Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 12:22, диссертация
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Адам капиталын дамыту үшiн лайықты еңбекке қол жетiмдiлiктi ұлғайтудың ерекше маңызы бар.
Мемлекет басшысы бiрнеше мәрте атап көрсеткенiндей, жұмыспен қамту саясаты кедейлiктi еңсеру мен адамдардың әл-ауқатын арттыруда ең негізгі құрал болып отыр.
Елбасының тапсырмасымен еліміздің еңбек нарығындағы қалыптасқан жағдайды оң шешуге, индустриялық саясатты жүзеге асыру үшін еңбек әлеуетін тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін бұрын - соңды болмаған «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы әзірленді. Жалпы бұл бағдарлама халық арасында жақсы қабылданып, экономиканың өрлеуіне, оң жетістіктерге жетуіне әсерін тигізуде.
Біздің пікірімізше, халықты жұмыспен қамту - бұл адамдардың жеке, ұжымдық және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған және табыс әкелетін қызметі.
Жұмыспен қамтудың мемлекеттік қызметі халықты жұмыспен қамту мәселелерін шешуді, үйлестіруді, жұмыс күшіне ұсыныс пен сұранысты реттеуді қаматамасыз етуге бағтталған, жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыруға ықпал етуге,олардың кәсіби даярлығын ұйымдастыру және жұмыссыздарға әлеуметтік көмек көрсетуге бағытталған ерекше мемлекеттік органдардың құрылымы болып табылады.Жұмыспен қамту қызметі заңмен тікелей көрсетілген жария биліктің мекемесі ретінде жұмыс істейді,және жұмыс іздеушілерге мемлекеттік қызметтің әмбебап жеткізушісі ретінде қарастырылады.
Нарықтық экономика жүйесінде еңбек нарығы анықтамасына ерекше көніл бөлініп келеді. Еңбек нарығы мәселелеріне теориялық көзқарастардың болуы өте маңызды.
Біздің көзқарасымыз бойынша «еңбек нарығы» - еңбек қызметін ұйымдастыру саласы және нарықтық экономиканың еңбекке сұраныс және еңбекке ұсыныс заңдары негiзiнде қызмет етуiн қамтамасыз етедi.
Еңбек нарығы мен оның мәні төмендегідей тұжырымдар жасауға мүмкіндік береді:
Мемлекет, жұмыспен қамту саласында түрлі шешімдер қабылдау және әр түрлі заңдар әзірлеу арқылы әлеуметтік-экономикалық және демографиялық саясатты жүргізе отырып, тиімді түрде халықты жұмыспен қамтуды басқаруға тырысуда. Халықты жұмыспен қамтуды басқару, бір жағынан, маңызды мәселе- еңбек құқығын жүзеге асыруда мақсатты бағытталған болса, екінші жағынан, әлеуметтік-еңбек қатынастары жүйесін қамтамасыз етуде кешенді бағытталған болуы тиіс.
Халықты жұмыспен қамтуды басқарудың мынадай әдістері бар:
• экономикалық әдістер (несиелеу және салық салу жеңілдіктері, кәсіпкерлікті ынталандырудың бюджеттік саясаты жұмыс орындарын құру және сақтау, кадрларды қайта оқыту);
• ұйымдастырушы әдістер (жұмысқа тұрғызу және жұмысбастылық қызметін құру, ақпараттық жүйелер, кадрларды даярлау және қайта даярлау);
• әкімшілік- заңдық әдістер (еңбек келісім-шарттарын рәсімдеу шарттары, жұмыс уақытының ұзақтығы, еңбек өмірін реттеу).
Нарықтық экономика
жағдайында мемлекет еңбек нарығын
басқаруды жүзеге асырады. Мемлекеттің
еңбек нарығын басқару органдар
2. Қазақстан Республикасында халықты жұмыспен қамтудың қазіргі жағдайына талдау. Қазіргі кезде әлемдік қаржы дағдарысының Қазақстан экономикасына тигізе бастаған әсері халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуді өзекті мәселелердің біріне шығарып отыр. Осыған орай, елімізде еңбек нарығының қалыптасуы мен дамуын қарастыру маңызды болып табылады.
Мәліметтерге келсек, 2011 жылғы 1 қаңтардағы
жағдай бойынша Қазақстан халқының
саны 16,4 млн адамға жетсе, оның 48 пайыздан
астамы еңбекпен қамтылған. Соның ішінде
жалпы халық санындағы жалдамал
2011 жылғы IV тоқсанда 15 және одан жоғары жастағы экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың саны 8,9 млн. адамды құрады, бұл 2010 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 3,4%-ға көп. Республика экономикасында 8,4 млн. адам жұмыспен қамтылды немесе 15 және одан жоғары жастағы халықтың 67,9%. Өткен жылғы IV тоқсанмен салыстырғанда олардың саны 287,7 мың адамға (3,5%-ға) артты.
