Өз облысыңның өлкетанушылық оқып-зерттелуін ұйымдастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Февраля 2014 в 14:27, лекция

Краткое описание

Бағдарламаға түсіндірмеде (орта мектеп үшін география бойынша бағдарламалар.География.-М.,1996) «географияны оқытудың өмірмен байланысы өлкетанушылық принципте де, яғни табиғатты,өз өңіріңнің халқы мен шаруашылығын оқып-зерттеу, оқу-тәрбие процесінде өлкетанушылық принцип географияның барлық курсын оқытуға қажетті,әсіресе 7 және 8-9 сыныптарда аса қажет.» деп көрсетіледі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Өлкетану.docx

— 23.57 Кб (Скачать документ)

Өз облысыңның өлкетанушылық оқып-зерттелуін ұйымдастыру

   Бағдарламаға түсіндірмеде (орта мектеп үшін география бойынша бағдарламалар.География.-М.,1996) «географияны оқытудың өмірмен байланысы өлкетанушылық принципте де, яғни табиғатты,өз өңіріңнің халқы мен шаруашылығын оқып-зерттеу, оқу-тәрбие процесінде өлкетанушылық принцип географияның барлық курсын оқытуға қажетті,әсіресе 7 және 8-9 сыныптарда аса қажет.» деп көрсетіледі.

    8-9 сыныптағы мектеп  бағдарламасы курсында өз облысыңның (өлке, республика) географиясын ірі физикалық-географиялық аймақтың немесе экономикалық ауданның бөлігі ретінде қарастыруға арналған арнайы тақырыптар бар.

   Білім беруде өлкетанушылық тұрғыны қалай,қандай тәсілмен жүзеге асыру керек, оқушыларды өз өлкесі,өз өңірі туралы білімдермен қалай қаруландыру керек?

   Бұл тапсырмаларды  орындау үшін мектептегі оқу-өлкетанушылық  жұмыстың белгілі бір жүйесі  қажет. Бұл жүйенің негізін  6 сыныптан бастап табиғаттану  және география курстарынан өз  өлкесі туралы білімдерді сатылап  жинау,оларды әрі қарай тереңдету,байыту  және география курсының әртүрлі  бөлімдері мен тақырыптарын оқуда  қолдану құрайды. Өлкетанушының  дайындық 8 және 9 сынып оқушыларында  «өз облысым (өлкем)» тақырыбын  оқумен аяқталады.

   Бұл бағдарламарды  оқып-үйренуге бағдарламада 20 сағат  қарастырылған. Бұл бөлім әр  түрлі нұсқа бойынша оқытылуы  мүмкін, таңдау мұғалімге тәуелді: облыстың физикалық географиясы Ресейдің физикалық географиясынан кейін оқытылады, 8 сыныптың соңында; облыстың экономикалық географиясы – Ресейдің экономикалық географиясынан кейін, яғни 9 сыныптың соңында.

   Бөлімнің жеке  тақырыптары «Ресей географиясы»  курсының әрбір тақырыбының соңында  яғни 9 сыныптың соңында оқытылады  (мысалы, «Облыс халқы», «Ресей халқы»  тақырыбынан соң оқытылады және  т.с.с.).

   Өз өлкеңнің кешенді  оқытылуы 9 сыныпта «Ресей географиясы»  курсының соңында. «Өз облысым» тақырыбы – бұл оқушылардың оқу-өлкетанушылық жұмысының ерекше қорытындысы.

   Никонова М.А Практикум  по геогр.краеведении.-М.,1985.С55.

Өз облысын оқытуда  мұғалім табысты жетістіктерге  өз өлкесін жетік білсе, облыстың кешенді географиялық сипаттамасында жеке мәліметтерді байланыстырып, ұштастыра  аша ғана қол жеткізеді.

   Өз облысыңның  географиясын білу- болашақ география  мұғалімінің кәсіби дайындығының  маңызды шарты.

   Өлкетану бойынша  курсқа студенттер оқитын шекте  облысты терең тануда сұрақтардың  қосылуы оқытушыға пәнаралық  байланыс негізінде оқытуға көмек береді. Бұл алдымен өлкетану курсының жалпыгеографиялық және аймақтық курстармен байланысы. «Өз облысым» тақырыбын оқытуда мұғалім студенттер бұрыннан білетін осы мекен бойынша білімдерге сүйенеді. Мысалы, жер бедері, геологиялық құрылымы, пайдалы қазбалары туралы жалпы ұғымдарды студенттер Ресейдің физикалық географиясы және геология курстарынан алады, климаты мен ішкі сулары (өзен,көл) туралы – жертану және Ресейдің физикалық географиясы курстарынан, т.б. Бұл білімдер I-III курста студенттер оқитын ірі физикалық географиялық аймақ шегінде жүргізілетін далалық практика кезінде кеңейді.

