Ноосфера

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Февраля 2014 в 12:33, реферат

Краткое описание

Алғаш рет 1927 жылы «ноосфера» терминін енгізген Сорбеннде геохимиядан оның лекциясын тыңдаған В.И.Вернадскийдің жас замандастары, философ, математик, палеонтолог, антрополог Эдуард Леруа мен палеонтолог, антрополог Пьер Тейяр де Шарден болды. Олар ноосфера деп- табиғат эволюциясының адам санасы пайда болған кезеңдерін түсінген.
Ал В.И.Вернадский, адам еңбегіне бағытталған адамның саналық ролі мен барлық өсуші геологиялық күштері зор болатын биосфераның даму кезеңін- ноосфера деп атады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Ноосфераның мәні.docx

— 29.43 Кб (Скачать документ)

Алғаш рет 1927 жылы «ноосфера» терминін енгізген Сорбеннде геохимиядан оның лекциясын тыңдаған В.И.Вернадскийдің жас замандастары, философ, математик, палеонтолог, антрополог Эдуард Леруа мен палеонтолог, антрополог Пьер Тейяр де Шарден болды. Олар ноосфера деп- табиғат эволюциясының адам санасы пайда болған кезеңдерін түсінген.

Ал В.И.Вернадский, адам еңбегіне бағытталған адамның саналық ролі мен барлық өсуші геологиялық күштері зор болатын биосфераның даму кезеңін- ноосфера деп атады.

Ноосфера саналы адамзаттың іс әрекеттері дамудың негізгі анықтаушы факторы болатын қоғам мен табиғаттың әрекеттесу сферасы.

Неліктен «ноосфера» түсінігі пайда болды? Ол биосфера эволюциясындағы адамның ролін бағалауға байланысты пайда болған. Ноосфера жөніндегі В.И.Вернадский ілімінің аса бағалылығы, оның тіршіліктің геологиялық, планетарлық процестердегі биосфераның қалыптасуы мен дамуындағы тірі заттың, организмдердің және планетадағы тірі заттардың алуантүрлілігін анықтауында.

Тірі организмдердің ішінде зор геологиялық күш ретіндегі адамды ерекше көрсетті. Бұл жер ортасында және жер жанындағы кеңістіктегі («жақын» космос) биогеохимиялық және де басқа процестердің барысына әсер етуге қабілетті күш. Адамның, оның еңбегінің нәтижесінде бұл орта ерекше өзгерді. Ол бүкіл жер тарихының геологиялық тарихы бойынша қалыптасқан, түзілген биосфераның өзгеруіне соқтыратын адамның қажеттіліктері мен түсініктеріне сәйкес өзгертуге қабілетті.

В.И.Вернадскийдің пікірінше, ноосфераның қалыптасуы «біздің планетамыздың кездейсоқ құбылысы емес», «еркін сананың қалыптасуы», - деп айтқан. Басқаша айтқанда, ноосфера зат пен энергия алмасуының табиғи процестері қоғаммен бақыланатын адамды қоршайтын орта. Адам «белгілі бір функциясын» атқаратын биосфераның бөлігі болып табылады.

Адамзат қоғамның табиғатқа әсері тірі заттардың басқа формаларының әсерлерінен сипаты жөнінен мүлдем өзгеше болды. Тірі организмдер бұрын өздерінің өсуі, көбеюі, қоректенуі, тыныс алуына қажетті атомдардың тарихына әсер ететін қазір өмірдің өркениетті формасын түзуге және техникаға қажет элементтерге әсер ете отырып, бұл шеңберді адам кеңейтті, нәтижесінде «геохимиялық циклдердің мәңгілік жарысын» өзгертті.

Көптеген ғалымдардың пікірінше, ноосфера болашақта Күн жүйесінің ерекше аймағы болады. «Биосфера ерте ме, кеш пе ноосфера жағдайына көшеді. Дамудың белгілі бір кезеңінде адам планета әрі қарай эволюциясына жауапкершілікті алуға міндетті, олай болмаса оның болашағы болмайды», - деп В.И.Вернадский қорытынды жасады.