Егер 1996-199жылдар аралығында жұмыспен қамтылғандар санының 1,8% -ға төмендеу қарқынының баяулағаны байқалса, ал 2000 жылдан бастап –жұмыспен қамтудың қамтудың ұдай артып келе жатқандығы байқалды. 2007 жылы 15 және одан жоғары жастағы халықтың экономикалық белсенділігінің деңгейі (2001ж.-62,9%) 70,4% -ды құрады.Жұмыспен қамтылғандардың арасында ерлер 3922,8мың адамды (51,4%), әйелдер – 3708,3 мың адамды (48,6%) құрады. Соңғы жылдары құрылыста, білім беруде, мемлекеттік басқаруда, денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызмет көрсетуде, тау-кен өнеркәсібінде жұмыс істейтіндердің санының жылдам өсуіне байланысты халықтың экономикалық қызмет түрлері бойынша жұмыспен қамтылуда. Жұмыспен қамтылған халықтың жартысы халыққа қызмет көрсетумен айналысады.
Қазақстанның тұрақты экономикалық өсуі еңбек нарығының құрылымында едәуір өзгерістер, сондай-ақ білікті қызметкерлерге сұраныстың табиғи артуын туындатты. Мемлекет экономиканың базалық салаларын (тау-кен өнеркәсібі, мұнай-газ өнеркәсібі, құрылыс), өңдеуші өнеркәсіпті (машина жасау, мұнай-химия өнеркәсібі, құрылыс материалдары өндірісі), сондай-ақ сервистік секторда, (туризм, әлеуметтік қамсыздандыру, қызмет көрсету) кадрлық қамтамасыз етуде өсіп отырған қажеттілікті бастан өткеруде.
Осыған орай, Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығын зерттеуде аймақтардың әлеуметтік-экономикалық даму бағыттары ескерілу керек. Аймақтағы еңбек нарығының сұранысына қажетті мамандар дайындау жұмыстары жандандырылып, іске асырылу қажет.
Біздің пікірімізше, жұмыс күшінің, ең алдымен, білікті қызметкерлердің тапшылығы еңбек ресурстары сапасының төмендігімен және өндіріс пен оқыту арасында нақты байланыстың болмауымен байланысты.
Жұмыспен қамтудың өсімінің жаңа мүмкіндіктері үдемелі индустриялық-инновациялық дамуға өтуге жол ашады. Үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасын асыру: бір жағынан, жаңа жұмыс орнын құруды болжайды, алайда екінші жағынан, жұмысшылардан заманауи талаптарға сәйкес тиісті кәсіптік біліктілігінің болуын талап етеді.
Қызылорда облысы Тұран
ойпатының жазық алқабында
Облыс аумағы 226,0 мың шаршы км, немесе республика аумағының 8,3 % -ын құрайды. Облыс халқы (2010 жылдың 1 желтоқсанына) – 698,3 мың адам немесе республика халқының 4,1% -ы.
Кесте 1 - Экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны
№ |
Атауы |
Көрсеткіштер |
Айырмасы + (өсу), - (төмендеу) | |
2010 жыл |
2011 жыл | |||
1 |
Экономикалық белсенді халық саны, мың. Адам |
320,4 |
353,9 |
33,4 |
2 |
Жұмыспен қамтылған халық, мың.адам |
302,2 |
334,8 |
32,6 |
- Жалдамалы жұмыссыздар, мың. |
178,6 |
209,7 |
31,1 | |
- Өз бетінше жұмыспен |
123,6 |
125,1 |
1,5 | |
3 |
Жұмыссыздар барлығы, мың.адам |
18,2 |
19,0 |
0,8 |
4 |
Жалпы жұмыссыздық деңгейі, % |
5,7 |
5,4 |
- 0,3 |
Ескерту- Қызылорда облысының статистика басқармасы мәліметтері негізінде автордың құрастыруы |
Қызылорда облысы бойынша экономикалық белсенді халық саны 353,9 мың адамды құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 33,4 мың адамға көбейген. Облыс экономикасында жұмыспен қамтылған халық саны 334,8 мың адам, оның ішінде өз бетінше жұмыспен қамтылғаны – 125,1 мың адам, жалдамалы жұмысшылар – 209,7 мың адам. Жұмыссыздар саны – 19,0 мың адам. Жалпы жұмыссыздық деңгейі 5,4 пайызды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 0,3 пайыздык пунктке төмендеген.
Соңғы бірнеше жылда
облыста макроэкономикалық
Қызылорда облысы бәсекеге қабілетті әлеуетті құрайтын бай ресурстарға ие. Бұған бірінші кезекте облыс тұрғындарының 47,4% пайызын құрайтын еңбек етуге қабілетті тұрғындарын жатқызамыз. Табиғи қазба байлықтары: мұнай, уран, ас тұзы, әк, шынытас құмы, сондай-ақ, темір және полиметалл кендерінің молдығымен ерекшеленеді.
