Шпаргалка по экологиялық токсикология

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Апреля 2014 в 21:29, шпаргалка

Краткое описание

1.Токсикология және экотоксикологияның мақсаты, міндеттері, зерттелу тарихы және негізгі түсініктері.
XX ғасырда адам іс-әрекеті нәтижесінде химиялық заттарды барлық орталарда (сфераларда), сондай-ақ ауыл шаруашылығында да кеңінен қолдануы салдарынан адамдарға, басқа да тірі ағзаларға және экожүйеге толығымен заттың токсикалық әсерінің күрделі мәселелерін шешу қажеттілігі туындады. Бүкіл Әлемдік Денсаулық Сақтау ұйымының (ВОЗ) бағдарламасына сәйкес қауіпті химиялық заттардың адам денсаулығына кері әсерін тигізудің алдын алу, химиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету - ХХI ғасыр дамуының негізгі міндеттері болып табылады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Toxikologia1.docx

— 135.83 Кб (Скачать документ)

4.Иондық сәулеленудің адам ағзасына биологиялық әсері

Ағза ұлпаларында орналасу ерекшеліктеріне байланысты сүйекте остеотропты радионуклидтер, стронций, кальций, барий, радий, иттрий, цирконий, плутоний элементтерінің радиоизотоптары; бауырда (60%-ға дейін) және сүйекте  (25%-ға дейін) – церий, лантан, прометий, ағза ұлпаларында бірқалыпты таралып орналасатын – тритий, көміртегі, темір, полоний; бұлшықетте – калий, рубидий, цезий; сілекей және лимфада – ниобий, рутений жинақталады. Басқа ағзалар мен ұлпаларға қарағанда концентрациясы 100-200 есеге жоғары болатын иод радиоизотоптары қалқанша безде біртіндеп жиналқталады. Иондық сәулеленудің  биологиялық обьектілерге, оның ішінде, адамға әсер ету механизмін 3 сатыға бөлуге болады.

Бірінші саты. Мыңдаған және миллиондаған секундтарға жалғасатын бұл физико-химиялық этапта өте көп мөлшерде сәулелену энергиясының жұтылуы нәтижесінде химиялық ионды, белсенді атомдар мен молекулалар түзіледі. Химиялық байланысты үзуге қабілетті көптеген радиациялы-химиялық реакциялар жүреді. Біріншілік иондану кезінде суда бос радикалдар (Н+, ОН-, НО-2 және т.б) түзіледі. Жоғары химиялық белсенді бұл радикалдар ферменттер мен ұлпа ақуыздарымен әрекеттесе келе, тотығу немесе тотықсыздану үрдістері нәтижесінде ақуыз молекулаларының бұзылуын, яғни ағзалар мен ұлпалардағы зат алмасу және биохимиялық үрдістердің бұзылуын, сонымен қатар ағзада улы қосылыстардың жинақталуын туғызады. 

Екінші саты. Бұл саты иондық сәулелердің ағза жасушаларына әсер етуімен ерекшеленеді және ол бірнеше секундтардан сағаттарға дейін жалғасады. Жасуша ядроларының түрлі құрылымдық элементтері бұзылады, өзгеріске ең алдымен ДНК ұшырайды. Тұқым қуалаушылық белгілерді тасымалдайтын хромосома бұзыла бастайды. Зақымдалу кезінде онкогендік және түрлі генетикалық аурулар тудыратын хромосома абберациясы, яғни өз қызметінен ауытқу үрдістері – сыну, қайта түзілу және фрагменттелу жүреді.

Үшінші саты. Бұл сатыда сәулелену бүкіл ағзаға әсер етеді. Оның алғашқы сипаттары бірнеше секундтарда-ақ байқала бастайды (қабылданған дозасына байланысты), бірнеше айлардан-ақ күшейе түседі және бірнеше жылдар арқылы жүзеге асырыла бастайды.

