Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Апреля 2014 в 22:29, творческая работа
Дәнді дақылдар дүниежүзіндегі өңделетін жер қорының 1/2-інен астамын алып жатыр. Соңғы 50 жыл ішінде дәнді дақылдар өнімділігі үш есеге артқан, жылына өндірілетін мөлшері 2 млрд т-дан асып отыр. Дәнді дақылдардың шығымдылығы дамушы елдерде 15—20 ц/га болса, дамыған елдерде ол көрсеткіш 35—40 п/га. Дүниежүзі бойынша жылына дәнді дақылдардан алынатын өнімнің жартысына жуығы Азня елдерінде, 1/4-і Солтүстік Америка, ал қалған бөлігі Еуропа елдері мен басқа елдер үлесіне келеді. Елдер арасындағы 1-орында соңғы кезде АҚШ-ты басын озған Қытай, 3-орында — Үндістан, 4-орында Ресей болса, 5-орынды Франция иеленеді. Дәнді дақылдар тамақ, құрама жем, спирт және т.б. өндіріс салаларына шикізат болып табылады.
Өсімдік шаруашылығы
Өсімдік шаруашылығы
Дәнді дақылдар
техникалық
Бау-бақша шаруашылығы
Дәнді дақылдар дүниежүзіндегі өңделетін жер қорының 1/2-інен астамын алып жатыр. Соңғы 50 жыл ішінде дәнді дақылдар өнімділігі үш есеге артқан, жылына өндірілетін мөлшері 2 млрд т-дан асып отыр. Дәнді дақылдардың шығымдылығы дамушы елдерде 15—20 ц/га болса, дамыған елдерде ол көрсеткіш 35—40 п/га. Дүниежүзі бойынша жылына дәнді дақылдардан алынатын өнімнің жартысына жуығы Азня елдерінде, 1/4-і Солтүстік Америка, ал қалған бөлігі Еуропа елдері мен басқа елдер үлесіне келеді. Елдер арасындағы 1-орында соңғы кезде АҚШ-ты басын озған Қытай, 3-орында — Үндістан, 4-орында Ресей болса, 5-орынды Франция иеленеді. Дәнді дақылдар тамақ, құрама жем, спирт және т.б. өндіріс салаларына шикізат болып табылады. Дәнді дақылдардың негізін басты үш дақыл — бидай, күріш және жүгері құрайды. Дәнді дақылдар егістігінің 32%-ын бидай, 20%- ын күріш, ал 18%-ын жүгері егістігі алып жатыр.[1]
Орталықтар |
Басты мәдени дақылдар |
Жерорта теңізі |
Арпа, зығыр, жүзім, |
Оңтүстік-Батыс Азия |
Бидай, карабидай, арпа, |
Оңтүстік Азия |
Күріш, бидай, қант құрамы, |
Шығыс Азия |
Күріш, қытайбұршақ, |
Оңтүстік-Шығыс Азия |
Күріш, ямс, тары, |
Эфиопия |
Бидай, арпа, сорго, |
Батыс Африка |
Күріш, тары, ямс, |
Орталық Америка |
Жүгері, маниок, батат, |
Анд тауы |
Жүгері, картоп, асбұршақ, |
Дәнді дақылдар жинаудан жетекші елдер 2006 ж.
Рет |
Елдер |
Өнім мөлшері, |
Елдің дәнді дақылдар |
1 |
Қытай |
480,0 |
21,6 |
2 |
АҚШ |
306,0 |
16,4 |
3 |
Үндістан |
230,0 |
10,6 |
4 |
Ресей |
85,0 |
3,2 |
5 |
Франция |
60,0 |
3,1 |
6 |
Канада |
50,0 |
2,8 |
7 |
Индонезия |
50,0 |
2,6 |
8 |
Бразилия |
50,0 |
2,2 |
9 |
Украина |
50,0 |
2,1 |
10 |
Аргентина |
33,6 |
1,6 |
Бақша және жеміс шаруашылығы
Жеміс-жидекті көп өндіретін елдер қатарына Қытай, Үндістан, Бразилия, АҚШ, Италия жатады. Жүзім өсіру Жерорта теңізі жағалауындағы елдерде ерекше дамыған. Жүзім жинаудан Италия, Франция, Испания және АҚШ көзге түседі. Цитрус өсіру де АҚШ, Бразилия, Испания, Италия, Қытай мен Жапония сияқты субтропиктерде орналасқан елдерге тән. Банан — азиялық жеміс, бірақ қазір тек Азияда ғана емес, Орталық және Оңтүстік Америка, Африка елдерінде де көптеп өсіріледі. Жетекші елдерге Үндістан, Эквадор, Бразилия, Филиппин және Мексика жатады. Соңғы жылдары гүл өсіруге маманданған шаруашылықтар жаппай белең алуда.[1]