Кен орынның геологиялық құрлымының сипаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Ноября 2012 в 20:47, курсовая работа

Краткое описание

Әкімшілік жағынан алғанда Теңіз кен орны Қазақстан Республикасы-ның Атырау облысындағы Жылыой ауданында орналасқан (1.1-сурет).
Географиялық жығынан кен орын Каспий маңы бассейнінің оңтүстік – шығыс бөлігінде орналасқан. Осы аймақтағы барланған мұнай қорының не-гізгі бөлігі басейіннің перефериясы бойынша полеозой қимасының тұз асты бөлігіне кіреді.

Содержание

1.Кен орынның геологиясы
1.1.Кен орнының жалпы мағлұматтары....................................................................
1.2.Стратиграфия..........................................................................................................
1.3. Тектоника................................................................................................................
1.4 Мұнайгаздылығы....................................................................................................
2 Игерудің қазіргі жағдайы және қысқаша тарихы..................................................
2.1. Игеру жобасының тарихы ....................................................................................
2.2.Айдау және пайдалану ұңғыларының қорының динамикасы (нақты және жоба бойынша) І шілдеге ұңғыма қорының жағдайы ..............................................
2.3. Мұнай өндіру, ілеспе газ және ілеспе су динамикасы (нақты және жоба бойынша)........................................................................................................................
2.4. Газ айдау және қабат қысымы динамикасы (нақты және жоба бойынша)......
3 Геологиялық – кәсіпшілік сипаттамасы ..................................................................
3.1. Қабат жұмысы режимі...........................................................................................
4 МКОИ жүйесі............................................................................................................
4.1.Қабат жұмыс режимі.Ұңғыма қор динамикасы.Игеру жобасы бойынша талдау және алынған жағдайы.....................................................................................
4.2Мұнай газды өндіру көлемі.............................................................................. ......
4.3. Ұңғымадағы сұйықты өңдеуді қарқындатуға бағытталған шаралар................
4.4.Нақты және берілген жоба бойынша мұнай өндіруді реттеу.............................
Қорытынды....................................................................................................................
Пайдалынған әдибиеттер тізімі.....................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Отчет Тениз 2012.doc

— 2.03 Мб (Скачать документ)

Ұңғы қорын пайдалану коэффициенті кен орынды эксалуатацияға берілгеннен бірі өсіп келе жатыр және ол көрсеткіш 2005 жылы 0,83 жетті одан кейін 2006 жылы 0,8 дейін төмендеді. Бұл коэффициенттің төмендеуі 6 ұңғыны тоқтатып қоюмен байланысты. Қорды пайдалану коэффициенті 01.01.10 ж 0,84 дейін көтерілді, бұны тоқтап тұрған қордың азайыумен түсіндіруге болады.

Ұңғыларды пайдалану коэффициенті 1993 жылдан бері өсіп келеді және ол 2006 жылы өзінің ең жоғарғы 0,71 шамасына жетті, жоба бойынша 0,88. Одан кейін 2003-2004 жылдар аралығында 0,62 дейін төмендеді. 2007 жылы ұңғылар бойынша коэффициенттің орташа шамасы максималды 0,78 минималды 0,51 дейін өзгеріп отырды.

Пайдалану ұңғылардың бүткіл қоры 50 милиметрлі штуцермен жабдықталған фонтанды әдіспен  жұмыс жасайды. 32 ұңғы реттелетін 50 мм АУМА штуцерлерімен жабдықталған.

Пайдаланушы 13 және 6 тоқтап тұрған ұңғыларда тізбек аралық қысым байқалған. Тоқтап тұрған 43 ұңғыманың 9 данасы тереңдетіле бұрғылауды күтуде (№ 2К, 18, 30, 60, 70, 211, 430, 456, 470).

ТШО 2005-2006 жылдар аралық кезеңінде  бұрғылауға 11 ұңғыны тағайындады, оның 6 бағалау, 2 айдау және 3 өндіруші (10 ұңғы бұрғыланды және бір ұңғы № 7252 тереңдетілді). 2007 жылы 6 ұңғының құрылысы аяқталды, олардың 3 бағалау, 1 айдау және 2 өндіруші (№ 3938, 4556, 4629, 4748, 5044, 6246).

Жаңа ұңғылардың кейбіреулері тәжірибелі-өнеркәсіптік газ айдау аймағында бұрғыланған (№ 5246, 5646, 5044).

