Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Июня 2014 в 14:10, реферат
Өнеркәсіп құрылымы және орналасу заңдылықтары. Өнеркәсіптің қалыптасуы ұзақ тарихи кезеңді қамтыды.Оған негіз болған қолөнер орта ғасырларда мануфактуралық өндіріске,ал ол өз кезегінде сан салалы өнеркәсіпке ұласты.Бұл өзгерістерге алдыңғы қатарлы елдерде өнеркәсіп өндірісін жолға қою үшін қажетті бастапқы күрделі қаржының жинақталуы және тұтыну тауарларына деген сұраныстың артуы түрткі болды.Өндіруші және өңдеуші өнеркәсіптен тұратын қазіргі заманғы индустрия алуан түрлі өндірістердің жиынтығы болып табылады.Өнеркәсіп өндірісі мен салаларының қаржыны,ғылымды,еңбекті,шикізатты,энергияны және суды қажет ету деңгейі әр түрлі.Өнеркәсіп өнімінің 10% -ы өндіруші салаға тиесілі болса,байырғы(тас көмір,қара металлургия,кеме жасау және тоқыма),жаңа(автомобиль жасау,алюминий өндіру,химиялық талшықтар мен пластмасса өндірісі)және ең жаңа салаларды(микроэлектроника,робот жасау,есептеуіш машиналар жасау,атом және аэроғарыш өндірісі және т.б.)қамтиды.
Сұрақтар мен тапсырмалар.
1.35-сызбанұсқа бойынша өңдеші өнеркәсіптің орналасуына әсер ететін факторларды талдаңдар. 2. Отын-энергетика құрылымындағы БЭК түрлерінің арасалмағының өзгерістеріне не себеп болған? Нақты мысалдар келтіріңдер. 3. Мұнай өндіру мен тұтынудың аумақтық айырмашылықтары бар ма? 4*. Дүние жүзінде және Қазақстанда табиғи газды өндіру мен тұтынудың болашағы қандай болмақ? Болжамдарыңдынегіздеңдер. 5*. Электр энергиясын өндіру мен тұтынудың аумақтық айырмашылықтары немен түсіндіріледі ? 6. Энергетика мен экологияның байланысы қандай? Нақты мысалдар келтіріңдер.
Металлургия және машина жасау өнеркәсібі.
Металлургия. Өңдеші өнеркәсіптің бұл саласы күрделі технологиялық сатылардан: кен өндіру, бастапқы металды бөліп алу, алынған металдың сапасын жақсарту және т.б. тұрады.
Қара металлургия өндірістің басқа салалармен (тау-кен.көмір,энергетика, түсті металлугия, химия) тығыз байланысты. Бұл белгілі дәрежеде оның орналасуына да ықпал етеді. Қазіргі кезде қара металлургия кәсіпорындарының кокстелетін көмір алаптарына, темір кен орныдарына, теңіз порттарына жақын орналасуы басым болып отыр. АҚШ-тағы, Ресейдегі, Қытай мен Украинадағы, Германиядағы байырғы металлургия орталықтары алғашқы фактордың ықпалымен қалыптасқан (оларды картадан табыңдар)Шойын қорытудағы негізгі отын – тас көмірден алынатын металлургиялық кокстің дүние жүзінде өндірілу көлем 350 млн т –дан асады. Кокстелетін көмір қоры шектеулі, қазіргі кезде оны өндіруден Қытай алдыңғы орында.
Бұрын-соңды темір кеніне бай аудандардың барлығында да қара металлургия дамыған сала болып табылады. Соңғы жылдары дамушы елдердің салыстырмалы түрде арзан, құрамындағы темір үлесі 60%-ға жететін «бай» кендері айрықша сұранысқа ие болып отыр. Қазіргі кезде байырғы кен орындарының қоры таусылуға жақын, оның басты шоғырлану ауданы Шығыс Еуропа болып отыр.