Адамның түрлі мүшелері мен ұлпаларының иондық сәулеленуге сезімталдылығы бірдей дәрежеде емес. Кейбір жасушалар мен ұлпалар жоғары радиосезімталдығымен, ал кейбірі керісінше жоғары радиотұрақтылығымен ерекшеленеді. Қанның кейбір элементтері, лимфоциттер, ішектің бездері, жыныс бездері, тері эпителиі және көз жанары сәулеленуге жоғары сезімталды; ал шеміршек және фиброз талшығы, ішкі мүшелер паренхимасы, бұлшықеттер және жүйке жасушалары сезімталдығы  төмен болып табылады. Әр жасушаның радиосезімталдылығы зақымдаушы дозалардың ондаған мәндеріне сәйкес кең аралықта өзгереді. Байланыстырушы бұлшықеттердің жас жасушаларының сәулеленуге шалдығу дозасы 40 Гр, ал жілік майының қан жасушалары 6 Гр жеткенде, бұл жасушалар өмір сүруін тоқтатады.

5.Азық-түлік өнімдеріндегі  радионуклидтер мөлшерін төмендетудің  технологиялық жолдары

Радионуклидтер ағзаға тағаммен бірге келіп түсуін төмендету үшін олардың тағамдағы мөлшерін төмендету арқылы, сонымен қатар тағам рационында радионуклидтердің аз ғана мөлшерін қамтитын өнімдерді көбейту қажет. Азықты шикізатты дұрыс өңдеу арқылы (тазалап жуу, мұқият тазалау) радионуклидтердің 20-60% дейінгі мөлшерін азайтуға болады. Яғни, кейбір көкөністерді жумас бұрын олардың қабығын, лас жапырақтарын (қырыққабат, пияз және т.б.) алып тастау қажет. Картоп пен тамыртүйнекті өсімдіктерді қабығын аршымас бұрын және қабығы аршылғаннан кейін 2 мәрте жуу керек. Радиоактивті заттармен қоршаған ортаның жоғарғы дәрежеде ластанған аймақтарындағы азық шикізаттарын аспаздық өңдеудің озық тәсілі – қайнату болып табылады. Қайнату кезінде радионуклидтердің едәуір бөлігі қайнатпада қалады. Мұндай қайнатпаларды тағамдық өнім ретінде қолдануға болмайды. Қайнату үшін алдымен өнімді суда 10 минут қайнатады, кейін ол суды төгіп тастап таза суда қайнатуды жалғастырамыз. Ал мұндай қайнатпаларды тағамдық өнім ретінде қолдануға болады: мысалы, біріншілік ас мәзірін дайындау кезінде. Етті пісіру алдында 2 сағат бұрын суық суда шайып, үлкен бөліктерге бөлшектеп кесіп, кейін тағы үстінен суық су құйып әлсіз отта 10 минутқа қайнатамыз да, ол қайнатпаны төгіп, қайтадан басқа суда дайын болғанша пісіреміз. Ет және балықты қуырған кезде олардың бетінде радионуклидтер мен басқа да зиянды заттардың бөлініп шығуын болдырмайтын қабық түзіледі және ол кеуіп қалады. Сондықтан, радиоизотоптармен ластанған азық-түлік өнімдерін тұтынған кезде қайнатылған ет пен қайнатылған балық тағамдарын, сонымен қатар буда піскен тағамдарды таңдаған жөн. Радионуклидті өнімдердің сорпаға бөлінуінде судың реакциясы мен оның тұзды құрамы әсер етеді. 90Sr сүйектен сорпаға бөлініп шығу шығыны (шикі өнімнің пайыздық мөлшеріне байланысты): дистильденген суда – 0,02; сутартқыш жүйелер арқылы алынған суда – 0,06; кальций лактаты қосылған        сутартқыш жүйелері суында – 0,18 құрайды. Орталықтанған су жүйелерінен алынған ауыз суы әдетте қосымша өңдеуді қажет етпейді. Шахталық құдықтардан алынған ауыз суын қосымша өңдеу үшін оны 15-20 минут қайнату қажет. Сосын оны суытып, тұндырып, тұндырманы лайлап алмай таза бөлігін басқа ыдысқа құйып аламыз. Сүт өнімдері құрамындағы радионуклидтер мөлшерін төмендету үшін сүттен май және ақуыз концентраттарын бөліп алу қажет. Сүтті кілегейге дейін өңдеу кезінде 9% цезий және 5% стронций, сүзбеде сәйкесінше 21 және 27, ірімшікте 10 және 45% радионуклидтер қалады. Сары майда табиғи сүт құрамындағы барлық цезийдің 2% ғана қалады.Ағзаға түскен радионуклидтерді шығару үшін жоғары ақуызды емдәм ұстау қажет. Емдәм бойынша радионуклидтер түзетін белсенді радикалдармен тотығатын SH топтарын тасымалдаушыларды толықтыру үшін ақуызды тұтынудың тәуліктік мөлшері 10%-дан кем болмауы тиіс. Ақуызды өнімдердің көзі ретінде ет және сүт өнімдерінен басқа бұршақ тұқымдас өсімдіктер, теңіз балығы, теңіз шаяны, асшаян, кальмарда ақуыз мөлшері едәуір мол.

