Ресурстарды оңтайлы пайдаланудың негізгі бағыттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Октября 2015 в 10:20, реферат

Краткое описание

Барлық технологиялық процестің басты элементі – шикізат. Ол өнеркәсіптік өнім өндірісінде қолданылатын табиғи және синтетикалық жаратылған заттар.
Шикізат, материал, отын және энергия кәсіпорынның қалыпты жұмыс атқаруы мен жалпы мемлекет экономикасының негізі болып табылады. Мәселен Жапония үшін шикізат пен отын-энергетикалық ресурстармен (ОЭР) қамтамасыз ету – ең маңызды, бірінші кезектегі мәселе, өйткені Жапонияда шикізат пен отын-энергетикалық ресурстар жеткіліксіз.

Содержание

1 Ұлттық экономикадағы шикізат, отын-энергетикалық ресурстардың түсінігі мен маңызы
1.1Шикізат, отын – энергетикалық ресурстардың түсінігі
1.2Шикізат, отын – энергетикалық ресурстардың түсінігі
2 Ресурстарды оңтайлы пайдаланудың негізгі бағыттары
2.1 Шикізат пен отын-энергетикалық ресурстарды оңтайлы пайдаланудың негізгі бағыттары
2.2 Материалдық-техникалық жабдықтау және логистика
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

document.doc

— 117.50 Кб (Скачать документ)
  • табиғи қазбадағы пайдалылық компонентінің құрамын арттыру
  • оның құрамынан зиянды заттарды жою;
  • минералдарды бір-бірінен айыру.

Шикізатты  байыту нәтижесінде екі негізгі өнім алынады: концентрат және қалдық. Қазіргі уақытта қазылып алынатын түсті және сирек металдардың, темір рудаларының үлкен бөлігі, барлық фосфориттер дерлік, асбестік және граниттік рудалардың 95%-дан астамы және көмірдің 40%-дан астамы байытуға жіберіледі.  

Байытудың экономикалық маңыздылығы мынада:

  • өнеркәсіптің шикізаттық базасы кеңейтіледі;
  • дайын өнімге қажетті  шикізатты келешектегі өңдеуі арзандайды;
  • шикізатты қазып алған жерден, оны өңдеу орындарына тасымалдайтын транспорттық шығындар қысқарады;
  • транспорт құралдарына деген қажеттілік төмендейді және оларды пайдалану тиімділігі артады.

Өнімнің материалды тұтыну тиімділігінің және материал сыйымдылығы деңгейінің серпіні оның сипатын анықтайтын көптеген факторлардың, қозғалыс күштерінің, қандай да бір процестің салдарынан қалыптасады.

Осыған байланысты бұларды сыртқы және ішкі  (өндіріс ішіндегі) факторлар, сондай-ақ оларды техникалық, технологиялық, экономикалық және ұйымдастырушылық сипаттағы факторлар деп бөлеміз.

Сыртқы факторларға мыналар жатады:

  1. Ресурстық қорды мемлекеттік реттеу – мемлекеттік бағдарламалар; салық жүйесі; баға құрылымы саясаты; амортизациялық саясат; қаржы-несиелік саясат; стандарттау. Мемлекеттің ресурстық қор саясатын жүзеге асыруда маңызды ролді өнідіріс пен салаларды техникалық дамыту, шағын және қалдықсыз технологияларды енгізу және т.б. бағдарламалар атқарады. Кәсіпорындар материалдық ресурстарды оңтайлы пайдалануын жүзеге асыру мен ынталандыру үшін мемлекет белгілі-бір қаржылық механизмді қолданады.
  2. Нарық конъюнктурасы – материалдық ресурсқа деген ұсыныс пен баға (кәсіпорынның өндірістік бағдарламасын жасауда маңызды рол атқарады); кәсіпорын өнімінің сұранысы мен бағасы (шығарылатын өнімнің ассортиментін анықтайды); транспорттық-дайындау шығыдарының деңгейін анықтау (жабдықтаушыларды таңдауға әсер етеді); бәсеке (ассортимент, сапа баға саясаты және тағы да басқа жағдайларда шешім қабылдауға әсер етеді) жатады.
  3. Ғылыми-техникалық даму – жаңа материалдардың пайда болуымен (жаңа конструкциялық материалдар); жаңа технологиялармен (қалдықсыз, тұйық өндірістік цикл және т.б.); жаңа техникамен (материалдарды пайдалану коэффициентінің артуымен); жаңа энергия көздерімен; жаңа біліммен сипатталады.
  4. Жалпы экономикалық  факторлар – жалпы кәсіпорын қызметінің, материалдық ресурстарды пайдалану процесінің стратегиясына әсер етеді. Бұл елдегі экономикалық жағдай; жалпы экономиканы мемлекеттік реттеу; халық шаруашылығының инфрақұрылымдық жағдайы және т.б.
  5. Басқа да факторлар – экологиялық (қоршаған ортаны ластау, пайдалы қазбалар қорын жою); табиғи-климаттық (ғимарат пен құрылғылар құрылысы кезінде материалдық ресурстың шығынына ылғалдықтың, температуралық режимнің әсері, жылу-энергетикалық ресурстардың шығыны; қоршаған ортаның қолайсыздық жағдайынан қорғау қажеттілігі); саяси және т.б жатады.

