Ноосфера

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Февраля 2014 в 12:33, реферат

Краткое описание

Алғаш рет 1927 жылы «ноосфера» терминін енгізген Сорбеннде геохимиядан оның лекциясын тыңдаған В.И.Вернадскийдің жас замандастары, философ, математик, палеонтолог, антрополог Эдуард Леруа мен палеонтолог, антрополог Пьер Тейяр де Шарден болды. Олар ноосфера деп- табиғат эволюциясының адам санасы пайда болған кезеңдерін түсінген.
Ал В.И.Вернадский, адам еңбегіне бағытталған адамның саналық ролі мен барлық өсуші геологиялық күштері зор болатын биосфераның даму кезеңін- ноосфера деп атады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Ноосфераның мәні.docx

— 29.43 Кб (Скачать документ)

Биосфера мен космостың, жеке адам мен космостың, қоғам мен  космостың арасындағы байланыс туралы уғымдар біртіндеп ғылыми дүниетанымға енді. Бул көзқарасты космизм деп, ал мүндай көзқарастың қалыптасуын  ғылым мен философияның космизациясы деп атайды.

Космизм идеясы В.В.Докучаевтың, В.И. Вернадскийдің, К.Э.Циолковскийдің, А.Л.Чижевскийдің, Л.Н.Гумилевтің, Н.Г.Холодныйдың, С.П. Королевтің, Н.А. Морозовтың, Н.Ф. Федоровтың, В.С. Соловьевтің, А.Белыйдың тағы басқа ,ғалымдардың еңбектерінен керініс тапты.

Ноосфера ұғымы. Ноосфера туралы екі түрлі түсінік бар:

1) ақыл-ой сферасының үстемдік етуі (Фихте);

2) адамзат пен табиғаттың  ақыл-ой арқылы қарым-қатынас  жасау сферасы (Теяр де Шарден, Вернадский)

Біз ноосфераны осы екінші түсінік бойынша қарастырамыз.

Теяр де Шарденнің анықтамасы бойынша, ноосфера дегеніміз — планета  эволюциясының болашағының бағыттарын бақылап отыра-тын коллективті  саналылық, ол табиғатпен өте жақын үйлесімділік табады.

В.И.Вернадский ноосфера атауымен біздің ғаламшарымыз бен оның маңындағы  кеңістіктің адамның саналы әрекетінің белгілері орын алған бөлігін  түсіндірді. Биосфера тәрізді, ноосфера да Жердің барлық бөліктерін әсер етуші биогеохимиялық күш болып табылады.

Ал ноосфера терминін 1927 жылы француз ғалымдары мен философтары  Э.Леруа мен П.Теяр де Шарден ұсынған болатын.

Вернадскийдің биосфералық  ілімі бойынша тірі заттар Жер  планетасының жоғарғы қабатын өзгертеді. Адамның осындай іс-әрекеті біртіндеп  ұлғая түседі де, ол негізгі планетарлық  геологиялық күшке айнала бастайды. Сондықтан да адамдар ғаламшар болашағы мен эволюциясы үшін өзінің жауапкершілігін түсіне білуі керек

Өзінің ноосфера туралы концепцияларына  Вернадский мынандай алғы шарттарды ұсынады:

1) Адамзат біртутас бүтін  қоғам. Кез келген құрылық бөлігндегі  болып жатқан жағдайлар барлық жерге ортақ;

2) Байланыс пен ақпарат  таратудағы жаңалықтар. Олардь  жер  шарының кез келген түкпіріне таратады;

3) Адамзаттың тең өмір  сүруі - ноосфера үшін қажетті жағдай;

4) Адамзаттың өмір сүру  деңгейінің көтерілуі, халық массасының  мемлекеттік және қоғамдық істерге араласу мүмкіндігі;

5) Энергетикалық дамуы,  энергияның жаңа көздері мен түрлерінің ашылуы;

6) Қоғам өмірінен соғыстың аластатылуы.

Вернадскийдің ноосфера туралы концепциясы ғылыми орталарда қазіргі  кезде жан-жақты талқылануда. Ол экологиялық мәселелерді шешу мен  адамзат қоғамын сақтап қалу жөніндегі  идеялар мен теорияларға негіз  болып саналады.

 

 

Пайдаланған әдебиеттер

 

Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған  э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. - 569 б. ISBN

9965-808-89-9

 Қазақ тілі термиңдерінің  салалық ғылыми түсіндірме сөздігі:  География және геодезия. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6

 Сәтімбеков Р. Биология: Жалпы білім беретін мектептің  қоғамдык-гуманитарлық бағытындағы  11-сыныбына арналған окулық. —  Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-36-175-4

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШЕТ ТІЛДЕР ЖӘНЕ ІСКЕРЛІК КАРЬЕРА УНИВЕРСИТТЕТІ

 

 

 

СОӨЖ

Тақырыбы: Биосфераның бағытты дамуының жоғарғы сатысы ретіндегі ноосфераның мәні

 

 

 

 

 

 

Орындаған: ия-ағылшын тобының

1-курс студенті Турешова  Н.У

Қабылдаған: аға оқытушы-магистр

Садвакасова Арай Тұрысқанқызы

 

 

 

Алматы 2013 жыл

Жоспары:

 

Кіріспе:

Ноосфера туралы түсінік

Негізгі бөлім:

В.И.Вернадскийдің пікірі

Биосферадағы ноосфераның  мәні

Қорытынды:

Ноосфераның алғышарттары

 

 

 

 

 


Информация о работе Ноосфера