6.Пестицидтердің  тірі ағзаларға және қоршаған  ортаға әсері

Экожүйеге пестицидтердің түсуі зиянды ағзаларға қарсы химиялық өңдеу жүргізгенде, топырақ және өсімдік бетінен булану нәтижесінде, егістік ағындарымен,  сақтау және тасмылдау кезінде төгілу және т.б. жағдайларда болады. Пестицидтерді пайдалануда 70-90%-ы топыраққа түседі. Пестицидтердің қалдық мөлшері топырақ биотасын қанайды, мәдени өсімдіктерге кері әсер етеді, жер беті және жер асты суларына түседі. Су, топырақ және азық-түліктерді ластай отырып, өзінің уыттылық күшімен  адамға және қоршаған ортаға қауіпті. Адамда пестицидтер созылмалы ауруларды, жіті улануды, бала өлімін және т.б. тудырады. Пайдаланылатын пестицидтердің жартысынан көбісі мутагендерге жатады.

Пестицидтердің уыттылық әсеріне ұзақ уақыт бойы көңіл бөлінбеді.  Пестицидтердің қоршаған ортаны ластауы және табиғатқа әсері бойынша бірінші Халықаралық симпозиум 1965 ж. Англияда болды.Өсімдіктерді қорғаудың химиялық тәсілі оның келесі негізгі қасиеттерімен қиындық тудырады. 1. Тірі ағзаларда жинақталу тенденциясы. Мұндай қасиетке көптеген пестицидтер ие, мысалы ДДТ. Кейбір жағдайда олар ағзада табиғаттағы мөлшерден де жоғары жинақталады, сонымен қатар қоректік тізбек бойымен жылжи отырып, концентрациясы артып отырады. Бұл құбылыс биологиялық күшейту эффектісі деп аталады. Үлкен аймақтардың хлороорганикалық пестицидтермен ластануының көрсеткіштерінің бірі жыртқыш және балықжегіш құстардың саны. Хлороорганикалық инсекцидтердің аз дозада пайдалануының өзі құс жұмыртқаларының қабығының жұқалығын және сынғыштығын арттырады, сол себепті жыртқыш құстардың (күйкентай, қырғи, ителгі-лашын, құладын, лашын, тұйғын, қырғи және т.б.) балапандарының пайда болуы төмендейді. Жыртқыш құстардың жұмыртқасында хлороорганикалық пестицидтердің мөлшері қарға тәрізділерге қарағанда 5-6 есе жоғары болады. Қоршаған ортаның пестицидтермен қатты ластануы кезінде ең алдымен күндізгі жыртқыш, балықжегіш және су маңы құстары жоғала бастайды (скопа, серая цапля, выпь, поганка, кулики, чайки және т.б.), содан кейін талғаусыз жей беретін құстар (қарғалардан басқасы), соңында жәндік жегішпен өсімдік жегіш құстар түрлері. Пестицидтердің топырақ биотасына, яғни топырақтың тірі фазасына әсер ету қабілеті. Топырақ микроағзаларының пестицидтерге бейімделуі немесе оларды пайдалана бастауы, сонымен қатар қаналуға ұшырап, өлімге ұшырағаны анықталды. Химиялық қосылыстар таңдамалы түрде әсер етеді. Өсімдіктерді қорғаудың негізгі үш типінің ішіндегі фунгицидтердің топырақ биотасына әсері – максималды, ал гербицидтікі – минималды. Гербицидтер өсімдік ауруын белсендіре немесе баса отырып теріс әсер етеді. Оның әсері тікелей немесе жанама болуы керек. Мысалы, хлорсульфурон гербицидін енгізу арпаның тамырлық шіруінің дамуына алып келеді, бірақ өсімдіктің офиоаурулық шіруіне еш әсер етпеді. Гербицидті пайдалану кезінде нематодтардың зияндылығы күшейеді. Гербицидтердің дәндердің және жүгері өскіндерінің патогендік микрофлорасына басушылық әсері дәндік инфекцияның төмендеуіне алып келді, бірақ жүгері сабағының және тамырының шіруін арттырады. Нәтижесінде пестицидтерді пайдалану тиімсіз болады және оның көп мөлшері қоректік тізбекке араласады. Пестицидтерді пайдаланудың альтернативасы ретінде, аурулар және зиянкестерден экологиялық қауіпсіз жолмен қорғауға биологиялық күресу жатады. 