Ішкі факторлар сыртқы факторлардың әсеріне байланысты қозғалысы. Бірақта дәл осы ішкі факторлар кәсіпорынның материалдық ресурстарды пайдалану деңгейін анықтайды.

Техникалық факторлар жобалау кезеңінде пайда болады және олар өнімнің бір данасына кететін материалдық ресурстың жеке түрлерінің шығынын төмендетуге әсерін тигізеді, сондай-ақ бұйымның сапасы мен техникалық сипатын арттырады. Бұған жататындар:

  • бұйымның абсолютті және (немесе) үлес массасын төмендету, машинаның прогрессивті типін таңдау; өнімділіктің бірлік қуаттылығын арттыру; деталдың анағұрлым оңтайлы материалын таңдау; машинаның сенімділігі мен ұзақ қызмет етуі және т.б.;
  • тұтынатын материалдың сапасын арттыру;
  • қымбат бағалы және тапшы материалдарды ауыстыру.

Технологиялық факторлар өнімді дайындау кезеңінде әрекет етеді, материалдардың ысыраптылығы мен қалдығын төмендетуге әсерін тигізеді. Оған жататындар:

  • жақсартылған техникалық сипаттағы жаңа жабдықтарды енгізу, әрекет етуші жабдықтарды модернизациялау мен реконструкциялау, қалдықтар мен шығындарды қысқарту;
  • прогрессивті материалды үнемдейтін технологияны енгізу;
  • жеңілдетілген технологиялық тәсілдерді енгізу;
  • деталдарды өңдеу мен дайындау тәсілдерін жетілдіру;
  • өндірісті механикаландыру мен автоматтандыру, компьютерлендіру деңгейін арттыру.

Көптеген ұйымдастырушылық және экономикалық факторлар материалдық ресурстарды тұтыну деңгейіне тікелей емес, конструктивті, технологиялық және инновациялық факторлар арқылы әсер етеді, яғни құрастыру немесе өнімді өндіру процесінде көрінуі мүмкін.

Ұйымдастыру факторлары материалды тұтыну тиімділігін арттыру мақсатында өндірісті ұйымдастыру мен құрылымын жетілдіруге бағытталған. Оған жататындар:

  • өндірісті ұйымдастыруды жетілдіру;
  • материалдық ресурстар шығынын нормалау жүйесін жетілдіру;
  • материалдық ресурсты пайдаланудың есептеу жейесін жетілдіру;
  • материалдық ресурспен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру;
  • ақау болдырмау мақсатында өнім мен дайындау сапасын бақылауды жетілдіру;
  • өнім шығарудағы құрылымдық қозғалыстар;
  • персонал құрылымы, қозғалысы мен біліктілігі.

Экономикалық факторлар кәсіпорында материалдық ресурстарды пайдалануды оңтайландыру процесіне жағдайлар туғызады. Экономикалық факторларға мыналар жатады:

  • жұмысшыларды экономикалық ынталандыру жүйесі;
  • материалдық ресурстарды оңтайлы пайдаланбағаны үшін экономикалық жауапкершілік жүйесі;
  • кәсіпорыннның экономикалық жағдайы.

 

     

2.2 Материалдық-техникалық жабдықтау және логистика

 

Халықшаруашылығы саласы ретінде материалды-техникалық жабдықтау келесі функцияларды атқарады: тұтыну және өндіріс құралдарын бөлу және оларды нақты тұтынушыларына жеткізу. Бұл еңбек құралдары мен заттарын өндірушіден тұтынушыға шаруашылық байланыстарды оңтайландыру негізінде ауыстыру арқылы жүргізіледі.

Сонымен қатар материалды-техникалық жабдықтау тауарларды ораумен, сақтаумен, оларды тұтыну жеріне апарумен, тұтыну үдерісінде материалдарды өндірістік тұтынуға және қызмет етуге дайындауға байланысты өндірістік функцияларды да атқарады.

Басқада экономистердің айтуы бойынша материалды-техникалық жабдықтауды материалдық өндіріс саласына жатқызуға болады. Мысалы, өнімді нақты өндірістік тұтынушыға жеткізу бойынша жабдықтау саласының жұмыскерінің еңбегін өндірістік еңбекке жатқызуға негіз береді. Жабдықтау саласында еңбек мазмұны болып өндірістік қызметке жататын, өндіріс қызметі табылады.