Өңірде мырыштың - 15,1%, қорғасынның - 9,6%, мұнай, газ, конденсаттардың - 4,7%, уранның -13,7%, жер асты суларының -3,4% қорлары бар. Қызылорда облысы ас тұзы, шынытас құмы, бақша, балық өнімдерінің ірі өндірушісі әрі жеткізушісі болып табылады, сондай-ақ, сапалы күріш өсіретін жалғыз өңір болып саналады. Республикалық өндірістің жалпы көлемінде облыс үлесіне күріш өндіру-90%, ас тұзы-70%- дан келеді.
Ескерту- Қызылорда облысының статистика басқармасы мәліметтері негізінде автордың құрастыруы
Сурет 1 - Экономиканың салалары бойынша құрылған жаңа жұмыс орындары
Облыста 10003 жаңа жұмыс орындары құрылды, бұл бағдарлама көрсеткішінің (8985) 111,3 пайызын құрайды. Жаңа жұмыс орындары өнеркәсіпте - 1629, құрылыста – 276, шағын кәсіпкерлікте - 1496, білім және денсаулықта – 1160, ауыл шаруашылығында – 1350, саудада - 979, көлік және байланыста – 141, басқаларда – 2972 құрылды.
Елімізде 2011 жылдың шілде айынан бастап «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы жүзеге асырылып келеді.
Қызылорда облысында «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасыны жүзеге асыруға 2,8 млрд.теңге бөлініп, 71,3 пайызы игерілді.
Облыс бойынша жұмыспен қамтудың күрделі мәселелері:
- білікті жұмыс
күшіне деген сұраныс және
ұсыныс құрылымның
- халықтың мақсаттағы топтарының жекелеген категорияларын (әсіресе жастар) жұмыспен қамтуды қамтамасыз етудің қиындығы;
- облыстың кәсіптік-техникалық
мектептеріндегі материалдық-
- ауылдық жерлерде жұмыс орындарының жетіспеуі;
Өңірде жастарды жұмыспен қамту мәселесі бүгінгі күнгі өзекті мәселелердің бірі болып табылады және зерттеуді қажет етеді.
Облыс аумағында аймақ
жастарының жұмысбастылық деңгейін,
еңбек нарығында қалыптасқан
жұмыссыздыққа көзқарастарын
Зерттеу іріктемесі: 394 респондент, респонденттер жастық, жыныстық, әлеуметтік-кәсіби санаттарына қарай іріктелді. Зерттеу барысында қолданылған әдіс: Сауалнамалық сұрау “face to face” әдісі. Сауалнама қойылған мәселеге байланысты ашық және жабық сұрақтармен қамтылған. Ашық түрде қойылған сұрақтарға респондент өз пікірін ерікті түрде жазып білдіре алса, жабық сұрақтарға респондент маманның дайындаған жауаптарына сүйене отырып өз пікірін таңдады.
Кез келген аймақтың жас тұрғыны желеу еткен өзекті мәселелері аз емес. Тіпті, әлем жастарына ортақ проблемалар да жеткілікті. Ең үлкен проблема, әрине, ақша табу. Жұмысқа тұру. Білім алу. Бұл барлық жастардың көңілін күпті еткен ортақ мәселе. Сауалнама қорытындыларынан көріп отырғанымыздай жастардың ең өткір мәселесі – жұмысқа орналасу екендігі анықталды. Осы мәселеге байланысты аймақ жастарының жұмыссыздығын азайту, жұмыс көздерін ашу немесе аймақтағы жұмыспен қамту шаралары жайлы ақпаратты жастарға кеңінен насихаттау қажет.
Жергілікті орындардағы жұмыспен қамту қызметтері жастармен әлдеқайда белсенді жұмыс жүргізуі керек. Осы мақсатта еңбек нарығының сұраныстары мен экономикалық дамудың перспективаларын ескере отырып, жастарды қажет мамандықтарға оқыту мен қайта оқыту жөніндегі ауқымды бағдарламаларға кірісу маңызды болмақ.
3. Еңбек нарығын
реттеу және халықты жұмыспен
қамтуды жетілдіру жолдары. Еңб
Еңбек нарығын мемлекеттік реттеу екі бағытта –макроденгейде және микроденгейде жүзеге асуы қажет.
Қазіргі кезде микроденгейде жұмыспен қамту мәселелері өзекті болып отыр. Кәсіпорын деңгейіндегі жұмыспен қамту мәселелерін шешіп алмай, еңбек нарығының шиеленісін төмендету мүмкін емес.
Өңірлік жұмыспен қамту стратегиясы халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге және олардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған. Халықты жұмыспен қамтамасыз етуді жетілдіру өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына тікелей байланысты.