7.Пестицидтердің  токсикологиялық-гигиеналық сипаттамасы

Адам және тірі табиғатқа жанама қауіптілігін анықтайтын басқа мақсаттағы химиялық заттарға қарағанда пестицидтер бірқатар ерекшеліктерге ие. Оған табиғатқа әдейі енгізу, айналымын қайтара алмау, халықтың үлкен массасымен байланысқа түсуі, жоғары биологиялық белсенділігі жатады.  Пестицидтің уыттылығының белгілеріне әртүрлі ағзаға түсу жолдарындағы уытты және өлімге алып келетін доза мөлшері. Уыттылығы аз бола тұра көптеген заттар аз мөлшерде ағзаға әсер ете отырып мутагенді, тератогенді және канцерогенді қауіпті болып табылады. Мысалы бұл заттар анасына емес, ішіндегі баласына әсер етеді, содан кейін сүт арқылы баланың өсуіне және дамуына теріс әсер етеді.Пестицидтердің қауіптілік белгілеріне қоршаған ортадағы тұрақтылығы, азық-түлік және ауылшаруашылық шикізаттарды өңдеу кезіндегі химиялық, физикалық факторларға тұрақтылығы жатады.Пестицидтермен жұмыс кезіндегі қауіптілік деңгейі өлімге алып келетін орташа (LD50) және шектік дозамен және ағзаға әртүрлі түсу жолдарындағы концентрациямен; уытты әсер аймағымен; тері жамылғысы арқылы еніп, уытты әсер ету қабілетімен; кумулятивтік қасиетімен анықталады.Әртүрлі азық-түлік өнімдеріндегі пестицидтердің максималды рауалы концентрациясын анықтау үшін тұтынушының дене массасын және күнделікті қоректік азық ретінде пайдаланатын азық-түлік мөлшерін білу қажет. Пестицидтердің гигиенасы және токсикологиясы адам денсаулығының қорғанысын кепілдендіретін терең фундаменталды гигиеналық, токсикологиялық және химиялық зерттеулерді қажет етеді.Орта есеппен тірі ағзалар үшін жоғары уыттылыққа роденцидтер ие, кейін инсекцидтер, уыттылығы аз фунгицидтер және гербицидтер. Қазіргі кезде пестицидтердің ішіндегі хлороорганикалық қосылыстар ең қауіптісі болып табылады.олар жоғары уыттылықа және тұрақтылыққа ие. Ұзақ уақыт бойы топырақта сақтала алады. Осы қосылыстардың әсері омыртқалы жануарлардың популяциясында айқын көрініс беретіндігі анықталды. Майда жақсы ерігендіктен хлороорганикалық пестицидтер тірі ағзада жинақталады. Қоршаған ортадағы тұрақтылығына және қоректік тізбектегі биоконцентрациялық қасиетіне байланысты ХОП ғаламдық ластаушыға айналды. Ол жоғары кумуляциялық қасиетке ие. ХОП эмбриотоксинді әсерге ие, дамудың ауытқұларын және мутагендік өзгерістерді тудырады, сонымен қатар канцероген және аллерген болып табылады.