Барлығы 2006 жылдан 2008 жылға 16 ұңғы бұрғыланып 12-сі тереңдетілді. Бұрғыланған ұңғылардың 9 ұңғымасында кен орынның 3 кешені де ашылды, 3 ұңғыда бірінші кешен (№ 4629, 5454, 5646) және 1 ұңғыда (№ 4748) 2 жоғарғы кешен ашылды. Тереңдетілген 14 ұңғының 5 – де (№ 30, 45, 46, 5246, 7252) 3 кешен де ашылды, қалғандары 1 кешенді ашты (№ 4, 11, 14, 21, 116, 121). 3 бұрғыланған (№ 4556, 5044, 6246) және 2 тереңдетілген ұңғымалар бойынша мәліметтер жоқ [6,7].

Төменде құрылым бөліктері бойынша  қордың сипаттмалары келтірілген.

Платформа. Бұл кешен 25 ұңғымен  игерілуде (кен орнындағы өндіруші қордың 45 %), талдау жүрғізу дата 01.01.09 жылы барысында оның 9 уақытша тоқтап тұрған. Жұмыс жасап тұрған қорды 16 ұңғы құрады, оның 12  платформаның солтүстік бөлігінде орналасқан. Өндіруші қор бұрынғы жоба құжаттары бойынша бұрғыланған ұңғымалардан тұрады. Жобадағыдан (техсұлба 2006 жыл) 2 ұңғы енгізілді №5050 және 6846, соңғысы тоқтап тұр, ол платформаның оңтүстік бөлігінде орналасқан. Платформа бойынша 17 ұңғы консервацияға енгізілген, оның 5  2005-2006 жылдары жаңадан бұрғыланған № 5044, 5646, 5246, 5454, 5853. Оның екеуі жәдірибелі газ айдауға арналған.

Борт. Бұл кешен 23 ұңғымен игеріледі (41 %), № 102 ұңғысы күрделі жөндеуге тағайындалғандығына байланысты тоқтатылып тұр. Борттағы өндіруші қор платформадағы сияқты бұрынғы жоба құжаттары бойынша бұрғыланған ұңғылардан тұрады. Жобадағы ұңғылардан 4 енгізілген № 5034, 5056, 5857, 7252. 3 ұңғыда I және II кешендер бірге игеріледі. Консервациядағы ұңғылардың саны платформадағыға қарағанда екі есе аз және ол 7 ұңғыны құрайды. Консервациядағы ұңғылар қатарына екі жаңа ұңғы бар № 4748(2004 жылы бұрғыланған) және 5059 (2006 жылы бұрғыланған).     

Қанат. Бұл кешен 9 ұңғымен игеріледі (16 %), тоқтап тұрған ұңғылар жоқ. Қанаттағы өндіруші қорды құрайтын ұңғылар (1 ұңғымадан № 4346 басқасы) бұрынғы жоба құжаттары бойынша бұрғыланған. № 43 ұңғыда I және II кешендер бірге игеріледі, ал № 10 ұңғы II кешенді игереді. Консервациядағы ұңғылар саны 17 дананы құрайды, оның жартысын жаңа ұңғылар құрайды: № 4649, 5435, 6337, 7040, 6261, 3938, 4635, 7653.

Жалпы кен орны бойынша алғанда 2008 жылы орта тәулік шығым 834 т/тәу құрады, жаңа ұңғылар бойынша 891 т/тәу. Орта тәулік шығымның максималды шамасы № 108 (борт) ұңғыда 1793 т/тәу мөлшерімен белгіленді. Минималды шама № 104 (платформа) ұңғысында 123 т/тәу мөлшерімен анықталды.

Екі кешенді біріктіре пайдаланатын ұңғылардағы шығымның максималды шамасы № 5056 жаңа ұңғысында 1337 т/тәу мелшерімен белгіленді, минималды шығым № 6 ұңғыда 495 т/тәу көрсетті, ал орташа шығым болса 819 т/тәу құрады.

II кешенде жұмыс істеп тұрған  жалғыз № 10 ұңғыдағы орта тәулік  шығым 1096 т/тәу құрады.