Адамзаттың ғылыми еңбектері биосфераны өзгертетін жаңа фактор болып табылады. Нәтижесінде биосфера жаңа кезеңге ауысып, жаңа күй - ноосфераға көшеді.

XX ғасырдың 30 – 40-жылдары  ноосфераны материалистік тұрғыдан  сипаттап жазған В.И. Вернадский  болды. Ол ноосфераны биосфера  мен қоғамның өзара қарым-қатынасынан  туындайтын тіршіліктің жаңа  формасы, бұл саналы, ақыл-ойы  жетілген адамзаттың бағыттауымен  қалыптасатын биосфераның жаңа  эволюциялық жағдайы деп түсіндірді.

 Ноосфера – табиғат  заңдылықтарының қоғамның ойлау  заңдарымен және әлеуметтік-экономкалық  заңдылықтармен тығыз байланысып  жататын біртұтастығын (бүтіндігін) басқарушы жоғарғы тип. Ғылыми-техникалық  прогрестің қарқынды дамуы бұрын  игерілмеген жерлерді игеріп, бұрын  пайдаланылмай келген табиғат  байлықтарын пайдаға асырып қоймай, ғарыш кеңістігін, ғаламшарларды  игеруге, ядролық қарулар жасауға  мүмкіндік берді.

Ноосфераның пайда болуы мен дамуы

Жер ғаламшарындағы органикалық  дүние эволюциясының бірнеше  кезеңдерін ажыратады. Бірінші кезең  — заттардың биологиялық айналымы пайда болып, биосфераның қалыптаса  бастауы. Екінші кезең — тіршіліктің  күрделене түсіп, көп жасушалы организмдердің пайда болуы. бұл екі кезеңді  ғылымда биогенез, яғни тіршіліктің  толық мәнінде пайда болу кезеңі деп атайды. Биосфера эволюциясының  үшінші кезеңі — адам қоғамының  пайда болуымен ерекшеленеді.

Биосфера эволюциясының  келесі жаңа кезеңі — қазіргі деңгейі. Мұны ғылымда ноосфера кезеңі деп  атайды. Грекше "noos" ақыл-ой, сана, "sphaira" — шар деген ұғымды білдіріп, "саналы қабық" деп аталады. Ноосфера — адамның санасы, ақыл-ойы  шешуші рөл атқаратын биосфераның  жаңа эволюциялық деңгейі.

1930—1940 жылдары В.И. Вернадский  ноосфера туралы ілімді дамытып,  терендете түсіндірді. Ол ноосфераны  биосфера эволюциясының жаңа  сапалы деңгейі, биосфера мен  адам қоғамының байланысында  пайда болған деп қорытынды  жасады.

В.И. Вернадскийдің пікірі бойынша: "Ноосфера — табиғат  пен қоғам заңдылықтары өзара  бірігіп әсер ететін біртұтас жоғары жүйе". Биосфераның ноосфераға ұласуы кезінде бүкіл адамзат бірігіп  шешетін мәселелерге ерекше көңіл  бөлу қажеттігін ғалым атап көрсетті.

Ноосфера кезінде бүкіл  адам баласының ақыл-ойы, санасы, ғылымы және әлеуметтік еңбегі бір арнаға түсуі керек. Адам мен табиғат  арасындағы қарым-қатынасты адамның  саналы ақыл-ойы басқарған кезде  ғана жеңіске жетеді деп атап көрсетті. Ноосфера кезінде табиғат пен  қоғам арасындағы өзара байланыс айқын байқалады. Бұл кезде бүкіл  адамзат үшін ғылымды дамытып, табиғаттың да, қоғамның да бір-бірімен үйлесімді  өркендеуіне жол ашылу керек. Бұл кезде әрбір жеке тұлғаның да өсуіне көңіл бөлінеді.

