міндеттер нақтыланады және даудың мәні бойынша мемлекет атынан шешім шығарылады.

Іс жүзінде нақ осы бөлімде әділсоттылық жүзеге асады. Басқаларында оны жүзеге асыру даиындалады және істі қарау заңдылығы кадағаланады не шешім орындалады.

Процестің осы бөлігінде соттар өздеріне жүктелген субъективтік құқықтар мен заңды мүдделерді қарау жөніндегі міндеттерін атқарады және іске қатысушы тұлғаларға және сот мәжілісі залындағы қатысушыларға тәрбиелік әсер етеді.

Процессуалдық әдебиетте сот талқылауы және сот отырысы ұғымын бірдей деп қарастырады. Бұл терминдерге бір мағына беруге болмайды. Сот отырысы сот талқылауының тек процессуалдық нысаны болып табылады.

Сот талқылауы - қаралып отырған істі тараптардың және күә, сарапшы, аудармашы ретінде тартылып отырған тұлғалардың және іске мүдделі басқа да тұлғалардың қатысуымен нақты мән-жайларды анықтау мақсатындағы бірінші инстанция сотының қызметі. Олардың сот талқылауы кезінде қатысуы тараптардың құқықтары не мүддеттерін дұрыс анықтауға және соттың заңды және негізді шешім шығаруына септігін тигізеді.

Сот талқылауына дейінгі барлық өндіріс нақ сол істі дайындау сот талқылауына толығымен бағынышты.

Сот талқылауы кезінде сот істің шынайы мәнжайын жан-жақты, толық және объективті анықтау үшін заңмен көзделген барлық шараларды жүзеге асырады. Дұрыс жүргізілген сот талқылауы – заңды және негізді шығарылған сот шешімінің кепілі.1

 

1.2. Істі мәні бойынша қараудың маңызы.

 

Азаматтық істерді соттың бірінші инстанциясында қарауы және шешуі азаматтық процестің ең маңызды бір сатысы болып табылады.

Субъективтік құқықтар мен заңмен қорғалатын мүдделерді қорғау жөніндегі (сотқа жүктелген міндеттер) сонымен қатар тәрбиелік әсер ету бойынша міндеттер ең алдымен көп жағдайда сот отырысында істі талқылау кезінде жүзеге асырылады.

Әрбір дұрыс өткізілген сот отырысы, бір қарағанда маңызды емес іс қаралсада, сот отырысында қатысқан азаматтардың қоғамдағы адамдарға деген қөзқарасын қалыптастырады. Сот қарайтын әрбір нақты істе, азаматтар заңның әділеттігіне, және қоғамға пайдалалығына, олардың мүлтіксіз орындалатындығына, қол сұғылмайтындығына көз жеткізеді.

Сот отырысы тек процессуалдық нормаларды сақтай отырып, азаматтық іс жүргізу қағидаларына қатаң түрде сәйкес жүргізілгендеғана өз мақсатына жетеді.

Сот отырысында азаматтық істерді қарап және шеше отырып, әділеттілікті жүзеге асырады. Сот әділдігі – мемлекеттік қызмет, себебі «сот билік органы болып табыладың, ал «сот қызметі мемлекетті басқару функциясының бір түрің, ал әрқашанда мемлекеттік биліктік сипатта болады. Сондықтан азаматтық субъективтік құқықты соттың қорғауы мемлекеттік қорғаудың ең жоғарғы нысаны болып саналады.2

Сот талқылауы тек азаматтық құқықты қорғау үшін ғана емес, сонымен қатар азаматтық құқық бұзушылықтың алдын алу үшінде де маңызды.

Мүліктік, жеке құқықтарды және заңмен қорғалатын заңи мүддені қорғауды құқық қорғау және юридикалық функцияларды атқарушы мемлекетті және қоғамдық органдар жүзеге асырады. Құқық қорғау органдары сәйкесінше құқық саласын басқаратын заң актілерінде көрсетіледі. Азаматтық құқық сотпен, кәсіпорындармен және басқа да қоғамдық ұйымдармен қорғалады.

Құқық пен заңи мүддені қорғайтын органның ішінде ерекше орыналатыны сот.

Юридикалық тұрғыдан әділсоттылық мүліктік және жеке құқықтарды тану, бұзылған жағдайда қалпына келтіру жолымен қорғау туралы азаматтық және қылмыстық істерді қарау жөніндегі және заң негізінде құқық бұзушыға мәжбүр ету шараларын қолдану жөніндегі заңмен реттелген соттың қызметі болып табылады.

Сотта іс қарау шынайы демократиялық қағидаларды құрылады. Демократизм сотты ұйымдастырудың өзінде, сонымен қатар оның қызметінің процессуалдық тәртібінде де көрініс табады.

Сот талқылауының жариялылық ашық сипаты тараптардың қорғануға құқығын соттың қызметін қоғамдық қамтамасыз етуді және сот отырысына қатысқысы келгендерге қатысу мүмкіндігін қамтамасы етеді. Ашық сот талқылауының үлкен тәрбиелік мәні бар. Сот талқылауын жабық түріде өткізу сот өндірісінің барлық ережелерін сақтаумен жүзеге асырылады.

Ашық сот талқылауы тәрбиелік әсер етеді және құқық бұзушылықты туғызатын жағдайымен  себептерді ашуға, сонымен қатар алардың болашақта болдырмау не алдын-алуға септігін тигізеді.

Сот талқылауы сатысында іс жүргізудің принциптері толығымен көрініс табады.

Сот талқылауы азаматтық істер бойынша әділеттілікті жүзеге асыру нысаны болып табылады, сондықтан сот әділдігін тек қана соттардың жүзеге асыру қағидасы осы бөлімде жүзеге асады.

Информация о работе Азаматтық істі сот мәжілісінде талқылау – іс жүргізудің негізгі сатысы ретінде