Қазіргі кезде дүние жүзі бойынша жылына 0,85-1 млрд т темір кені өндіріледі. Темір кенін сыртқа шығаруда оның қоры мол Бразилия мен Аустралия, Қытай мен Үндістан айрықша көзге түседі. Дүние жүзінде жылына, шамамен, 800 млн т болат балқытылады, оның 80%-ы дамыған елдер үлесіне тиесілі. Темір кені мен кокстелген көмірді сырттан сатып алатын Жапония болат өндіруден дүние жүзінде жетекші орын алады. Тайвань мен Корея Республикасының металлургия өнеркәсібі де импорттық шикізатқа негізделген. Бұл елдердегі металлургия орталықтары жағалауда шоғырланған. Жалпы алғанда Азия елдерінің үлесіне дүние жүзінде өндірілетін болаттың 2/5 бөлігі тиесілі. Шойын балқытудан шикізат қоры жеткілікті Қытай 1-орынға, болат өндірісінен 2-орынға шықты. Қытайдағы металлургия комбинаттары аса қуаттылығымен көзге түседі, мұнда жылдық қуаты 5 млн т –дан асатын бірнеше кәсіп орын бар. Жергілікті темір қоры таусылған және таусылуға жақын Батыс Еуропа елдерінде қара металлургияның теңізге ығысуы байқалады; аймақ әлі де болса болаттың 20%-ын береді. Шығыс Еуропадағы Польша мен Чехияның қара металлургиясы әлемдік нарықта өзіндік орынға ие.
ҒТР қара металлургиядағы байырғы технологияларды ығыстыруда; болат алудың ескі мартендік әдісін неғұрлым жедел, шағын кәсіпорын жағдайына лайықталған электірлік, оттек-конверторлық тәсілдер алмастырды. Қазіргі кезде металл сынықтарын қайта балқытып, пайдалануға да айрықша көңіл бөлінеді; әлемдегі болаттың 2/5 бөлігі осы әдіспен алынады. Бұл технология экономикалық жағынан тиімді болумен қатар, металлургия комбинаттарының қоршаған ортаға зиянды әсерін де едәуір азайтады.
Қазіргі заманғы түсті металлургия өндірісі кен құрамынан 70-тен астам түсті металдарды бөліп алады; өнім көлемі жылына 20 млн т –ны құрайды. Олардың арасында өндірілуі жағынан жетекші орын алатыны – алюминий, ол түсті металлургия өнімдерінің жартысына жуығын құрайды. Өнеркәсіптің көптеген салаларында, құрлыста кеңінен қолданылатын “ақ” металды алудың технологиясы күрделі, сондықтан өндірістің жеке сатылары әр түрлі елдерде, тіпті аймақтарда орналасады. Алюминий өндірісінің алғашқы сатысы – боксит өндіру, негізінен, Аустралия, Гвинея және Ямайка, Бразилияның бай кен орындарында шоғырланған; екінші сатысы (электролиз арқылы металды бөліп алу) арзан электр энергиясына бағдарланады. Осы себепті ірі алюминий балқыту зауыттары Канада, Бразилия, Норвегиядағы қуатты су электр станциялары мен Аустралиядағы жергілікті көмірмен жұмыс істейтін ЖЭС маңында орналасқан. Сонымен алюминий өндірісін орналастырудағы басты фактор – арзан электр энергиясының болуы. Алдыңғы қатарлы технологиямен жұмыс істейтін ең жаңа алюминий кәсіпорындарының өзінде 1 т алюминий алу үшін 14 мың кВт/ сағ электр энергиясы жұмсалады. Бастапқы энергия көздеріне бай АҚШ пен Ресейде алюминий өндірісінің өркендеуі байқалса, энергия қымбатқа түсетін Жапония пен Батыс Еуропа елдерінде, керісінше, құлдырауда. Франциядағы зауыттар АЭС – тер маңына шоғырланған.
Маңызы жағынан 2 – орын алатын түсті металл – мысты өндіру, негізінен, шикізат көзіне бағдарланған. Бұл кен құрамында мыс мөлшерінің өте аз (0,5- 3,5%) болуымен түсіндіріледі. Бөлініп алынған бастапқы металды (мыс концентраты ) одан әрі өңдеу электр энергиясын көп қажет еткендіктен, көбінесе дамыған елдерде жүргізіледі. Мыс концетратын өндіруде Чили, АҚШ,Канада және Африкадағы Замбия мен Заир көзге түседі. Тазартылған мысты өндіруден АҚШ, Ресей, Жапония жетекші орын алады. Қазақстанның мыс өндірісінің де дүниежүзілік маңызы бар. Қазақстанда 2004 жылы 445 мың т тазартылған мыс өндірілді. Еліміздің бұл саладағы басты сауда әріптесі – Қытай.