Биосфераның ноосфераға ауысу  кезеңіне орыс ғалымы М.И.Будыко терең  талдау жасаған (1984 ж.). Ол биосфераның  қалыптасуында адамзат қоғамының  біртұтас екендігін ұмытпау керектігін ерекше ескертті. Қазіргі кезде ғылыми-техникалық прогресс бүкіл Жер шарын қамтып отыр. Энергияның жаңа көздерін бүкіл  адамзат бірлесе отырып, пайдалануға  басты назар аудару көзделуде. Ноосфера кезінде Жер бетіндегі барлық халықтың тіршілік деңгейін және қоғамның қажетін көтеру үшін биосфераның  қалыпты жағдайын сақтауға айрықша  көңіл бөлінеді.

Соңғы жылдары экологиялық  мәселелер — бүкіл адамзатты  толғандырып отырған күрделі  мәселелердің біріне айналып отыр. Қоғамның өркендеп дамуы, табиғат байлықтарын  ұқыпты пайдаланумен тығыз байланысты. Қазір табиғат байлықтарын дұрыс  пайдаланбаудан және технологиялық  процестердің жетілмегендігінен қоршаған ортаның ластануы адамның денсаулығына да қауіп төндіруде. Адам денсаулығын  сақтау, адамның үзақ өмір сүруіне  кажетті жағдай жасау — қоғамның басты міндеті. Ол үшін қоғам мен  табиғат арасындағы үйлесімді байланысқа ерекше назар аударылады. Осыған сәйкес казіргі кездегі әлеуметтік экология ғылымының басты мәселесінің  бірі—адам денсаулығына зиянды жағдайларды  болдырмау.

XX ғасырдың 60-жылдарынан  бастап ауқымды түрде экология  ғылымы да қалыптасып келеді. Оның зерттейтін басты бағыттарына  да әлеуметтік экология және адам экологиясы жатады.

Жер бетіндегі тіршілік пайда  болуын қарастыра келіп, биосфера туралы, тірі заттардың биогеохимияльщ қызметтері туралы аздаған мөлшерде айтып өттік. Бұл сұрақта осы мәселелерге тереңірек тоқталамыз.

Қазіргі жаратылыстану ғылымдары  жүйесінде биосфера туралы ілім негізгі  орын алады. Биосфера туралы ілімнің  дамуы В.И.Вернадскийдің есімімен тығыз байланысты, оның басталу тарихы одан ертерек уақытқа Ж.Б.Ламарктың  «Гидрология» еңбегінің жа-зылған кезіне (180?) жыл кетеді. Бұл еңбегінде Ламарк тірі организ-мдердің геологияль.іқ процестерге тигізетін әсері туралы жазған бола-тын. Одан кейін А.Гумбольдтың «Космос» атты көп томдық еңбегінде (алғашқы томы 1845 жылы шықты) тірі организмдердің өздері енетін жер қабықтарымен байланысы туралы тезис нақты дәлелдермен берілген. Ал 1875 жылы Австрия геологы Ә. Зюсс «биосфера» тер-минін өзінің «Альпі тауының геологиясы» атты еңбегінде қолданды және оны жеке қабық ретінде қарастырған болатын. Ол биосфераға кеңістік пен уақытта шектелген Жер бетінде тіршілік ететін организ-мдердің жиынтығы деп анықтама берді.

Бірақ ол кездерде биосфераның  геологиялық рөлі туралы, оның Жердің планетарлық факторларына тәуелділігі  туралы еш нәрсе ай-тылмады. Ең алғаш  рет тірі заттардың геологиялық  қызметі туралы, барлық органикалық  дүниенің біртутастығы туралы ой айтқан акаде-мик В.И.Вернадский болатын. Оның биосфера туралы концепциялары көптеген еңбектерінде біртіндеп жарық көре бастады. Ол еңбектеріне «Дала топырағының  кемірушілер арқылы өзгеруі» (1884), «Тірі  заттар» (20-шы жылдардағы қолжазба), «Биосфера» (1926), «Биогеологиялық очерктер» (1940), «Жер биосферасының химиялық құрылысы», «Табиғат зерттеушінің философиялық ойлары» атты еңбектері жатады.

