Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Сентября 2013 в 19:19, реферат
Шоқан (шын аты — Мұхаммедханафия) Шынғысұлы Уәлиханов 1835 жылдың ноябрь айында Құсмұрын бекінісінде атақты аға сұлтан Шыңғыс Уәлихановтың әулетті семьясында дүниеге келген. Арғы атасы Абылай жоңғарларға қарсы соғыста асқан ерлік көрсеткен, ел бірлігін сақтауға едәуір еңбек еткен ақылды қолбасшы, іскер дипломат, амал-айласы мол, Орта жүз ханы болған. Оның үлкен ұлы Уәли (Шоқанның туған атасы) қайтыс болғаннан кейін хан шаңырағы, хандық билік Уәлидің кіші әйелі Айғанымда қалған. «...Айғаным мен оның балалары Россияға адал ниетін сақтап қалды. Уәли канның осы жесіріне Александр I аса бір ықылас білдірді. Сөйтіп қазақ даласында оған сәулетті үй салып беруге әмір етті. Сол үйде Шоқан Уәлиханов туып еді» — деп жазды П. П. Семенов Тян-Шанский. Жасында Шоқан әжесі Айғанымның ықпалында болған.