Түсті металдарды (әсіресе сирек кездесетіндерін ) өндіру технологиясы өте күрделі және қымбат болғанымен ҒТР заманындаоларға сұраныс ұлғайып отыр. Бұл түсті металдар көп қолданылатын аэроғарыштық және электроника салаларының өркендеуімен, металлургияда сапалы құймалар өндірумен байланысты түсіндіріледі.
Машина жасау өнеркәсібі. Өнеркәсіптің жетекші саласы ретінде машина жасау дамыған елдерде айрықша орынға ие. Оның үлесіне өнеркәсіп өнімінің 36 -40 %-ы, индустрияда жұмыс істейтіндердің 34% -ы тиесілі. Қазіргі заманғы машина жасау – 300 – ден астам өндіріс түрін біріктіретін, ғылымды ең көп қажет ететін, шығаратын өнім түрі бірнеше миллионмен есептелетін күрделі сала. Сондықтан халықаралық деңгейде ұйымдасу тиімді болып есептеледі. Машина жасау саласында дүние жүзіндегі аса ірі “ Дженерал Моторс”, “ Форд Мотор “, “ Дженерал Электрик “ (АҚШ), “ Даймлер – Крайслер “, “ Сименс” (ГФР), “Мицуи”, “Мицубиси”, “ Тойото Мотор” (Жапония) ұлтаралық бірлестіктері жұмыс істейді.
Машина жасау өнеркәсібінің ұдайы дамып, өркендеуі қоғам қажеттілігімен және ҒТР жетістіктерімен, көптеген өнімдерді ( тұрмыстық техника, ав томобиль, злектрондық техника ) тұтынудың жаппай сипат алуымен анықталады. Машина жасау өнеркәсібінің орналасуы бастапқыда металға бағдарланса, соңғы онжылдықтарда маман жұмыс күшіне, кейбір салаларының ғылыми - зерттеу орталықтарына, инфрақұрылымы дамыған ірі қалаларға шоғырлануы байқалады. Бірте – бірте бұл сала кәсіпорындары барлық жерде орналасатын болады.
Әлеуметтік – экономикалық даму деңгейі жоғарылаған сайын өндірістің құрылымы да күрделеніп, жеке салалардың арасалмағы өзгереді. Қазіргі кезде өнімнің құны бойынша электр техникасын жасау дәстүрлі салаларды артқа тастады. Ғылымды көп қажет ететін бұл салада өнім көлемі бойынша Жапония, АҚШ,Азиядағы жаңа индустриялық елдер, Қытай, Батыс Еуропа елдері жетекші орынға ие. АҚШ қарапайым құрал-жабдықтар шығарудан гөрі күрделі, қымбат техника өндірісіне маманданған. Азия елдері жаппай сипаттағы компьютерлік техника мен тұрмыстық электроника, ал Батыс Еуропа елдері байланыс құралдары мен медициналық, өндірістік және ғылыми құрал-жабдықтар шығаруға бағдарланған.
Көлік машиналарын жасау автомобиль, аэро-ғарыштық өндіріс пен кеме, теміржол көлігін жасауды қамтиды. Көлік қолданылуы жөнінен азаматтық және әскери мақсаттағы машиналар болып жіктеледі. Шығаратын өнімінің саны (жылына 45-50 млн дана), өнім құны және сериялылығы жөнінен автомобиль жасау алдыңғы орында; бұл өнімге сұраныс дүние жүзі бойынша тұрақты өсу үстінде. Жалпы автомобиль өндірісінің ¾-і жеңіл автомобиль үлесіне тиесілі.
Барлық өнімнің 25%-ын жүк машиналары, арнайы( медициналық, өрт сөндіру, полициялық) автомобильдер мен автобустар құрайды. Автомобиль өндірісінің негізгі орталықтары- Батыс Еуропа, Солтүстік Америка және Жапония. Аймақтар арасында басты орын алатын Батыс Еуропаның өндірісі экспортқа бағдарланған, шығарылатын өнімнің 75%-ы өндірілген елден сыртқа сатылады.
