Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Сентября 2015 в 18:44, реферат
Кеме шаруашылығынөркендетуде Португалия мен Испания бәсекелесіп, Атлант мұхиты арқылы жүзіп, бірқатар жерлерді, белгісіз аралдар мен түбектерді ашып, оларды өздерінің отарына айналдырды. Міне осы кезде Үндістанды Шығыс Азияны Батыс теңіз жолы арқылы ашу керек деген жаңа жоспарды Христофор Колумб ұсынды. Жер шар тәрізді болғандықтан біз батысқа қарай жүзе берсек Азияның шығысына шығамыз деді. Бірақ оның бұл ұсынысын батыс елдері бірден қабылдамады. Сонда да атақты теңізші-географ алған бетінен қайтпай, көптеген кедергі мен қиыншылыққа төзіп, ақыры өз дегенін орындап шықты батысқа қарай Атлант мұхитын жүзіп өтіп, белгісіз жерді, көптеген аралдарды ашты.