Графиктер мен кестелерде көрсетілгендей шығымдары ең жоғарғы ұңғылар құрылымның борт пен қанат бөлігінде орналасқан ұңғыларға тән болып келеді, бұл өз кезегінде жарықшақты кеуектілікпен түсіндіріледі. Кен орынның бөліктері бойынша орта тәулік шығымдар мынаны құрайды:

–   платформа бөлігі 644 м3/тәу;

–   борт бөлігінде 898 т/тәу;

–   қанат бөлігі 854 т/тәу.

Ұңғылар бойынша технологиялық  режимдер әр айға бөлек белгіленеді, шығымның мөлшері газ өңдеу зауытындағы  топтық қондырғылардың өткізу қабілетіне тәуелді өзгеріп отырады. Шығымның көлемі сағалық қысыммен реттеледі, ол штуцерлердің көмегімен іске асырылады.

 

2.4-кесте

Теңіз кен орны ұңғылар қорының 2010 жылдың 1 қаңтарындағы жағдайы

 

Категория Өндіруші қор

Саны

102

Ұңғылар номері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

56

 

 

 

 

 

 

46

 

 

 

 

 

2

-

 

8

-

Жұмыс істеп тұрғандары

1К, 3K, 5К, 4, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 14, 15, 16, 20, 21, 23, 27, 28, 42, 43, 44, 47, 72, 102, 103, 104, 105, 106, 108, 110, 111, 112, 113, 114, 115, 116, 118, 120, 121,122, 123, 124,  317, 318, 320, 419, 1100, 1101, 4346, 5034, 5050, 5056, 5857, 6846, 7252

 

Соның ішінде: өндіретіндері

1K, 4, 5K, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 16, 20, 23, 27, 28, 42, 43, 44, 47, 72, 103, 104, 105, 106, 108, 110, 112, 113, 114, 115, 116, 118, 120, 121, 122, 318, 320,  419, 1100, 1101, 4346, 5034, 5050, 5056, 5857, 7252

 

ҰКЖ кейін өндірістік желілермен байланысуды тосушылар

15, 6846

күрделі жөндеуді

уақыттша тоқтауда

3K, 14, 21, 102, 111, 123, 124, 317

ҰКЖ тағайындалғандар:

57 ұңғының ТАҚ бар  ұңғылар – 13

(7,  9, 10, 16, 21, 44, 106, 108, 110, 113, 118, 318, 1100, )

 

46

 

 

 

 

Консервацияда

2K, 17, 18, 24, 25, 26, 29, 30, 31, 37, 38, 39, 40, 41, 45, 46, 60, 70, 107, 109, 117, 119, 125, 211, 220, 430, 456, 463, 470, 3938, 4556, 4629, 4635, 4748, 5044, 5059, 5246, 5435, 5454, 5646, 5853,  6337, 6246, 6261,7040, 7453

Консервациядағы 46 ұңғының  тереңдетілуді күтушілері:

9 ұңғы - 2K, 18, 30, 60, 70, 211, 430, 456, 470

46 ұңғының ТАҚ бар  ұңғылар – 6  ( 24, 41, 107, 5454, 5646, 7040)

Бұрғылануда

3

5447, 5963, 6457

Сыналуда

-

 

Жойылғандары

14

1, 2, 3, 5, 19, 22, 32, 33, 34, 35, 36, 52, 53, 101

14 ұңғының ТАҚ бар ұңғылар –  0

Арнайы

1

Бақылаушы - 100

Барлығы

120

 

Таскөмір шөгінділерін 9 ұңғыдан басқасының барлығы ашқан 

2K, 60, 101, 211, 430, 456, 470, 5447, 6457

120 ұңғының ТАҚ бар  ұңғылар – 19


 

2.3. Мұнай өндіру, ілеспе газ   және ілеспе су динамикасы (нақты және жоба бойынша)

 

Теңіз кен орнындағы мұнайдың, еріген газдың және ілеспе компоненттерді есептеу  ЖШС «Теңізшевройл», ААҚ НИПИ «Каспиймұнайгаз», ЖШС «КазНИГРИ» мамандарымен 2002 жылдың 13-17 тамызындағы бұйрығымен бектілген. (Протокол №170-02-У).

Еріген газдың, мұнайдың геологиялық  қорларының есептемелері игерудің 3 объектісі  бойынша- І,ІІ,ІІІ көлемдік әдістермен жасалған. І объект бойынша қор  есептемелері әр объект бойынша жеке орындалды- башкириялық, серпухов, окстік, қабаттардың белгіленген фациалдық аймақтары платформа, баундстоун, беткей есебімен орындалды. ІІ, ІІІ объектілер бойынша қорлар жеке объектілердің ерекшелеуінсіз платформалық және флангтік қабаттар үшін жеке орындалды.