   Мектеп жағдайында  өз өлкесі туралы пайдалы дерек  ретінде оқу экскурсиялары кезінде  алынған мәліметтер, табиғатта практикалық  жұмыстар мен бақылау ұйымдарының  мәліметтері саналады. Мектепте  бұл жұмысты табысты жүргізу  үшін студенттер оны жүргізудің  әдістері мен тәсілдерін меңгеру  керек. Осыдан келіп, географияны  оқыту әдістемесі курсымен пәнаралық  байланысты орнату қажеттілігін  туындайды.

   Оқытылу уақыты  бойынша өлкетану курсы географияны  оқыту әдістемесінен алда, географияны  оқыту әдістемелік оқыту VIII-IX семестрде, өлкетану- VII-VIII семестрде «География және биология» мамандығы үшін және «География және шетел тілі» мамандығы үшін, сондықтан географияны оқыту әдістемесі тақырыптары студенттердің өлкетану курсынан алған білімдеріне сүйеніп оқытылады. Оған: география бойынша мектеп бағдарламасын талдау,мәтінмен және оқулықтың әдістемелік аппаратымен (өлкетану курсында – «Өз облысым» тақырыбы бойынша оқу құралымен жұмыс), картографиялық, статистикалық және өзге материалдармен жұмыс, оқу экскурсиялары, «Өз облысым (республика,өлке)» тақырыбын оқыту жатады.

   Өлкетану курсында  физикалық география бойынша  мектеп бағдарламасын талдау  бағдарламаның өлкетанушылық негізде  географияны оқытуға талаптары  тұрғысынан жүргізіледі.

   Өлкетану бойынша  сабақтар студенттерде сабақ   берудің зерттеушілік әдісін  қолдану дағдысының қалыптасына  әсер етеді. Оқулықта келтірілген  өлкетанушылық тапсырмалар ол  үшін жақсы жағдайлар жасайды.

4.1 «Өз облысым(өлке,республика)»  тақырыбын оқыту әдістемесі.

Географиялық өлкетану курсына  «мектепте өз облысының географиясын оқыту» (012500-географиясы мамандығы  бойынша пәндік дайындық тәрбиесінің  бағдарламасы –М..,2000 қараңыз) арнайы курсының болуына қарамастан «Өз облысым(өлке,республика)»  оқып-үйрену тақырыбының қосылуы,ереже  бойынша арнайы курстар студент  таңдауы бойынша жүргізіледі, ал өз облысы туралы білім мен оны  мектепте оқыту әдістемелік барлық студенттердің меңгеруі тиіс екендігімен  түсіндіріледі.

   Өз облысының өлкетанушылық  оқып-үйрену мұғалімге студенттерінің Ресейдің физикалық және экономикалық географиясы курстарынан алған білімдерін жүйеге келтіруге,кешенді географиялық сипаттамада жеке мәліметтерді байланыстыруға, сонымен бір мезгілде карталармен,статистикалық және әдеби дереккөздермен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді.

   Студенттердің өз  өлкені жақсы білуі – мектепте  географияның кең көлемде өлкетанушының негізде оқытушының кепілі.

   Берілген тақырыпта  сабақ өткізудің қиындығы студенттерге  белгілі мәліметтерді қайталамауда. Осыған байланысы барлық тапсырмалардың  мазмұны студенттер білімін жалпылау  негізінде облыс (өлке,республика) сипаттамасымен байланысты болу  керек. Сондай-ақ облыстық қарастырылуы  оқшау түрде емес, көрші мекенмен,барлық  елмен байланыста жүргізілуі  тиіс.

   Өз-өлкеннің табиғатын,  халқы мен шаруашылығын оқып-үйрену  үшін мекенді оқып-үйренудің жалпы  қабылданған типтік жоспары қолданылады.

  «Өз облысым» тақырыбын  оқып-үйрену жоспары.

Географиялық орны территориясы шекаралары.Геологиялық құрылымы, жер  бедерінің жалпы сипаттамасы, беткейдегі әр-түрліліктің себептері. Пайдалы қазбалары және олардың шаруашылық бағасы.

