Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Июня 2014 в 14:10, реферат
Өнеркәсіп құрылымы және орналасу заңдылықтары. Өнеркәсіптің қалыптасуы ұзақ тарихи кезеңді қамтыды.Оған негіз болған қолөнер орта ғасырларда мануфактуралық өндіріске,ал ол өз кезегінде сан салалы өнеркәсіпке ұласты.Бұл өзгерістерге алдыңғы қатарлы елдерде өнеркәсіп өндірісін жолға қою үшін қажетті бастапқы күрделі қаржының жинақталуы және тұтыну тауарларына деген сұраныстың артуы түрткі болды.Өндіруші және өңдеуші өнеркәсіптен тұратын қазіргі заманғы индустрия алуан түрлі өндірістердің жиынтығы болып табылады.Өнеркәсіп өндірісі мен салаларының қаржыны,ғылымды,еңбекті,шикізатты,энергияны және суды қажет ету деңгейі әр түрлі.Өнеркәсіп өнімінің 10% -ы өндіруші салаға тиесілі болса,байырғы(тас көмір,қара металлургия,кеме жасау және тоқыма),жаңа(автомобиль жасау,алюминий өндіру,химиялық талшықтар мен пластмасса өндірісі)және ең жаңа салаларды(микроэлектроника,робот жасау,есептеуіш машиналар жасау,атом және аэроғарыш өндірісі және т.б.)қамтиды.
Дүниежүзілік өнеркәсіп.
Өнеркәсіптің орналасу заңдылықтары.
Отын-энергетикалық кешен.
Өнеркәсіп құрылымы және орналасу заңдылықтары. Өнеркәсіптің
қалыптасуы ұзақ тарихи кезеңді қамтыды.Оған
негіз болған қолөнер орта ғасырларда
мануфактуралық өндіріске,ал ол өз кезегінде
сан салалы өнеркәсіпке ұласты.Бұл өзгерістерге
алдыңғы қатарлы елдерде өнеркәсіп өндірісін
жолға қою үшін қажетті бастапқы күрделі
қаржының жинақталуы және тұтыну тауарларына
деген сұраныстың артуы түрткі болды.Өндіруші
және өңдеуші өнеркәсіптен тұратын
қазіргі заманғы индустрия алуан түрлі
өндірістердің жиынтығы болып табылады.Өнеркәсіп
өндірісі мен салаларының қаржыны,ғылымды,еңбекті,
Өнеркәсіп өндірісі құрылымы жағынан ғана емес,ұйымдасуы және орналасуы жөнінен де күрделі жүйе болып табылады.Өнеркәсіптің орналасуына әсер ететін факторлар ел экономикасының даму жағдайына сәйкес ұдайы өзгеріске түсіп отырады.Бұл әсіресе өңдеуші өнеркәсіптің орналасуынан айқын көрінеді(35-сызбанұсқаға қараңдар).
Өнеркәсіптің жаңа салаларын орналастыруда
еңбек ресурстарының сапалықкөрсеткіштері(
Қазіргі заманғы кәсіпорындар салық жеңілдіктері бар еркін экономикалық зоналарда және шекаралық көбірек орналасады,бұл аумақтарда халықаралық экономикалық аудандар да қалыптасуда.Өнеркәсіптің теңіз жағалауларына “ығысуы”да байқалады.Соның нәтижесінде кейбір портты қалалар маңында сырттан әкелінетін шикізатты бастапқы өңдеуден өткізетін ірі өнеркәсіптік кешендер пайда болған.
Сонымен,өнеркәсіптің
дамуы мен орналасуында қарама-қарсы екі
бағыт түйіседі.Біріншіден,
Отын-энергетика кешені.Аталған кешен құрамына қазіргі заманғы шаруашылықтың негізін құрайтын отын(мұнай,табиғи газ,көмір және т.б.)мен электр энергиясын өндіру,оларды тасымалдау енеді.Өндірістің дамуы отын мен энергия түрлерін игерумен тығыз байланыста жүреді.Адамзат қоғамы дамудың неғұрлым жоғары сатысына көтерілген сайын өндірістің отын мен энергияға сұранысы арта түсті.