Материалды-техникалық жабдықтауға сала ретінде келесі талаптар қойылады:

  • жабдықтау тұрақтылығы;
  • сапалық және сандық көрсеткіштері бойынша жабдықтаудың тұрақтылығы;
  • келісім шарт шартын, тұтыну тапсырысын, жабдықтау тәртібін сақтауды орындау;
  • материалды-техникалық құралдар қорларын төмендету, тауарлардың айналымын тездету;
  • тұтынушыға қызмет түрлерін және көлемін ұлғайту;
  • материалды-техникалық жабдықтаудың жаңа прогрессивтік тәсілдерін іздестіру;
  • ресурстардың барлық түрлерін экономды және мөлшерлі қолдану;
  • материалды-техникалық жабдықтаудың шаруашылық айналымында қарастырылған, артық қалған ресурстарды бірнеше рет қолдануға ынталандыру;
  • есептен шығарылған машиналар мен құрылғылардың саймандарын және қалған бөлшектердің ресурстарын қолданудан, қалпына келтіруден кейін ресурстармен жабдықтау;
  • көтерме сауданы дамыту;
  • өндірістік негіздегі тауарлармен коммисиондық сауда;
  • материалды-техникалық ресурстарды алумен және жабдықтаумен байланысты қызмет көрсетуші кәсіпорындардан қысым болғызбау.

Материалды-техникалық жабдықтаудың тиімділігі халық шаруашылық және сала ішіндегі тиімділік көрсеткіштерімен анықталады.

Өндірістік жабдықтау саласының халықшаруашылық тиімділігі кәсіпорындардың өндіріс құралдарына деген сұранысты өз уақытында және кешенді қанағаттандырумен, оларды өндіріске жеткізіп беру бойынша шығындар деңгейін төмендетумен, өндірісті ұлғайтатын жабдықтаудың прогрессивтік тәсілдерін енгізумен байланысты көрсетілген.

Жоспарларды құру үшін және оларды бақылау үшін қызметкерлер штаты жұмыс істеді. «Жоспардың орындалуы» деген көрсеткіш халық шаруашылықта, сондай ақ салалықта басты тиімді көрсеткіш болып табылды.

Енді салалық тиімділікке толығырақ тоқтай кетейік. Жабдықтаудың салалық тиімділігі бұл салада қолданылатын материалдық және еңбектік ресурстардың қолдану деңгейінде көрсетіледі.

Салалық тиімділіктің көрсеткіші болып келесілер табылады: жабдықтаудың бір жұмыскерін есепке қою, негізгі қордың бір құнына тұтынушылардың қызмет және жабдықтау көлемі, қоймадағы тауарлы материалдық құндылықтардың айналымы, айналым шығындарының деңгейі, жабдықтау қызметінің пайдалығы және т.б.

Жабдықтау бөлімінің табысты қызметін көрсететін басты фактор болып негізгі қорлар және еңбек ресурстары табылады. Бұлармен қамтамасыз етілгендік кәсіпорынның өндіріске тағайындалған керекті тауарламен жабдықталған деңгейін көрсетеді.

Дамыған нарықтық экономика үшін және жеке меншіктің түрлері көп жағдайда материалды-техникалық жабдықтау жеке салаға бөлінбейді, өйткені өндіріс құралдарын жабдықтайтын кәсіпорындар нақты бір ведомства қарамағына бағынбайды. Материалды-техникалық жабдықтау өндіріс құралдарының нарығының бір функциясы болып табылады. Жабдықтау үдерісі қатардағы сатып-алу актісі болып табылады, ал нақты баға, сапа, көлемі туралы сұрақтар, алдын-ала номенклатураны жоспарлау және анықтауға қарамай нарықтың ережесі және механизмі бойынша шешіледі.

Нарықтық экономикада өндірістік үдерістердің материалды-техникалық жабдықтау үдерісі жас ғылым – логистикамен оқылады. Француз тілінен логистика тасымалдау, жабдықтау, орнату өнері деп аударылады.

Экономикада бұл термин өндірісті материалдармен қамтамасыз ететін, оларды бөлетін әр түрлі мекемелер қызметтерін құрамалай білуді білдіреді. Біздің ойымызша ғылым туралы толық ойды оның анықтамасынан алуға болады: «Логистика - бұл шикізатты сатып алу орнынан соңғы тұтыну орнына дейін материалды және сонымен байланысты ақпараттық ағымдардың қозғалысын қамтамасыз ететін, тасымалдау және қоймалау бойынша барлық қызметтерді жоспарлау, ұйымдастыру және бақылау». Логистика шаруашылық қызметі ретінде келесі анықтамада көрсетіледі: «Логистика – жабдықтаушыға ақша төлеген кезден бастап тұтынушыға дайын өнімді жеткізгені үшін ақша алу мезетіне дейінгі шаруашылық айналымындағы шикізаттың, бөлшектердің және дайын өнімдердің қозғалысын және сақталуын басқару үдерісі». Логистика түсінігін осындай пайымдау көбінесе шетел әдебиеттерінде кездеседі.