  • Климаты, оның қалыптасу факторлары, облыстың түрлі аудандарындағы климаттық ерекшеліктер себептері. Жыл мезгілдерінің ерекшеліктері:қыстың,көктемнің, жаздың, күздің. Өзен, көл, батпақтар мен су қоймларының сипаты мен режимі. Беттік сулардың шаруашылықта қолданылуы. Грунттық сулар және олардың шаруашылық маңызы.
  • Облыстық топырақ- өсімдік жамылғысы мен жануарлар дүниесі.
  • Облыстың табиғи аудандастырылуы. Таксаномиялық бірліктердің бөлінуі. Ауыл- шаруашылығын дамыту үшін табиғи жағдайларды бағалау. Облыс аумағында табиғатты тиімді қолдану және қорғау.
  • Халқы,халық санды динамикасы,құрамы(жыныстық,жастық,ұлттық,әлеуметтік), тығыздығы,қоныстану формалары. Еңбек дағдылары. Тұрмысы мен мәдениеті. Көрнекі орындары.
  • Облыстық(өлке ,республикалық) экономика- географиялық сипаттамасы,табиғи ресурстар ерекшеліктері,оларды тиімді пайдалану жолдары, шаруашылықтың жалпы сипаттамасы мен құрылымы. Халық шаруашылығының территориялық ұйымы- өнеркәсіптік желілер, өнеркәсіптік және ауылшаруашылық аудандар. Территориялды- өндірістік және аграрлы-өнеркәсіптік  (АӨК) кешендер олардың орналасуы мен сапалық құрылымы. Транспорт және территориялды- өндірістік байланыстар. Өлкенің даму болашағы.

   Жоспардың әрбір  бөлімі бойынша сабақ мөлшерін  нақты жергілікті жағдайларға  (табиғи жағдайы, облыстық даму  бағыты мен сипаты) тәуелдә болатын  материал көлеміне сүйене отырып  мұғалім аяқтайды.

Тақырып бойынша тапсырмалар  үлгісі

1-тапсырма.

Өз өлкеңнің географиялық орнын анықтау.

2-тапсырма.

Өз өлкеңнің геоглогиялық құрылымын анықтау.

3-тапсырма.

Өз өлкеңнің климаттық  және физикалық карталарын талдау.

4-тапсырма.

Кескін картаға негізгі  өлшемдерді түсіру, олардың бассейндерінің суайрығын белгілеу, өзеннің кеме қатынасты бөлігін табу, курвилитр  көмегімен өзен торының қалыңдығын анықтау.

5-тапсырма.

Типтік жоспар бойынша  облыс өзенлерінің біріне физикалық,геоглогиялық және климаттық карталармен бұрын  жасалған климатограммасын қолдана отырып сипаттама жасау. Қоректену режимін түсіндіру, ағыс жылдамдығын анықтау, сипатталған өзенді облыстық өзге өзендермен салыстыру.

6-тапсырма.

Облыстың өсімдік және топырақ картасын талдау, зоологиялық  және азоналық өсәмдік топтары мен  топырақ типтерін анықтау. Топырақтың металогиялық құрамы, жер бедерін  өсімдікке тәуелділігін анықтау.

7-тапрсырма.

Ауыл шаруашылығын дамыту үшін табиғат жағдайларына баға беру.

8-тапсырма.

Өз өлкеңнің ерекше қорғалатын аймақтары жөнінде хабарлама  дайындау.(егер болса, таңдау бойынша)

9-тапсырма.

Облыстарыңыздың Қызыл кітапқа  енген өсімдіктер мен жануарлары тізімін жасау.

10-тапсырма.

Облысыңызға тән аймақтар жіктелетін сызық бойынша жүргізілген  кешенді физикалық-географиялық профиль  тұрғызу.(профиль тұрғызу үшін географиялық атластан тақырыптық карталар кешен  өз облысыңның қабырға картасын қолдану).

11-тапсырма.

«Өз өлкеңнің кешенді физикалық-географиялық сипаттамасы» тақырыбына хабарлама дайындау.(таңдау бойынша) Физикалық-географиялық сипаттама құру үшін географиялық атластан тақырыптық карталар,қабырға картасы, өлкетанушылық әдебиет қолдану керек.

12-тапсырма.

Халық тығыздығының картасын қарап, қоңыстану ерекшеліктерін анықтау.

13-тапсырма.

«Аудандық бағынудағы қалалар  сипаттамасы» кестесін толтырып, аудандық бағынудағы қалаларға сипаттама  беру.

14-тапсырма.

Облыс пен қаланың көрнекті орындары жөнінде хабарлама дайындау. Студенттердің барлық хабарламалары  слайд, кинофрогмент көрсетілімімен бірге  болуы керек.

15-тапсырма.

Өз отбасыңыз бен қалаңыздың экономикалық-географиялық сипаттамасын құру.

16-тапсырма

Өз облысыңыз, өлкеңіз, республикаңыздың географиясы бойынша оқу-құралдымен танысу.(таңдау бойынша)

17-тапсырма

Өз облысыңыз,өлкеңіз,республикаңыздың атласына рецензия жасау.(таңдау бойынша) Рецензияда әр-түрлі сыныптардағы география  сабақтарында өлкетанушылық жұмыстарда атластың қалай қолданылатындығын  көрсетіңіз.

