Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Мая 2013 в 10:22, дипломная работа
Негізгі қорғалатын қағидалар: Қазақстан территориясында орналасқан таулардың физикалық – географиялық ерекшеліктері, жағдайы: рельефі мен геологиялық құрылымы, климаты, ішкі сулары және топырақ өсімдік жамылғысы.
Физикалық – географиялық факторларды жүйелі түрде талдау нәтежесінде қауіпті табиғи құбылыстардың пайда болуын анықтау, олардың қалыптасу аймақтарындағы геологиялық субстратты құрамы мен физикалық – механикалық қасиеттерін анықтау және олардың дамуы аумақтың рельефіне, тектоникасына және гидрометеорологиялық шарттарға байланысты.
Су басу негізінен ұзақ уақыт жауған қалың жаңбырдың немесе қысқа уақытқы нөсердің, қардың күрт еруінің, мұз кептелуінің, қатты дауыл желдің теңізден немесе өзеннен суды жағалауға қарай айдауының салдарынан болады.
Кенеттен су басқанда өзіңізбен бірге су өтпейтін жылы киімдеріңізді, көрпеңізді, тамағыңызды т.б. алып, рельефтің бұрын су баспағаны белгілі ең биік нүктелеріне шығыңыз. Егер ондай жерлер болмаса жүзіп кету үшін қайық немесе басқадай жүзу кұралын даярлап қою қажет. Өзендердің жоғарғы жағында кептелген мұз немесе топырақ үйінділері жырылғанда ғана су кенеттен қаптайды. Ал басқа жағдайларда су басуға орай әрекет жасауға белгілі бір уақыт болады. Дегенмен көктемгі қауырт қар еру кезінде, ұзақ уақыт ауа райы бүзылғанда, өзеннің төмен жағалауларында мұз жүріп жатқан кезде жағалаудың маңына тоқтамаған жөн. Әсіресе қар еріп жатқан кез бен ұзақ уақытқа ауа райы бұзылған кезде үлкен шалшықтардан өту қауіпті. Судың қосымша мөлшері шалшықтан өтуді едәуір қиындатады, сондыктан бұрын тексерілген учаскенің өзі тез арада аса қауіпті, өткел бермес жерге айналады. Катастрофалык су басулар кезінде ойпаң жерлерден неғұрлым тезірек кетіп, рельефтің неғұрлым биіктеу жеріне шығып, сол араға ұзақ уақытқа апаттық лагерь тігу қажет [8].
Су деңгейі түскеннен кейін үзілген немесе салақтап тұрған электр сымдарынан, бүлінген газ магистральдарынан сақ болыңыз. Үйге кірер алдында оның конструкциясының су толқындарының соққысымен құлауға шақ қалмағанына көз жеткізіп алыңыз. Судан табылған азық-түлікті де, тасқын судың өзін де тағам дайындауға пайдалануға болмайды.
Сел - бұл таулы жерде болуы ықтимал жеке толқын секілді қысқа мерзімде жүріп өтетін лайлы-тасты тасқын. Сел еріген қардан, мұздан, жауын-шашыннан суға толған мореналы көлдердің арнасын бұзуы салдарынан пайда болады. Бір беткей мен екінші беткейдің ортасына тастан, қиыршық тастан, топырақтан салынған бөген селдің соққысына шыдамай, өзен, булақ арнасымен аққан сумен бірге төмен қарай жөңкіледі. Тасқынның биіктігі 10-20 метрге, тіпті кейде 40-50 метрге дейін жетеді, жылдамдығы тау өзенінің ағу жылдамдығына (секундына 3-5 жэне оданда астам метр) жақындайды. Сел тасқынының жолында тұрсаңыз аман қалу мүмкін емес, сондықтан сел қаупінің алдын алудың мәні ерекше.
Ереже бойынша сел тасқындары толассыз жауған нөсерден, сирегірек сырғыма мұздақ немесе маусымды қар жамылғысының күрт ери бастауынан, сондай-ақ өзен арнасына сырғыған топырақ пен шөп-шаламның көп түсуі салдарынан пайда болады. Жанар тау оянғанда ең күшті сел тасқындары болады. Селдің себептеріне тау сайларында жиналған үлкен көлемді көлді түзеген ( мұздың қозғалысынан пайда болған тау жыныстар сынықтарының үйіліп қалғандары, немесе шөккіндер болғанда өзен арнасын бөгеп-морена көлін пайда еткен) бөгетті бұзып өтуі де жатады.
Зор қирату күші бар сел бір ағызындыларының көлемінде жүздеген мың, кейде, тіпті, миллион текше метрге дейін жететін (домалата ағызатын тас кесектерінің көлденеңінен көлемі 3-4 м, салмағы 100-200 тоннадан асады) материалды таудан темен қарай жылжытады.