8.Азық-түлік өнімдеріндегі  пестицидтердің қалдық санын  төмендетудің технологиялық тәсілдері

Пестицид қалдық санын (ҚС) төмендету тиімділігіне олардың өсімдіктердің әр бөлігінде таралу сипаты әсер етеді. ФОП  (фосфорорганикалық пестицидтер) және  ХОП – тың (хлороорганикалық пестицидтер)  негізгі мөлшері ұрықтың және жемістің қабығында немесе ұрықтың ішіне енбей, жоғарғы бөлігінде шоғырланатыны белгілі. Олай болса, көкөністерді, жеміс-жидектерді өндірістік және аспаздық қайта өңдеудің  алғашқы кезеңі оларды жуу болып табылады. Оны сумен, сілті ерітінділерімен және беттік белсенді заттармен жүзеге асыруға болады. Алайда, егер тағамдық шикізат құрамында липофильді қасиетке ие және кутикуланың балауыздарымен тығыз байланысқан  препараттар мен заттар болса, жуудың әсері нашар болады. Карбоминді және тилкарбоминді туынды қышқылдар, қалайы органикалық қосылыстар керісінше сумен жақсы шайылады. Майлықты қолданған кезде, сонымен қатар жуу құралдарын, балауыздар (детергендер, каустикалық сода, спирт) мен майларды кетіру кезінде жуудың тиімділігі біршама жоғарылайды. Өнім көлемінің және жуушы сұйықтықтың арақатынасы 1 : 5 кем болмауы керек.Тағам құрамындағы қалдық пестицидтер қалдық санын төмендетудің тиімді әдісі - өсімдіктіктерді сыртқы бөлігінен тазарту  болып табылады. Мысалы, цитрустың, алманың, алмұрттың, бананның, перейконның т.с.с. сыртқы қабығын аршыған кезде қалдық пестицидтер көлемінің  90-100% болады ал ливинфос, монокротофос, ортен, дравин, темик, кропетон сияқты пестицидтер түрінің ең кем дегенде 50-70% жойылады. Қалдық пестицидтерді төмендетудің жоғарғы дәрежесіне картоп, қияр мен қызанақты тазалау арқылы  және қырыққабат пен  жапырақты көкөністердің сыртқы қабықшасын алып тастау арқылы жетуге болады. Азық – түліктің қалдық пестицидтер көлемінен арылуы дәстүрлі технологияларды қолдану және оларды қайта өңдеу, сондай-ақ қайнату, қуыру, пісіру, сүрлеу, джем тосабын, мармелад дайындау сияқты аспаздық өңдеулерді қолдану кезінде жүзеге асырылады. Ашыған қырыққабат, маринадталған қияр, қызанақ, алма дайындаудың дәстүрлі үрдістері қышқыл ортада тұрақты ФОП-тың қалдық санымен ластануын төмендетпейді (метафос, хлорофос және т.б.) Кептіру үрдісі кезінде оның сипаттамасына, шикізат түріне және препарат қасиетіне байланысты пестицид қалдықтарының шоғырлануы немесе олардың жойылуы және бұзылуы мүмкін. Мысалы, алманы (2500-3000 %), цитрусты (800 %), бұршақты (630 %),  жүзімді (250 %) омайтаны    кептіру кезінде перметриннің қалдық санын шоғырлануы анық байқалады. Астық дақылдарын қайта өңдеу кезінде пестицидтердің қалдық саны әр түрлі тартылған ұн фракцияларында бірегей таралмайды. Ластағыштардың көп бөлігі әдетте ағаш кесінділерінде, ал аз бөлігі майда тартылған  ұнда анықталады. Сақтауда тұрған тағамдардағы пестицид қалдық санының құрылымдық бұзылу жылдамдығы жағдайға байланысты болады. Температураның параметрлері, ортаның ылғалдылығы, сақтау мерзімі азық түріне, оның пайдалану мақсатына және басқа да шарттарға байланысты ауытқуы мүмкін.  Төмен температура кезінде (-18 ... -23°С) қалдық санының төмендеуі сақтау мерзімінің ұзақтығы 2 жылдан көп болса да, мәнсіз болады.. Температура жоғарылаған сайын құрылымының бұзылу дәрежесі артады. 2-10°С кезінде фенсульфатионның  қалдық саны ұрық тамырларында 52-92%-ға төмендеді. Сақтау мерзімінің ұзақтығы артқан сайын пестицидтердің құрылымының бұзылуы жоғарылайды. Осылай, паратионның қалдық саны кетчуп құрамында 4 ай бойы тұрақты болып келді, ал 6 айдан соң 93%-ға төмендеді. Тұрмыстық жағдайда сақтауға жіберместен бұрын жуу қалдықтар санының деңгейінің жылдам төмендеуіне себепші болуы мүмкін: қызанақтарды 3-6 күн бойы жумай сақтау кезінде 30% ботрандар, ал жуылған кезінде 93%-ы жойылады. Бірақта, кей жағдайларда ылғалдың әсерінен сақтаулы өнімдердегі қалдық саны деңгейі артуы мүмкін. Ет және сүт тағамдарындағы пестицид қалдықтарының мөлшерін термиялық қайта өңдеу әдісімен төмендетуге болады. Бұл жағдайда ең тиімді жолы етті суда қайнату болып табылады. Дегенмен қалдық санының сорпаға ауысуы мүмкін екендігін ескерген жөн, сондай-ақ кейбір пестицидтер қайнату процесі кезінде аса уыттандырғыш затқа айналуы мүмкін екендігін де есте сақтау қажет.