Геологиялық қорлардың категориялылығы  зерттелу дәрежелеріне сәйкес: пайдалану мен сынама мәліметтері, жыныстың фильтрациялық сыйымдылық қасиеттерінің, қабаттық флюидтердің лабораториялық зерттемелерімен,  ұңғымаларды кәсіпшілік-геофизикалық зерттеулермен және СМШ жағдайларымен негізделді.

Мұнай қорын игерудің I объектісі

Платформа бөлігінде орналасқан мұнай  қорының башкириялық, серпухов және окстік объектілеріндегі  шоғырлары  В, С1 категориясына жатқызылған. В категориясына 1414х1414м торындағы «Игерудің технологиялық сұлбасына » сәйкес пайдалану ұңғымаларымен бұрғыланған қорлар кіреді. Башкириялық объекттің беткей бөлігі С1, С2 категориясымен бағаланған.

Мұнай қорын игерудің ІІ объектісі

ІІ объекттің түзілімдерінің қимасы мен өнімділігі І объектке қарағанда  аз зерттелген. Соны ескере отырып, кен  орынның беткейге жақын және беткейлі бөлігіндегі мұнай ағымы алынған ұңғымалардың айналасынан радиусы 1,4км-дегі учаскелердің қоры С1 категориясына жатады. ІІ объекттің қалған бөлігінің қоры С2 категориясы бойынша классификацияланады.

Мұнай қорын игерудің ІІІ объектісі

Мұнайдың өндірістік ағымын берген әрбір ұңғыма айналасынан радиусы 1,4км-де жатқан қорлар С1 категориясына жатады. Алынатын қорларды анықтау үшін кен орынды игеру кезіндегі мұнайды алу коэффициенті анықталды. Мұнайдың еріген қоры 2.2-кестеде көрсетілген.

Алынатын қорлардың 84%-ы І объектте орналасқан, олардың 62%-ы платформалық бөлікте болса, 35%-ы борттық және  3%-ы беткейлік аймақта негізделген. ІІ, ІІІ объектілердің қорлары кен орынның бүкіл қорының 12% және 4%-ын құрайды. В+С1 категориясымен І объектінің 92%-ы, ІІ объекттің 38%-ы және ІІІ объекттің тек қана 3%-ы бағаланған.

 

2.2-кесте

Мұнай және еріген газдың қоры

 

Параметрлер

I объект

II объект

III объект

Кен орын бойынша

Мұнайдың бастапқы баланстық қоры, млн.т, оның ішінде: 

С1 категориялары бойынша

Скатегориялары бойынша

 

 

 

1936964

256394

 

 

 

316275

510953

 

 

 

7726

267297

 

 

 

2260965

1034644

Мұнайдың бастапқы шығарыл-ған қоры, млн.т, оның ішінде:

С1 категориялары

Скатегориялары бойынша

 

 

 

1077246

98616

 

 

 

63580

104342

 

 

 

1553

54582

 

 

 

1142385

257540


 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.1-сурет. Теңіз кен орынның  игеру көрсеткіштерінің динамикасы

 

 

2.4. Газ айдау және  қабат қысымы динамикасы  (нақты  және жоба бойынша)

 

Теңіз кен орны аномальды жоғары қабат қысымымен және оның қанығу қысымынан үлкен айырмашылығымен  сипатталады. Аномальдік коэффициенті 1,826 жетеді. Минус 4500 метрдегі бастапқы қабат қысымы (бұл шек І объектінің палтформа бөлігіндегі табанының қасынан өтеді) 82,4 МПа құрайды, мұнайдың газға қанығу қысымы 25,6 МПа.

