Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 12:22, диссертация
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Адам капиталын дамыту үшiн лайықты еңбекке қол жетiмдiлiктi ұлғайтудың ерекше маңызы бар.
Мемлекет басшысы бiрнеше мәрте атап көрсеткенiндей, жұмыспен қамту саясаты кедейлiктi еңсеру мен адамдардың әл-ауқатын арттыруда ең негізгі құрал болып отыр.
Елбасының тапсырмасымен еліміздің еңбек нарығындағы қалыптасқан жағдайды оң шешуге, индустриялық саясатты жүзеге асыру үшін еңбек әлеуетін тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін бұрын - соңды болмаған «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы әзірленді. Жалпы бұл бағдарлама халық арасында жақсы қабылданып, экономиканың өрлеуіне, оң жетістіктерге жетуіне әсерін тигізуде.
ӘӨЖ 331.57( 574.54): 331.108 ( 574.54)
КУАНГАЛИЕВ БЕРИКБОЛ КОЖАХМЕТОВИЧ
ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ (ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ МАТЕРИАЛДАРЫ БОЙЫНША)
6М051000- Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша
экономика және бизнес магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
Рефераты
Қызылорда, 2012
Ғылыми жетекші: |
экономика ғылымдарының кандидаты Умирзакова М.А. | |
Ресми оппонент: |
экономика ғылымдарының кандидаты Серікбаева С.Ғ. | |
Диссертация 2012 жылы маусымның «____» күні сағат ________ Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде экономика және бизнес магистрі академиялық дәрежесін алу үшін диссертациялық кеңестің мәжілісінде қорғалады. Мекен-жайы 120014, Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі, 29А, 408 к.
Диссертациямен Қорқыт Ата
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Адам капиталын дамыту үшiн лайықты еңбекке қол жетiмдiлiктi ұлғайтудың ерекше маңызы бар.
Мемлекет басшысы бiрнеше мәрте атап көрсеткенiндей, жұмыспен қамту саясаты кедейлiктi еңсеру мен адамдардың әл-ауқатын арттыруда ең негізгі құрал болып отыр.
Елбасының тапсырмасымен еліміздің еңбек нарығындағы қалыптасқан жағдайды оң шешуге, индустриялық саясатты жүзеге асыру үшін еңбек әлеуетін тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін бұрын - соңды болмаған «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы әзірленді. Жалпы бұл бағдарлама халық арасында жақсы қабылданып, экономиканың өрлеуіне, оң жетістіктерге жетуіне әсерін тигізуде.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 27 қаңтар
2012 жылғы Қазақстан халқына
Жұмыспен қамтудың белсенді саясатын жүргізу Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметінің негізгі әлеуметтік басымдықтарының бірі болып табылады. Жұмыспен лайықты қамтуды қамтамасыз ету – халықты әлеуметтік қорғаудың негізі, адам ресурстары әлеуетін дамыту және іске асырудың маңызды шарты, қоғамдық байлықтың артуы мен өмір сүру сапасын жақсартудың басты құралы.
Еңбек нарығын реттеудің
әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық-
Еліміз күннен-күнге қарыштап дамып, биік арман мақсаттар мен мұраттарға қол жеткізіп келеді. Алайда, жұмыссыз адамдардың санының көбеюі - басты проблема күйінде қалып отыр.
Нарықтық қатынастардың дамуы жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсынысты реттеу, еңбек қатынастары жүйесін реформалау мен жұмыс орындарының сапалық сипаттамаларының артуы, кәсіби білім беру жүйесінің жаңа экономикалық жағдайға бейімделуімен байланысты еңбек нарығында туындайтын мәселелерді зерттеуді көздейді.
Мәселенің зерттелу дәрежесі. Экономика ғылымында еңбек нарығы, еңбек ресурстарын тиімді пайдалану, жұмыссыздық, халықты жұмыспен қамтуды зерттеу маңызды орын алады.
Зерттеу барысында келтірілген теориялық және әдістемелік тұжырымдар мен қорытындылар еңбек нарығын, оның ішінде еңбек ресурстарының жұмыспен қамтылуы мен жұмыссыздығы проблемаларын қарастыратын ғалымдардың ғылыми еңбектері негізінде құрылады.