Сонымен, адамдарды пестицидтердің зиянды әсерлерінен қорғау -  гигиеналық нормативтер мен регламенттермен тосқауыл қою арқылы қамтамсыз етіледі, бірақ оларды сақтамау нәтижесінде жіті және созылмалы улану және басқа да денсаулық ақаулары пайда болады.

9. Өсімдіктердің  өсуін реттегіштерді қолдану (өөр)

Бұл заттар өсімдік шаруашылық өнімдерін өндірудің қазіргі заманғы технологияларында кеңінен қолданылады. Оларға стимуляцияны және олардың өсуін басуды немесе марфогенезді шақыру арқылы, аз мөлшерде өсімдіктердің зат айналымына белсенді әсер ететін табиғи және синтетикалық органикалық қосылыстар жатады.

Табиғи өсімдіктің өсуін реттеушілерге фитогормондар, ауксиндер, гиббереллиндер, цитокининдер, абсциз қышқылы, этилен, брассинолидтер  және тағы басқалар жатады. Ауксиндер – индола туындысы, (β индолил -3-сірке қышқылы, немесе гетероауксин), апикальді мернистемаларда түзіледі және жасуша созылмалылығын ынталандырады. Гибберлиндер (гибберел қышқылы) сабақтың жылдам өсуін, жасушалардың бөлінуі және созылуы нәтижесінде тамырлардың өсуін, дәнектердің, түйнектердің, жуашықтардың тыныштық кезеңін бұзады, күн қысқа күндері күн сүйетін өсімдіктердің гүлденуін индуциялайды, тозаңдардың өнуін ынталандырады, биосинтез ферментіне әсер етеді, күзгі астық тұқымдастарды  гиберрилиндермен қайта өңдеуде баптап күтуді алмастыра алады. Цитокининдер 6-аминопурин туындысы, ең алдымен тамырдың меристемасында синтезделеді, жер үсті мүшелердің зат алмасуын реттеуге қатысады, ауксиннің қатысуымен жасушаның бөлінуін индуциялайды. Абциз қышқылы күз мезгілдерінде тұқымдарда және бүршіктерде жинақталады, олардың тыныштық кезеңіне өтуін индуциялайды және оның ұзақтығын арттырады, жапырақтардың түсуі кезіндегі бөлуші қабаттардың түзілуін жылдамдатады, өсімдік сабағының кесінділерін және жұқа мөлдір қынаптың өсуін баяулатады. Этилен өсімдіктердің әр түрлі мүшелерінде болады, өсудің тежелуіне әсер етеді, жасушаның қартайуын жылдамдатады, ұрықтың жетілуіне және шіруіне ықпалын тигізеді. Брассинолидтер стрессті жағдайларда (температураның төмендеуі, суық мезгілдер, қуаңшылық, топырақтың тұздануы, аурулар, пестицидтердің әсері) өсімдіктердің