Бастапқы энергия көздері (БЭК)қатарына жататын мұнай мен табиғи газдың,көмірдің отын-энергетика құрылымындағы арасалмағы ХХ ғасырда күшті өзгеріске түсті.Дүниежүзілік отын-энергетика балансында көмір ұзақ уақыт бойы басым болып келсе,ХХ ғасырдың ортасынан бастап мұнай жетекші орынға шықты.
Аймақтар мен елдер бойынша БЭК-тің түрлерін пайдалану үлкен айырмашылықтар жасайды.Парсы шығанағы елдерінде мұнай(61%) мен табиғи газдың (37%) үлесі аса жоғары болса,ҚХР-да көмірді (77%),Ресейде табиғи газды (51%) пайдалану басым.Жоғары дамыған елдерде БЭК-тің барлығы бірдей пайдаланылады,бірақ мұнайдың үлесі көбірек.
Қазігі кезде энергетиканың маңызы арта түсуде әрі ол өндірістегі құрал –жабдықтар мен көлікті іске қосады.Онсыз адамдардың күнделікті тұрмыс-тіршілігін елестету мүмкін емес.Қазіргі заманғы өнеркәсіптегі көптеген технологиялық процестер энергияның қатысуымен іске асады.ҒТР энергетикамен өте тығыз байланысты: ақпараттық индустрия жүйесі мен ең жаңа байланыс құралдарының жұмысы электір энергиясын пайдалануға негізделген. Ал энергетиканы дамыту өз кезегінде ҒТРжетістіктерін пайдалануды қажет етуде.Бұл құрлық пен теңіз қайраңдарында терең ұңғымаларын бұрғылау,қуатты электір желілері мен құбыр жүйелерін іске қосу,атом энергиясын алу технологиясы мен оның қауыпсіздігін қамтамасыз ету қажеттілігінен туындайды.Бастапқы энергия көздері аса маңызды шикізат ретінде химия өнеркәсібінде пайдаланылады.Қазіргі кезде энергияны алудың басқа көздері (ядролық,гидроэнергия және т.б.) де қолданылуда.
Мұнай өнеркәсібі – дүниежүзілік шаруашылықтың Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қарқынды өркендеген саласы. Дүние жүзіндегі басты мұнай алаптары дамушы елдер аумағында орналасқан.Әлемдік нарықта бағасының ұдайы өзгеріске түсетіндігіне қарамастан,мұнай мен одан алынатын өнімдер стратегиялық маңызы бар ресурс болып отыр.Мұнайды көп мөлшерде өндіріп,шетке шығаратын елдердің халықаралық деңгейде айрықша орны бар,тіпті олардың геосаяси жағдайына мұнай қоры елеулі түрде ықпал етеді деуге болады.
Мұнай өнеркәсібі – күшті монополияланған саланың бірі,дүние жүзі бойынша мұнай саласында АҚШ пен Батыс Еуропаның аса ірі ұлтаралық компаниялары жетекші орын алады. Бұған қарсы тұру мақсатында 1960 жылы мұнай экспорттайтын дамушы елдер арнайы ұйым (ОПЕК) құрды. Ұйымның негізгі мақсаты – осы ұйымға мұше елдердің мұнайды өндіру және сыртқа сатумен байланысты қызметін халықаралық деңгейде үйлестіру. ХХ ғасырдың соңына қарай дүние жүзінде өндірілген 3,5 млрд т (газ конденсатымен қоса )мұнайдың 40% -ға жуығы ОПЕК елдеріне тиесілі болды. Сауд Арабиясы әлемдегі жетекші мұнай өндіретін ел; мұнда 2001 жылы 394 млн т-дай “қара алтын” өндірілді.