Жеке елдер арасында АҚШ пен Жапония өндіріс көлемі жөнінен жетекші орын алады, олардың әрқайсысы жылына, шамамен, 9-10 млн автомобиль шығарады. Автомобиль жасау күшті монополияланып, дүние жүзі бойынша бұл сала өнімінің 80%-ы аса ірі он автомобиль компаниясының үлесіне тиесілі. Әдетте, әр елдің өзіндік «автомобиль астанасы» бар; олардың қатарына өндіріс шоғырлануымен көзге түсетін Детройт(АҚШ), Вольфсбург(ГФР), Турин(Италия), Төменгі Новгород(Ресей) жатады. Көлік машиналарының автомобильден басқа түрлерін(кеме, теміржол көлігі, ұшақтар) жасау да көрнекті орын алады. Кеме жасаудан Жапония, Корея Республикасы, Германия, Қытай жетекші орында.
Жалпы машина жасау шаруашылықтың барлық саласына қажетті құрал-жабдықтар жасау мен күнделікті тұрмыста қолданылатын машина өнімдерін (сағаттар, тоқыма және тігін машиналары, т.б.) шығаруды қамтиды. Мұнда бірнеше данадан ғана( атом реакторы, металлургия коммбинаттарының жабдығы) шығарылатын күрделі, қымбат жабдықтан бастап, саны миллиондап есептелетін жаппай өнімдерге дейін өндіріледі. Бұл сала бойынша дүние жүзіне АҚШ, Германия, Жапония алдыңғы орын алады. Кейбір елдердің айрықша маманданған салалары бар; Швейцария сағат өндірісіне қажетті өте дәл станок жасауға, Жапония мен Корея аса ірі станок жасауға маманданған.
Сұрақтар мен тапсырмалар.
1.Батыс Еуропаның жетекші елдерінде неліктен металлургия комбинаттары шеттен әкелінетін шикізатпен жұмыс істейді? 2*. Темір кен орындары мен қара металлургия кәсіпорындарының орналасуы сәйкес келе ме? Бұл немен түсіндіріледі? 4. Машина жасау өнеркәсібі шығаратын негізгі өнім түрлерін анықтаңдар. Бұл саладағы мамандану мен шоғырлануға не себеп болады? 5*. Жаңа индустриялық елдерде неліктен машина жасау, соның ішінде ғылым мен еңбекті көп қажет ететін салалар өркендеуде? Жауаптарыңды нақты мысалдармен дәлелдеңдер.
Өңдеуші өнеркәсіптің басқа салалары
Химия өнеркәсібі. Өнеркәсіптің бұл саласы ел экономикасының даму деңгейінің айқын көрсеткіші бола алады. Өйткені ғылым мен техника жетістіктерінің өндіріске жедел енгізілуі жөнінен химия өнеркәсібін электроникамен қатар қоюға болады. Химия өнеркәсібінің бірнеше өзіндік ерекшеліктері бар:
1) алуан түрлі, құрамы жөнінен әркелкі шикізат түрлерінің пайдаланылуы;
2) құрылымы жағынан өте күрделі болуы:
3) энергияны, әсіресе жылуды көп қажет етуі:
4) кейбір салаларының суды көп мөлшерде пайдалануы;
5) ғылымға
негізделген ең жаңа
6) қазіргі заманғы салалалырының, негізінен, адамның күнделікті өмірі мен денсаулығына қажетті және өндірістегі экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған өнімдерді шығаруға мамандануы;
7) шығаратын өнім түрлерінің көптігі; бұл көрсеткіш бойынша тек машина жасау өнеркәсібіне ғана жол береді.
Химия өнеркәсібінің орналасуы
дүние жүзі бойынша бірыңғай
заңдылыққа бағынбайды. Өйткені
оған көптеген факторлар (табиғи,
экономикалық, тарихи және т.б.) әсер
етеді. Кәсіпорынның орналасуы, әдетте
оның қандай өнім
Өңдеуші өндіріс(бояғыш заттар, лактар мен бояулар, дәрі-дәрмек, резеңке техникалық бұйымдар жасау); жартылай дайын өнімдер (тұздар мен қышқылдар, сілтілер) өндірісі.
Қазіргі заманғы химия
Информация о работе Дүниежүзілік өнеркәсіп. Өнеркәсіптің орналасу заңдылықтары