Шпаргалка по экологиялық токсикология

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Апреля 2014 в 21:29, шпаргалка

Краткое описание

1.Токсикология және экотоксикологияның мақсаты, міндеттері, зерттелу тарихы және негізгі түсініктері.
XX ғасырда адам іс-әрекеті нәтижесінде химиялық заттарды барлық орталарда (сфераларда), сондай-ақ ауыл шаруашылығында да кеңінен қолдануы салдарынан адамдарға, басқа да тірі ағзаларға және экожүйеге толығымен заттың токсикалық әсерінің күрделі мәселелерін шешу қажеттілігі туындады. Бүкіл Әлемдік Денсаулық Сақтау ұйымының (ВОЗ) бағдарламасына сәйкес қауіпті химиялық заттардың адам денсаулығына кері әсерін тигізудің алдын алу, химиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету - ХХI ғасыр дамуының негізгі міндеттері болып табылады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Toxikologia1.docx

— 135.83 Кб (Скачать документ)

10.Минералды тыңайтқыштар

Азотты тыңайтқыштар. Азоттың қосылыстарының нысанына байланысты мынандай тыңайтқыштар бар:

аммиакты – азот бос аммиак күйінде кездеседі (сұйық, сулы немесе сусыз );

аммоний тектес – азот аммоний ионымен ұсынылған [аммоний сульфаты,(NH4)2S04)];

нитратты – азот мұнда азот қышқылының қалдығының құрамында болады  [натрийлі, калийлі және кальцийлі селитра- NaN03, KNО3,Ca(N03)2];

аммонийлі-нитратты – құрамында аммонийлі және нитратты түрде азот болады [аммиакты селитра (NH4NО3];

амидті – несепнәрмен  [CO(NH2)2],  – топырақта уреза бактериясының ықпалымен аммоний көмір қышқылына айналатын  карбамин қышқылының амидімен ұсынылған .

жай әсер етушілер – несепнәрлі формальдегидті, несепнәрлі альдегидті, изобутилиденді несепнәр, океамид және т.б.

Азот амнқышқылының, ақуыздың, нуклеин қышқылының, дәрумендердің және басқа да биологиялық белсенді заттардың  компоненті ретінде өсімдіктердің тіршілік қызметінде маңызды рөл атқарады.

Азоттың жетіспеушілігі төменгі қабаттан басталатын сабақтың, бұтақтың, тамырдың өсуінің баяулауында, жапырақтың реңінің өзгеруінде байқалады. Жапырақтар алдымен боз жасыл түстес болады, содан кейін сарғаяды.

Фосфор тыңайтқыштары. Р2О5 мөлшерімен ерекшеленеді. Кең таралған түрлерінің бірі – суперфосфат [CaSО4 және Са(Н2РО4)2] қосындысы, қос суперфосфат [Ca(H2PО4)2], переципитат (СаНРО4). Фосфор АТФ, нуклеин қышқылы, белоктар қатарының құрамына кіреді және жасушалардың энергия алмасуында маңызды рөл атқарады. Р2О5-тің топырақ және өсімдік құрамында көп мөлшерде жинақталуы онда жүретін биологиялық үрдістерді баяулатады. Фосфордың жетіспеушілігі майда жапырақшаларлың пайда болуын, реңі күлгін, қызылдау, қоңыр түстес дақтары бар көкшіл-күңгірт жасыл жапырақшаларды тудырады; гүлдену және бүрлену кезеңі кешеуілдейді, майда гүлшоқтары жасалады, гүлдері түседі.