18-тапсырма

Өз облысыңыз, өлкеңіз, республикаңыздың қабырға карталарымен танысу.(таңдау бойынша)

Өз облысыңыздың (өлке, республика) экологиялық-географиялық оқытылуы жолын  қабылданған жоспар бойынша жүргізіледі:

  1. Экологиялық-географиялық орны.
  2. Халқы мен еңбек ресурстарының ерекшелігі.
  3. Маңызды табиғаты ресурстар құрамы мен орналасуы.
  4. Шаруашылық құрылымы.
  5. Қалалар мен елді-мекендер, халық шаруашылық қызметі.
  6. Шаруашылықтың даму болашағы.

Өз өлкеңнің зерттелуі  бойынша оқушылармен жалпымектепшілік жұмыс ұйымдастыру кешенді физикалық-географиялық оқып-үйренуді ұйымдастыруға ұқсас, зерттеуге дайындықты, оны жүргізу  мен алынған мәліметті өңдеуді қамтиды.

   Экономикалық-географиялық  зерттеуге дайындық кезінде зерттеу  объектілерін анықтайды және  жақын қашықтықтан «Өз өңірің»  оқудан бастайды, ауылдық мектептерде  –жергілікті ауылшаруашылық өндірістен (экспримиалдық база), ал қалалық  мектептерде –қалалық немесе  әкімшілік ауданның өнеркәсіптік  немесе көліктік кәсіпорындарынан  бастайды. Оқып-үйренуді 2 бағытта жүргізуге  болады- жалпы және таңдаулы. Таңдаулы  оқып-үйрену жеке өндірісті,кәсіпорынды,  елдімекенді оқып-үйрену артықшылығы  бар, себебі, оқып-үйренуге мамандануы  ескерілген анағұрлым қолжетімді  объектілер таңдалуы мүмкін, нақтырақ  айтсақ экономикалық ауданның  мамандану саласының біріне қатысты  кәсіпорындар оқып-үйретіледі.

   «Өз өлкеңді» экономикалық-географиялық оқып-үйренуде мектепте географиялық зерттеулердің барлық негізі әдістері қолданылады- әдебиеттік, картографиялық, статистикалық, далалық,(визуальды үйрену, зерттеуді бастар алдында әдебиетпен, картамен танысып, қандай графикалық, статистикалық, кломастрациялық мәліметтер орындалатынын анықтап,керекті мәліметтердің қандай мекемелерден алынатынын біліп алу керек.

   Таңдалған объектілердің экономикалық-географиялық зерттелуінің жоспарын құра отырып, кәсіпорындар әкімшілігімен алдын-ала келісіп алған жөн, сондай-ақ белгілі бір мекемелерді аралауға(мұрағат, жер-құрылым басқармасы,орман-өнеркәсіп шаруашылығы) рұқсат алған дұрыс.

   Оқып-үйренуді жүргізу- өнеркәсіптік,ауыл-шаруашылық, көліктік кәсіпорындарды, мұрағатты, өлкетану мұражайын және өзге мекемелерді аралау,бағдарлама бойынша мәліметтер ақпараттар жинау(шаруашылық объектілерінің үлгілік-типтік бағдарламалары).

   Алынған мәліметтерді  өңдеу- зерттелген объектілердің  экономикалық сипаттамасын егжей-тегжейлі  жазу, түрлі графикалық жұмыстар  орындау(график, кесте, диаграмма), карта-  схема құрудан тұрады. Ақпаратты  көркемдегенде олар мектеп өлкетану  мұражайының «Халық және шаруашылық  бөлімінің негізгі бөлігі болатындай  етіп жөңдеу керек. Олар: әкімшілік  ауданның өнеркәсібінің құрылымының  схемасы, «Ауданның (облыс,республикалың)  көліктік жолдары» карта-схемасы,  «Облыстың елді-мекендерінің географиясы»  карта схемасы т.б.

                   Өлкетанудың зерттеу нысандары

Өлкетану дегеніміз көлемі жағынан шағын белгілі бір  аумақтарды (аудандар, облыстар, өлкелер  т.б.) жан-жақты оқып білумен,зерттеумен айналысатын жұмыстардың жиынтығы екені белгілі. Өлкетанудың зерттеу нысандарын, жалпы өлкетануды кешенді бір-бірімен байланысты дүние ретінде қараған жөн.Өлкетану бойынша жүргізілетін зерттеулер мен бақылаулар шаруашылықтық, ғылыми, әлеуметтік тағы да басқа арнайы тапсырыстар түрінде болуы мүмкін және сол жер үшін тікелей практикалық маңыздылыққа ие болады.

Информация о работе Өз облысыңның өлкетанушылық оқып-зерттелуін ұйымдастыру