Сел тасқыны эрозиялық механизм арқылы туындағанда алдымен су ағыны жағауларындағы қиыршық тас пен құм шөп-шаламды, қысқасы беткейлердің етек жағын орып өтеді де өзін осы бос борпылдақ материалдармен қанықтыра-ды бұл процесті селдің түзілуі деуге болады. Бөгетті бұзып - жарып сел басталатын механизмінде су жиналуымен тау жыныстарының бара-бара сумен қаныға жүретін процесстер бір-бірімен қатар, бір мезгілде ете береді. Бір кезде шегіне жетіп сел массасы бегеуді жарып шығады. Құлама-шөккінді механизмде селдің пайда болуы әбден ылғалданған тау жыныстарының және қар мен мұздың, өзен ағынына құлап немесе сырғып қосылуынан басталады.
Техногенді факторларының қауіптілеріне әсіресе су қоймалардың сапасыз жасаған бөгеттері және техногенді жыныстарды есепсіз жинап қоюы жатады. Су әр-түрлі үйінділерді (ұзақ жаңбырлар кезінде) батпақ пен лай аралас массаға айналдырады.
Физикалық түрлері жағынан селдер байланыссыз және байланысты болып бөлінеді. Байланыссыз селдерді жасайтын - қатты заттар қосылыстар бар су, ал байланысты селдер - судың негізгі массасы қою боп, ұсақ дисперсиялық бөлшектермен байланысқан топырақ қоспасынан болады [9].
Селдің қауіптілігі - тек оның бұзу күшінде ғана емес, сондай-ақ, оның кенеттен келуінен де болады. 1,2-суреттерде көрсетілгендей бүлдіруші күшін сипаттайтын ерекшеліктері оның екпінінің қаттылығы, құрамының тұтастығы шапшаң қозғалып, жөңкіле ағатындығы болып табылады. Кедергілерге ұшырыған кезде сел ағыны оларды басып өтіп, өз күшін жоғалтпай қайта үдете түседі. Сел халық шаруашылығы объектілеріне, елді мекендер мен қалаларға, егістік жерге, суармалы жүйелерге, темір жол мен тас жолдарға өте қауіпті, өйткені күтпеген жерден пайда болып, тікелей қатер төндіреді.
1921 жылы шілденің
сегізінші түнінде Алматы
Сол Кіші Алматы өзенінде дер кезінде селге қарсы жүргізілген шаралар Алматы қаласын 3973 жылдың шілде айында қайта басталған сел қауіпінен сақтап қалды.
Республикамызда 300-ден астам белсенді сел алабы бар, онда шығу тегі эртүрлі 600-ден астам сел оқиғасы тіркелген. Нөсерден пайда болатын селдің үлесі 80 пайыз, мұздықтардан пайда болатын селдің үлесі 15 пайыз, қардың күрт еруі мен жер сілкінісінен пайда болатын селдің үлесі 5 пайыз [10].
Қазақстанның
неғүрлым сел қауіпті аудандары
Іле, Жоңғар,Талас Алатауы
Техногенді факторларының қауіптілеріне әсіресе су қоймалардың сапасыз жасаған бөгеттері және техногенді жыныстарды есепсіз жинап қоюы жатады. Су әр-түрлі үйінділерді (ұзақ жаңбырлар кезінде) батпақ пен лай аралас массаға айналдырады.
Сейсмикалық қауіпті
аудандағы халық орман
Халыққа сел тасқынының жақындауы туралы хабарлаған жағдайда, сондай-ақ оның пайда болуының алғашқы белгілері білінген сәтте, ғимараттан тез шығып, бүл туралы төңіректегілерге ескертіп, қауіпсіз орынға бару керек. Өрт болмау үшін үйден шыққан кезде пешті сөндіріп, газ бұрандысын жауып, жарықты өшіріп, электр заттарын ажырату қажет. Егер уақыт болса, қауіпті аймақтан малды айдап кеткен жән. Халық қауіпті аудандардан уақытша қауіпсіз орынға көшіріледі.
Сел тасқынына
тап болған адамға қолда бар барлық
құралдармен көмек көрсету
Сел қауіпі кезінде
көшіруге қатысушы адамдар қауіпті
жерлерден қарттар мен
Егер сел
апатына елді мекен ұшыраса, онда
іздеу-қүтқару жұмыстарына
Сел қауіпті кезең. Қазақстанның таулы аудандарында сел тасқындары жылдың жылы мезгілінде (мамыр-қыркүйек) пайда болуы мүмкін.
Сел қаупінің нышандары:
Сел қауіпті алапта үзақ мерзімдік нөсер жаңбыр жаууы.
Сел қауіпті өзендердің жоғарғы жағында ауа температурасының күрт жэне ұзақ уакыт жылынып кетуі. Бұл мореналы көлдердің асып толуы мен арнасын бұзып кету қаупін туғызады.
Көлде
су деңгейінің күрт төмендеуі немесе
оның бетінде көл бөгенінің бұзылған
Көл бөгенінің бұзылуына әкеліп соғатын жер сілкінісі.
Сел тасқынының тікелей және жақын қаупінің нышандары:
1. Сел қауіпі
бар арнада тасқынның тоқтауы
немесе күрт азаюы, бұл
Сел қауіпті арнаның жоғарғы жағында гуіл пайда болуы.
Сел әкеле жатқан тастардың соққысынан жердің солқылдауы.