Калий тыңайтқыштары. Оларға калий тұзы (калий хлориді), калиймагнийлі тыңайтқыштар (KCI + NaCl + MgSО4), калий сульфаты, (K2SО4) жатады. Физиологиялық және биохимиялық үрдістерде калий маңызды роль атқарады, көмірсулардың және ақуыздардың айналымына белсенді қатысады. Калий жетіспеушілігінің жалпы белгісі – жапырақтардың жиектік «күю», олардың тіркестілігі және төменге бұралуы, сонымен қатар өсудің тежелуі, даму сатысының және жетілуінің кешеуілдеуі. Өсімдіктерде кальций жетіспеушілігі тым қышқыл, кейде сортаңдау топырақтарында кездеседі. Кальций алмасу үрдістерінде маңызды қызмет атқарады, көмірсулардың тасымалдауында, азот тектес заттардың айналуына, өніп-өсу кезінде дәндегі ақуыз қорының шығынын тездетуге ықпал етеді. Кальций жетіспегенде өсімдіктердің жас жапырақтарының беткі бөлігі ағарады, тамырлы қылдардың құрылуы тоқтайды, тамылар шырыштанады және шіриді. Кешенді немесе күрделі минералды тыңайтқыштар. Құрамында бірнеше нәрлі элементтер бар. Солардың ішінде жиі қолданылатындары: калийлі селитра  (KNО3), аммофос [NH4H2PО4 немесе (NH4)2HPО4], нитрофоска [(NH4)2HPО4 + NH4NО3 + KCl немесе K2SО4)].Минералды тыңайтқыштарды шымды-сортаң топырақтарға ұзақ уақыт ендіру топырақ микробоценозының өзгерісіне алып келеді. Топырақтың жалпы биологиялық белсенділігі, өзектің ыдырау үрдісінің белсенділігі төмендейді, аммонификациялайтын және нитрификациялайтын бактериялардың саны азаяды, микроағзалардың улы түрлері жинақталады. Қара топырақта көп мөлшерде минералдық тыңайтқыштарды қолдану да биологиялық белсенділікті төмендетеді. Микрофлораның құрамынан улы заттар бөлетін микроағзалар дамиды.Микротыңайтқыштар. Топырақты микроэлементтермен байыту үшін қажет. Борлы, молибденді, мысты, марганцты, мырышты, кобальттық микротыңайтқыштар көбірек кездеседі. Минералды тыңайтқыштарды ендіру микроартроподтардың дамуына жағымды әсер етеді. Шымды-сортаң топырақтарда буын аяқтылар санының көбеюі азот тыңайтқыштары енген жерлерде байқалады. Азотты тыңайтқыштарды ендірген кезде (N35) буын аяқтылар қатары 4,4 есе, қабыршақты кенелер 14 есе, гамаз кенесі 4,2 есе көбейді; фосфор (Р50) – сәйкесінше 3,9 және 7,5 есе; калий тыңайтқыштарын ендірген кезде (К80) - 4,10 және 13; белгіленген мөлшерде толық тыңайтқыштарды ендірген кезде  2,7,6,7 және 12 есе көбейеді бақылаумен салыстырғанда (Фирсова, 1983). Әр түрлі мөлшерде толық минералды тыңайтқыштарды ендірген кезде N6оР60К60,  N120Р120К150 және N180Р180К210 микроартроподтардың жалпы саны тыңайтқыштарды екі еселегенде максимум мөлшеріне жетеді (Блинников, 1983).  Топырақтық мезофауна толық зерттелмеген. Жауын шұбалшынына кері әсер ететіндігі туралы деректер бар. Минералдық тыңайтқыштардың қоршаған ортаға жағымсыз әсерлері мына жағдайға алып келеді:

-Тыңайтқыштардағы  нәрлі элементтердің топырақтан жер суларына немесе су қоймаларына жоғарғы ағыстан түсуі су қоймаларының сапасының төмендеуіне (балдырлардың дамуы мен планктондардың пайда болуы) алып келеді. Су қоймаларының сапасының төмендеуі нәтижесінде терең аймағында анаэробты үрдіс күшейеді, күкіртті сутек, аммиак жинақталады, оттегі жетіспейді. Бұл өсімдіктер мен балықтардың өліміне алып келеді. Су ішуге жарамсыз болып қалады.

-Азоттың шығындары атмосферада микроклиматтың нашарлауына алып келеді. Топырақтың және тыңайтқыштардың азот қосылыстарын қайта қалпына келтіру кезінде қалыптасатын азот оксиді атмосфераның озон қабатын бұзады.