Жан басына шыққанда мұнай өндіруден дүние
жүзінде Кувейт 1-орын алады (2000жылы-54,6
т).Қазақстан Республикасында 2004 жылы
50,6 млн т мұнай өндірілді :жан басына шаққандағы
көрсеткіш 3,3 т болды.Мұнай-аса маңызды
экспорттық тауар,дүние жүзінде өндірілетін
мұнайдың 45%-ға жуығы сыртқа сатылады.Мұнайды
өндіретін(Парсы шығанағы елдері,Латын
Америкасы мен Африка елдері)және тұтынатын
аудандардың(Еуропа,АҚШ,
Мұнай өндіру мен тасымалдау қоршаған ортаға зиянды әсерін тигізуде.1977 жылы Оңтүстік Африка жағалауында әрқайсысының жүк сыйымдылығы 330 мың т болатын екі иұнай таситын танкер соқтығысып , қирады. 1989 жылы Аляска жағалауында қайраңға тұрып қалған “Вильдес “ танкерінен суға 40 мың т мұнай ағып, жайылған. 2002 жылы күзде Испания жағалауларында (Галиссия) болған мұнай апаты да қоршаған ортаға зор зиян тигізді.
Мұнай өңдеу кәсіпорындары,әдетте,шикізат көзіне жақын жерде немесе аса ірі портты қалаларда орналасады.Қазіргі кезде дүние жүзінде ірілі-ұсақты 700 – ден астам мұнай өңдейтін зауыттар жұмыс істейді.Олардың 30 шақтысының қуатттылығы жылына 15 млн т – дан асып түседі.Мұнай өнімдеріне қатысты экологиялық талаптардың күшейтілуі бұл салада ғылым мен техниканың жетістіктерін кеңінен қолдануға итермелейді. Мысалы, дүние жүзінде өндірілетін бензиннің жартысынан астамының құрамында зиянды қорғасын жоқ, ал АҚШ пен Германияда, Жапонияда тек осындай бензин ғана пайдаланылады.
Газ өнеркәсібі. Дүние жүзі бойынша газ өндірісі ХХ ғасырдың ортасынан бастап өркендей бастады,содан бері оның өндіру көлемі 10 есеге артты.Табиғи газбен қатар, мұнайға серік газды өндірудің де маңызы зор. Газ энергетикалық мақсатта ғана емес, химиялық шикізат ретінде азот тыңайтқыштары мен полимер өндірісінде пайдаланылады. Табиғи газдың маңызды кен орындары Солтүстік Америка мен Батыс Еуропа, Парсы шығанағы, Ресей жері мен Орта Азияда шоғырланған. Қазіргі кезде көптеген елдер (Бруней, Малайзия, Норвегия және Ұлыбритания ) табиғи газды теңіздегі газ кәсіпшіліктерінен өндіреді, су астындағы газ жинау қондырғылары 500 м –ден астам тереңдікте жұмыс істейді.
Қазіргі кезде дамыған елдердің отын-энергетика құрылымында газ үлесі көмірмен бірдей мөлшерде. 1998 жылы дүние жүзінде 2379 млрд м³ табиғи газ өндірілді, оның жартысына жуығы Ресей мен АҚШ-тың үлесіне тиесілі.
Табиғи газ өндірісінің жан басына шаққандағы көрсеткіші бойынша дүние жүзінде Бруней 1-орын алады (2003 жылы -31 484 м );Испанияда бұл көрсеткіш бар болғаны 4,1 м-ге тең. Қазақстанда 2004 жылы 21,8 млрд м табиғи газ өндірілді, яғни жан басына шаққанда 1453 м келеді.
Жалпы дүние жүзі бойынша өндірілген газдың 20% -ы ғана экспортталады, бұл газды тасымалдаудағы қиындықтармен байланысты. Солтүстік теңіз қайраңынан өндірілетін газ су асты құбырлары арқылы Ұлыбританияға, Норвегия мен Германияға жеткізіледі. Соңғы жылдары газ сұйылтылған күйде танкерлермен Таяу Шығыс пен Аустралиядан Жапонияға тасымалдана бастады. Табиғи газды сатудан Ресей дүние жүзінде жетекші орын алады, ресейлік газ құбырларымен Еуропа елдеріне жеткізіледі.
