Шоқан Уәлиханов (1835-1865)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Сентября 2013 в 19:19, реферат

Краткое описание

Шоқан (шын аты — Мұхаммедханафия) Шынғысұлы Уәлиханов 1835 жылдың ноябрь айында Құсмұрын бекінісінде атақты аға сұлтан Шыңғыс Уәлихановтың әулетті семьясында дүниеге келген. Арғы атасы Абылай жоңғарларға қарсы соғыста асқан ерлік көрсеткен, ел бірлігін сақтауға едәуір еңбек еткен ақылды қолбасшы, іскер дипломат, амал-айласы мол, Орта жүз ханы болған. Оның үлкен ұлы Уәли (Шоқанның туған атасы) қайтыс болғаннан кейін хан шаңырағы, хандық билік Уәлидің кіші әйелі Айғанымда қалған. «...Айғаным мен оның балалары Россияға адал ниетін сақтап қалды. Уәли канның осы жесіріне Александр I аса бір ықылас білдірді. Сөйтіп қазақ даласында оған сәулетті үй салып беруге әмір етті. Сол үйде Шоқан Уәлиханов туып еді» — деп жазды П. П. Семенов Тян-Шанский. Жасында Шоқан әжесі Айғанымның ықпалында болған.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Шоқан Уәлиханов.docx

— 27.30 Кб (Скачать документ)

 

Ш. Ш. Уәлихановтың көп салалы, әр қырлы бай мұрасы оның дүниетанымы, қоғамдық, философиялық, ағартушылық, демократтық көзқарастары биік деңгейде болғанын танытады. Ол революцияшыл-демократтық көзқарас, тұжырым-түйіндер жасау биігіне көтеріле алмағанымен, көптеген қоғамдық құбылыс-көріністерді озық ой-таным тұрғысынан талдады, ағартушылық-демократтық көзқарастар қалыптастырды. 

 

Заманында дүниежүзілік ғылымға  елеулі үлес қосқан Ш. Уәлихановтың әр салалы, терең мазмұнды еңбектері, өзінің асыл тұлғасы мен жарқын бейнесі  тарихтың әр кезеңінде жоғары бағаланды. Ол туралы замандастары жан тебірентерлік жылы лебіздер қалдырды. Шығысты зерттеуші әйгілі ғалым Е. И. Ковалевский Шоқанды «Асқан данышпан жас жігіт», «тамаша ғалым», «қазақ халқының ең жақын досы әрі орыстың мемлекеттік мүддесін қадір тұтушы» деп атады. «Шоқан қазақ ішінен оқырман қауымын тапқан болса, ол өз халқынық шын мәнісіндегі асқан данышпаны болар еді» — дейді Г. Н. Потанин. «Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов Шығыс тану әлемінің аспанынан  құйрықты жұлдыздай жарқ етіп өте шықты. Орыс ориенталистері бірауыздан оны таңғажайып құбылыс деп қарады, одан түркі халықтарының тағдыры туралы аса маңызды ұлы жаңалықтар ашады деп үміт күтіп еді» — деп жазды аты әйгілі шығыстанушы ғалым Н. И. Веселовский. Оның редакциясымен Ш. Ш. Уәлиханов шығармаларының жинағы Петербургте 1904 жылы жарық көрген еді. Шоқанды көрген, оны жақсы білген ғалымдардың жылы лебіздері оның еңбегін ғылым әлемі әділ де жоғары бағалағандығы болып қала бермек. 

 

 

 Ш. Ш. Уәлихановтың жарқын есімі Көкшетау облысындағы бір ауданға, бір  совхозға Талдықорған облысында  колхоз бен совхозға, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының тарих, археология және этнография институтына  берілді. 1958 жылы Ш. Ш. Уәлихановтың Алтынемелдегі қабірі басына, бұрын қойылған мәрмәр тас қабырғасына өріліп жымдасқан биік обелиск орнатылды, «Алтынемел» архитектуралық комппексі салында. Ш. Ш. Уәлиханов — ЮНЕСКО биігінде болуға лайық асқан ғалым, қазақ халқының мақтанышы.


Информация о работе Шоқан Уәлиханов (1835-1865)