-Минералды тыңайтқыштарды дұрыс қолданбау нәрлі заттардың айналымын және теңгерімін, агрохимиялық қасиеттерін және топырақтың өнімділігін нашарлатады (топырақтың қышқылдылығы көбейеді).

-Өсімдіктердің макро және микроэлементтермен қолайлы қоректенуінің бұзылуы әр түрлі өсімдік ауруларына, фитапатогенді саңырауқұлақтардың дамуына алып келеді. 

-Тыңайтқыштарды қолдану технологиясын бұзу өсімдік шаруашылық өнімдерінде нитраттардың жинақталуына алып келеді. Топырақтағы және ауыл шаруашылығында нитраттардың және уытты заттардың құрамы ШРК аспауы өте маңызды. Соңғы жылдары ШРК-сы жоғары нитраттарды өсімдік шаруашылық өнімдерін өндіруде (әсіресе көкөністер) қолдануға байланысты шаралар қолға алынуда. Мұндай өнімдердің мөлшері 30 % - ға жуық, бұл тыңайтқыштарды ендіру технологиясын сақтамай  минералды, көбіне азотты және органикалық тыңайтқыштарды қолданумен байланысты.  Нитраттардың әсер етуіне көбіне балалар ұшырайды.

11. Нитраттар, нитриттер және нитрозоқосылыстар

Тамақ өнімдеріндегі нитраттар мен нитриттердің негізгі көздері. Нитраттар – азот қышқылының тұзы радикалмен бірге (NО3-) қоршаған ортада кең таралған, негізінде топырақта және суда. NО3- иондары топырақпен араласпайды, сондықтан барлық нитратты азот топырақта ерітінді күйінде болады, өсімдікке жеңіл таралады және жеткілікті түрде болады. Нитраттар тыңайтқыштар қатарына кіреді, сонымен қатар өсімдік тектес тағам өнімдерінің табиғи құрамдас бөлігі болып табылады. Нитриттер -  азот қышқылының тұзы (NО2),  аз мөлшерде өсімдік құрамында болады,  Ол азоттың аммиакқа дейін тотыққан үлгісін қайта қалпына келтірудің аралық үлгісін ұстанатын болғандықтан орта есеппен 0,2 мг/кг. Нитраттардың тағам өнімдерінде шоғырлануы негізінен бақыланбайтын азот тыңайтқыштарын қолдануға байланысты. Соның өзінде кейбір пестицидтер, мысалы гербицид 2,4 – Д өсімдіктердің нитраттарды жинақтауын 10-20 есе арттырады. Көп мөлшерде нитраттар адам денсаулығына қауіпті. Адам 150-200 мг/тәу нитрат мөлшерін біршама жеңіл көтереді, 500 шектік рауалы доза, ал 600 мг/тәу мөлшері ересек адам үшін уытты болып саналады. Ал кішкентай сәбилер үшін 10 мг/тәу уытты болып саналады. Өсімдіктің өнімінің өнімділігін көбейту үшін құрамында азот бар тыңайтқыштарды көп мөлшерде топырақ құрамына енгізеді. Бұл өсімдік шикізатының және өнімдердің құрамында нитраттардың көбеюіне алып келеді. Егер көкөністер қосымша  азотты тыңайтқыштарсыз өсірілген болса, онда олардың құрамындағы нитраттарың мөлшері шамамен мынандай болады: салат жапырақтарында 2900 мг/кr, ақжелкенде- 250,  орамжапырақта - 100, картопта - 20 мг/кг. Егер топырақта азот артық болса нитраттардың көп мөлшері саумалдықта 6900 мг/кг-ға дейін, қызылшада 5000-ға дейін, салат жапырағында  4400 – ге дейін, шалғамда 3500 мг/кг-ға дейін   жинақталады. Олардың құрамы тамыр бағытына байланысты өсіп отырады. Мысалы, нитраттар ақбас қырыққабатында қаудан қырыққабатына қарағанда 60-70% аз. Салат жапырақтарында жапырақ кесінділеріне қарағанда 40-50%-ға азырақ. Адам ағзасының ас қорыту жолында (асқазанында және ішегінде) немесе дәл ауыз қуысында нитриттер нитраттардан қалыптасады. Нитраттардың концентрациясы сілекейде оның тағаммен бірге қолданатын мөлшеріне пропорционал. Бұл концентрацияның көлемі нитриттердің қалыптасуына әсер етеді. Нитраттар тағаммен бірге сілекейге және аш ішекке ене отырып, нитритке дейін микробиологиялық қайта қалпына келеді, нәтижесінде қанда нитрозил иондар қалыптасады. Тағаммен бірге түсетін нитраттар ас қорыту жолында сіңіріледі де, қанға түседі және сонымен ұлпаға енеді. 4-12 сағаттан соң олардың көп бөлігі (80% жастарда және 50% қарт адамдарда) адам ағзасынан бүйрек арқылы шығады. Қалған бөлігі ағзада қала береді.Негізінен нитраттар мен нитриттердің әсеріне кіші жастағы балалар сезімтал келеді. Бұл олардың ферменттерінің әлсіз белсенділігіне байланысты. Көбінесе , Швецияда кейбір көкөніс түрлерін яғни,  минералды тыңайтқыштарды қосып өсіргендерді балаларға беру ұсынылмайды, рауалы шекті мөлшерлі шамадан аспаса да. Адам ағзасында нитриттердің уытты әсері метгемоглобинемия түрінде байқалады. Нитрозил иондар екі валентті темір Fe2+ гемоглабинін үш валенттіге  Fe3+. тотықтырады.  Мұндай тотығу нәтижесінде қызыл түске ие гемоглабин қарақошқыл түстес NО-метгемоглобинге айналады. Нитраттар мен нитриттерге көп көңіл бөлінетінің тағы бір себебі, олар ағзада ең соңында нитрозоқосылыстарға айналады, олардың көбісі канцерогендер болып табылады. Сонымен, қазіргі таңдағы белгілі, құрамында  нитрозатоп (NO), 80 нитрозааминдер (аммиак туындысы) және  23 нитрозаамид (аминқышқылы мен  пептидтердің туындысы) бар  нитризоқосылыстар белсенді канцерогендерге жатады. N-нитрозоқосылыстар нитротобы (>N-N=О) азот атомымен байланысты заттар. Олар нитриттердің екіншілік, үшіншілік және төртіншілік аминдермен өзара әрекеттесу кезінде қалыптасады.

