Ұлы географиялық ашулар заманы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Сентября 2015 в 18:44, реферат

Краткое описание

Кеме шаруашылығынөркендетуде Португалия мен Испания бәсекелесіп, Атлант мұхиты арқылы жүзіп, бірқатар жерлерді, белгісіз аралдар мен түбектерді ашып, оларды өздерінің отарына айналдырды. Міне осы кезде Үндістанды Шығыс Азияны Батыс теңіз жолы арқылы ашу керек деген жаңа жоспарды Христофор Колумб ұсынды. Жер шар тәрізді болғандықтан біз батысқа қарай жүзе берсек Азияның шығысына шығамыз деді. Бірақ оның бұл ұсынысын батыс елдері бірден қабылдамады. Сонда да атақты теңізші-географ алған бетінен қайтпай, көптеген кедергі мен қиыншылыққа төзіп, ақыры өз дегенін орындап шықты батысқа қарай Атлант мұхитын жүзіп өтіп, белгісіз жерді, көптеген аралдарды ашты.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Реферат.doc

— 47.00 Кб (Скачать документ)

       

 

 

 

 

 

   Реферат

Тақырыбы:Ұлы географиялық ашулар заманы

                                                  

                                                   Тексерген:Абилмажинова. С.А

                                                                        Дайындаған:Ерманова .А

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                   

                                            2015 жыл

Жер шарында ұлы географиялық зерттеулер ХV ғасырдан басталды.Бұл жерде Европа саяхатшыларының мақсаты аңызға айналған Үндістан жерін ашып,онымен сауда,қарым-қатынас жасау болды.Бірақ саяхатшылар Үндістанның қай жерде екенін білмеді,оған еуропалықтар Африканы айналып жүзіп бармақ болды. Бұл ғасырда теңізде жүзу әр елде етек ала бастады. Алысқа жүзе алатын, мұхит толқынына төзе алатын кемелер

жасалды. Кеме шаруашылығынөркендетуде Португалия мен Испания бәсекелесіп, Атлант мұхиты арқылы жүзіп, бірқатар жерлерді, белгісіз аралдар мен түбектерді ашып, оларды өздерінің отарына айналдырды. Міне осы кезде Үндістанды Шығыс Азияны Батыс теңіз жолы арқылы ашу керек деген жаңа жоспарды Христофор Колумб ұсынды. Жер шар тәрізді болғандықтан біз батысқа қарай жүзе берсек Азияның шығысына шығамыз деді. Бірақ оның бұл ұсынысын батыс елдері бірден қабылдамады. Сонда да атақты теңізші-географ алған бетінен қайтпай, көптеген кедергі мен қиыншылыққа төзіп, ақыры өз дегенін орындап шықты батысқа қарай Атлант мұхитын жүзіп өтіп, белгісіз жерді, көптеген аралдарды ашты. Ол ашқан жерлерін Шығыс Азия, Үндістан жері, Жапония аралдары деп ойлады, Американы ашқанын өзі білмей кетті.

   Христофор Колумб(1436 жылы Генуя қаласына жақын жердегі тоқыма өнеркәсібінде істейтін Доминико Колумб семьясында туған). Колумб жас кезінде қайда оқығаны белгісіз, әйтеуір итальян, испан, португал және латын тілдерін жақсы білгендігі анық. Он төрт жасында Колумб теңіз  қызметіне кетеді. Жасында Жерорта теңізінде, Европа жағалауларын кезген сауда кемелелерінде болып, теңіз жағдайын жақсы біліп алады. Жас кезінде Колумб Генуяда тұрғанда географиялық карта сызумен шұғылданған. Ол бұл мамандықты меңгеріп алған соң, інісі Бартоломей Колумбпен бірге Португалияның Лиссаьон қаласына келеді. Ол кезде Португалияның Лиссабон қаласы теңіз шаруашылығының орталығы болды, оған барлық жерден ғалымдар, теңізшілер, географтар жиылатын. Мұнда келгеннен кейін де ағайынды Колумбтар карта жасаумен айналысты және бірқатар теңізде дүзу жұмыстарына қатысқан.

    Колумб  Лиссабонда тұрған кезінде Феници Мони де Палестерелло дейтін теңізшінің қызымен танысып, соған үйленеді. Қыздың әкесі Генрих Португалияны билеген. Кейін Порто-Санто аралында губернатор болған. Колумб оның қызына үйленген соң Порто-Санто аралына келіп, атасының үйінде тұрады. Мұнда ол Палестероллоның қалдырған географиялық карталары, теңіз жұмысы туралы жазуларын тауып алып, сол материалды мұқият зерттейді. Міне, осы кезден бастап Колумб Батыс жолымен Үндістанды ашу мәселесіне кіріседі.