Платформа бөлігіндегі қабат қысымының өзгеруіне жүргізілген талдаулар бастапқымен салыстырғанда қабат қысымының 20,7 МПа құлаға-нын көрсетеді. Бастапқымен салыстырғандағы ағымдағы қысымның күрт құ-лауы 2001 жылы тіркелген және ол 18,9 МПа құраған. 2002 жылы 2001 жылы қарағанда қабат қысымының елеусіз көтерілуі байқалған. 2003-2004 жылдар кезеңінде қабат қысымының бұрынғыша құлауы бақыланған. Қабат қысымының 01.01.04 ж. ағымдағы қысымы 61,6 МПа құрады. 2001 жылға дейінгі қабат қысымының құлауы платформа бөлігіндегі қарқынды мұнай өндірумен түсіндіріледі, өйткені жұмыс істеп тұрған ұңғылар қорының барлығы дерлік платформаға шоғырланған. Платформада орналасқан ұңғылардан мұнай өндіру 2002 жылдан бастап азайтылды, сәйкесінше қабат қысымының құлау қарқыны да баяулады. Ал 2004 жылдың аяғына таман қысымның 2003 жылғы деңгейіне дейін тұрақталуы мүмкін. Егерде ұңғылар бойынша бөліп қарайтын болсақ, онда 2003 жылдан 2004 жылдың 9 айы аралығында мына ұңғыларда № 119, 112, 110, 106, 120, 5050, 5246 қабат қысымының күрт құлауы байқалған.

Қазіргі қабат қысымы мен бастапқы қанығу қысымының арасындағы айырмашылық 36 МПа құрайды.

Бортта да қабат қысымының бастапқымен  салыстырғанда кему жағы-на қарай  баяу өзгерісі байқалып отыр және ол 15,4 МПа құрайды. 2001 жылдан бастап қазіргі  уақыттың өзінде де қабат қысымының құлау жылдамдығының артқаны байқалуда. 2003 жыл бойы № 6, 8, 9, 20, 102, 103, 114 ұңғылар бойынша қабат қысымы елеулі төмендеді, ал қазіргі кезде мына ұңғылар № 42, 1100, 122, 320 бойынша төмендеуде. Қабат қысымының 2001 жалдан бері қарай құлауы мұнай өндіру көлемінің артуымен түсіндіріледі. Өндірілген мұнайдың көлемі 2001 жылы 5179 мың т., 2002 жылы 5889 мың т., 2003 жылы 5969 мың т. Қанығу қысымы мен ағымдағы қабат қысымының арасындағы айырмашылық 41,3 МПа құрайды.

Қабат қысымының ең аз өзгерісі кен  орынның қанат бөлігінен байқа-лып отыр. Қазіргі ағымдағы қабат қысымының бастапқыға қатысты 11,6 МПа төмендеді және ол 69,9 МПа құрады. Қысымның құлау қарқынының ең үлкен мәні 2001 жылы тіркелде. Қысымның құлауы 2000 жылмен салыстырғанда 4,4 МПа құрады. Келесі кезеңдерде қабат қысымы 70 МПа деңгейінде тұрақталғандай болды.

Теңіз кен орнының 1-ші объектісін игеріп жатқан өндіру ұңғымалар-дың  көбісінде, кеніштен алынып жатқан мұнай  көлеміне қабат қысымы өзгерісінің  сызықты тәуелділігі байқалады, бұл жалпы алғанда І эксплуата-циялық объект кенішінің пьезоөткізгіштігінің жақсы екендігін дәлеледейді. Жарықшақты зонаның пьезоөткізгіштігі өте жоғары да, ал платформанікі керісінше өте төмен.

Кен орынды игерудің басынан бастап жиналған өнім және қысымды өлшеу  мәліметтері негізінде қысымның фациальді зона бойынша төмендеу тәуелділігі құрастырылған. Осы тәуелділіктер бойынша абсолютті белгісі минус 4500 метрге келтірілген қабат қысымының құлау жылдамдығы анық-талған.

Қысымның ең төменгі құлау жылдамдығы (0,00036 МПа/1000 т.)  бортта орналасқан жалпы мұнай өндіру көлемі 42387 мың т болатын ұңғыларда тіркелген.

Қысымның ең жоғарғы құлау жылдамдығы (0,00136 МПа/1000 т.) платформа мен бортқа қатысты мұнай өндіру көлемі (10483 мың т.) аз қанат зонасында тіркелген, бұл осы зонаның жоғары коллекторлық қасиеттеріне байланысты.

 

Кесте 1.2 – Фациалды зоналар бойынша  қысымның құлауы

 

2002 жыл

2004 жыл

Платформа

0,00051

0,00048

Борт

0,00040

0,00036

Қанат

0,00153

0,00136

Информация о работе Кен орынның геологиялық құрлымының сипаттамасы