К нитрозатоптарға әр түрлі радикалдар қосыла алады: алкильді, арильді, алициклдық  және т.б.

N-нитрозоқосылыстар –  қатты заттар немесе сұйықтық, жоғары реакциялық қасиетке ие. Органикалық ерітінділерде және  суда жақсы ериді, жоғары ұшпалылығымен  ерекшеленеді, біршама тұрақты және  ұзақ уақыт бойы қоршаған ортада  ешбір өзгеріссіз тұра алады. Кең таралған түрлері N-нитрозодиметиламин (НДМА), N-нитрозодипропиламин (НДПА), N-нитрозодиэтиламин (НДЭА), N-нитрозопиперидин (НПиП), N-нитрозопирролидин (НПиР).Нитрозоқосылыстардың канцерогендік  әсері оладың ағзаға әсер ету  мөлшері мен уақытына байланысты, төмен бір реттік мөлшерлер  бірігеді, сосын қатерлі ісік  тудырады. Нитрозоқосылыстардың адам  ағзасында жинақталуының алдын  алу үшін азық – түліктен  толығымен аминдер мен амидтерді, сонымен қатар олардың пайда  болуын тудыратын нитриттер мен  нитраттарды  алып тастау керек. Өкінішке орай, тек қана нитриттер  мен нитраттарды азық – түлік  өнімдері мен шикізаттарының  құрамында төмендету мүмкіншілігі  ғана бар. Нитрозизациялау рН 2-3 болғанда  жүреді, ал катализатор немесе  рН төмен деңгейде қатысса  адам асқазанында сақталады. Мұндай  катализаторларға галоген және  тиоционат (роданид) ионы жатады. 