иммунитетін бірқалыпта ұстап тұрады. Ең алғашқы эпи-брассинолидті 1979 жылы америка ғалымы рапс өсімдігінің тозаңынан бөліп алған болатын, ол биореттеуші және өсуді ынталандырушы белсенділікке ие. Табиғи өсімдіктің өсуін реттекшілердің қоршаған ортаға және адамға ешқандай зиянды әсері жоқ, өйткені биосфера және адам ағзасының эволюциясының үрдісі кезінде олардың биотрансформациясының сәйкес механизмдері қалыптасты. Синтетикалық өсімдіктердің өсуін реттегіштерді химиялық және микробиологиялық жолмен алады. Физиологиялық көзқарас бойынша олар эндогенді фитогормондармен ұқсас болып табылады, немесе олар синтезге және өсімдіктердің гормондарының жұмыс істеу қызметіне әсерін тигізе алады. Оларды өсу, даму және өсімдіктердің тіршілік әрекеті, астық өнімділігін қамтамасыз ету, сапсын жақсарту, жинауды жеңілдету  үрдістеріне әсер ету мақсатында қолданады. Бұл топтағы қосылыстарға өсімдіктердің өсуін тежейтін және өлуінне алып келетін гербицидтерді де жатқызуға болады. Мөлшеріне байланысты гербицидтер ингибирлейтін және ынталандырушы әсерді көрсете алатыны белгілі. Қазіргі таңда реттеуші қасиетке ие  5000-ға жуық қосылыстар зерттеліп анықталған, бірақ тәжірибе жүзінде тек 50-і ғана қолданылады. Ресей Федерациясының аумағында (2003) қолдануға болатын пестицидтер мен агрохимикаттардың тізіміне 32 әсер ететін заттар негізінде өндірілетін өсімдіктің өсуін реттеушілердің 50-ге жуық препараты енген. Оларды көшеттердің тамыр жүйесін жібіту және сулау үшін, отырғызар алдында бұтағын, жуашығын және түйнекбадансын жібіту үшін, өсімдікті отырғызып болған соң жан-жағындағы топырақты суғару үшін, отырғызар алдында қайта өңдеу және тұқымдарын жібіту үшін, өсімдіктерді бүріктіру үшін қолданады. Шығынның төменгі нормасын ескере отырып, әдетте 1 га-ға 10г әсер етуші заттан аспайтын, кейде құрамында 80-100г/га (мивал, кавказ) немесе 200г/га (агат-25К), синтетикалық өсімдіктің өсуін реттеушілердің басқа пестицидтермен салыстырғанда уыттылығы төмен болады. Бірақ өсімдіктің өсімін реттеушілер көп мөлшерде мутагендік, тератогендік немесе канцерогендік әсер етеді.

Информация о работе Шпаргалка по экологиялық токсикология