Егер өндіріс құралының нарығының құрылу жағдайында өндірістік қамтамасыз ету үдерісін қарастыратын болсақ онда үш мәселе туады: біріншісі, коммерциялық қызмет барлық көрсеткіштерімен; екіншіден, тауар нарығының құқықтық және экономика-ұйымдастырылған реттеуі; үшіншіден, өндіріс құралдарының айналым саласындағы тауар қозғалысын жүзеге асыру және басқару; төртіншіден, шаруашылық аймақтық байланыстарды құру, өнімдерді қоймалау орындарында сатуды ұйымдастыру, өнім қорын реттеу және құру, қоймалық шаруашылықты ұйымдастыру және дамыту.

Тауар қозғалысын басқару біріншіден экономиканы ресурстардың барлық түрлерімен қамтамасыз етумен, әр түрлі салалардың нақты және қоғамдық еңбегін қысқартумен тығыз байланысты. Сәйкес функциялар осы механизмді тиімді және кешенді дамуына көмектесе отырып, нарықты реттейтін механизмдермен байланысады. Логистикалық басқару жүйесіндегі объектілер мен субъектілер көбінесе өндіріс құралдарының нарығының құрылуына байланысты. Логистиканың анықтамасының көпжақтылығына қарамай олар бұрын шет ел мамандарына жататын өнімді физикалық таратуды басқару сұрақтарын қосады (дайын өнімнің сатып алушыға және шикізатты жабдықтау көзінен өндіріс үдерісінің басталуына жеткізілуі және қоймаландыру). Бұл ғылыми-практикалық бағыт әсіресе 60-70-ші жылдары кең тараған. Және де өнімді физикалық тарату – бұл үдерістің бір бөлігі барлық (шаруашылық ішіндегі саланы қоса) материалдық және ақпараттық ағымдарды басқаруда көрсетілген жоқ. Сонымен қатар оның маркетингтен айырмашылығы да көрсетілді: маркетинг – бұл нарық жағдаятын, жарнама, сауданы, материалдардың сатып алушыларға қозғалысын оқыса, ал тауарды физикалық тарату – бұл үдерістің өнім қозғалысына және қоймалауға байланысты бір бөлігі.

Бір айта кететін жай кейбір авторлар логистикалық басқару механизміне маркетингтік жүйені қосады. Кейбіреулері логистиканы тұтынушыларды әр түрлі тәсілдермен қамтамасыз етуді ұйымдастырумен байланыстырады. Осылардың салдарынан логистиканың контурлары өзгереді, түсініксіз кішірейеді немесе  керісінше ұлғаяды.

Біздің ойымызша, логистика айналым саласында тауар қозғалысын қамтамасыз етуді және ұйымдастыруды көрсетеді.

Логистиканың негізгі функциялары болып келесілер табылады:

  • шаруашылық байланыстарды құру;
  • тауар тасымалдаудың сұранысын, олардың көлемін және қоймалау орны арқылы өнімнің қозғалым кезеңдігін және тізбектілік бағыттарын анықтау;
  • жабдықтаумен және тасымалдаумен оперативті басқаруды координациялау;
  • өнім қорларын реттеу және құру: қоймалық шаруашылықты ұйымдастыру, дамыту;
  • өнімді тасымалдауды тоқтататын операциялардың орындалуы.

Көрсетілген функцияларға келесі ерекшеліктер бейім: біріншіден, тауарайналым үдерісінде материалдық ағымды жүзеге асыруды реттеу, ұйымдастыру бойынша өзара байланысқан функциялар кешенін ұсынады; екіншіден, бұндай функциялардың тасымалдаушысы болып, бұл үдерісте қатысатын барлық субъектілер табылады: кәсіпорынның жабдықтау-өткізу және көліктік қызметтері, шаруашылық ассоциациялардың, концерндердің бірлестіктері және аймақ аралық, аймақтық коммерциялық-делдалдық және саудалық мекемелер мен кәсіпорындар. Онда тауар қозғалысын ұйымдастырудың координациялық ролін көлікті, сауданы, материалдық және энергетикалық ресурстарды басқаратын мемлекеттік құрылымдар жүзеге асырады; үшіншіден, осы функциялардың тиімді жүзеге асыруының өлшеуіші болып өнімді тасымалдаудағы салмақтық жиынтық шығын табылады, өйткені бұл шығындардың әр элементтеріне жалпы сомадан үлес салмағы жатады.

Информация о работе Ресурстарды оңтайлы пайдаланудың негізгі бағыттары