Асқазанда нитраттар құрамында, мысалы етте  нитрозоаминдер мен нитрозоамидтер бар, биогенді аминдермен қалыптасады. Асқазан қышқылдылығының сөлі төмен адамдарда нитраттардан көп мөлшерде нирозоаминдер қалыптасады, ол асқазан ісік ауруларының жиілеуін қамтамасыз етеді.

12.Суландыру және  тыңайту үшін пайдаланылатын  ақаба сулар және қатты қалдықтар

Ақаба сулар (АС) және қатты қалдықтар ауыл шаруашылығында суландыру және тыңайтқыш ретінде кеңінен қолданылады. Ақаба сулар мен қатты қалдықтарды тазалау және қайта өңдеу үшін биотехнологияның ерекше тәсілдері қолданылады. (Позняковский, 1999).Ақаба суларды шартты түрде келесідей жіктеуге болады:

-Шаруашылық – нысаптық (тұрмыстық ақаба су). Өлшенген заттар, ерігіш минералды және патогенді қоздырғыштардың органикалық қосылыстарынан  тұрады. Олар механикалық және биологиялық тазартуды, ерекше жағдайда хлорлауды қажет етеді.

-Мал шаруашылығы кешендерінің АС-ы. Алдыңғылардан минералды және органикалық қосылыстардың концентрациясының жоғарылығымен ерекшеленеді, құрамында 4 г/л және одан да көп жалпы азот, 900 мг/л және одан да коп фосфор (Р2О5), 6000 мг/л және одан көп калий бар. Ағыстарда патогенді микрофлора, гельминттердің жұмыртқалары, қалдық консерванттар, пестицидтер және де дәрілік препараттар  болуы мүмкін.

-Қолданар алдында суландыру үшін ақаба суларды механикалық және биологиялық тазалаудан өткізу керек. Агрохимиялық және гигиеналық талаптар 1,5 – 2 г/л-дан аспайтын, жалпы минералдауға жеткізу мақсатында, оларды тұщы сумен араластыру қарастырылған,  ал жалпы азот 150-300 мг/л болуы тиіс. Бұл топырақтың және ауыл шаруашылық мәдениетінің уытты заттармен ластануының алдын алады.

-Өндірістік АС, бұған сонымен қатар тұрмыстық ғимараттардан шыққан фекальді-шаруашылық сулар қосылады. Ауыл шаруашылық өнімдерінің ластануына ең қауіпті қатер төндіреді. Құрамында әр түрлі органикалық және органикалық емес қосылыстардың жоғары концентрациясы бар. Өндірістік ақаба сулар арасында суландыру үшін ең қолайлысы азық-түлік өнеркәсібінің ақаба сулары болып табылады.

-Қаладағы аралас ақаба сулар.  Ықтимал ластағыштар кешенін құрайды, оған беттік белсенді заттар да жатады. (ББЗ)

Суғарылатын судағы өлшенетін заттардың концентрациясы 3000 мг/л аспауы керек, судың бирхоматты тотығуы – 1100-2000мг О2/л, ішек таяқшаларының және энтерококтың титры 1-10/мл. ГОСТ-қа сәйкес жеке заттектердің құрамы мынадан аспауы крек: жалпы азот - 120, фосфор – 30, калий – 159. Минералды тұздардың қосындысы 1,5 г/л – дан аспауы қажет.Ақаба суларды ластайтын компоненттерінің ішінде ерекше қауіп төндіретін ауыр металдар, ыдырамаған органикалық қосылыстар, патогенді микроағзалар (бактериялар, вирустар, қарапайымдылар, гельминт). Олар көбінесе ішек ауруларын қоздыратын аймақтарда кеңінен таралған.

Ішек патогендері ақаба сулардың құрамында 102-1011л деңгейінде болады. Патогенмен жұқпаны тудыртудың 5 категориясы бар:

-Бірден бөлінгеннен кейін жануарлар мен адамдарға жұғатын  вирустар, қарапайымдылар және кейбір гельминттер (жылан құрттары, таспа құрттары);

-Бактериялардың тек бөлінунен емес, сонымен қатар сыртқы ортада ұзақ мерзімде сақталуына байланысты болып келеді. Мысал ретінде ауыл-шаруашылық дақылдарында тазартылмаған АС себіндісінің ирригациясынан пайда болған тырысқақ эпидемиясын алуға болады.

