Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Апреля 2014 в 22:29, творческая работа
Дәнді дақылдар дүниежүзіндегі өңделетін жер қорының 1/2-інен астамын алып жатыр. Соңғы 50 жыл ішінде дәнді дақылдар өнімділігі үш есеге артқан, жылына өндірілетін мөлшері 2 млрд т-дан асып отыр. Дәнді дақылдардың шығымдылығы дамушы елдерде 15—20 ц/га болса, дамыған елдерде ол көрсеткіш 35—40 п/га. Дүниежүзі бойынша жылына дәнді дақылдардан алынатын өнімнің жартысына жуығы Азня елдерінде, 1/4-і Солтүстік Америка, ал қалған бөлігі Еуропа елдері мен басқа елдер үлесіне келеді. Елдер арасындағы 1-орында соңғы кезде АҚШ-ты басын озған Қытай, 3-орында — Үндістан, 4-орында Ресей болса, 5-орынды Франция иеленеді. Дәнді дақылдар тамақ, құрама жем, спирт және т.б. өндіріс салаларына шикізат болып табылады.