Тірі заттардың геологиялық  рөлі олардың атқаратын геохимиялық  функцияларына негізделген, ал қазіргі  жаратылыстану ғылымы - бұл функцияларды бірнеше категориямен береді:

1)    энергетикалық;

2)    концентрациялық;

3)    деструктивтік;

4)    орташа қалыптастырушы;

5)    транспорттық.    

 Тірі органимздер тыныс  алу, қоректену, метаболизм және  үздіксіз ұрпақ ауыстыру арқылы  планеталық орасан үлкен қубылысты  - биосферадағы химиялық элементтердің миграциясын қамтамасыз етеді.

Ал геосфераның мундай орасан зор өзгерістері үлкен энергияны қажет етеді.

Вернадский ашқан биосферадағы тірі заттардың биохимиялық энергиясы  оның негізгі көзі болып табылады.

Биосфера - планетаның тірі және өлі заттарының бірлігі, ол геологиялың  та, биологиялық та, географиялық та анықтама емес. Бұл биогеохимиядағы  негізгі іргелі түсінік, біздің планетамыздың  уйымдасуының негізгі қурылымдың компоненттерінің бірі. Немесе, тіршілік әрекеті арқылы биоэнергетикалық процестер мен  зат алмасу жүретін ерекше қабық.

Жерді қоршап туратын биосфера қабығы өте жұқа. Бүгінгі күнде  атмосфераның микроорганизмдер өмір сүретін  қабаты Жер бетінен 20-22 км биіктікке  дейін көтерілсе, мухит шуңғымаларында бул шекара 11 км тереңдікке түседі. Ал жердің тас қабатындағы (литосферадағы) тіршілік 2-3 км тереңдікке дейін барады деп есептелінеді. Өйткені, дәл осындай  тереңдіктегі мунай құрамында анаэробты  бактериялар тіршілік ететіні анықталды. Әрине, биосфераның әр аймағында  тірі заттардың мөлшері әр алуан. Олардың ең көп мөлшері литосфераның беткі қабатында (топырақта) гидросферада және атмосфераның төменгі қабатында, ал жер қыртысының терең қабаттары  мен гидросфераның ең терең бөліктерінде және жоғарғы атмосферада тіршілік те біртіндеп сирей береді.

Космостық сәулелер мен Күн  энергиясы Жер биосферасына, жер  бетіндегі барлық құбылыстарға тұрақты  түрде әсер етіп турады. Ге-лиобиологияның негізін салушы А.Л.Чижевский Күн-Жер  байланысын зерттеумен өте көп айналысқан ғалым. Ол Жер бетіндегі сан алуан, сан қьірлы құбылыстар мен процестер - Жер қыртысының геохимиялық өзгерісі, планетаның, оның қүрамдас бөліктерінің динамикасы тікелей Күн энергиясының әсер етуімен жүреді деп есептейді. Күн энергиясы жер бетіндегі барлық қубылыстарға - соққан самал жел мен өсімдіктердің өсуінен бастап дауылды желдерге дейін, тіпті адамның ақыл-есіне дейін әсерін тигізеді.

Күн белсенділігінің арту циклдері мен биосферадағы процестер  арасындағы байланыс XVIII ғасырдың өзінде-ақ белгілі болған. Сол кезде ағылшын  астрономы В.Гершель бидайдың өнімділігі мен күн дақтарының арасында байланыс бар екендігін анықтаған. Ал XIX ғасырдың аяғында Одесса университетінің  профессоры Ф.Н.Шведов жүз жылдық қарағанның діңінің көлденең кесіндісін зерттеу  арқылы оның жылдық сақинасының жуандығы әрбір 11 жыл сайын, күн бел-сенділігінің циклін қайталайтындай өзгеріп отыратынын байқаған.