   Колумбтын  Порто-Санто аралында қанша тұрғаны  белгісіз, ол атасы өлген соң  ара-тұра Лиссабонға келіп жүреді  де ақыры осында семьясымен  көшіп келеді. Мұнда ол енді географиялық глобус, теңіз жолы көрсетілген карталар жасайды, географиялық ашулармен, ерте заман, орта ғасырдағы географиямен табыстарымен танысады. Әсіресе, Пьер Д”Эйидің «Әлем бейнесі» дейтін географиялық еңбегі оған көп әсер етті. Бұл еңбек біздің заманымызға дейін Севильедегі Колумб кітапханасында сақталған. Кітап беттерінің шетінде Колумбтың өз қолымен жазған кейбір ескертпелері де бар.

    Колумб  өзі жаңа жоспар жасап, оны 1482 жылы Португалия королы Иоанн 11-ге ұсынды. Король өзінің оқымыстыларын жинап, Колумб жоспарымен таныстырады, бірақ оның діншіл ғалымдары Колумб жоспары тек қиял, орындалатын іс дейді.

    Бұл  кезде Колумб қайғыға ұшырайды, 1484 жылы оның әйелі өліп, сегіз  жасар Диэго дейтін баласы  қалады.

   Португалияда ұсынған жоспары іске аспаған соң Колумб 485 жылы Испанияға кетпекші болады. Жолға ақшасы болмаған ол Диэгоны ерітіп, жаяу Испанияға келеді.  Мұнда келген соң Колумбқа бірден қызмет табылмайды, Испанияның қалаларын аралап, ақыры Андалузия қаласының етіндегі ескі француз монастырының есігінде қайыр сұрап жүргенін монастырь оқымыстысы Хуан Перес де Марчен көріп қалады. Ол Колумб жайымен танысып, оны баласымен моностырьда қалдырады. Сөйтіп, Марчен Колумбты монастырьды билеуші ғалым Прадомен таныстырады. Прадо Колумбтың жасаған жоспарымен танысып, оны Кородова қаласында тұратын Испания королына жібереді. Бұл кезде Испанияда соғыс болып жатқан. Колумб соғыста жүрген корольға жолыға алмайды, бірақ сол өзі Кордова қаласында қалып, тағы да карта сызумен щұғылданады. Мұнда ол өзіне жолдастар тауып, патша сарайында істейтін белгілі адамдармен, ғалымдармен танысып достасады. Содан біраз уақыт өткен соң, достарының көмегімен Колумб жоспарын Испания королына ұсынады. Король Фердиканд пен королева Изабелла алдында жұпыны киінген еңгезердей Колумб өз жоспарын дәлелдейді. Король мен королева тыңдап болған соң Саломондағы Степан монастырына діншіл ғалымдарды жинап, Колумб жоспарын ұзақ талқылап, оны дінге қарсы, қабылдауға болмайды деген қорытындыға келеді.

    Жоспары Испанияда қабылданбаған соң, ол тағы да Португалияға кетпек болып, ұлын алуға монастырьға келеді. Бірақ достары оны жібермейді, король мен королеваға тағы да хат жазып, Испания Колумбтан айрылмау керек деп дәлелдейді. Егер оның жоспары іске асса, біз Португалия королы алдында күлкі боламыз, тіпті іске аспаса да оны жібермеу Испанияға пайдалы екенін айтады. Солардың тілегінен кейін, енді жоғарғы мәртебелі король мен королева екінші рет қабылдайды. Колумб бұлардан: жолға шықпай тұрып, өзіне адмирал атағын беруді, ашылатын жерлердің вице-королы етіп тағайындауды, ол жерлерден түсетін пайданың оннан бірін өзіне беруін талап етеді. Бірақ король Колумбтың бұл талабын өзгертуін сұрайды. Колумб корольды тыңдағысы келмейді. Кейіннен сарайдағылар мен ғалымдар король мен королеваны көндіріп, мынадай келісімге қол жетеді:

    Колумб  өмірінше және оның ұрпақтары  да мұхиттың арғы жағынан ашқан  жерлердің адмиралы болады;

   ол өзінің  ашқан жерлерінің вице-королына  және губернаторы болады;

   олжерлерден  табылған асыл бұйымдардың – інжу-маржан, алтын, күміс, асыл тастардың, тағы басқа заттардың оннан бірін өз пайдасына алып отырады.