-Аралық иесінің дамуын қажет етпейтін топырақ арқылы берілетін ішектік нематодттардың қоздырғыштары (аскарид жұмыртқалары, власоглав, анкилостомид);

-Бұқа және шошқа таспа құртының онкосферасымен беріледі. Бұл аурулардың ең таралған жолдары – тазартылмаған ақаба сулармен жайылымды суарту.

- Бір немесе бірнеше аралық су иелерінің дамуына қажет ететін гельминттер (ұлу, балықтар және төменгі сатылы шаян тәрізділер); Шикі және термиялық өңделмеген балықтардың немесе су өсімдіктердің дұрыс тазаланбаған ақаба сулардың құрамында болуы және оны тоғандық шаруашылығында  пайдалануынан инфекция таралады.

Ақаба суларды бақылау үшін өлшенген заттарды жою және оттекті биохимиялық тұтынуды төмендетуге қарағанда,  патогенді бастаманы жою ақаба суларды тазалауда ең тиімді шар болып табылады.

13. Ауаның микроағзалар-продуценттерімен, бактериалды препараттарымен және  оларды құраушыларымен ластануы.

Микробиологиялық және химиялық фармацевтика өндірістерінің дамуы, қоршаған орта аясындағы микроағзалар-продуценттер түріндегі және олардың тіршілік әрекетіндегі өнімдер биологиялық ластауға алып келеді. Қазіргі уақытта биотехнологияда шамамен 80 микроағзалар мен олардың штаммдары - ақуыз-дәруменді кешендерінің продуценттері   (Acinetobacter oleovarum, Arthrobacter te"egens), ақуыздық азығы ( Candida maltosa, С. rugosa,С. ethanolica, С. scotti, С. seatricum, С. tropicalis, Endomycopsisfibuligera), аминқышқылдары ( Corinebacterium glutamicum, acil/us subtilis, Brevibacterium flavum, Escherichia colt),лимон қышқылдары, (Aspergillиs niger), рибофлавин (Bacillus sиbtilis), ферменттер (Acreтoniиm chrisogenит, Escherichia coli, Streptovertidiliит olivoretic, Rhodococcus rhodochroиs), линкомицин (Actinoтyces roseolus), грамицидин (Bacillus brevis), полимиксин (Bacillus роlуmуха), сизомицин (Micromonospora atratavinosa), рифамицин (Nocardia medite"anet), пенициллин (Penicillium chrysogenиm), хлортетрациклин, тетрациклин (Streptomyces aurefaciens), авермектин (Streptomyces avermitilis), флавомицин (Streptomyces bambergiensis), эритромицин (Streptomyces erythreus), стрептомицин (Streptomyces griseus), канамицин (Streptomyces kanamycetius), окситетрациклин (Streptomyces rimosus), өсімдіктерді қорғайтын қосылыстар (Bacillus subtilis, В.thuringiensis, В. sphearicus), салицил қышқылы (Pseudomonas fluorescens), ет өнімдерін өндіруге арналған препарат қосылыстары (Lactobacillus casei, L. plantarum, Micrococcus varians) және т.б. кеңінен қолданылады. Микроағзалар атмосфералық ауада аэрозольдер түрінде кездеседі. Микроағзалар продуценттері мен бактериалды препараттар әсерлерінің жағымсыз салдарының алдын алу үшін орташа тәуліктік ШРК (ШРКо.т.) белгіленеді, себебі микроағзалар ағзаға резорбты әсер етеді.  Микроағзалардың ШРК-сы 1м3-ғы микробты жасушаларымен белгіленеді. Ресей Федерациясының Денсаулық сақтау Министрлігімен рұқсат етілген өндірістік штаммдар мен бакпрепараттар қосылыстары ретінде қолданылатын барлық микроағзалар патогенді емес және шартты-патогендіге жатады. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының (БДСҰ) жіктеуі бойынша мұндай микроағзалар ІІ қауіп-қатер тобына (орташа жеке қатер және халыққа шектеулі қатер), ал қауіптілік деңгейіне байланысты – 3 және 4 қауіптілік деңгейіне жатады.