А.Л.Чижевский өзінен бурынғы  бұл мәселемен шуғылданған ғалымдардың  еңбектерін қорытындылай келе, Күннің жер бетіндегі көптеген биологиялық  процестерге әсерін тигізетіндігі, мысалы, Күн тәжінің жарықтығы  артып, хромосфералық ушқындар болған кезде біздің планетамызда эпидемиялық  аурулар көбейіп, ағаштардың өсуінің  артуы, ауыл шаруашылық зиянкестерінің, микроорганизмдердің көбейіп кетуі  сияқты құбылыстар жиілейтіндігін бақылаған.

Бүгінгі уақытта көптеген ғалымдар адамзат біздің планетамыздағы тірі заттардың тек бір бөлігін  ғана құрайтындығци айтады. Ал адам организмі және басқа тірі организмдер  биогеосфера ырғағына бейімделеді, ең алдымен тәуліктік, содан соң  жылдық немесе маусымдық ырғақтылыққа бағынады.

Адамдардағы зат алмасу ұрпақтан-ұрпаққа  беріліп отыратын цир-кадалық (тәуліктік) ырғақпен өтеді. Мысалы, 1931 жылы адам бауыры-ның  ырғақпен жумыс істейтіндігі анықталды. Тәуліктің бірінші жартысында бауыр  өттің көп мөлшерін бөліп щығарады. Өт - майлар мен белоктарды қорытып, оларды қанттың әр түрлеріне айналдыру үшін қызмет істейді.

Тәуліктің екінші жартысында бауыр қантты өзіне тартып, гликоген мен суды жинақтай бастайды. Оның клеткаларының  мөлшері мөлшермен үш есе үлкейеді.

Сонымен бірге, тәулік бойында  қанның қурамындағы гемоглобиннің  мөлшері де өзгеріп отырады. Оның ең көп мөлшері сағат 11-13 аралығына, ең аз мөлшері 16-18 сағатқа сәйкес келеді.

Тәуліктік өзгеріске организмдегі биофильді химиялық элементтер де түсіп отырады.

Организмде түнде магний туздары, ал ми сұйықтығында калий туздары  кебейеді. Бул қосылыстардың екеуі  де жүйке-бұлшық ет қызуын бәсеңдетеді. Сонымен қатар, вегетативтік жүйке  жүйесі де тәуліктік графикпен жумыс  істейді. Тіпті статистика туу мен  өлу процестерінің өзі тәуліктің  қараңғы бөліктерінде, көбінесе түн ортасында өтетінін анықтады.

Күн белсенділігінің езгерісі адамзат денсаулығына да әсерін тигізеді. Мысалы, Чижевский Европалық Россиядағы 1823 жылдан 1917 жылға дейін болған сүзек ауруының материалдарын, 1823 жыл-дан 1923 жылға дейінгі аралықтағы оба  ауруының шыққан кездерін зерттей келе, бұл жұқпалы дерттердің шығуы  күн сферасында өтетін құбылстармен тікелей байланысты екендігін анықтады. Өзі құрастырған графиктер негізінде  ол 1930 жылдың өзінде 1960-1962 жылдардағы оба  ауруының эпидемиясы шығатынын болжаған, шы-нында да бұл ауру дәл сол  жылдары Оңтүстік-Шығыс Азияда таралды.

Келтірілген фактілер космостық  факторлардың және адам орга-низмінің физиологиялық жағдайларына әсер ететіндігін көрсетеді.

В.И.Вернадский мен А.Л. Чижевскийдің космос адамзат, биосфера арасындағы байланыс туралы концепциялары Л.Н.Гумилевтің этноге-нез концепциясына негіз  болды. Оның концепциясының негізгі түсініктерінің бірі - пассионарлық серпін - яғни қоршаған ортадан энергияны көп мөлшерде қабылдауға тырысушылық, ал артық энергияны адамзаттың белгілі бір қызмет бағытына жіберуі. Пассионарий-лерге - Александр Македонскийді, Наполеонды, Марко Поло, А.Прежевальскийді, А. Эйнштейн мен Гетені және тағы басқаларды жатқызуға болады. Пассионарлық қасиет сирек байқалатын космостық сәуле шашу мен тікелей байланысты (ол мыңжылдықта 2-3 рет қана байқалады).

Информация о работе Ноосфера