Көмір өнеркәсібі. Дүние жүзі бойынша көмір өндірісінің қарқыны бәсеңдегенімен, бұл байырғы шикізат түрі әлі де болса көптеген елдердің отын-энергетика құрылымында елеулі орын алады. ХХ ғасырдың 50-60 жылдары мұнай өндірудің артуына байланысты көмір өнеркәсібі күйзеліске ұшырап, көптеген шахталар жабылып қалған болатын. ХХ ғасырдың 70-жылдарынан бастап мұнай бағасының өсуі көмірдің ашық әдіспен өндіруге болатын ірі кен орындарының қайтадан өркендеуіне себепші болды. Сонымен қатар көмір өндіру географиясында өзгерістер болды. Батыс Еуропа шахталары жабылып, Азия басты өндіру аймағына (барлық көмірдің 45%-ын береді )айналды. Қытайдың үлесіне 2000 жылы дүние жүзінде өндірілетін көмірдің 26%-ы(1171млн т )тиесілі болса, Солтүстік Америка елдерінің үлесі 25%-ды құрады. Қазақстан көмір өндіретін жетекші 10 елдің қатарына енеді, мұнда 2004 жылы 83 млн т көмір өндірілді. Дүние жүзі бойынша өндірілетін көмірдің 12%-ы ғана экспортқа шығарылады. Көмір экспортында Аустралия мен ОАР,АҚШ жетекші орын алса, импортында Батыс Еуропа мен Жапония басымдылық танытады.
Электр энергетикасы. Энергияның экономикалық жағынан ең тиімді, экологиялық жағынан қауіпсіз әмбебап түрі болып саналатын электр энергиясын өндіру үшін алуан түрлі минералды шикізат, су және атом энергиясы пайдаланылады. Минералды отынмен жұмыс істейтін жылу электр станциялары шикізат көздерінде және ірі тұтыну орталықтарында орналасады; олардың жалпы электр энергиясының өндірісіндегі үлесі -63%. Су электр станциялары дүние жүзінде өндірілетін электр энергиясының 1/5-ін береді. Су энергия ресурстары, негізінен, дамушы елдерде шоғырланған, сондықтан әзірше толық игерілмей келеді. Мысалы, Латын Америкасында су энергиясы қорының 10%-ы, Африкада 5%-ы ғана игерілген. Энергияның бұл түрін пайдалануда АҚШ пен Ресей алдыңғы орында, бірақ жан басына шаққандағы көрсеткіш бойынша Норвегия басымдылық көрсетеді.
Атом электр станцияларының да маңызы артып келеді. Олар дүние жүзінде өндірілетін электр энергиясының 17%-ын, Францияда 80%-ын, Литвада 17,4%-ын береді. Соңғы кездері электр энергиясын сарқылмайтын балама энергия көздерінен (жел, геило,геотермалдық, толысу энергиясы) де алатын болды.
Электр энергиясын өндіру жыл сайын артып келеді; соңғы 50 жылда оның көрсеткіші 14 есе артты. 1990 жылы дүние жүзі бойынша 11865 млрд кВт / сағ электр энергиясы өндірілсе, 2000 жылы оның мөлшері 14600 млрд кВт /сағ-қа жетті. Оның басым бөлігі әлемдегі жетекші елдер үлесіне тиесілі болды.
Қазақстанда 2004 жылы 66,8 млрд кВт/сағ,яғни жан басына шаққанда 4450 кВт/сағ электр энергиясы өндірілді. Елімізді бұл көрсеткіш бойынша басқа елдермен салыстырып көріңдер.(20-кестені қараңдар.)
Жан басына шаққанда электр энергиясын өндіру, 2000жыл (кВт/сағ)
Көп өндіретін елдер |
Мөлшері |
Аз өндіретін елдер |
Мөлшері |
Норвегия Канада Швеция АҚШ Аустралия |
31852 19019 17865 14400 11003 |
Конго Демокр. Республ. Ангола Судан Танзания Эфиопия |
109 85 67 62 20 |
Сонымен, электр энергетикасының дамуы аумақтық айырмашылықтарға ие. Халқының саны адамзаттың 20%-ын құрайтын дамыған елдердің үлесіне
өндірілген электр энергиясының 3/4-і тиесілі.
Информация о работе Дүниежүзілік өнеркәсіп. Өнеркәсіптің орналасу заңдылықтары