Сел тасқыны соққысының алдында пайда болатын шаң бұлтының пайда болуы.
Суының
көтеріңкі лайлығымен сипатталатын
сел алдындағы тасқынның қалыпт
2.2 Қар көшкіндері, қар басу
Қар көшкіні - бұл қар массаларының тау беткейімен жылдам түсуі. Бұл құбылыс қардың жату беріктігінің бұзылуынан орын алады.
Қазақстанда қар
көшкіні шығыс пен оңтүстік-
Көшкіндер негізінен тіктігі 20-60 градус болатын тау беткейлерінде түседі. Интенсивті жылымық кезінде жаңа жауған қар көшкіндері көп түседі. Көшкіндердің циклондық қызмет белсенділеніп, тауларда қылың қар жауатын наурыз-сәуір айларында жиі түсетіні байқалады. Сирек қайталанатын көшкіндер кезінде 1 миллион текше метр қар массасы тау беткейінен секундына 100 метр жылдамдықпен түседі. Барлық көшкіндердің 50 пайыздан астамы аңғарлардың түбіне дейін жетіп, тұрғындар мен халық шаруашылығы нысандарына тікелей қауіп төндіреді. Көшкіндердің кездескен кедергіге түсіретін қысымы 1 шаршы метрге бірнеше жүз тоннаға дейін жетуі мүмкін. Қар көшкіні басқа да көшкіндердің жылжуы сияқты гравитация тартылысы қар арасындағы ұстау күштерінен асқан кезде пайда болады. Қар өзінің әрекетін бастай отырып, барлық жаңа қар массаларын, тастарды және басқа заттарды ілестіре тез арада жылдамдылығын күшейтеді. Негізінен, көшкін қардың ұсақ кристалдары мен ауаның араласуымен сипатталады. Жазықтау жерге немесе аңғар түбіне жете қар өз қозғалысын тоқтатады [12].
50°-тан көп қүлама тіктілікте қар өздігінен жайғана төмен қүйылады, яғни қар массасының пайда болу жағдайы туындамайды. Көшкіннің пайда болуына ең қолайлы жағдай - 30-40° тігімен орналасқан, майда шөптер басқан баурайларда биіктігі 30 см қардың өсуі жатады. Көп нәрсе ескі жатқан қар жамылғысына және жаңа қар.
Қар көшкіннің әрекетіндегі негізгі сипаттарға мына параметрлерді жаткызамыз: жекелеген жағдайларда көшкін жылдамдығы 100 м/с дейін жетуі мүмкін; қүрғақ қар көшкіннің тығыздығы 200-400 кг/м3, және сулы жағдайда 300-800 кг/м3 болып қар массасының соққы күшін анықтайды, сондай-ақ, бұл тазалау еңбек күші көлеміне белгі етеді; кідірікте 10-15 м қар массасының биіктігі авариялык-қүтқару жүмыстарын ұйымдастыру кезінде параметр ретінде қызмет етеді, бұл жерде қар өте тығыз келеді; көшкіннің түсу қайталануы әр түрлі-жекеленген аудандарда қар көшкін жылына 15-20 рет түсуі мүмкін; қар массаның көпжылдық максималды мәнімен алғанда жету алыстығын осы маңайда құрылыстар жүргізгенде есепке алады.
Қар көшкіні қимыл типте қар арнайы каналдармен жылжиды, ал шалғында типте участоктің барлық аумағында шөккін тәрізді болады; секіргіш типте ағу каналында кездесетін тік жартастардың қар жерден ажырайды және едәуір жылдамдықпен ауада шапшып ағады.
Көшкін ағыны тікелей топырақ бетімен немесе қардың төменгі қабат бетімен жылжуы мүмкін.
Қазіргі уақытта әсіресе қар көшкінін алдын алу өзекті мәселе болып тиісті іс-шаралар атқарылуда. Қардың басуы, боран туралы хабар алған бойда, уақыт болса, кедергілер орнатылады. Жолдың ғимараттың шетінен желге қарсы бағытта арасы 15-20 метр қалқан, қар тосқауылы қойылады.
Жиырмасыншы ғасырдың аяғында табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың дамуы байқалды. Жанар таулардың әрекеттері өсті, әсіресе жер сілкіністер тым көбейді, ал топан су басу және қатты дауылдар мен ірі тайфундар әдетке айналған сияқты. Бұл тенденция ескерусіз қалмады, бірақ қауіп мүмкіншілігі биік болған аймақтарда бәрібір көп қабатты үй құрылыстарын, зияны зор өндіріс кәсіпорындарын салу әліде жалғасуда. Осы факторлар қауіпті аймақтарда адамдардың шоғырлануына септігін тигізіп, түрғындардың өміріне қатер төндіруде, стихиялық апаттардың көптеген катастрофалық зардаптарын туғызуда [13].
қауіпті табиғи
құбылыстарды себебіне және сипатына
қарай
жалпы былай жіктеуге
болады:
-геологиялық (геофизикалық)
құбылыстар - жер сілкіністер,
жанартаулар атқылауы, жер және қар көшкіндері,
селдер;