     Колумбтың бірінші экспедициясы. Испания королы Колумбтың алыс сапарына арнап екі кеме жабдықтайды, үшіншісін Колумб өз қаражатымен жасатады. Кемелер алысқа аттануға дайын болады. 1492 жылы 3 августа Колумб үш кемеге отырған 90 адаммен бірге Батыс жолымен тұңғыш рет Атлант мұхиты арқылы белгісіз Үндістанды, Қытай жерлерін, Жапония аралдарын, Азияның шығысын ашуға аттанады.

    Ашық  теңіз айдынына түскен соң Колумб флоты оңтүстік-батысқа қарай жүзіп, Канар алдарына жетіп, одан тіке батысқа қарай ұдайы 19 күн жүзіп, Гомера аралына келеді. Мұнан олар азық-түлік, су, отын алып, 9 сентябрьде Канар аралдарының ақырғысы – Ферро аралынан шығып, белгісіз мұхит суымен жүзе береді.

     Колумбтың  үш кемесі Атлант мұхитында  ұзақ жүзеді, толқын шайқап, матростар  арасында қорқыныш туады, тіпті  Колумбқа қайтадан Испанияға  қайтамыз деушілер де болған. Бірақ Колумб мұның бәрін жуып, шайып алдағы ашылатын жерді, оның байлығын бейнелеп айтып, оларды қызықтырады. Дегенмен 12 октябрьде матростар бұдан әрі бармаймыз деп тағы да Колумбқа қарсы тұрады. Жағдай қиындай түседі, енді Колумбтың жер жақын дегеніне ешқайсысы сенбейді. Осындай қиын жағдайда 1492 жылы 11 октябрьде теңізшілерге қалқып жүрген ағаш бұтағы, ұшып жүрген құстар көрінеді. Теңізшілер түнімен ұйықтамай батыс жаққа қараумен болады. Колумб бірде жылт өткен от көреді, Түн ортасында жағалау белгі бергендей болады. Кешікпей түнгі сағат 2-де алда келе жатқан «Пинта» кемесі зеңбіректен салют береді. Теңізшілертаң атуын асыға күтеді. Колумб 12 октябрьде көптен арман еткен «Жаңа жер» жағасын көреді, қуаныштың ұшы-қиыры болмайды. Шыққан күннің сәулесімен «Жаңа жер» жағасы нұрлана береді. Колумб он жолдасымен қайыққа отырып, аралға аттанады. Колумб ту ұстап жағаға шығып, жаңадан ашқан осы аралды Сан-Сальвадор деп атайды.

     Осы  сапарында Колумб Үндістан жеріндегі  аралды аштым деп ойлап, онда  тұратын адамдарды үндістер деп  атады. Жер шарындағы мәдениеті  төмен барлық тағы адамдарды да осылай атады. Европалықтарды алғаш көрген арал адамдары олардан қорқатын, оларға таңырқап қарайтын. Бірақ Колумб үндістерді өзіне тартып, олармен тілдесіп сөйлесетін.

     Колумб  жолдастарымен бірге аралда жүргенде  жапырағы жайқалған ағаштарды, сан түрлі ғажайып құстарды, пальма жапырағымен жабылған күркелерді көреді. Тұрғын халықтар ақ адамдарды көргенде әйел, еркек демей бала-шағасымен жүгіріп алдарынан шығады. Испандықтар олардың танауындағы, құлағындағы алтын-күміс сырғасын көріп, оның мәнісін сұрайды, олар өолын сілтеп оңтүстікті көрсетеді.

    Колумб  ашқан жерінің оңтүстігіндегі  алтынды аралды «Жапония» аралы  болар, - деп соған аттанады. Ол 15 октябрьде екінші аралды ашып, оны «Девы Марии» деп атайды. Одан әрі жүзіп, 19 октябрьде үшінші аралды ашып, оны Испания королевасының  есімімен «Изобелла» деп атайды. Колумб қайтаданбатысқа қарай жүзіп, тағы да жеті аралды ашып, ақыры ең үлкен арал Кубаға келіп тоқтайды. Колумб бұл аралдың табиғатына, әдемілігіне, байлығына таң қалады. Ол аралды аралап жүріп, жергілікті адамдардың аулына кез болады, олармен ыммен сөйлескенде, алтынды арал оңтүстікте, - дейді. Енді Колумб азия материгін аштым деп ойлайды да, Қытай ханына өз елшісін жібереді, әрине, ол ештеме таппай оралады. Колумбты арал жағдайын жақсы білетін екі адам ертіп жүреді, солар арқылы ол аралдағы адамдарды шақыртып, өзінің Испания королынан келгендігін айтып, олардан өз ықтиярымен христиан дінін қабылдауға сұрайды.


Информация о работе Ұлы географиялық ашулар заманы