Жұмыспен қамту, жұмыссыздық мәселесі экономикалық ғылымның көрнекті өкілдері К.Маркс, Т.Мальтус, Д.Кейнс, А.Пигу, М.Фридман, А. Мармас, Д.М.Кемие, О.Филлипс, А.Оукен, П.Самуэльсон сияқты ғалымдардың зерттеулеріне негіз болған.
Еңбек нарығы, тұрғындарды жұмыспен қамту, еңбек ресурстары және оның сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелерін талдауда шетелдік ғалымдар В.С.Буланов, А.О.Котляр, И.К.Заславский, Б.Д.Бреев, В.Н.Якимов, С.Г.Ковалев, А.И.Тучков, А.А.Никифорова еңбектері және отандық Я.Ә.Әубәкіров, Ө.Қ.Шеденов, Б.Л.Тәтібеков, О.Сәбден, Сансызбаева Х.Н, Б.С.Досманбетов, Ф.М.Днишев, М.К.Мелдаханова, Т.И.Есполов, А.Қошанов, Ю.К.Шокаманов, Ұ.Р.Бекмұханбетова сияқты зерттеушілердің еңбектерінің маңызы зор.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Магистрлік жұмыстың мақсаты - еңбек нарығында халықты жұмыспен қамтуды теориялық-әдіснамалық тұрғыда анықтау және оны мемлекеттік реттеуді жетілдіру жолдарын дәлелдеу болып табылады.
Алға қойған мақсатқа сәйкес төмендегідей міндеттерді шешу қажеттілігі айқындалады:
- еңбек нарығы, еңбекке сұраныс пен ұсыныс, жұмыссыздық, халықты жұмыспен қамту мәселелерінің теориялық-әдістемелік негіздерін нақтылау;
- Қызылорда облысы бойынша еңбек нарығының жағдайын зерттеу;
- өңірдегі өмір сүріп
отырған халық арасында
- өңірдегі еңбек нарығын реттеу үшін маңызды факторларды анықтау;
- еңбек нарығындағы сұраныс мен ұсынысты талдай отырып, жүзеге асыруға тиісті бағыттар мен атқарылатын іс әрекеттерді тұжырымдау.
Зерттеу пәні - халықты жұмыспен қамтуды жетілдіру мен реттеуде қалыптасатын әлеуметтік-экономикалық қатынастар жиынтығы.
Зерттеу нысаны – нарықтық экономика жағдайында Қызылорда облысында халықты жұмыспен қамту мәселелері.
Жұмыстың теориялық және әдіснамалық негіздері. Зерттеудің теориялық негізін отандық және шетелдік ғалым-экономистердің зерттеу еңбектері мен Қазақстан Республикасының заңдары, Ел басының әр жылдағы Қазақстан халқына Жолдаулары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары және басқа да ресми деректер пайдаланылды.
Негізгі теориялық тұжырымдарды анықтауда логикалық және тарихи тұтастық қағидасы, жүйелік талдау мен болжау, экономикалық-статистикалық салыстыру, экономикалық-математикалық үлгілеу, құрылымдық, әлеуметтік және т.б. әдістер пайдаланылды.
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар.
- халықты
жұмыспен қамтуды жетілдіру
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Зерттеу барысында ғылыми жаңалық ретінде мынадай нәтижелер алынды:
- теориялық-әдіснамалық
деңгейде нарықтық экономикада
халықты жұмыспен қамтудың
- әлеуметтік-экономикалық
тұрғыдан еңбек нарығының
- Қызылорда облысындағы еңбек нарығына талдау жасалынып, «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша атқарылған жұмыстар анықталды;
- өңірдегі жастардың жұмыспен қамтылу мәселелерін талдау негізінде жастар дамуына үлес қоса алатын, қоғамдық құрылымның әртүрлі саласын қамтитын 15 жас пен 29 жас аралығындағы Қызылорда облысы жастары арасында сауалнама жүргізіліп, оның нәтижелері бірқатар белгілері бойынша жіктеліп, өңірде халықты жұмыспен қамтуды жетілдіруге қатысты тұжырымдар негізделді;
- еңбек нарығын заман
талабына сай мемлекеттік
- жастардың еңбек нарығында сұранысқа ие болатын мамандықты дұрыс таңдау үшін «Мамандық таңдау» үлгісі сараланды;
- халықты жұмыспен қамтуда кәсіби бағдар беруді ұйымдастыру шаралары ұсынылды.