14. Антибактериалды  заттар. 

Антибиотиктер (АБ). Сульфаниламидтер мен нитрофурандармен қатар, антибактериалды қосылыстарға мал шаруашылығында және  ветеринарияда тамақтандыруды жылдамдату үшін; эпизоотикалық ауруларды емдеу және профилактика жүргізу үшін; азықтық қоспалардың сапалығын арттыру мақсатында жиі қолданылатын қосылыстар жатады. Антибиотиктер – бұл саңырауқұлақтар мен актиномицеттердің тіршілік үдерісінде қалыптасатын және вирустарды, қарапайымдыларды, бактерия мен басқа да саңырауқұлақтардың дамуын жоятын органикалық заттар. Бірінші АБ – пеницилинді 1940 ж. Англияда Флори мен Чейн  кристалды түрде алған. 1942 ж. Мәскеуде тәжірибелік медицинаның Бүкілодақтық институтының микробтар биохимиясының лабораториясында алғашқы отандық пеницилин – крустозин алынған. 1944 ж. стрептомицин алынды. Қазіргі таңда 5 мыңға жуық антибиотиктік қасиеттері бар микробты метаболиттер белгілігі, шамамен 3,5 мың антибиотиктер синтетикалық жолдармен алынған. Химиялық құрылысы бойынша аталмыш антибиотиктер ациклді, алициклді, ароматты, азот және оттек құрамды гетероциклді қосылыстарға, хинондарға, пептидтерге жатады. Өзіне тән қасиеттері мен ұлпаға енуі бойынша АБ қышқылды, екідайлы (амфотерлі) және негіздік болып бөлінеді. Әсіресе, тірі ағзалар ұлпасына қышқылды антибиотиктер тез (пенициллин), баяу түрде - екідайлы (тетрациклин), бәсеңді  - негіздік антибиотиктері (стрептомицин) енеді. Антибиотиктердің микроағзалармен синтезделуі – бұл басқа микробты жасушаға әсер ететін  антагонизмнің көріну формасының бірі және АБ оның дамуына кері әсерін тигізеді. Кейбір антибиотиктер көбею кезеңінде бактериалды жасуша қабықшасының синтезін жоюға қабілетті болып келеді; басқалары өткізгіштігін өзгерту арқылы оның цитоплазмалық мембранасына әсер етеді. Олардың бір бөлігі заттар алмасу реакциясының ингибиторлары болып табылады. Қазіргі уақытта шамамен 200 АБ-ге тәжірибелік қолданыс бар. АБ-дің негізгі кемшілігі – патогендердің антибиотиктерге тұрақтылық қабілетінің пайда болуы. Медицинада қолданылатын антибиотиктерді ауыл шаруашылығында қолдануға тыйым салынады. АБ ет, мал сүтінің, құс жұмыртқасы және де басқа тағамдарға өтіп, адам ағзасын уландырады.  R-плазмидті (сыртқы хромосомалы) дәрумендік тұрақтылылығының адам және жануарлар ағзасына өтуі, жағдайды қиындатады. R – фактор бактериядан келесі бактерияға көптеген АБ-ге тұрақтылық қабілетін тасымалдап, патогенді емес бактериядан патогенді түрлерге резистентті тасымалдауға мүмкіндік береді. Мысалы, Streptocococcus faecalis бактериясынан  S. Aureus бактериясына, Escherichia coli бактериясынан Salmonella немесе Shigella бактериясына дейін. Дәрумендерге тұрақтылық сыртқы хромосомалық (басқа да түрлері болуы мүмкін) тасымалдауы АБ-нің терапиялық әсерінің төмендеуінен немесе жұқпалы аурулардың пайда болуымен байланысты.

Информация о работе Шпаргалка по экологиялық токсикология