Жұмыстың тәжірибелік құндылығы. Магистрлік жұмыста келтірілген зерттеулер нәтижелері мен ұсыныстарды өңірлік еңбек нарығын мемлекеттік реттеуде және халықтың жұмыспен қамту мәселелерін жүзеге асыруда, мемлекеттік немесе аймақтық даму бағдарламаларын даярлауда пайдалануға болады.
Зерттеу нәтижелерінің мақұлдануы (апробациясы). Магистрлік жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті «Экономикалық теория және мемлекеттік басқару» кафедрасының кеңейтілген мәжілісінде талқыланды.
Зерттеу жұмысының негізгі
тұжырымдары келесі халықаралық
және республикалық ғылыми-
Зерттеу нәтижелері Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының кешенді жұмыс жоспарын жасақтауда, жұмыспен қамту қызметінің жұмысын жақсартуға және жұмыспен қамту саясатын жүргізудің тиімділігін арттыруда қолданылды.
Сонымен қатар, зерттеу нәтижелері «Экономикалық теория» және «Экономиканы мемлекеттік реттеу» курстары бойынша дәріс оқуда және арнайы курстарға пайдалануға болады. Жүргізілген зерттеудің негізгі нәтижелерін оқу процесінің әдістемелік қамтамасыз етудің әзірлемесінде, ЖОО студенттері және практикадағы қызметкерлері үшін де пайдаланылды.
Зерттеу нәтижелерінің жарияланымы. Магистрлік жұмыс тақырыбы бойынша жалпы көлемі – 1,25 шартты баспа табақ 4 ғылыми еңбек жарияланған, оның ішінде, 1 мақала ҚР БҒМ білім және ғылым саласын бақылау комитеті ұсынған ғылыми басылымда, халықаралық және республикалық ғылыми конференцияларда 3 мақала бар.
Магистрлік жұмыстың көлемі мен құрылымы кіріспе, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады. Жалпы көлемі - 96 бет (оның ішінде 9 кесте және 27 суретті қамтиды).
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Халықты жұмыспен қамтуды зерттеудің теориялық-әдістемелік негіздері. Жұмыспен қамтамасыз ету адам әлеуетін сақтау мен дамытудың негізгі факторлары болып табылады. Сондықтан мемлекеттің жұмыспен қамту саласындағы саясатын өңдеу мен жүзеге асыру-әсіресе нарықтық экономикада өте маңызды әрі күрделі мәселе.
Жұмыспен қамту саясатында жұмысбастылықтың әлеуметтік және эконономикалық тұрғыдағы мәнін анықтап алу керек.
Әлеуметтік тұрғыдан
жұмысбастылықтың мынадай
Экономикалық тұрғыдан жұмысбастылық - тұрғындардың қоғамдық өнімді немесе ұлттық табысты өндірудегі қызметі, ал қоғамдық өндірісте - жұмыс істеуге жарамды немесе ынталы адамдарға жұмыс тауып беру жаппай жұмысбастылыққа алып келеді.
Жұмыспен қамтудың классикалық теориясы еңбекке сұраныс және еңбекке ұсыныс қызметін құруға, оны жетілген бәсеке жағдайында пайдалануды ұсынды.
Сонымен, жұмыспен қамту жөнінде Д.Кейнс жасаған теория нарықтық экономикада толық жұмыспен қамтуға кепілдік беретін, еңбек нарығының өзін-өзі реттейтін механизмнің болмауы, тауардың сұранысы мен ұсынысының тепе-теңдігіне инфляция мен жаппай жұмыссыздықтың айтарлықтай жоғарғы деңгейінде де қол жеткізу, мемлекет жұмыспен қамтуды қолдау, процент нормасын реттеуге ықпалын күшейту мақсатында экономикаға қажет инвестицияны жұмсау, жиынтық сұранысты оның ішінде жұмыс күшіне сұранысты ынталандыру арқылы белсенді макроэкономикалық саясат өткізу сынды қағидаларға сүйенеді.
Жұмыспен қамту мәселелері
қолда бар еңбек потенциалын
сақтауды, көбейтуді және тиімді пайдалануды
көздейтін қазақстан